Тақырыбы:. Жыныс бездерінің құрылысы
Жоспар:
1.Аталық жыныс бездері
2.Аналық жыныс бездері
Негізгі ұғымдар: Жыныс бездерінің құрылысы
Аталық жыныс бездері
Аталық жыныс бездері — жыныс органының күрделі бөлігі. Мұнда аталық жыныс клеткаларымен бірге аталық жыныс гормондары түзіледі. Аталық безі мезотелий мен ақ кабықшадан тұратын қабықпен қапталған.
Осы қабықтан аталық жыныс безін бөліктерге бөлетін дәнекер ұлпалық бөлмелер тарайды. Бөліктерде 1-2 ирек шәует каналшықтар болады.
Ирек каналшықтар тік каналшықтарға айналады да аталық жыныс безі торының каналшықтарымен жалғасады. Бұл тордан 10-12 алып кетуші каналшықтар тарайды. Ирек каналшықтар арасында қан тамырлар мен нервтер бар. Борпылдақ дәнекер ұлпасы алып жатады. Осы бор ұлпада аталық жыныс гормонын бөлетін интерстициалық клеткалар болады. Әрбір шәует каналшығы дәнекер ұлпалық қабықшамен қапталған. Шәует каналшығы базальдық мембрананың үстінде жататын сперматогендік эпителий клеткалары арасында. Сертолийдің клеткалары деп аталатын ірі клеткалар орналасқан. Каналшықтың қуысы дамудың түрлі кезеңіндегі жыныс клеткаларына толы болады. Жыныс клеткалары ирек каналшық қабырғасын бірнеше қабат құрып жатады: сперматогониялар шетінде, ал қалыптасқан аталық жыныс клеткалары, немесе сперматозоидтар каналшықтардың ортасында болады. Аталық жыныс клеткаларының сперматозоидтардың түзілуі (сперматогенез) ирек каналшықтар да жүреді.
Аналық жыныс безіндегі бақаның овоциті. Бояуы: гематоксилин-пикрин қышқылы. Х100.
1-овоциттің қабығы; 2-сарыуызтүйіршіктері бар цитоплазмасы; 3-ядро (И.В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша
АНАЛЫҚ ЖЫНЫС БЕЗДЕРІ
Аналық жыныс бездері жұп органдар, құрсақ қуысында жатырдың екі жаныңда жатады. Оны бір қабатты бір қатарлы куб тәрізді эпителий қаптап тұрады. Эпителийдің астында дәнекер ұлпалық ақ қабықша болады. Аналық жыныс безінің қан тамырлары мен нервтерге бай ішкі немесе жұмсақ қабатын және аналық жыныс клеткалары — ооциттер болатын сыртқы немесе қабық қабатын ажыратуға болады.
Ооциттерді фолликулдық клеткалардың бір немесе бірнеше қабаттары қоршап тұрады. Ооциттерді қоршап тұратын фолликулдық клеткаларымен қосып алғашқы фолликулдар деп атайды. Қабық қабатта ақ қабықшаның астында алғашқы фолликулалардың алуан саны орналасады. Фолликулдық клеткалар трофикалық функция атқарады. Әйелдердін балалық кезеңінде алғашқы фолликулдар дамып Грааф көпіршігіне айналады. Грааф көпіршігінің, қабырғасы клеткалардың, бірнеше қабатынан тұрады. Грааф көпіршігін дәнекер ұлпалық қабықша (тека) қоршап тұрады. Алғашқы фолликулдар арасында өсуші фолликулдар кездеседі. Аналық жыныс безінің қабық бөлігінде сары дене болады.
Дәріс
Тақырыбы:Ұрықтану
Жоспар:
1.Жыныс клеткаларының дамуы
2.Ұрықтануға жалпы сипаттама