Антитела – антигендердің әсеріне жауап ретінде түзілетін және антигендермен әрекеттесетін иммуноглобулиндер
Аутоантиген– организмнің кейбір тіндерінің меншікті антигендері және әртүрлі биологиялық, физико-химиялық факторлардың әсерінен екіншілікті пайда болатын антигендер.
Сенсибилизация(лат.sensibilis – сезімтал) – организмнің немесе оның бөлек құрылымдарының сезімталдығының жоғарылауы, қайтадан енгізілген антигенге жауап беру қабілетінің пайда болуы
Активті аллергия –организмге енген аллергенге жауап ретінде аллергияның қалыптасуы.
Пассивті аллергия - аллергиялық антиденелер немесе сенсибилизацияланған лимфоциттер организмдегі қанға немесе қан компоненттеріне енуінің нәтижесінде пайда болатын аллергиялық серпіліс.
Реагиндер– жоғары жасушалық аффиндігі бар Е класына жататын иммуноглобулиндер. Базофилдер мен бұлтты жасушалардың беткейінде Fc-рецепторлармен бекіп тұрады (1 реттегі нысана-жасушалар). Реагинге байланысқан аллерген бұлтты клеткалардың бұзылысын шақырып, қанға көптеген медиаторлар мен гистаминді бөледі, нәтижесінде тегіс бұлшықеттік талшықтар жиырылып, тамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды, қышу сезімі пайда болады...
Аллергиялық серпілістердің реагинді түрі -Джелл және Кумбс жіктеуі бойынша аллергиялық серпілістертердің алғашқы түрі. Бұл реакциялардың дамуында иммундық G4. және Е глобулиндердің түзілуі өте маңызды орын алады. Бұл реагиндер эффекторлы – жасушаларға бекиді және жиналады (мес жасушалар мен базофилдер). Клиникада анафилаксиялық шок түрінде, атопиялық бронх демікпесінің ұстамасымен, поллинозбен, Квинке ісінуімен, Есекжем бөртпелерімен көрінеді.
Анафилаксия(грек. ana- қарама-қарсы + phylaxis – қорғаныс) –аллергенді қайталап енгізгенде туындайтын дереу дамитын аллергиялық серпіліс (бөгде текті нәруыздар, сарысулар, медикаменттер, жәндіктердің шағып алуы
Поллиноз(лат. pollen – тозаң) – өсімдіктердің тозаңымен шақырылатын созылмалы мерзімдік аллергиялық қабынулық ауру
Аллергиялық серпілістердің цитотоксикалық/цитолиздік түрі – Джелл және Кумбс жіктеуі бойынша аллергиялық серпілістертердің екінші түрі. Жасуша беткейінде өзгерген антигендік детерминанттар мен G1-3 және М, класына жататын иммуноглобулиндер байланысуынан туындайды. Клиникада гемолиздік анемия, лейкопения, тромбоцитопения, инфекциялық аллергиялық миокардит, энцефалит, гепатитпен көрінеді.
Аллергиялық серпілістердің иммундық кешенді(преципитациялық) түрі- Джелл және Кумбс жіктеуі бойынша аллергиялық серпілістертердің үшінші түрі. G және М класына жататын иммуноглобулиндердің ықпалынан туындайды. Тіндердің бүліністерін шақыратын, иммундық кешендердің түзілуімен сипатталады Иммунокешенді аурулар: васкулит, периартерит, экзогенді аллергиялық альвеолит, жүйелі қызыл жегі, гломерулонефрит.
Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын түрі (баяу дамитын жоғары сезімталдылық, аллергиялық серпілістердің туберкулиндік түрі)- Джелл және Кумбс жіктеуі бойынша аллергиялық серпілістертердің төртінші түрі. Сәйкес аллергенмен антиген- спецификалық рецепторлар арқылы әрекеттесетін Т лимфоциттердің қатысуымен дамиды. Мысалы: аллергиялық жанамалы дерматит, туберкулез кезіндегі туберкулинді сынама, трансплантаттың ажырау реакциясы.
Идиосинкразия(грек. iduos – өзіндік, өзінікі synkrasis - араласу) – кейбір тағамдар мен дәрі-дәрмектерге туа біткен патологиялық жоғары сезімталдық.
Парааллергия–көрінісі мен әсер етуі спецификалық аллергияға ұқсас, бірақ иммунологиялық сатысының және антиген-антидене реакциясының болмауымен сипатталатын бейспецификалық аллергиялық реакциялар жиынтығы; нәруыздық аллергендер құрылымы жағынан (сенсибилизациялаушы, шешуші) ұқсас болғанымен, айырмашылықтары бар.
