Скери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау
124. Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық 40-50 адымға жақындағанда рота командирі «Рота, ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.
Осы команда бойынша барлығы саптық қалыпты қабылдайды және көрсетілген жаққа басын бұрады, ал сапта тұрған рота командирлерінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты, одан басқа қолын бас киіміне апарады.
Рота командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, саптық адыммен бастыққа жақындайды, оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.
Мысалы: «Майор мырза. Бірінші рота сабақтар кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Рота командирі капитан Әлтаев».
Рота командирі баяндауын аяқтағаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей, бір уақытта оңға (солға) бұрылумен сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты алға қарай өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым кейін және саптың сыртқы жағынан жүреді.
Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша рота командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.
125. Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау бөлімше мен взвод үшін көрсетілгендей жүзеге асырылады. Бұл ретте рота командирінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты қолын бас киіміне апарады.
Егер бастық рота легінен озып бара жатса, әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілмейді; әскери сәлемдесуді тек взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері, сондай-ақ рота сержанты орындайды.
Батальон саптары
Рістетілген сап
126. Батальонның өрістетілген сабы взводтық лектер сызығына, роталық лектер сызығына немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
Батальонды сапқа тұрғызу батальон командирінің «Батальон, взводтық (роталық) лектер сызығына – САПТАН» немесе «Батальон, екі қатарға – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.
127. Батальонды взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызу былай жүргізіледі (29-сурет): роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы взводтық лектер сызығына, взводтар үш (төрт) лекке; взводтар мен роталар арасындағы аралық – екі адым.
29-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – взводтық лектер сызығына
Батальон роталық лектер сызығына 30-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады: роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы үш (төрт) лекке; взводтар арасындағы аралық – төрт адым; роталар арасындағы аралық – екі адым.
Батальонды екі қатарлы сапқа тұрғызу тәртібі 31-суретте көрсетілген.
30-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – роталық лектер сызығына
128.Батальонды взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызу кезінде батальонның артиллериялық бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері екі адым аралықта лектердің бас жағымен роталардан солға қарай роталар сызығына тиісінше взводтық немесе роталық (батареялық) лектерге сапқа тұрғызылады.
31-сурет. Батальонның өрістетілген сабы – екі қатарлы
129. Батальон командирінің орынбасарлары өрістетілген сапта батальон командирінен солға қарай екі қатарға, ал 29-31-суреттерде көрсетілмеген батальонның басқа да офицерлері мен батальон сержанты батальон басқармасының қалған құрамымен сапқа тұрғызылады.
130. Өрістетілген сапта түзеу және бұрылулар жасау бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.
Жорықтық сап
131. Батальонның жорықтық сабы (32-сурет) екі адым арақашықтықта бірінен кейін бірі үш (төрт) лекке сапқа тұрғызылған (алда келе жатқан ротаның соңғы қатарынан рота командиріне дейін) роталардың, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелерінің жорықтық сабынан тұрады.
32-сурет. Батальонның жорықтық сабы – лек
132. Батальон взводтық немесе роталық лектер сызығынан жорықтық лекке мынадай командалар бойынша қайта сапқа тұрғызылады: «Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі), адым – БАС» немесе «Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: батальон басқармасы, бірінші рота (немесе өзге жүру тәртібі көрсетіледі), адым – БАС».
«Жорықтық лекпен» командасы бойынша роталар командирлері өз роталары алдына тұрады, олардан кейін екі адымда – олардың орынбасарлары, взводтар командирлері – өз взводтары алдында екі адымда, роталар сержанттары – басқару топтары алдында екі адымда, белгі беруші-барабаншылар роталық белгі беруші-барабаншылар үшін ережелерді орындай отырып, 27-суретте көрсетілгендей (6-қосымша) орындарда тұрады. Батальон командирінің орындалатын командасы бойынша роталар, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері өз командирлерінің командалары бойынша (осы Жарғының 121-тармағы) біртіндеп лекке қайта сапқа тұра отырып, батальон командирі көрсеткен тәртіппен жүреді.
Батальон командирі бағыттаушы бөлімше командирінің алдында, батальон командирінен кейін екі адымда екі қатарда оның орынбасарлары мен батальон штабының бастығы қозғалады, ал олардан кейін екі адымда батальон басқармасының қалған құрамы қозғалады.
133. Батальон жорықтық лектен өрістетілген сапқа батальон командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте батальонның сапқа тұру орны мен маңдайшебі, қандай рота бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.
«Батальон, солға қарай взводтық (роталық) лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша қайта сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 29, 30-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.
Батальонды өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызу батальонды оңға қарай бұрумен және кейіннен: «Батальон, үш (төрт) лекке, адым – БАС» командасын орындаумен жүзеге асырылады.
«Адымда» командасы бойынша батальон бөлімшелері осы Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызылады.