ДвигательдердіҢ ілінісі
§ 53. Майлау жүйесі
Негізгібөліктер. Комбайн двигательдерінің майлау жүйесінде аралас тәсілі пайдаланылған: детальдардың едәуір тобы қысымнан, ал өзгелері айналмалы бөліктердің майды шашырату есебінен майланады. Майлау жүйесінде сүзгі (толық ағынды центрифуга), май радиаторы және бақылау приборлары — манометр, термометр мен сигнал шамы болады. Бұл жүйенің двигатель қызған-
129-сурет. Толық ағынды центрифуга:
1 — өткізу клапаны; 2 — ажыратып-қосқыш; 3 — форсунка; 4 — май қайтарғыш; 5 — қақпақ; 6 — ось; 7 — тор; 8 — қаңқа 9 — май әкеле-тін түтікше.
да 2,5—4,5 кгк/см2 (250— 450 кПа) шегінде қысымды қамтамасыз етуі керек. Зая жүрістің ең аз айналу жиілігінде бұл 0,8 кгк/см2 (80 кПа) қысымнан кем болмауы керек.
Насостық жұмыс өнімділігі—50 л/мин. Насостың корпусында 6—7,5 кгк/см2 (600—750 кПа) қысымға реттелген сақтандырғыш клапан бар. Егер насос артық қысым тудырса, онда клапан майдың бір бөлігін картерге ағызып жібереді.
Толық ағынды центрифуга. Толық ағынды центрифугада май ротордың айналуынан туатын центрден тепкіш күштердің әсерімен тазартылады, ал ротордың тез айналуы үлкен қысыммен ағып шығатын екі май ағынының реакциясы нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Ротормен бірге оған құйылған лас май да айналады. Майға араласқан механикалық қоспалардың тығыздығы майдың тығыздығынан жоғары. Сондықтан центрден тепкіш күш әсерінен қоспалар ротордың қабырғаларына жинақталып, тығыз тұнбаға айналады, оны тазартқыштың роторынан ауық-ауық алып тастап отырады. Ротордың орталық бөлігінде тазартылған май жинақталады.
Центрифуганың негізгі бөлігі — ротор. Ол қаңқадан 8 және кақпақтан 5 құрастырылған (129-сурет). Бұлардың герметикалық жабылуы резина сақинамен қамтамасыз етіледі. Ротор осьте 6 ай-налады. Май осьтегі бұрғыланып жасалған тесік арқылы роторға келеді, ол одан түтікшемен 9 әкетіледі.
Құрастырылып жинақталған ротор дәл төңкерілген, қаңқа мен
кақпақтың өзара дұрыс орналасуы сызықшалармен белгіленген. Құрастырып жинақтағанда осы белгілерді басшылыққа алу керек.
Екі форсункадан 3 роторға айналыс беретін май ағыны шығады. Май қайтарғыш 4 пен тор 7 ротордың қабырғасындағы тұнбалардың май ағынымен шайылып кетуінен қорғайды.
Насос май жинауышымен картердің түбінен май сорып, оны түтіктер мен ротордағы бұрғыланып жасалған тесікке айдамалайды. Осы майдың роторда (форсункалар арқылы) айналдыруға жұмсалатын шағын бөлігі картердің түбіне ағады. Келетін майдың көпшіліқ бөлігі тазартылып, түтік 9 бойымен ауыстырып-қосқышқа жіберіледі.
Центрифуга корпусында стрелка, ал ауыстырып қоскышта — Л (жазда пайдалану) және 3 (кыста пайдалану) әріптері бар. Егер стрелка Л әрпімен дәлдестіріп қойылса, онда май радиаторға, одан двигательдің бас магистраліне жіберіледі. 3 әрпін стрелкамен дәл-дестіргенде радиатор жұмысын тоқтатып, май бірден двигательдің магистралына ағады.
Жылдың суық мезгілінде двигательді жүргізгенде өткізу клапаны іске қосылады — ол майды сүзгіге соқтырмай-ақ бас магистральға өткізіп жібереді. Өткізу клапаны 3—4,5 кгк/см2 (300-450 кПа) қысымға реттелген.
Ағызу клапаны артық майды картердің түбіне ағызып жіберу арқылы бас магистральда қалыпты қысым жасайды. Ол 2,5-3,5 кгк/см2 (250—350 кПа) қысымға реттелген.
Детальдар мен механизмдерді майлау. Май бас магистральдан каналдар бойынша иінді біліктің түпкі подшипниктерінің астарла-рына ағып барады. Бұдан ол каналдар бойынша иінді біліктің қуысына құйылады ол жерде тазартылады. Тазартылған май ша- тундық подшипниктерге барады. Май таратқыш біліктің подшипниктеріне блок-картердің көлденең бөлгіш қабырғаларындағы каналдармен барады.
Май таратқыш біліктің мойнындағы канал және басқа бірқатар каналдар арқылы клапандар күйентелерінін, осьтеріне барады. Май ағыны бұл жерде толықсып отырады. Осьтерде күйентелерді, штангаларды және клапандарды майлайтын май шығатын тесіктер бар. Осы майдың бір бөлігі итергіштерді майлайды және тесік арқылы таратқыш біліктід жұдырықшаларына ағып барады.
Май каналмен аралық шестерняның саусағына апарылады. Май осы шестерняның саңылауынан шығып таратқыш шестерняны майлайды. Бұл шестерня таратқыш біліктің алдыңғы подшип-нигінен келетін және май насосыньщ жетектеуіш шестерня шашы-рататын маймен майланады.
Поршеньдер, поршеньдік сақиналар, гильзалар, саусақтар және шатундар жоғарғы бастары түпкі және шатундық подшипниктерден шығатын маймен майланады әрі двигатель жұмыс істеген
кезде оған картерден май шашырайды. Май поршеньдік саусаққа шатунның жоғары басы мен поршеньнің бобышкасындағы тесіктер арқылы барады.
Май отын насосының бекіту фланеціне шестернялар картердегі түтікше мен канал арқылы беріледі.
Генератордың, стартердің, іліністің және су насосының под-шипниктері бөлек майланады.
Техникалық қызмет көрсету. Әдетте двигатель картеріндегі май 240 сағат жұмыстан соң ауыстырылады, мүнымен бір мезгілде сүзгі мен сапун жуылады. Егер двигатель жуық арада жөнделген немесе поршеньдік сақиналар тозған болса, майды жиі-жиі алмастырады.
Жұмыс істеуге пайдаланылған май двигатель тоқтаған соң ағы-зылып жіберіледі. Жаңа май құярда таза ыдыс және торлы май құйғыш (воронка) пайдалану керек.
Картердегі майдың деңгейін күнде тексереді және қажет бол-ғанда май өлшеуіштің жоғарғы белгісіне дейін май құяды. Май деңгейін двигатель тоқтап тұрған кезде немесе оның тоқталуынан 20 минут өткен соң тексереді. Егер майдың деңгейі белгіден төмен болса, онда двигательді жұмыс істетуге тыйым салынады.
960 сағат жұмыс істеген соң, егер ағызылған май өте ластанған болса, картердің түбін алады және оны, сондай-ақ май жинауыш торын жуады.
Толық ағынды центрифуга 240 сағат жұмыс істеген соң, ал ауыр жағдайларда 120 сағаттан соң жуылады әрі тазартылады.
Құрастырылып әрі орнына қойылған центрифуганы былай тек-середі: двигательді жүргізеді, қызған соң ол тоқтатылады; қалпақ-тағы көру терезесі арқылы ротордың айналысы бақыланады; ол двигатель тоқтатылған соң 40 секундттан кем уақыт айналмауы тиіс.