Гетероаллергия– бір заттекті енгізген жағдайда басқа заттекке бағытталған организмнің жалған аллергиялық серпілісі әдетте, антигендік емес әсерлер (мысалы, тоңу, ысу, интоксикация).
Гипосенсибилизация–организмнің аллергенге сезімталдығының төмендеуі.
Праустниц-Кюстнер серпілісі- реагиндерді анықтау үшін қолданылатын терінің енжарлы сенсибилизация реакциясы. Сынаманы орындау үшін аурудың, мысалы бронх демікпесімен ауыратын адамның 0,05-0,1 мл сары суын дені сау адамның терісінің астына енгізеді. 1 тәуліктен соң, сол жерге аллерген егеді. Егер гиперемия, қышу, ісіну дамыса, онда реакция оң деп саналады.
№ 12 ТАҚЫРЫБЫ: «Гипоксия»
Гипоксия(грек. hypo- төмен, + лат. oxygenium - оттегі) - тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігінен немесе оның тіндермен толық пайдаланылуының бұзылуынан дамитын типтік патологиялық процесс.
Гипоксемия(грек. hypo- төмен, + лат. oxygenium +греч. haima- қан)- қан құрамында оттегі мөлшерінің төмендеуі.
Гипокапния(грек. hypo- төмен, + kapnos- түтін)- қан құрамында көміртегі қос тотығының төмендеуі.
Гиперкапния(грек. hyper- жоғары, + kapnos-түтін) - қан құрамында көміртегі қос тотығының жоғарылауы.
Гипоксиялық (экзогендік) гипоксия– тыныс алатын ауада оттегінің парциалды қысымының төмендеуінен болатын гипоксияның түрі.
Гипоксиялық (экзогендік) гипоксияның гипобариялық формасы - жоғары биіктіктерде атмосфералық қысым төмендеген (гипобария) кезде, дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымы азаюынан дамитын экзогенді гипоксияның түрі. Бұған артериялық гипоксемия мен гипокапния тән.
Гипоксиялық (экзогендік) гипоксияның нормабариялық формасы- атмосфералық қысым (нормобария) қалыпты деңгейде болғанына қарамастан, дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымы төмендеуінен дамитын экзогенді гипоксияның түрі. Бұған артериялық гипоксемия мен гиперкапния тән.
Тыныстық (респираторлық) гипоксия- сыртық тыныс алу ағзаларының бұзылыстары кезінде дамитын эндогендік гипоксияның түрі. Бұған артериялық гипоксемия мен гиперкапния тән.
Гемдік (қандық) гипоксия- қан жүйесінің бұзылыстарында дамитын эндогендік гипоксияның түрі (қанда эритроциттер санының азаюы және белсенді гемоглобиннің төмендеуі). Бұған артериялық гипоксемия, қанның оттегіге сиымдылығының төмендеуі тән.
Циркуляциялық (жүрек-тамырлық) гипоксия- қанайналым жүйесінің бұзылыстарының салдарынан дамитын эндогенді гипоксияның түрі. Оттегінің құрамы бойынша артерия-веналық айырмашылықтың жоғарылауы тән.
Тіндік гипоксия– тіндердің оттегіні пайдалануы бұзылғанда дамитын эндогенді гипоксияның түрі. Оттегінің құрамы бойынша артерия-веналық айырмашылықтың төмендеуі тән.
Ажыраған гипоксия(разобщения)– тыныстық тізбекте тотығу және фосфорилдену үдерістері бұзылғанда дамитын тіндік гипоксияның түрі.
Артық жүктемелік гипоксии (жүктемелік гипоксия)- Қандай да бір ағзаның қызметі артқанда дамитын гипоксияның түрі. Бұл кезде ағзаның оттегіге мұқтаждығы бірден жоғарылағандықтан оттегіні тасымалдау жүйесі қажетті деңгейде ағзаны оттегімен қамтамасыз ете алмайды.
Субстратты гипоксия- субстраттардың біріншілікті тапшылығынан биологиялық тотығу процестерінің бұзылуымен сипатталатын эндогенді гипоксияның түрі. Бұл кезде оттегіні тасымалдау жүйесі, мембраналар, ферменттер қалыпты болады.
Аралас гипоксия- гипоксияның екі және одан да көп түрлерінің қатар жүруі.
