Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар.

Тұрақтың орнын және планировкасын таңдауда ескерілуі тиіс болған жалпы талаптар тұраққа кіргенде және одан шыққанда көлік ағындары үшін кедергіні мейлінше кемейтуге, автомобильдің жүргізушілері мен жолаушылары тұрақты пайдалануда қолайлылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге саяды. Соңғы талапты орындау тұрақтың негізгі тартылу нысандарына жақындығымен, сондай-ақ тұрақ пен қызмет көрсетілетін нысандардың арасында қауіпсіз жүргінші жолдары барлығымен сипатталады. Тұраққа келудің ұзындығы вокзалдар, сауда орталығы, метрополитенге кіру үшін 150 м-ден, басқа нысандар үшін 400 м-ден артпауы тиіс.

Жол-көлік оқиғаларының материалдарын зерттеу. Жол-көлік оқиғаларын талдау әдістері. Жол-көлік оқиғасының ауырлық коэффициенті.

Топографикалық талдау авариялық ошақты анықтау үшін қажет. Оның мақсаты – болған оқиғаны картаға немесе зерттеу территориясының схемасына тіркеп отыру. Жол көлік оқиғасының топографикалық талдау кеңінен үш түрі таралған, ол ЖКО картасы, ЖКО-ның сызықтық графигі, ЖКО-ның масштабтық схемасы.

ЖКО картасы жергілікті қаланың (ауданның, областың) картасы, оған әр ЖКО болған түрін шартты белгімен белгілеп отырады.

ЖКО-ның сызықтық графигі – картаның жалғасы, яғни оны жеке қаланың магистралына немесе автомбиль жолының белгілі учаскісіне жасалынады.

Масштабтық схемасы ­ бұл көп ЖКО жиналған ірі магистралды көшелердің қиылысында, қалалық алаңдарда және т.б. жерде жасалынады.

Жол-көлік оқиғасының ауырлық коэффициентін Кт=V00*n0+ р1*n1+ р2*n2+ р3*n3

р- ауыр зардаптын шартты коэффициент р0=1, р1=5, р2=70, р3=130

n – ЖКО саны (материалдық шығын, жеңіл жарақат, ауыр жарақат, апат болғандар)

41. Сырғанау коэффициенті j=0,8; реакция уақыты tр=0,8с; тежеуіштің іске қосылу уақыты tср=0,2с; пайдалану жағдайын ескеруші коэффициент Kэ=1,2 екені белгілі. Тегіс горизонтал асфальтталған жолда V=70 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жүк автомобилінің толық тежеу жолын Sо анықтаңыздар.

Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru

Мұндағы: t1 – жүргізушінің реакция уақыты t =0,2 – 1с; tнорма= 0,75с; t2 – тежеу механизімінің іске қосылу уақыты: гидравликалық 0,4 с; пневматикалық 0,4 – 0,6с; автоматтық – 1с; 2 тіркеме – 2 с; Кэ – техникалық жағдайды ескеретін коэффициент: жеңіл – 1,2 жүк – 1,4; δвр – айналушы массаларды ескеруші коэффициент; φ – дөңгелектің ілініс коэффициенті құрғақ жол – 0,8; дала жолы – 0,6; тас жол – 0,7; қар басқан жол – 0,3; мұз басқан жол – 0,1 – 0,2.

42. Жылдық қарқындылығы Nа.г.=4320000авт/жыл, ал қар астырылып отырған айдағы қозғалыс қарқындылығы Nа.п.=900000авт/ай болған көлік ағымының жылдық бірқалыпсыздық коэффициентін Кн анықтаңыздар.

Жылдық бірқалыпсыздық коэффициенті

Кнг= 12· Nа.м /Nа.г. = 12·900 000/4 320 000=2,5

мұндағы 12 – жылдағы ай саны; Nа.м – қар астырылып отырған айдағы қозғалыс қарқындылығы, авт/мес; Nа.г. – жылдық қарқындылық, авт/г.

43. Автомобиль ұзындығы ℓа=4,15 м, жүргізушінің реакция уақыты tр=0,9 с автомобильдің қозғалыс жылдамдығы Vа=60 км/сағ, ал алдында бара жатқан автомобиль соңынан қауіпсіз қозғалу үшін қажет болған дистанция d=9,67 м екені белгілі. Автомобильдің динамикалық габаритін Lд анықтаңыздар.

Шешуі. Автомбильдің динамикалық габаритін Lд анықтау формуласын жазамыз: Lд = lа + Vаtр + lо , м. Берілген деректерді орындарына қоя отырып, анықтаймыз:

Lд = lа + Vаtр + lо = 4,15 + (60:З,6) 0,9 + 9,67 = 28,82 м.

44. Қозғалыстың нақты тығыздығы qв = 27 авт/км, ағынның максималды тығыздығы qв max = 80 авт/км; Жол жолағының жүктелу деңгейін Z анықтаңыздар.

Жол жолағының жүктелу деңгейін анықтау формуласы: Z=qв/qв.max; мұндағы: qв – қозғалыс тығыздығы, авт/км. qв max – көлік ағынының максимал тығыздығы. Формулаға мәндерін қойып, жол жолағының жүктелу деңгейін анықтаймыз:

Z=qв/qв.max=27/80=0,33.

45. Максимальдық жылдамдығы Vmах=200 км/сағ болған автомобильдің «крейсерлік» жылдамдығын анықтаңыздар.

Көптеген автомобильдер үшін крейсерлік жылдамдық оның максимал жылдамдығының (0,75...0,85) бөлігін құрайды.Сондықтан:

Vк=(0,75...0,85)Vmax =(0,75...0,85)200 =150...170 км/сағ.

46. Автомобилдің ені В=1,95 м, ал лездік жылдамдығы Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru =60 км/сағ болса, бір қатардағы автомобильдің санын анықтаңыздар.

Бір қатардағы автомобиль саны мына формула мен анықталады: Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru

мұндағы Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru – автомобиль жылдамдығы: Vа=60 км/сағ=16,7 км/сағ. В – автомобиль ені: В=1,95 м. Орындарына қоя отырып, анықтаймыз:

Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru

47. Автомобильдің жолда жүрген нақты уақыты tср=16,3 сағ, ал есептік уақыты tр=14 сағ екені белгілі болса, қозғалыстың кідіріс коэффициентін К3 анықтаңыздар.

Көлік құралдарының кідірісі Кз – кідіріс коэффициенті арқылы бағаланады: К3=tф/tр,мұндағы tф – жолда болудың нақты уақыты; tp - жолда болудың есептік уақыты. Орындарына қоя отырып, анықтаймыз:

К3=tф/tр=16,3/14=1,16.

48. Ажыралу нүктелерінің саны nа=5, түйісу нүктелерінің саны nт =7, ал қиылысу нүктелерінің саны nқ =4. Көлік торабының күрделілік көрсеткішін m анықтаңыздар.

Көлік торабының күрделілік көрсеткіші төмендегі формула бойынша анықталады: m = no + 3nс + 5nn, мұндағы nа – ажыралу нүктелері; nт – түйісу нүктелері; nқ – тура бағытта қиылысу нүктелері. Берілгендерді орнына қойып табамыз:

m = 5 + 3·7+5·4 = 46

Демек m = 46 > 40, сондықтан жол қиылысы орташа күрделі болып табылады.

49. Автомобиль ұзындығы ℓа =5,7 м, жүргізушінің реакция уақыты tр=0,8 с автомобильдің қозғалыс жылдамдығы Vа=72 км/сағ, қауіпсіздік арақашықтығы ℓа =1 м. Автомбильдің динамикалық габаритін Lд анықтаңыздар.

Шешуі. Автомбильдің динамикалық габаритін Lд анықтау формуласын жазамыз: Lд = lа + Vаtр + lо , м. Берілген деректерді орындарына қоя отырып, анықтаймыз:

Lд = lа + Vаtр + lо = 5,7 + (72:З,6) 0,8 + 1 = 22,7 м.

Жауабы: Автомобильдің динамикалық габаритLд = 79,5 м.

50. Ені Вт=1 м болған жүргіншілер жолының өткізгіштік қабілетін анықтаңыздар. Жүргіншілер жылдамдығы Vпеш=0,85м/с, ал жүргіншілер ағымының тығыздығы qпеш=0,5 адам/м2.

Шешуі.Жүргіншілер жолының өткізгіштік қабілетін анықтау формуласын жазамыз: Pпеш= 1000VпешqпешBт. Берілген деректерді орындарына қоя отырып, анықтаймыз:

Pпеш= 1000·0,85·0,5·1=425 адам/сағ.

Жауабы: Жүргіншілер жолының өткізгіштік қабілеті Pпеш= 1000·0,85·0,5·1=425 адам/сағ.

51. Магистралдың горизонтал учаскісінде бұрылу радиусы R=150 м болған бұрылыстан доңғалағы сырғанап кетпей жүріп өте алатын автомобильдің ең үлкен қозғалыс жылдамдығын Vmeх анықтаңыздар. Доңғалақ пен жолдың арасындағы ілініс коэффициенті φ=0,6.

Шешуі.Бұрылу радиусы R болған бұрылыстан доңғалағы сырғанап кетпей жүріп өте алатын автомобильдің ең үлкен қозғалыс жылдамдығын Vmeх анықтау формуласын жазамыз: Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru , км/сағ. Берілген деректерді орындарына қоя отырып, анықтаймыз:

Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru

мұндағы φ – доңғалақ пен жолдың арасындағы ілініс коэффициент, φ=0,6;

g – еркін түсу үдеуі, g=9,81 м/с2;

R – бұрылу радиусы, R=150м.

52. Белгілі бір календарлық мерзім ішінде жол-көлік оқиғасынан опат болғандар саны по=15 адам, ал жарақаттанғандар саны пж=15 адам, ал жеңіл жарақаттанғандар саны пр=250 адам екені белгілі. Жол-көлік оқиғасының ауыртпалық коэффициентін Кт анықтаңыздар.

Шешуі.Белгілі бір календарлық мерзім ішінде болған жол көлік апатының ауырлық коэффициенті төмендегі формуладан анықтайды.

Kт= по пж/ пр= 15·15/250= 0,12.

53. Автокөлік құралының аялдама пункітінде тұрған уақытының жалпы ұзақтығы tо.п.=40 с екені белгілі болса, аялдама пункітінің өткізгіштік қабілетін анықтаңыздар.

Шешуі. Аялдама пункітінің өткізгіштік қабілетін төмендегі өрнектен анықтаймыз:

Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru , авт/сағ

Демек, аялдама пункітінің өткізгіштік қабілеті 90 авт/сағ, яғни 1 сағатта 90 автобус қабылдап, өткізе алады.

54. Бір жолақтың өткізгіштік қабілеті Рпр=500 авт/сағ екені белгілі болса, төрт жолақты жолдың өткізгіштік қабілетін анықтаңыздар. Жолдың көпжолақтылығын ескеруші коэффициент ε=0,6.

Шешуі: төрт жолақты жолдың өткізгіштік қабілетін анықтау формуласы: Р4прправт/сағ. Орындарына қоя отырып, анықтаймыз:

Р4прпрnε =500·4·0,6 =1200авт/сағ.

мұндағы: Рпр – бір қатарды өткізу мүмкіндігі; n – қатар саны; ε – көп қатарлықты ескеретін коэффициент.

55. Қиылыстың әсерін ескере отырып, үшжолақты жолдың өткізгіштік қабілетін анықтаңыздар. Бір жолақтың өткізгіштік қабілеті Рпр=1200 авт/сағ, жолдың көп жолақтылық коэффициенті ε=0,6, қиылыстың әсерін ескеруші коэффициент d=0,55.

Шешуі:

Р3пр=1200·3·0,6·0,55= 1188 авт/сағ.

Рпр – бір қатардың өткізу мүмкіндігі; n – қатар саны; ε – көп қатарлықты ескеретін коэффициент;

56. Қиылыстың әсерін ескере отырып, үшжолақты жолдың өткізгіштік қабілетін анықтаңыздар. Бір жолақтың өткізгіштік қабілеті Рпр=1200 авт/сағ, жолдың көп жолақтылық коэффициенті ε=0,6, қиылыстың әсерін ескеруші коэффициент d=0,55.

