Егін жинау сапасын бақылау

Егін жинау жұмысында ағымдық және қабылдау кезіндегі ба-қылаулар болады.

Ағымдық бақылау. Ағымдық бақылау — комбайншының басты міндеті ол соның негізінде қондырма және эксплуатациялық рет-теулерді таңдайды, анықтайды немесе өзгертеді. Жүргізуші ағым-дық бақылау тәсілдерін жетік игерген жағдайда ғана комбайн (дестелеуіш жатка) жүмысының барынша тиімді режимін жасайды және сақтай алады. Ағымдық бақылау екі операциялық топ-тан — үздіксіз және мерзімдік топтардан тұрады.

Үздіксіз операцияға мыналар жатады:

а) қырқу аппаратының алдында жатқан егін алқабын (5—

15 м шегіндегі) мұқият байқап отыру;

ә) қалбағай мен жатка шнегінің (тікелей жинағанда) біркелкі жинауын қадағалау;

б) жатканың (жинауыштың) басқа механизмдерінің жұмысын, сигнализаторлар мен приборлар қалқанындағы көрсеткіштердің көрсетулерін байқау;

в) жұмыс істеп тұрған комбайн шуылының бірқалыптылығын тыңдау және ондағы ақаулы дыбыстарды (сақтандырғыш муфта-ның тығылып қалуын, тарсылдарды және т, б.) дер кезінде біліп отыру.

12-таблица

Молотилка жұмысындағы кемшілік Реттеулерін өзгерту
1. Шала бастырудан сабанға бос дән кетеді               2.Топанға бастырылма-ған масақ араласып кетеді 3.Шанақтағы дәннің жармалануы         4.Шанақтағы дәннің жармалануы және са-бан мен топанға шала бастырылған масақ-тардың араласып кетуі қатар келсе 5.Топанға кетуден болатын бүтін дәндердің ысырабы   6. Топанға семіп қалған дән араласып кетеді 7. Сабан сіліккіштің бос дэні ысырап болады   1а. СК-5 және СК-6 комбайндарының бастыру ап-паратындағы саңылауларды азайту керек; 'егер бұл да нәтиже бермесе, онда барабанның айналыс жиілігін арттыру кажет, бірақ бұл жағдайда дәннің жармаланғаранын тексеру керек. 1а.Ең бірінші қос барабанды комбайнның екінші бастыру аппаратының саңылауын азайту керек; егер бұл да көмек-теспесе екінші барабанның айналыс жиілігін арттыру қажет; жоғарыда атал-ған реттеулер нәтиже бермесе (бастырылуы қиын дақылдарды жинаған кезде) бірінші бастыру ап-паратына жасаған реттеулерді іске асыру қажет, бірақ бұл реттеулер дәннің жармалануына әкеп соқпауын қадағалау керек 2.Жоғарғы елек ұзартқышының үлкен жапқышын ашу керек.   3а. СК-5 және СК-6 комбайндарының бастыру құрылғы-ларының саңылауын ұлғайту керек; егер бұл да нәтиже бермесе, барабанның айналыс жиілігін азайту қажет. 3а.Қос барабанды комбайндарда алғашында екінші бастыру аппараты үшін За реттеуін орындау керек; егер ол көмектеспесе онда бірінші бастыру аппаратына жасаған реттеулерді іске асыру қажет; бірақ бұл реттеулердін, шала бастыруды ұлғайтып жібермеуін қадағалау керек. 4.Бастыру аппаратындары дека планкасының ұзын бой-ындағы саңылаулардың біркелкілілігін қамтамасыз ету керек.   5а.Жорарғы елек пен оның ұзартқышының жап- кыштарын кеңірек ашу керек. 5а.Жорарғы елек ұзартқышының көлбеулік бұрышын үлкейту керек, бірақ ұзартқышқа массаның тұрып қалмағандырын байқау қажет. 5б.Топанға семген дәндер кетпегендігін бақылай отырып, желдеткіштің, айналыс жиілігін арттыру керек.. 6.Желдеткіштің айналасын жиілігін азайту керек СК-5 және СК-6 комбайндарының бастыру ап-паратындары саңылауларды ұлгайту керек, егер ; ол көмектеспесе, сабанға шала бастырылған дән кетпегендігін байқай отырып барабанның айна-лыс жнілігін азайту қажет. 7ә. Қос барабанды комбайндардың екінші бастыру аппаратындағы саңылауды ұлғайту қажет бұл


338

12-таблицаның жалғасы

Молотилка жұмысындағы кемшілік Реттеулерін взгерту
      Шанақтары астыққа арамшөп араласып кетеді   реттеу нәтиже бермеген жағдайда екінші барабанның айналыс жиілігін кеміту қажет; егер мұнның бәрі көмектеспесе бірінші бастыру аппаратында жүзеге асырған реттеулерді іске асырған кезде олардың сабанға шала бастырылған дәннің кетуіне себеп болмағандығына көз жеткізу керек. 8а.Төменгі електің жапқышын аздап жабу керек. 8э. Желдеткіштің айналыс жиілігін арттыру, мұның өзі дәннің масақ шнегіне көп түсуіне әкеп соқпағандығын қадағалау қажет. 86. Егер реттеулерден (8а және 86) кейін сабан мен топанға араласып кететін бос дәннен болатын ысыраптың артқандығы байқалса, онда комбайнның жүріс жылдамдығын азайту керек.


Ағымдық бақылаудың мерзімдік операцияларына сабан мен до-панға бос дән кетуінен, сондай-ақ шала бастырудан болатын ысы-рап мөлшерін тексеру, шанақтағы астықтың тазалығы мен жарма-ланбауын тексеру жатады. Сонымен қатар қалбағай мен жина-уыштың реттелуін, барлық нығыздалған жерлердің бүтіндігін, кла-вишалардың беттерін, елек пен төменгі торды (өсімдікке толып қалмағандығын) мезгіл-мезгіл тексеріп отыру қажет. Бос дәннің кетуінен және шала бастырудан болатын ысырап мөлшерін 1—2 сағат сайын көзбен анықтайды. Ол былай істеледі: комбайнды бірнеше минутқа тоқтатып қою керек; түсірілген шөмелелерден әсіресе оның астыңғы бөлігінен қолмен бірнеше дән алып қарау қажет; бірнеше метрлік орылған егіс алқабына көз жүгіртіп өту керек (комбайнның нығыздалмауынан немесе қалбағайдың жоғары айналыс жиілігінің әсерінен шашылған дәннің бар-жоқтығын байқау үшін). Осындай қысқа мерзімге тоқтаған кезде клавишалар мен тазалағыштьщ беттерін де тексеріп, шанақтағы астықтан алып байқайды.

Қабылдау кезіндегі бақылау.Қабылдау кезіндегі бақылауды смена соңында, яки (жиірек) бүкіл алқаптағы орақ жұмысы аяқ-талғаннан кейін агроном, бригадир, есепші немесе арнаулы көмек-ші жүргізеді. Бұл ретте шаруашылықтарды бақылаудың әр түрлі әдістері қолданылады. Тікелей жинаудан кейін, жатка мен моло-тилкадан болатын барлық ысырапты, сондай-ақ олардың басқа да жұмыс көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік беретін кабылдау кезіндегі бақылауды жүзеге асырады. Бөлектеп жинаған кезде де дәл осындай бақылау түрі жүргізіледі, бұл ретте дестелеуіш жатканың, жинауыш пен молотилканық жұмыс көрсеткіштері

есепке алынады. Ең бірінші жатканың, сосын жинауышы бар мо- лотилканың жұмыстары жеке-жеке бақыланатын варианттың даболуы мүмкін. Қабылдау кезіндегі бақылау операциясы едәуір еңбекті қажет етеді, сондықтан оның ішіндегі ең қарапайымдарын таңдап алған жөн.

Қырқу биіктігі. Қырқу биіктігін былайша тексереді: жатка жү- ріп өтет ін егіндіктің шетінен 1—1,5 м қашықтықта орналасқан екі нүктенің сабақтарының биіктігін сызғышпен өлшейді. Жатка жү- рісінің бойымен осындай бірнеше (4—6) қосарлы өлшемдер жүр-гізеді, олардың арасындағы интервал 2—3 адым болуға тиіс; барлық өлшемдер көрсеткіштерінің, жиынтығы орташа қырқу биіктгін көрсетеді, ал оның ең көп және ен, аз мәндерінің айырмасы қықу биіктігінің біркелкілік дәрежесі болып табылады,

Жатканың ысырабы. Жаткадан болатын ысырапты анықта үшін бір метрлік немесе жарты метрлік рамка пайдаланылады, Мұндай рамканы әдетте диаметрі 6—8 мм металл шыбықтан жасайды.

Жиналған загонның екі ұзын жағынан бойына бір метрлік рам- каны 3—4 рет қояды, ол үшін өсіп тұрған егіннің барынша бітік тұсын таңдап алу керек. Рамкамен шектелген есептік алаңшалардың әр қайсысындағы ысырапты (бос дәндерді, орылған жән орылмай қалған масақтарды) жинап алу қажет. Өздігінен шашылған (ластанған, көктеп кеткен және т. б.) дәндер есепке алынбайды. Есептік алаңшадан жиналған барлық дәндерді (масақта түскендерін де) санау қажет. Бір метрлік рамкалардың санына берілінген және 10-ға көбейтілген бұл дәндердің граммен берілген массасы тексерілген танаптың бір гектарының килограммен берілге орташа ысырабын көрсетеді:

егін жинау сапасын бақылау - student2.ru

мұнда, Дж — жаткадан болған дән ысырабы, кг/га;

Пр — барлық бір метрлік рамкалардың алаңшаларынан

байқалған ысырап, г;

Оп — бір метрлік рамкалардың жалпы көлемі, м2.

Шығымдылық мөлшерін білгеннен кейін ысыраптың проценттік мәнін табуға болады.

Мысал. Шығымдылық 25 ц/га егістіктегі ысырапты анықтау үшін бір метліклік алты рамка қойылады. Бақылау рамкаларының алаңшаларынан (6 м3)терілген дәннің салмағы 16 г. Формуланы (6) пайдаланранда былай болып ші ғады:

егін жинау сапасын бақылау - student2.ru

Шығымдылық 25 ц/га болранда бұл шамамен 1,1% құрайды.

Таразы болмаған жағдайда масақ пен бос дәннің саны бойынша ысыраптың шамасын есепке алура болады'

Жақсы өсіп дамыған күздік бидайдьщ масағы шамамен 2— 1,3 г тартады. Өсімдіктің өсіп даму жағдайына байланысты күздік бидайдың 100 дәнінің (ылғалдығы 14% болғанда) граммен алынған абсолютті салмағы 1,6—5,5, күздік қара бидайдікі—1,3—5,0, арпанікі — 2,8—5,0, сұлының абсолютті салмағы 1,4—5,5 шегінде ауытқып тұрады.

Жинауыштың ысырабы. Егер жинауыштан болған ысырапты жеке анық тау қажет болса былай істейді: танаптың егіні жиналған, дестелер жатқан жерлеріне бір метрлік рамканы 4—5 рет қою керек: есептік алаңшалардағы ысырап жиынтығын анықтау қажет: содан кейін алдыңғы өлшемнің қатарындағы жерлерге де бір метрлік рамканы 4—5 рет қойып, жиынтық ысырапты анықтау керек; осы екі нәтиженің айырмасы жинауыштан болатын ысырап мөлшерін көрсетеді.

Мысал. Дестелер жаткан жерлерге бес бір метрлік рамканы (5 м2) қойғанда шыққан ысырап жиыйтығы 18 г, ал соның қатарында жатқан жерге (ол да 5 м2) саны дәл сондай рамкаларды қойған кезде жиынтық ысырап 12 г рана болады. Сөйтіп, жинауыштың жұмысынан 6 г ысырап кетті. Шығымдылық 30 ц/га.

Түрі өзгерген формуланы (6) пайдаланғанда мынау шырады:

егін жинау сапасын бақылау - student2.ru

мұнда, ІІП —жинауыштан оолран дән ысырабы, кг/га.

Шығымдылықты' ескере отырып ысыраптыд 0,4% құрайтынын табамыз.

Молотилка ысырабы. Молотилка ысырабын (сабан мен топан-ға бос дән кетуден, сондай-ақ шала бастырудан болатын ысырап- -тарды) анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Соның екеуін атап өтейік.