Кривая диссоциация оксигемоглобина- бұл еріген оттегінің қысымымен анықталатын, гемоглобиннің оксигемоглобинге алмасу тәуелділігін график түрінде көрсету.
Оксигемоглобиннің диссоциациялық сызығы сол жаққа қарай ауытқуы - алкалоз, гипокапния, гипотермия,эритроциттердегі 2,3-дифосфоглицерат концентрациясы төмендеуі кезінде байқалады. Бұл кезде гемоглобиннің оттегіні байланыстыру қабілеті жоғарылап, тіндерге оттегінің берілуі бұзылады. Диссоциациялық сызықтың сол жаққа қарай ауытқуы тіндік оксигенацияға жағымсыз әсер етеді.
Оксигемоглобиннің диссоциациялық сызығының оң жаққа қарай ауытқуы- ацидоз, гиперкапния, гипертермия, эритроциттердегі 2,3-дифосфоглицерат концентрациясы жоғарылауы кезінде байқалады. Бұл кезде Hb оттегіні байланыстыруы азаяды, өкпеде гемоглобиннің оттегіге қанығуы нашарлайды, бірақ капиллярларда оксигемоглобиннің оттегіні беруі жеңілдейді. Сондықтаноксигемоглобиннің диссоциациялық сызығының оң жаққа қарай ауытқуы оттегілік гомеостазға қарағанда қауіпсіз жағдай болып табылады.
Карбоксигемоглобин- көміртек тотығының (СО) гемоглобинмен байланысуы.
Карбгемоглобин– көміртек қос тотығының (СО2) гемоглобинмен байланысуы.
Гипербариялық оксигенация– жоғары қысымда оттегімен дем алдыру арқылы гипоксиялық жағдайларды емдеу әдісі.
Гипероксия(гр.hypеr – жоғары, басым + лат.oxygenum - оттегі) жасушаның оттегіге мұқтаждығы мен оттегіні жасушаға тасымалдау жылдамдығы арасындағы сәйкессіздіктен дамитын патологиялық процесс.(Оттегінің тасымалдануы жоғарылап, мұқтаждықтың төмендеуі салдарынан жасушалық РО2 артады).
№13 ТАҚЫРЫБЫ: «Тұз-су алмасуының бұзылыстары»
Дисгидриялар (лат. dys- бұзылу + hydros- су)- организмде су балансының бұзылуы.
Гипергидратация (лат. hyper – жоғары, көп + hydros - су)- организмнің ішкі ортасында су мөлшерінің тым артық болуы; оң су балансы тән: организмдегі судың экскрециясы мен жоғалуынан гөрі организмге келіп түскен судың басым болуы.
Гипогидратация (дегидратация)(лат. hypо - төмен, аз + hydros – су) - обезвоживание организмнің сусыздануы, теріс су балансы мен сипатталады: организмге түскен сумен салыстырғанда, судың шығарылуының көп болуы.
Эксикоз (лат. exsicco- құрғату)- сусызданудың ең ауыр түрі.
Изоосмолярлық дегидратация – организм осмолярлығы плазмаға сәйкес сұйықтықты жоғалтқанда дамиды(судың тапшылығы электролит тапшылығына тең)
Гипоосмолярлық дегидратация – организм электролиттерді суға қарағанда көп жоғалтқанда байқалады(судың тапшылығынан электролиттердің тапшылығы басым).
Гиперосмолярлық дегидратация– организм суды электролиттерге қарағанда көп жоғалтқанда байқалады (электролиттердің тапшылығына қарағанда судың тапшылығы басым).
Изоосмолярлық гипергидратация– организмде осмостық концентрациясы қалыпты жалпы су мөлшерінің артуы (судың көбеюі электролит көбеюіне тең).
Гипоосмолярлық гипергидратация – организмге тұзсыз судың көп түсуінен пайда болады (электролит көбеюінен судың көбеюі басым).
Гиперосмолярлық гипергидратация- организмдегі сұйық ортаның осмостық концентрациясы жоғарылағанда жалпы су көлемінің артуы (судың көбеюінен электролит көбеюі басым.
Ісіну(лат. oedema - ісіну) –тін және қан арасында су алмасу бұзылу салдарынан тінаралық кеңістіктерде, тіндерде сұйықтықтың патологиялық түрде жиналуымен сипатталатын типтік патологиялық процесс.
Шемен(водянка)- организмнің сірнелі қуыстарында сұйықтықтың патологиялық жиналуы.
