Комбайнды қабылдау және әзірлеу

Жаңа комбайнды қабылдау. Заводта СК-5 және СК-6 комбайн-дарын тұтынушыға жөнелтер алдында ішінара бөлшектейді. Олар-дьщ шөмелелегішін, кабинасын (СК-5), қалбағай, жылжымалы

және бүйірлік қалқандарын, запас шалғысын, алмалы-салмалы бөлгіштерін, бүйірлік тұмсықтарын, жатканьщ көлбеу корпусы мен оның жетек білігінің шкивін, босату шнегін, радиатор мен ауа тазалағыштың ауа таратқыштарын, радиатордың кішкене кранын, радиатор ауа тазартқышының торын, тазалағыштың гидрожетегін, фараларды, дыбыс сигналын, “стоп” қосқышын, стартерді, барлық белдіктерді, шынжырлы берілістерді және тағы басқаларды алып тастайды.

Комбайннан бөліп алынған тораптар мен құралжабдықтар бірнеше бөлек етіліп, б у ы л ы п - т ү й і л і п қ о й ы л а д ы. Әр бумадағы заттардың тізімі б у ы п - т ү ю қағазына толтырылады. Барлық буып-түйілген бөлшектердің саны жайлы деректер ж иы н

т ы қ-б у ы п-т ү ю т и е у қағазында көрсетіледі. Осы қағаз бойынша комбайн к о м п л е к т і с і м е н қабылданады.

Темір жол станциясына әкелінген комбайн түсірілместен бұрын платформадан темір жол әкімшілігі өкілінің қатысуымен қабыл-данып алынады. Егер қандай да болмасын жетіспеушілік немесе • ақаулар байқалса, белгілі формамен с а у д а л ы қ а к т жасалады. Жол бойы жоғалған немесе сынған бөлшктерге тасымалдаушы ұйым жауап береді. Егер мұның бәрі заводтың кінасынан болған болса, онда завод актіні алғаннан кейін жетіспейтін детальдар мен тораптарды жібереді. Жалпы комбайн мен оның жеке агре-гаттарының саудалық актіде көрсетілуге тиіс өз нөмірлері болады Мұндай нөмірлер олардың мынадай жерлерінде белгіленген немесе ойып жазылған.

жалпы комбайнда —фирмалық тақтайшаларда (шанақта), сон дай-ақ басқарушы дсщғалақтардың кронштейні рамасының швел лерінде (молотилкаға комбайнның жалпы нөмірі жазылған);

жатка корпусында — негізгі құбырдын, оң жак бүйірінде және оң жақ тірегінде;

жатканың көлбеу корпусында — оң жақ бүйірінде (оң жақтағы жоғарғы көмкермесінде);

двигательде — фирмалық тақтайшасында; жетектеуші доңғалақтар мостысында — тіркеу тетігінің астын дағы құбырда;

шөмелелегіште — түптің квадрат құбырында (сол жағының ал -дында);

жинауышта — оң жақ қалқан мен раманың оң жағында.

Жаңа комбайнды түсіріп алу. Жатка корпусының жел қалқа нының аралық тік таянышының жоғарғы тұсына қапсырмала дәнекерленіп орнатылған. Олар корпусты платформадан түсірге де және оны машинаға тиегенде пайдаланылады.

Молотилканы платформадан сырғытып түсірген кезде тежеуішті қолдану керек Комбайнды жақсы даярлықтан өткізілген арналы алаңдарра түсіру қажет

Жаңа комбайнды ішінара құрастыру және оны шаруашылық


жеткізу. Комбайн, жатка және басқа тораптар түсірілген алаңда ішінара құрастыру жүзеге асырылады. Кабина (СК-5), баспалдақ таянышы, радиатор мен ауа тазартқыштың ауа таратқышы, кекторлы шығару қүбыры, ауа таратқыш торының тазалағыш дрожетегі, радиатордың кішкене краны, электр жабдықтары эаралар, дыбыс сигналы) орнатылады. Қажетті заправка жүзеге асырылады: двигатель картеріне — май, бакқа — жанар май, гид-робакқа — дизель майы, радиаторға — су құйылады. Жетекші жә-: басқарылушы доңғалақтар мостыларының механизмдері май-ланады.

Двигатель тексерілгеннен кейін оны от алдырады, содан кейін кіші айналыс жиілігінен бастап 30—40 минут зая жүріспен жүргізіп байқайды. Двигательді от алдырмас бұрын берілісті ауыстыру орабының рычагы бейтарап қалыпта тұрғандығына, ал жұмыс органдарын іске қосуға арналған двигатель ілінісінің рычагы қо-сулықалыпта екеніне көз жеткізу керек.

Комбайн жалпы тексеруден өткізіледі, бұл ретте оның доңға-ақтарының барлық бекітулеріне тежеуіштердің қызметіне, жүріс өлігінің ілініс педалінің еркін жүрісінің бар екендігіне ерекше азар аудару керек. Осыдан кейін комбайн өз жүрісімен шаруашылыққа жеткізіледі. Егер апаттың әсерінен комбайнды тіркеп жеткізу қажет болса, онда тегіс учаскелерде жылдамдық сағатына 7 километрден, ал бұрылыстарда сағатына 3 километрден аспауға иіс.

Комбайнды толық құрастыру. Қомбайнды толық құрастырған езде төменде келтірілген негізгі ережелерге сүйену керек:

1. Құрастырар алдында топсалы жалғамаларды тазалап, майлау керек.

2. Подшипник корпустарындағы нығыздауыштардың бүтіндігін тексеру керек.

3. Белдіктерді орнына -кигізбес бұрын керу құрылғыларын шегіне жеткенше босатады, ал босату қиындаған жағдайда бір шкивті ағытып алып белдікке кигізеді, содан кейін ғана шкивті орнына қояды.

4. Шкивтер мен жұлдызшалардың білікте бекітілуін тексереді, Қалыпты бекітілген шпонканың басы шкивтің немесе жұлдызшаның көпшігінің бүйіріне шамамен 10 миллиметрдей жетпей тұруға иіс. Жаңа комбайнды (жөндеуден өткеннен кейін құрастырылған омбайн сияқты) мұқият тексеру қажет. Оның дұрыс құрастырыл-андығын бірте-бірте, әрбір торап бойынша жеке-жеке тексеру керек — тек сонда ғана ештеңенің қалмағандығына және комбайның дұрыс құрастырылғандығына көз жеткізуге болады. Бекітулердің босап кетуі жұмыс кезінде ақауға жиі ұшыратады. Тоқтатқыш болттарды қатайту үшін ұштық кілт пайдаланылады. Шектен тыс қатайтқанда жұлдызша күпшегінің жарылып кетуі мүмкін. Бекітулерді завод ұсынған кілттермен немесе сондай көлемдегі

кілттермен тарту керек. Кілтке қосымша жалғаманы немесе қон- дырғыны (құбыр, лом) пайдалануға болмайды.

Әрбір торапты ең алдымен тыныш тұрған калпында, содан со комбайнды қолмен айналдырып барып тексереді. Комбайнды қо- мен айналдырмас бұрын іліністі ажыратып, жаткада бөгде затты жоқ екендігін тексеру керек.

Завод комбайнға аспаптар, запас бөлшектер және жабдықта комплектісін қосып береді. Мұның бәрі — оларсыз комбайнды дұ- рыс пайдалануға және техникалық қызмет көрсету операцияларын орындауға болмайтын техникалық құралдар минимумы болып табылады. Комбайншы аспаптардың әрқашан да қалыпты жағдай да болуына, ал запас бөлшектердің пайдалану барысында толық тырылып отыруына қамқорлық жасауға міндетті.

Рекламация көрсету тәртібі. Колхоздар, совхоздар және басқа мекемелер комбайн, жатка және басқа да ауыл шаруашылығы; машиналарының сапасы жайлы барлық талаптарын (жазбаша түрде) СССР Мемлекеттік комитетінің ауыл шаруашылығын өнді-рістік-техникалық қамтамасыз ету бөліміне жібере алады.

Мемлекеттік комитет бөлімі 1968 жылы 17 июньде бекітілге (№ 78 бұйрық) “Колхоз, совхоз және басқа ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының трактор және басқа ауыл шаруашылығы маши- наларының сапасы жөніндегі талаптарын қанағаттандыру тәртібі туралы” нұсқауы негізінде әрекет жасайды.

Егер шаруашылық талабы дәлелді болса, Мемлекеттік комитет бөлімі даярлаушы-заводқа тәуліктік мерзім ішінде кемістіктің заводтық нөмірдің және машина жұмысыньщ сағаттық немес күндік мөлшеңінің мәні жайлы хабарлайды.

Даярлаушы-завод Мемлекеттік комитет бөлімінен хабар алған нан кейін бес күн ішінде өз өкілінің талапты тексеруі үшін коман- дировкаға жіберілгендігі жайлы немесе талапты завод өкілінің қатысуынсыз тексеруге келісім бергені жөнінде телеграф арқыл хабарлайды. Егер даярлаушы-завод өз өкілінің белгіленген мер- зімде командировкаға жіберілгендігі жайлы хабарлаған болса онда Мемлекеттік комитет бөлімі оның келуін талап жайлы келіп түскен қағаздың жіберілген күнінен бастап 15 күн күтеді.

Завод рекламацияны мынадай жағдайларда тексермейді:

а) кемістікті машинамен қоса берілетін запас бөлшектер ком -плектісінің есебінен жөндеуге мүмкіндік болғанда;

ә) кемістіктер жайлы заводқа келіп түскен документтер дұрыс жасалмаған немесе рекламация бойынша толық дерек берілмеген

б) машиналар заводпен келісімсіз жөнделген;

в) заводтың кінасы көрсетілмеген;

г) тұтынушының пікірі бойынша бүлінуге немесе апатқа себеп болған детальдар, сондай-ақ қосымша зерттеу үшін завод сұра қан детальдар заводқа жіберілмеген.

СК-5 комбайнына кабина орнату.Жоғарыда СК-5 жақа ком-байны заводтан бөлшектелген кабинамен түсірілетіндігі аталып өтілді. Комбайнды түсіргеннен кейін кабинаны монтаждау үшін мына негізгі операцияларды орындау керек:

1) сол жақ капталды 11 (150-сурет) бекітеді;

2) босату шнегінің қосқыш рычагын (кронштейннен 8), бас-тырмаларды 5, 7, босату шнегін қосқыш рычагқа арналған нығыз-дауышты 6 (кабинаның сол жақ қабырғасынан), двигатель іліні-сінің тартпасын босатып алып қояды;

3) кабинаның алдыңғы жағы мен сол жағын нығыздай отырып, өз орнына орнатады;

4) бастырмалы 5, 7 нығыздауышты 6 өз орнына қояды; босату шнегін, қосу рычагын өз орнына қондырады;

5) сақина мен двигатель ілінісінің тартпасын, оны нығыздауға арналған тесіктерді орнына қояды;

6) гидробөлгіштің тартпасын жалғайды;

Комбайнды қабылдау және әзірлеу - student2.ru

150-сурет. СК-5 комбайнына кабина орнату схемасы:

1- алдыңғы беттің экраны; 2 — арытқыш втулка; 3, 10 және 12 — резиналы төсемдер; 4 — хабина; 5 және 7 —қысу бастырмалары; 6 — нығыздауыш; 8 — кронштейн; 9 — гидробөлгіш 11— сол жақ бүйір.

7) кабинаның алдыңғы бетінің экранын таяныш втулканың 2 көмегімен орнатады;

8) қажет болған жағдайда кренометрді (ол кабинаның алдыңғы қабырғасына бекітіледі) орнатады.

СК-5 комбайнының электр жабдықтары приборларын монтаж-дау. Төменде аталатын приборлар буып-түйілген қалпында түсі-ріледі. Комбайнды құрастырған кезде оларды сәйкес орындарына орнатады.

1. Фаралардың біреуін оң жаққа, қапталдың төменгі қабырға-еына, ал екіншісін шанаққа бекітеді.

2. Артқы фараның (оң жақтағы) біреуін радиаторға, ал екіншісін (оң жақтағы) баспалдақ таянышына бекітеді.

3. Екі подфарникті: сол жақтағысын жүргізуші алаңшасының; алдындағы қалқанша тесіктеріне, оң жақтағысын шанақ арқалы-ғының кронштейніне орнатады.

4. Артық фонарьларды: сол жақтағысын (төменгісі мен жоғар-ғысын, жоғарғысы — бұрылысты көрсеткіш) баспалдақ сүйеніші-нін, тірегіне, ал оң жақтағысын молотилканың оң жақ панелінің бұру штангасына орнатады.

5. Кабинаның төбесіндегі желдеткіштерінің арасына дыбыс сигналын, ал алаңшаның астындағы бас тежеуіш цилиндрінің жал-ғастырғыш муфтасына “стоп” қосқышын орнатады.

6. Жүргізу двигателі редукторының фланеціне стартерді бекітеді.

Тахометр мен тахоспидометрдің иілгіш біліктері. Комбайнды (СК-5, СК-6) қүрастыру және пайдалану процесінде тахометр мен; тахоспидометрдің иілгіш біліктерінін, монтаждалуы мен жардайыні тексеру керек. Олардың қалыпты иілу радиусы 150 миллиметрден кем болмауға тиіс. Комбайнға техникалық қызмет көрсеткен кездеі білік үштықтарының жетек пен көрсеткішке жалқасатын тұсындағы гайканың тартылуын тексеру қажет.