Б і р і н ш і т ә с і л *. Топаны аралас сабан шөмелесін түсіріп, шөмелелегіштің түбі ашық тұрған кезде сабан мен топан дестесі 10—15 м ұзындықпен салынғанша педальді 6 (142-сурет) аяқпен басып тұру қажет. Содан кейін шөмелелегішті жабады. Салынған дестенің 3—5 жеріне 0,2 м2 (0,4X0,5 м) көлемде рамканы қою ке-рек. Рамкамен шектелген алаңшадағы барлық бүтін (жарамды) дәнді теріп алып, барлық дәнді және масақтағы дәндерді де бөліп алу қажет. Жиналған дәннің жалпы мөлшерін алаңшалардың са-нына бөлу керек. Содан кейін 13 және 14-таблицалар (бұл табли-цалар 1000 дәннің абсолютті массасы 40 грамға тең келетіндей есеппен жасалған) бойынша молотилкадан болған астық ысырабы анықталады, Егер қажет болса бос дәннен болған ысырап пен шала бастырудан кеткен ысырапты жеке-жеке анықтауға болады. Шығымдылықты білгеннен кейін ысырап процентін анықтауға бо-лады.

Указания по устранению потерь зерна при работе самоходных комбайнов СҚ-3 и СК-4. Москва, ЦНИИТЭИ, 1969.

13-таблица 14-таблица

егін жинау сапасын бақылау - student2.ru егін жинау сапасын бақылау - student2.ru

Мысал.“Нива комбайны. Рамка десте үстіне 4 рет қойылды. Рамканы төрт дүркін қойған кезде алаңшадан барлығы 200 дән алынды. Ал 0,2 м2 алаңдағы дәннің орташа саны 50 болды. Жатканың алым ені 5 м. 13-таблицаның көрсет кіштері бойынша егістіктегі молотилкадан болған ысырап 24 кг/га екенін көреміз. Мәселен шығымдылық 24 ц/га болсын дейік. Онда молотилкадан болған ысырап 1 процент құрайды.

Екінші тәсіл. Зая жүргізу арқылы комбайнды астық қалдық-тарынан мұқият тазартады; топан араласқан 2—3 сабан шөмелесін қайтадан бастырады; осыдан соң алынған дәндерді өлшеп ысырапты есептеп шығарады.

Мысал. Шығымдылығы 30 ц/га егіні жиналран танаптан екі шөмелені бас тырғанда 2160 грамм дән алынды. Бұл екі шөмеле де 480 м2 алаңнан жиналған Есептеп шығару үшін мына формуланы қолданамыз:

егін жинау сапасын бақылау - student2.ru

мұнда, Пм — молотилка ысырабы, кг/га;

П0— екінші қайтара бастырғанда кеткен ысырап, г;

Уп— жиналран егіс алқабы, м2. ;

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді орнына қойғанда былай болыи шығады:

егін жинау сапасын бақылау - student2.ru

Алынған нәтиже молотилка ысырабының 1,5% болғандығын көрсетеді.

§ 73. Астық ысырабын көрсеткіш (УПЗ)

Қызметі.“Нива” және “Колос” комбайндарына орнатылатын астық ысырабын көрсеткіштің (УПЗ) қызметі — жұмыс кезінде комбайн молотилкасынан болатын бос дән ысырабының артқанын байқау және бұл жайлы жүргізушіге белгі беру болып табылады. Арнайы баптаған жағдайда бұл көрсеткішпен нақты ысыраптың салыстырмалы өлшемін (процентін) де есептеуге болады. УПЗ бі-рінші жағдайда ысырап көрсеткіш, ал екінші жағдайда ысырап өл-шегіш міндетін атқарады.

Ол екі жағдайда да комбайн жұмысының барынша тиімді (оп-тимальды) режимін сақтауға көмектеседі.

Құрылысы.Астық ысырабын көрсеткіш (164-сурет) мынандай бөлшектерден тұрады: пьезоэлектрлік өзгерткіштер 8, 9 және 10, өлшеуіш блок 1, көрсеткіш прибор 5, қосқыш панельдер мен же-тектер.

Өзгерткіштер 3 (екі дана) ортаңғы клавишалар (СК-5 комбай-нында) немесе екінші және төртінші клавишалардың (СК-6 ком-байнында) түбінің артқы шетіне бекітіледі.