Транссудат (лат. trans- арасынан, өту + sudoatum- терлеу) – ісіну кезінде жиналатын құрамында нәруыздары аз қабынулық емес сұйықтық.
Экссудат (ex – бірдеңені жою + sudo- atum - терлеу) – қабыну кезінде микротамырлардан айналымдағы тіндік кеңістіктерге, дене қуыстарына шығатын, құрамы формалық элементтерге, нәруыздарға бай сұйықтық.
Гипонатриемия– қанда натрийдің мөлшері 135 ммоль/л-ден аз болуы.
Гипернатриемия– қанда натрийдің мөлшері 150 ммоль/л-ден көп болуы.
Гипокалиемия– қанда калийдің мөлшері 4 ммоль/л-ден аз болуы.
Гиперкалиемия – қанда натрийдің мөлшері 5 ммоль/л-ден көп болуы.
№ 14 ТАҚЫРЫБЫ: «Қышқылдық-негіздік жағдайдың бұзылыстары»
Организмнің қышқылдық-негіздік жағдайы- биологиялық ортадақышқылдар мен негіздердің белгілі бір қатынасымен қамтамасыз етілетін ішкі орта pH-ның тұрақтылығы.
рН - қанның активті реакциясының көрсеткіші, яғни сутек (Н+) иондарының молярлық концентрациясының терiс ондық логарифмi.
рСО2 - қандағы көмiрқышқыл газының парциалдық қысымы. Тыныс алу жүйесінің қызметтік жағдайын көрсетеді, әсіресе патологиясы мен метаболизмдік ығысулар кезінде өзгеретін компенсаторлық реакциялардың нәтижесін анықтауға болады (қалыпты жағдайдайда 35—45 мм с.б.).
АB- қанның шынайы бикарбонаттары = қан тамырлар арнасындағы нақты жағдайдағы (НСО3) көмір қышқыл иондарының концентрациясы.
SB - стандартты бикарбонат = стандартты жағдайда өлшенген бикарбонатты иондардың (НСО3), концентрациясы. Метаболизмдік өзгерiстердi көрсетедi (қалыпты жағдайдағы мөлшерi 21,6 дан 26,9 ммоль/л-ге дейiн).
BB- қанның буферлiк негiздерi = оттекпен толық қаныққан қандағы буферлiк иондардың (бикарбонаттар, белоктар, гемоглобин) жалпы концентрациясы (қалыпты жағдайдағы мөлшерi 43,7-ден 53,5 ммоль/л-ге дейiн)
BE - буферлік негіздердің артық болуы немесе жеткіліксіздігі (қалыпты жағдайдағы мөлшері + 2,5 ммоль/л).
Зәрдің титрационды қышқылдығы(ТҚ) - несептегі қышқыл өнімдерді бейтараптауға қажетті, NaOH ерітіндісіндегі 0,1мл N саны. (қалыпты жағдайда сілтінің 10-30 мл).
Аструп әдісі - қанның СО -мен әр түрлi деңгейде қаныққан жағдайында қанның рН-ын электрометрлiк олшеуден кейiн номограммалар немесе компьютер арқылы кейбiр көрсеткiштердi /АВ, SB, ВВ, ВЕ/ есептеу.
Буферлік жүйе –қышқыл (донор Н+) мен негіздерді (акцептор Н+) құрайтын химиялық жиынтық, рН-қалыпты жағдайдағы осылардың қатынасы тұрақты көрсеткіш болып саналады.
Нәруыздық буферлік жүйе -нәруыздардың екіжақты( амфотерлік ) қасиеті бар; яғни қышқылдық ортада сілті ретінде ал, сілтілік ортада қышқыл ретінде әсер етеді.
Бикарбонатты буферлік жүйе- көмір қышқылының тұздарға қатынасын анықтайтын ең күшті физико-химиялық буферлік жүйе. Қалыпты жағдайда H2CO3 : NaHCO3 қатынасы 1:20 құрайды.
Гемоглобиндік буферлік жүйе –қалпына келген гемоглобиннің оксигемоглобинге қатынасымен анықталатын сиымдылығы ең күшті буферлік жүйе.
Фосфатты буферлік жүйе- бір негіздік натрий фосфаттың екі негіздік натрий фосфатқа қатынасы. Бұл арақатынас 1:4 тең.
Ацидоз(лат. acidus - қышқыл) - қанда қышқылдардың абсолютті немесе салыстырмалы түрде артық болуы.