Иілгіш білік жұмысында кемістіктің (ақаудың) мына себеп- терден пайда болуы мүмкін: иілу радиусы өте кіші (150 милли- метрден аз); ұштықтар жалғамасынын. гайкалары қатты тартыл-маған; біліктің сыртқы қабығында май жетіспейді немесе мүлдем жоқ; сыртқы қабық бойымен сым арқан жылжымайды.

Заводта құрастырған кезде иілгіш сым арқанның сыртыш ГОИ-54 немесе НК-30 қою майы жағылады, мұның өзі оның +551 градустан —50° градусқа дейінгі температурада түрақты сақталуына мүмкіндік береді. Білікті 960 мото-сағат жұмыс істегеннег кейін қайтадан майлайды. Иілгіш біліктің дүрсілдеуі немесе көрсеткіш тілдің ауытқуы білікті майлау керектігініқ белгісі болыг табылады. Майлауды былай жүзеге асырады: иілгіш біліктін, көр-сеткішке жалрасатын ұшынан бастап ілмек шайбаньщ серіппесін алып тастайды; білікті қабығынан суырып алады; оны керосинге салып жуып, кептіреді; біліктің жетек жақ үшынан бастап—|— бө-

лігін майлап, қабығына енгізеді де ілмек шайбаны орнына салады.

Сым арқанның жетек жағындағы бос түрған үшын ырғау арқылы бойлық жылжудың бар-жоғын анықтайды. Егер жылжуы жоқ болса біліктің екі жалғамасын да кірден тазарту керек.

Жаңа иілгіш білік салған кезде прибор білігінін, тесігін мұқият тазарту керек және сым арқанньщ бойлық бағытына жылжитын-дығына көз жеткізу қажет.

СК-5 және СК-6 комбайндарынан барабан (редукторсыз) мен деканы алу. Барабанды оң жақ панельдің терезесі арқылы былай алып тастайды; деканы жоғары қарай шегіне жеткенше көтереді де оң жақтағы оның реттеуіш тартпасын алып тастайды; тахометр жетегін алып тастайды; барабан білігінің сол жақ подшипнигін боеатады; екі жақтағы барыттауыш қалқаншаларды 9 (52-сурет) алып тастайды; барабан флаңецтерінің оң жақ барабанға бекі-тулерінің барлығын босатады; барабанды фланецімен бірге алып тастайды.

Деканы (жатка ағытулы тұрғанда) былай суырып алады: молотилка корпусының алдыңғы байланысын, елек фартугын, сондай-ақ деканың соңғы планкасындағы фартук пен торды алып тастайды; екі жақтағы реттеу тартпаларын ағытады; білікті, саусақтарды және дека цапфасын суырып алады; деканы шығарып тастайды.

СК-5 және СК-6 комбайндарының соққылауыш битерін алу. Молотилканың сол жағынан битерды былай алады: оң жақтағы босату шнегінің жетек шынжырын, босату шнегінін, қарсы жетей білігін және жетектеуіш шкивті алып тастайды; битер білігінің оң жақ подшипнигін босатады; фланецтің сол жақ панельдегі барлық бекітулерін босатады; битерді фланецімен бірге сол жаққа қарай суырып алады.

СК-5 және СК-6 комбайндарының жүріс бөлігінің вариаторын алу. Вариатор блогы екі иінді ашасымен 3 (102-сурет) бірге мына-дай ретпен алынады: екі белдікті де алып тастайды; кергіштерді 7, 8, сондай-ақ ашалар бекітіліп тұратын кронштейнді ағытады, штоктың басы рычагтың аралық сырғасынан шығуы үшін ашаны біраз бұрады; вариаторды жинақталған қалпы осінен суырьш алады; блокты алады.

Вариатор блогын бөлшектеу мен құрастыруды таза жұмыс ор-нында жүргізу керек.

Май құю сыйымдылығы, Төменде СК-5 комбайны үшін литрмен берілген май құю сыйымдылығы жайлы деректер (жақша ішінде СК-6 комбайны бойынша деректер) келтіріледі: суыту жүйесі — 32 (36); жанар май багы — 190; жүргізу двигателінің кішкене багы—1,5; тежеу жүйесі — 0,9; гидрожүйе—17; двигатель картері —21 (20); жетектеуіш доңғалақтар мосты — 26,5; барабан редукторы — 1,3.

Наши рекомендации