Өзгерткіш 9 масақ шнегі құндағының қайырмалы төсем тақ-тайына (2-суретте бұл тақтай 25 цифрымен белгіленген) бекітіледі. Өзгерткіштер 8, 9 сабан мен топанға түсіп араласып кететін бос дән ысырабын бақылайды.

Өзгерткіш 10 төменгі елек станының төсем тақтайының түбіне бекітілген. Ол астықтың шанаққа түскен кездегі жалпы мөлшерін бақылайды.

Өлшеуіш блок кабинаның сол жақтағы панеліне орнатылған, ал көрсеткіш прибор рульдік қалыптың үстіне орналасқан. Өлшеуіш блокта оны желіге қосатын тумблер 2 (164-сурет) мен “Сезгіш” (“Чувствительность”) тұтқа 3 бар. Оны бұра отырып, нақты ысыраптың бірдей мөлшері жағдайында прибордың 5 көрсетуін арттыруға немесе кемітуге болады.

Өткізгіш сымдарды монтаждау және олардың түсі 164-суретте көрсетілген.

Жұмыс принципі.Әрбір дәннің өзгерткіштің пластмассалы мембранасына түскендегі соққысы пьезоэлементтің қоршауында жылдам өшетін тербеліс түріндегі электр сигналын туғызады.

Бұл тербелістің ұзақтығы мен амплитудасы дәннің соғу күшіне, басқаша айтқанда, оның физикалық-механикалық қасиетіне тәуел-

егін жинау сапасын бақылау - student2.ru

164-сурет. Комбайн астық ысырабын көрсеткішінщ (УПЗ) құрылыш және монтаждалу схемасы:

1 —өлшеуіш блок; 2 —приборды қосу тумблері; 3 — “Сезгіш” (“Чувствительность”) тұтқа; 4 — панель; 5 —көрсеткіш прибор; 6—комбайн “массасын” қосқыш; 7—жылжымалы тұзақ, оның ұзындығы 450 мм болуға тиіс); 8 — клавишалар мен сабан сілік-кіштің өзгсрткіштері; 9 — масақ шнегі құндағы төсем тақтайының өзгерткіпі; 10 — төменгі елек станы төсем тақтайының өзгерткіші. 11—аккумулятор батериясының оң клемасына баратын өткізгіш сым, І2 — “массаға” баратыы өткіагіш сым.


ді болады. Бұл ретте дәнсіз басқа ұсақ бөлшектері соққысының эсерінен электр сигналының импульсі тербелісінің төменгі жиілігі яен аз амплитудасын тудырады. Соның салдарынан мұндай им-пульстерді өлшегіш тракт өткізбейді.

Өзгерткіштер 8, 9 (клавишалар мен масақ шнегінің төсем тақ-тайының) астықтың ысырап болған бөлігін тіркеп отырады. Соны ,-мен қатар өткізгіш 10 шанаққа келіп түскен. дән мөлшерінің жалпы көлемін тіркеп отырады. Өзгерткіштерден 8, 9 келетін бірінен кейін бірі қосылған электр сигналдары ысырап каналына беріледі. Өлшеуіш блокта орналасқан екі канал да алынған сигналды кү-шейту және ұзақтығы мен амплитудасы тұрақты импульс жасау үшін қызмет етеді. Бұл импульстер басталқыда қатынас схемасына, содан кейін көрсеткіш приборға келеді. Прибор шкаласы бірлік өлшемдеріне (продентке) бөлінген.

Пьезоэлектрлік өзгерткіштердің көлемі мен орнатылатын орын-дары мынандай есеппен таңдап алынған: оларға келіп түсетін астық көлемі тиісінше жалпы ысырапқа жәңе бастырылған жалпы астық көлеміне пропорционалды болуға тиіс.

Сонымен дөрсеткіш бос дәннён болатын абсолюттік ысырапты емес, оның шанаққа сол уақытта келіп түскен барлық астыққа қа-тынасының процентің анықтауға мүмкіндік береді.

УПЗ-нытексеру. Заводтан келіп түскен немесе жөндеуден өткен комбайндардың ысырап көрсеткіштерінің жеке бөлшектерін монтаждайды. Содан кейін монтаждаудын, дүрыстығы мен көрсет-кіштің жұмысын тексереді. Өткізгіш сымдардың дөңгелек ұштарын өлшеуіш блоктың клеммаларына жалғар алдында винттерді бұрап алу керек, жанасу алаңшаларын мүқият тазалап, үштықтарды жақсылап түзету қажет. Көрсеткіштің дұрыс құрастырылғандығын оны “массадан” ажыратылғанда (қосқышпен 6) тексеру керек. Оның қызметін “массаға” қоса отырып тексереді.