Алкалоз(лат. alcali – сілті) - қанда негiздердiң абсолютті немесе салыстырмалы түрде артық болуы.
Қышқылдық-негiздiк тепе-теңдiктің теңгерілген бұзылыстары-Н2СО3 және NаНСО3 абсолютты сандарының өзгергенімен, бiрақ олардың қатынасы қалыпты жағдайда қалғандықтан, қанның рН-ының өзгермейтiн жағдайы.
Қышқылдық-негiздiк тепе-теңдiктің теңгерілмеген бұзылыстары- Н2СО3 және NаНСО3 абсолютты сандарының өзгеруiмен қатар олардың қатынасы да өзгерiп, қан рН-ының қалыптан тыс ығысуы.
Газдық ацидоз –қанда көмiрқышқыл концентрациясының жоғарлауы және оның парциалды қысымының өсуiмен сипатталатын ацидоз.
Газдық емес ацидоз –организмде ұшпайтын қышқыл өнiмдердiң жиналуымен сипатталатын ацидоз. Метаболизмдік, бөлінулік, экзогендік болып бөлінеді.
Газдық алкалоз –қанда көмiрқышқыл концентрациясының азаюымен және оның парциалды қысымының төмендеуімен сипатталатын ацидоз.
Газдық емес алкалоз- сутек иондарының терiс балансы және негiздердiң артық болу салдарынан дамитын алкалоз. Метаболизмдік, бөлінулік, экзогендік газдық емес алкалоз болып бөлінеді.
Ацидогенез (лат. acidus - қышқыл + грек. genesis - дамуы) - натрий реабсорбциясының орнына бүйректiң сутек иондарын бөлуi.
Аммониогенез (лат. ammonium – аммоний + грек. genesis - дамуы) - бүйрек түтiкшелерiнiң эпителиiнде Н+-тің NН3-ке қосылуы арқылы NН4-тің түзіліп, аммоний тұздарының пайда болуы. Осы тұздардың құрамына кiретiн сутек иондары (Н+), түтiкшелер эпителийлерін зақымдамайды.
№15 ТАҚЫРЫБЫ: «Көмірсу алмасуының бұзылыстары»
Қантты диабет(diabetes mellitus)- - зат алмасу бұзылыстарымен (әсiресе комiрсулардың) қатар жүретiн инсулиннiң абсолютті немесе салыстырмалы жеткiлiксiздiгiнен дамитын ауру.
Инсулин (лат. insula - аралшық) - ұйқы безінің Лангенгарс аралшықтарындағы бета жасушаларда түзілетін табиғи пептидті гармон. Зат алмасуға көптеген септігін тигізеді. Инсулин негізінен қандағы глюкоза мөлшерінің төмендеуіне әсер етеді.
Контринсулярлы гормондар- инсулиннiң гормондық антагонистерi (соматотропты гормон, адренокортикотропты гормон, глюкокортикоидтар, адреналин, норадреналин, тироксин, трийодтиронин, глюкагон). Олардың артығымен бөлiнуi гипергликемия дамуына ықпал етеді.
Гликемия(грек. glykys - тәтті + haima - қан) - қандағы глюкоза мөлшерi (қалыпты мөлшері 3,3-5,5 ммоль/л).
Гипергликемия(грек. hyper - жоғары, басым + glykys - тәтті + haima - қан) – қандағы глюкоза мөлшерінің 5,5 ммоль/л –ден жоғары болуы.
Гиперкетонемия- қанда кетонды денелердің жоғарылауы(ацетосірке қышқылы, бета-оксимай қышқылы және ацетон), (қалыпты мөлшері 0,5-2,5 мг%).
Глюкозурия(грек. glykys-тәтті + uron – несеп, зәр) - екiншiлiктi зәрде глюкозаның болуы.
Кетонурия -зәрде кетонды денелердің болуы.
Гликоген(грек. glykys – тәтті + gignomai - туындатушы) - глюкоза қалдықтарынан құралған жоғары молекулалы полисахарид. Бауырда, бұлшықеттерде және басқа ағзаларда кездеседi.
Гликогенез (грек. glykys – тәтті + genesis – зарождение) - организмде гликогеннiң биосинтезi.
Гликогенолиз (грек. glykys – тәтті + + gignomai - туындатушы + lysis - ыдырау,бұзылу) - гликогеннiң тiндерде глюкозаға дейiнгi ферментативтi ыдырау процесi.