Шешуі:

Р3пр=1200·3·0,6·0,55= 1188 авт/сағ.

мұндағы Рпр – бір қатардың өткізу мүмкіндігі; n – қатар саны; ε – көп қатарлықты ескеретін коэффициент;

57. Белгілі бір кезең аралығында жүз берген жол-көлік оқиғасының саны nдтп=10, ал осы кезеңде көлік құралдарының жүрген жолдарының жиынтығы Σℓ=1 900 000 км, тәуліктік қозғалыс қарқындылығы Nа=1500 авт/тәул екені белгілі болса, салыстырма апаттылық көрсеткішін К′о анықтаңыздар.

Берілген шамалар:

ℓ = 1900000 км – көлік құралдарының жүрген жолдарының жиынтығы;

nдтп = 10 – жол-көлік оқиғаларының саны;

Nа =1500 авт/тәул. – автокөліктің тәуліктік қозғалыс қарқындылығы;

Рдтп = 1 – материалдық шығындар болғандағы коэффициент

ШЕШУІ:

Салыстырма апаттылық көрсеткіші төмендегі теңдеуден анықталады

Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru ,

Жоғарыда берілген шамаларды формуладағы өз орындарына қойып, есептеп, анықтаймыз:

Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru

58. Магистральдың ұзындығы ℓ=500 км болған кесіндісінде жүз берген жол-көлік оқиғасының саны nдтп=29, ал көлік құралдарының қозғалысының тәуліктік қарқындылығы Nа=1500 авт/тәу екені белгілі болса, салыстырма апаттылық көрсеткішін К′о анықтаңыздар.

Берілген шамалар:

ℓ = 500км – магистраль учаскісінің ұзындығы;

nдтп = 29 – жол – көлік оқиғаларының саны;

Nа =1500авт/тәул. – тәуліктік қозғалыс қарқындылығы;

Рдтп =1 – материалдық шығындар болғандағы коэффициент

ШЕШУІ:

Салыстырма апаттылық көрсеткішін төмендегі формуладан анықтайды:

Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru , (1)

Жоғарыда берілген шамаларды формулаға қойып, есептей отырып, анықтаймыз:

· Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru

59. Магистралдың горизонтал участкісінде Vа=70 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан автомобильдің сырғанап кетпей жүріп өте алатын ең кіші бұрылу радиусының Rmin шамасын анықтаңыздар. Доңғалақ пен жолдың арасындағы ілініс коэффициенті φ=0,7.

Шешуі.Бұрылу радиусы R болған бұрылыстан доңғалағы сырғанап кетпей жүріп өте алатын автомобильдің ең үлкен қозғалыс жылдамдығын Vmах анықтау формуласын жазамыз: Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru , км/сағ. Бұл теңдеуден R шамасын анықтаймыз:

Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru

Берілген деректерді орындарына қоя отырып, анықтаймыз:

Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru

мұндағы φ – доңғалақ пен жолдың арасындағы ілініс коэффициент, φ=0,7;

g – еркін түсу үдеуі, g=9,81 м/с2;

R – бұрылу радиусы, м;

Vа – автомобильдің жылдамдығы, м/с.

60. Магистральдың горизонтал учаскісінде бұрылу радиусы R=100 м болған бұрылыстан доңғалағы сырғанап кетпей жүріп өте алатын автомобильдің ең үлкен қозғалыс жылдамдығын Vmах анықтаңыздар. Доңғалақ пен жолдың арасындағы ілініс коэффициенті φ=0,7.

Шешуі.Бұрылу радиусы R болған бұрылыстан доңғалағы сырғанап кетпей жүріп өте алатын автомобильдің ең үлкен қозғалыс жылдамдығын Vmeх анықтау формуласын жазамыз: Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru , км/сағ. Берілген деректерді орындарына қоя отырып, анықтаймыз:

Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар. - student2.ru км/сағ,

мұндағы φ – доңғалақ пен жолдың арасындағы ілініс коэффициент, φ=0,7;

g – еркін түсу үдеуі, g=9,81 м/с2;

R – бұрылу радиусы, R=100м.

Наши рекомендации