Көрсеткіштің жұмысын былай тексереді: тумблерді 2 қосулы қалпына қояды: “Сезімтал” (“Чувствительность”) тұтқасын оңға қарай шегіне жеткенше бұрайды; бір адам кабинада отырып көр-сеткіш прибордың тілін бақылайды, сол кезде екінші адам дәнді өзгерткіштерге 8, 10 немесе басқа өзгерткіштерге 9, 10 түсетіндей етіп уыстап лақтыра бастайды. Егер монтаж дұрыс жасалса, тіл орнынан жылуға тиіс. Көрсеткіш прибордын, тілі де бірқалыпты жиілікпен жылжуға тиіс, бірақ ол жоғарыда аталған 'өзгерткіш-тердің мембраналарын ашқышпен қатты ұрмауы керек. Бұл жағ-дайда тексеруді үш адам атқарады.

Көрсеткіштің барлық бөлшектері дұрыс монтаждалып, бірақ оның жұмысына электр немесе механикалық кемістіктер кері әсер етуі мүмкін. Мүндай кемістіктердің жоқ екендігін тексеру үшін былай істейді. Көрсеткішті қосады, “Сезгіш” тұтқаны шегіне жеткенше бұрады, двигательді іске қосып, оның әр түрлі режимде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Егер бұл ретте тіл жылжымай-


тын болса, онда электр кемістігі жоқ деген сөз. Механикалық ке-містіктің (вибрация мен тарсыл ақаулары) жоқ екендігіне көз жеткізу үшін двигательдің толық айналымында комбайнды зая жүрісімен 200 метр шамасында жүргізіп көру керек.

УПЗ — ысырап көрсеткіш.УПЗ-ны ысырап көрсеткіш ретінде пайдалану үшін былай істеу керек. Орақ жағдайын ескере отырып, комбайнның қажетті реттеулерің, бітіктік жағдайын, ауа райының ерекшелігін және т. б. жүзеге асыру қажет. Ысырап көр сеткіштің “Сезгіш” тұтқасын сол жақ шеткі қалыпқа, ал қоректендіру тумблерін “Қосылған” (“Включено”— электр желісіне қосу) қалпына қою керек.

Комбайнның неғұрлым тиімді жылдамдығын таңдап алған соң, жинауға кіріседі. Қажет болған жағдайда реттеулерді, сондай-ақ комбайнның жүріс жылдамдығын белгілеп алу керек.

Комбайнның жұмыс режимін біржола таңдап алғаннан кейін белгілі танапта мыналарды атқару керек: “Сезгіш” тұтқаның кө- мегімен көрсеткіш прибордың тілін шкаланың жұмыстық секторы- ның ортасына қою керек; бұдан соң “Сезгіш” тұтқанын, қалпы өзгертуге болмайды; егер комбайнға түсетін жүктеме белгіленге режим шегінде болса, прибордың тілі шкаланың ортасынан салыс тырмалы түрде аздап тербеліп тұрады; прибор тілінің шкаланы ортасынан кенет және ұзақ мерзімге ауытқуьш комбайнның жүріс жылдамдығын өзгерту керек деген белгі ретінде қабылдау керек

УПЗ — ысырап өлшегіш. УПЗ-ны ысырапты өлшегіш ретінде пайдалануға арнап баптау үшін былай істеу керек. Негізгі көрсет -кіш (аграфоны) бойынша бүкіл астық массасына тән егістің бөлігін таңдап алу қажет. Сол жағдайға сай келетіндей етіп комбайнды реттеп бұдан кейін оны өзгертпеу керек. Қоректендіру тумблерін қосу қажет. “Сезгіш” тұтқаны сол жақ шеткі қалыпқа кою керек. Комбайнды жұмысқа қосып, 70—100 м орғызып байқау қажет.