Гликолиз(грек. glycos - тәтті + lysis -бөлшектену) - глюкозаның оттегiсіз сүт қышқылына дейiнгi ферментативтi ыдырау процесi.
Гликонеогенез(грек. glycos - тәтті + neos - жаңа + genesis – туындау) - глюкозаның, гликогеннiң сүт қышқылынан, нәруыздардан немесе майлардан түзiлу процесi.
Кори циклы-сүтқышқылынан глюкозаның синтезделуі.
Рэндл циклы - «глюкозаны үнемдеуші» үшін тіндерде глюкозаның орнына май қышқылдарының тотығуыесебінен іске асатын цикл.
Гликогеноздар- түрлі ағзалар мен тіндерде гликогеннің артық жиналуымен сипатталатын тұқым қуатын аурулар тобы.
Панкреалық (абсолютті) инсулиндiк жеткiлiксiздiк-инсулиннiң биосинтезі мен бөлiнуінің бұзылуынан дамыған инсулин жеткiлiксiздi.
Панкреалық емес (салыстырмалы) инсулиндiк жеткiлiксiздiк- Лангенгарс аралшықтарындағы бета жасушалардың инсулинді түзуі және бөлуі қалыпты жағдайда, инсулиннің катаболизмiн тездететiн немесе әсерiн тежейтiн факторлардың пайда болуымен байланысты дамыған инсулин жеткiлiксiздiгі.
Синальбумин– бұлшықет тіндеріне инсулиннiң антагонистi. Оның мөлшерiнiң жоғарлауы панкреалық емес инсулин жеткiлiксiздiгiне әкелуі мүмкін.
Гиперлактацедемия- қанда сүт қышқылының мөлшерiнiң жоғарлауы (қалыпты деңгейі - 0,62-1,33 ммоль/л).
Аралшықты қантты диабет-асқынбайтынинсулиндiк жеткiлiксiздiкпен сипатталатын қантты диабеттiң патогенездік түрi (гипергликемия мен глюкозурия бауыр семiруiмен және кетозбен асқынбайды).
Тотальді қантты диабет- инсулиндiк жеткiлiксiздiкпен қатар липокаиннiң тапшылығымен жүретiн диабеттiң патогенездік түрi (асқынулар бауырдағы майлы инфильтрация және кетоз түрiнде кездеседi).
Диабеттік микроангиопатия- ұсақ қан тамырларының (капиллярлардың, артериолалардың, венулалардың) жайылымды (жалпы) дегенеративтi зақымдалуы. Ретинопатия, невропатия жатады.
Гипогликемия- қанда глюкоза концентрациясының 3,3 ммоль/л-ден төмендеуі.
Кетоацидоздық кома- инсулин тапшылығының өршуінен дамитын қантты диабеттiң асқынуы. Әдетте гипергликемия, глюкозурия, гиперкетонемия, кетонурия, ацидоз және сусыздану қабаттасады.
Гиперосмолярлық кома- айқын гипергликемиямен (55 ммоль/л), қанның жоғары осмостық қысымымен (300 ммоль/л-ден жоғары), гиперазотемиямен сипатталатын қантты диабеттiң асқынуы. Бұл кезде кетоацидоз болмайды.
Гиперлактацидемиялық кома - гликогеннің пайдаланылуы артқан жағдайда, сүт қышқылының тым көп (1,33 ммоль/л-ден артық) түзiлуінен дамитын қантты диабеттiң асқынуы. Бұл кезде гиперкетонемия және кетонурия жоқ.
Гипогликемиялық кома-қан плазмасындағы глюкозаның мөлшері бірден азаюынан, мидағы глюкозаның пайдалануының тез арада төмендеуінен дамитын гипогликемия көрінісінің соңғы сатысы.
Қантты емес диабет-вазопрессин гормонының өндірілуінің жеткіліксіздігінен немесе бүйрек түтікшелерінің сезімталдығының төмендеуінен, үлестік тығыздығы төмен несептің көп мөлшерде бөлінуімен сипатталады.
Бүйректік диабет-бүйрек түтікшелерінің патологиясынан глюкозаның кері сорылуының бұзылуы, салдарынан полиурия, глюкозурия дамиды.
№16 ТАҚЫРЫБЫ: «Липидтер алмасуының бұзылыстары»
Гиперлипемия(грек. hyper - жоғары, басым + lipos - май + haima - қан) - қанда майлардың мөлшерiнiң жоғарылауы (қалыпты мөлшері 3,5-8,0 г/л)
Липурия(грек. lipos - май + uron – несеп, зәр) – зәрде майдың пайда болуы.
Стеаторея(грек. stear, steatos - май + rhoia – ағу) - нәжiсте майдың, май қышқылдарының немесе сабынның көп мөлшерде болуы.
Майлы инфильтрация(лат. in - ішке + filtratio – сүзу)- май тiнiне қатысы жоқ жасушаларда майлардың артығымен жиналуы.
Майлы дистрофия(грек. dys - бұзылу, trophe - қоректену) - май жасушаларының протоплазмасының бұзылуымен қабаттасатын, май тiнiне қатысы жоқ жасушаларда майлардың артығымен жиналуы.
Майлы декомпозиция(лат. decompositio – қайта құрылу) - нәруыздық-липидтiк комплекстердiң бұзылуынан жасушада майдың жиналуы.
Кетоз- бауырда кетондық денелердiң түзiлуi (ацетон, ацетосiрке және бета-гидроксимай қышқылдары), олардың тiндерде тотығуынан басым болуымен сипатталатын аралық май алмасуының бұзылуы.
Семіздік- майлы тiндерде майдың артығымен жиналуы.
Гиперпластикалық семіру- май жасушаларының санының көбеюiне байланысты май тiндерiнде майдың артығымен жиналуы.
Гипертрофиялық семіру- май жасушаларының көлемiнің ұлғаюына байланысты май тiндерiнде майдың артығымен жиналуы. Бозбала шақта жиі кездеседі.
Атеросклероз(грек. athere- ботқа + scleros- қатты) – артериялардың интимасында липидтердiң, көмiрсулардың күрделі қосындыларының, қан элементтерiнің және қанайналымдағы өнiмдердің ошақты жиналуымен, дәнекер тiндердің түзілуімен және кальцийдің шоғырлануымен көрінетін көптеген өзгерiстердің жиынтығы.
Дислипопротеинемия(грек. dys – бұзылу + lipos - май + protos - бірінші + haima - қан) - түрлі липопротеидтер арасындағы қатынастардың бұзылуы.
Атерогендік липопротеидтер(грек. athere - ботқа + genēs - туындау) –атеросклероз дамуына ықпал ететін липопротеидтер; оларға тығыздығы төмен және тығыздығы өте төмен липопротеидтер жатады.
Антиатерогендік липопротеидтер– атеросклероз дамуына кедерге келтіретін липопротеидтер; оларға тығыздығы жоғары липопротеидтер жатады.
Атерогендік коэффициент:
Жалпы холестерин - Холестерин ТЖЛП
К= -----------------------------------------------------
Холестерин ТЖЛП
Қалыптаы жағдайда 3 -ке тең. Осы коэффициент жоғарлаған сайын жүректiң ишемиялық ауруының даму қауiпi өседi.
№17 ТАҚЫРЫБЫ: «Нәруыз алмасуының бұзылыстары»
Азоттық тепе-теңдік (азоттық баланс)- организмнен шығарылатын азоттық өнімдердің мөлшерi тағаммен түсетiн мөлшерге тең болатын жағдайы.
Оң азоттық баланс -организмде құрамында азоты бар нәруыздардың ыдырауынан, организмге тағаммен түсетiн азот мөлшерiнің басым болуы.
Теріс азоттық баланс- организмнен шығарылатын азоттық өнiмдердің тағаммен түсетiн азоттың мөлшерiнен артық болуы.
Алмастырылмайтын (эссенциальді) амин қышқылдар- организмде өндірілмейтін (түзiлмейтiн), тек тағаммен ғана түсетiн аминқышқылдары (фенилаланин, валин, триптофан, метионин, лизин, лейцин, треонин, изолейцин).
Дезаминделу- аминқышқылдардың аралық алмасуының этапы. Аминооксидаза ферменттерінің әсерiнен аминқышқылдары аминтоптарынан азотты жоғалтады, ал ол аммиак түрiнде шығарылады.
Переаминделу (трансаминделу)- аминқышқылдардың аралық алмасуының этапы. Трансаминаза ферменттерінің әсерiнен (бос аммиак түзусiз өтетiн) аминқышқылдан альфа- кетоқышқылға аминтоптарды қайтымды тасымалдау процесi.
Декарбоксилдену- аминқышқылдардың аралық алмасуының этапы. Декарбоксилаза ферменттерінің әсерiнен карбоксильдi топтан СО2 шығарылып, биогендiк аминнiң түзiлуі.