Бұл жұмыс процесінде комбайншы “Сезгіш” тұтқаны бұра оты- рып көрсеткіш прибор тілін 2—2,5 қалпына қояды. “Сезгіш” тұт- каның қалпы мен прибор тілін белгілейді (есте сақтайды). Содан кейін орылған егістік бөлігіндегі молотилкадан болған нақты астық ысырабын жоғарыда (§ 72) аталған тәсілдердің бірімен анықтайды. Прибор көрсеткіштері мен нақты шығын жөніндегі көрсеткіштерді салыстырады. Егер олардың арасындағы айырмашылық +- 0,3 проценттен артпаса, прибор бапталған болып табылады. Ал бұған керісінше жағдайда ысырап көрсеткіштің сезгіштігі қаншалықты азайту керек екендігін анықтау керек. Оны былай жүзеге асырады: көрсеткіш деректерінің нақты ысырапқа қатынасы табу қажет; “Сезгіш” тұтқаның соңғы дерегінің шамасын осы ш тижеге бөлу керек; көрсеткіштің “Сезгіш” тұтқасын тиянақты жиынтық бойынша қояды. Мұны мысал арқылы көрсетейік.

1-мысал. “Сезгіш” тұтқа 20-ны, прибор стрелкасы — 2,5 процентті көрсетті, нақты ысырап — 1%. Көрсеткіш деректерінің нақты ысырапқа қатынасы егін жинау сапасын бақылау - student2.ru =2,5

“Сезгіш> тұтка көрсеткішін алын5ан санға бөлеміз: егін жинау сапасын бақылау - student2.ru =8 осыдан

сон біз “Сезгіш> тұтқаны 8 белгісінің қарсысына апарып қоятын болсақ, онда көрсеткіш тілінің көрсетуі ысырапка сәйкес келетін болады.

2-мысал. “Сезгіш> тұтқа 17 белгісінде тұр, прибор тілі 2,1% көрсетті, нақты ысырап 1,5%. Көрсеткіш көрсетуінің нақты ысырапқа қатынасы егін жинау сапасын бақылау - student2.ru

“Сезгіш” тұтқа көрсеткішін 1,4-ке бөлгенде, егін жинау сапасын бақылау - student2.ru шығады. Мұндай жағдайда “Сезгіш” тұтқаны 12 белгісіне апарып кою керек,

УПЗ-ды баптау үшін комбайнның жұмыс режимі мынандай болғаны жөн. Сезгіш” тұтқа 20—25 цифрын көрсетуі керек, прибордың тілі 2—2,5 қалпында, ал комбайннын нақты шығыны—1,5 проценттен артпауға тиіс.

Ысырап көрсеткішті пайдалану. Ысырап көрсеткішті пайдала-нудың төмендегі ережелерін сақтау қажет.

1. Көрсеткіштің желілерін құрастырғанда және бөлшектегенде комбайнның электр жүйесі ажыратулы болуы керек.

2. Егер көрсеткіш желілері біраз уақыт төмен температура немесе жоғары ылғалдылық әсеріне ұшыраған болса, құрастырар алдында оларды от жағылған бөлмеде +20+- 5°С температурада 2 сағат бойы ұстау керек.

3. Өзгерткіштерді құрғақ таза шүберекпен үнемі сүртіп, тазалап отыру қажет. Мұнай өнімдерімен ластанған шүберекті бұл мақсатта пайдалануға тыйым салынады.

4. Көрсеткіштің өздігінен қызуы үшін электр тізбегін комбайн-ның жұмысқа кірісуіне 5 минут қалғанда қосып қою керек.

5. Өзгерткіштерге мұнай өнімдерінің тимеуін қадағалау қажет.

6. Өткізгіш сымдардын, бүтіндігі мен жанасулардың сенімділігін үнемі тексеріп отыру керек. Олар бұзылған жағдайда өлшегіш істен шығады (көрсеткіш прибордың тілі жылжымай тұрып қалады).

7. Орақ жұмысы аяқталганнан кейін көрсеткіш желілерін ком-айннан алып, сақтауға өткізу қажет. Бұл желілерді жабық жайда сақтау керек. Ал олар сақталатын қора-жайда қышқылдар мен сілтілердің, сондай-ақ коррозия туғызатын газдардың буы болмауға тиіс.


XXIII т а р а у. КОМБАЙНМЕН ӘР ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАРДЫ

ЖИНАУ

Наши рекомендации