Алиментарлық нәруыз жеткiлiксiздiгі- организмге тағаммен бiрге нәруыздардың жеткiлiксiз түсуi, олардың қорытылуы мен сiңiрiлуiнiң бұзылуы.
Гипераминоацидемия(грек. hyper – жоғары, басым + англ. amino acid - аминқышқылы + греч. haima қан) – қанда аминқышқылдардың мөлшерiнің артуы.
Гиперазотемия(грек. hyper – жоғары, басым + ázōos - тіршіліксіз + haima кровь) - қанда қалдық азот мөлшерiнiң жоғарлауы.
Өнімдік гиперазотемия -1) бауырдың ауыр зақымдануларынан несепнәрдің (мочевина) бауырда түзілмеуі салдарынан қанда қалдық азоттың жоғарылауы (несепнәрдің мөлшері жоғарыламайды, жиі төмендейді; қанда аммиактың мөлшері артады; бауырда аминқышқылдарының дезаминделуі бұзылады; бауырда ыдыраған нәруыздардың бактериялық өнімдерінің концентрациясы қан құрамында артады); 2) тіндердің ауқымды ыдырауы кезінде қанда қалдық азот мөлшері жоғарылайды (жарақаттық шок, күйіктер, өспелер).
Ретенциялық гиперазотемия– нәруыз алмасуының соңғы өнімдерінің шығарылмауынан, яғни бүйректiң бөлу қызметiнiң және несеп жолдарының патологияларынан қанда қалдық азоттың мөлшерiнiң жоғарылауы (бүйректік жеткіліксіздік).
Қалдық азот-мочевина азотынан (50%), аминқышқылдар азотынан (25%) және басқа азоттық өнiмдерден (25%) тұратын қандағы нәруыздық емес азот.
Гиперурикемия(грек. hyper – жоғары, басым + uricum – зәр қышқылы + haima - қан) – қанда зәр қышқылы мөлшерiнiң жоғарылауы.
Подагра(грек. pus (podos) – аяқ + agra - қақпан, , «аяқтағы қақпан») - зәр қышқылы түзiлуiнiң және бөлiнуiнiң бұзылуынан зәр қышқылы тұздарының буындарда, сiңiрлерде жиналуымен сипатталатын ауру.
Гипопротеинемия(грек. hypo – төмен, аз + prōtos - бірінші+ haima - қан) – негізінде альбуминдердің азаюынан, қанда нәруыздардың жалпы мөлшерінің төмендеуі (60г/л аз).
Гиперпротеинемия(грек. hyper – жоғары, басым + prōtos - бірінші+ haima - қан) - қанда нәруыздардың жалпы мөлшерінің жоғарылауы (85 г/л көп). Абсолютті гиперпротеинемия қанда глобулиндердің синтезделуі артқанда байқалады (миеломды ауруда, аутоиммундық ауруларда). Салыстырмалы гиперпротеинемия қан қоюланғанда байқалады (сусыздану кезінде).
Диспротеинемия(грек. dys – бүліну, бұзылу + prōtos - бірінші+ haima - қан) - қанда нәруыздардың жалпы мөлшері қалыпты, ал олардың бөлек фракцияларының арасындағы қатынастың бұзылуы. Қалыпты жағдайда альбуминдік-глобулиндік коэффициент 1,5 – 2,5 тең.
Парапротеиндер(грек. para - жанында, алшақ + prōtos - бірінші) – қанда ақаулық (патологиялық) нәруыздардың – парапротеиндердің пайда болуы. Бұл сапасы өзгерген гамма-глобулиндер. Антидене түзетiн жасушалардың бөлек клондарының өнiмдерi болып саналады
Криоглобулиндер(грек. kryos -суық, аяз) - суықта преципитацияланатын, қоймалжың зат тәрізді болып қалатын, иммуноглобулиндiк ерекшелiктерi бар патологиялық нәруыздар.
Дефектпротеинемия- отсутствие в крови того или иного плазменного белка. Обычно наследственная патология, при которой в крови отсутствует одна из белковых фракций (например, агаммаглобулинемия – болезнь Брутона.
Ақаулық протеинемия-қанда плазмалық нәруыздардың болмауы. Қанда бір нәруызды фракцияның жоқтығы тұқым қуалайтын патология болып табылады. ( мыса-лы, агаммаглобулинемия- Брутон ауруы; афибриногенемия).