Рульдік басқару гидрожүйесі

Комбайнға аспалы шөмелелегішті орнату баскарылатын донға-лақтың жүктемесін арттырды. Сол себепті комбайнньщ рульдік доңғалағын шөмелелегішімен қоса бұру қиынға түседі. Осыған орай жүргізушінің жұмысын жеңілдету мақсатында басқару механизміне гидравликалық құрылғы енгізілген. Мұндай жағдайда жүргізушіге гидравликалық құрылғыны қосуға онша көп күш түспейді де, басқару доңғалағын қажетті жағына бұруға мүмкіндік береді.

Басқару доңғалағындағы гидрожүйенің негізгі агрегаттары, жоғарыда 32-параграфта айтылғандай — насос золотник және ги-дроцилиндр.

Золртник корпустан, оған престеліп бекітілген бөлгіш втулкадан 16, золотниктіктің өзінен және стаканмен қоса 10 стакан корпусынан 15 тұрады (87-еурет). Втулка мен золотник біріне-бірі дәл қиюластырылған, сондықтан оларды ажыратуға болмайды. Золотник пен стакан бір-бірімен жалғанған, ол үшін біріншіде саңылау, ал екшшіде— цилиндрлі қалпақша бар. Стакан 15 кор-пуста орналасқан, онын, алдында және артында 2 мм саңылауы

бар. Мұндай қашықтыққа стаканмен қоса золотник те орналаса алады.

Стакан тығынның 12, екі сухариктің және серіішенің көмегімен басқару доңғалағындағы бұру механизмі рычагының саусақтарына 11 жалғанады. Тығынды бұрап бекіткенде серіппенің толық сы-ғылуына 0,25—0,50 мм қалатындай етеді. Стаканда автотербелісті сөндіргіш 13 бар. Ол резиналы және серіппелі екі сақинадан тұ-рады, мұнда серіппелі сақина резиналы сақинаны қақпақтың 14 бетіне қысып тұрады.

Золотник манжетпен нығыздала тұрса да, кейде май ағады. Бұлай болған жағдайда май канал 2 арқылы ағады.

Бөлгіш втулкадағы төрт тесіктің мақызын қарастырайық. Тесікке 18 май насостан. келеді де, тесіктен 20 ол ағызу магистралына кетеді. Тесіктер 19, 17 шланга арқылы басқару доңғалағының гидравликалық цилиндріне жалғанған. Барлық төрт тесік бөлгіш втулканың ішкі қуысы арқылы былай жалғанған: тесіктер 20, 18 дөңгелек тесік арқылы, ал тесіктердіқ 19, 17 әрқайсыеы — үш жұп саңылау арқылы жалғасқан. Әрбір жұп саңылаудыд бұрыштық қашықтығы 120°.

Золотникке екі енді 3, 9 және екі енсіз 5, 7 сақиналы белдеу жасалған. Бұл белдеулер втулкамен бірге үш дөңгелек қуыс құ-райды: айдау 6, ағызу 4, 8. Ағызу қуысы бір-бірімен золотникке бойлық және радиалды каналдармен жалғанған.

Рульдік басқару гидрожүйесі - student2.ru

87-сурет. Басқарылушы донғалақтық гидрожүйе золотнигі:

ицщцц

87-сурет. Басқарылушы донралақтық гидрожүйе золотнигі:

1 — рульдік механизмінің тартпасы; 2 — май ағатын канал; 3, 5, 7 жәие 5 — золотниктіқ сақиналы белдеуі; 4 және 8 — ағызу қуысы; 6 — айдау қуысы; 10 — стакан; 11 — басқарылушы доңғалақтағы бұрылыс механизмінің рычаг саусағы; 12 — тығын; 13 — автотербелісті сөндіргіш; 14 — қакпақ; 15 — стакан корпусы; 16 — бөлгіш втулка; 17, 18, 19 және 20 — бөлгіш втулканың сыртқы тесіктері.

Рульдік механизмнің тартпасы золотник корпусына бекітілген, ;Іал стакан 10 бұру механизмі рычагының саусақтарына 11 жал-ғанған. Мұндайда золотник стаканымен қоса золотник корпусына қарағанда 2 мм алға және артқа орналасуы, сөйтіп рульдік меха- ңизмнің тартпасы 1 мен доңғалақтың бұру механизмі аралығында жылжымалы қосылыс тудыруы мүмікін.

Белдеулердің 5, 7 ені сыртқы саңылаулардың қиықтары ара-лықтарынан кемдеу. Золотник бейтарап жағдайда тұрғанда саңы-лаулар белдеулермен 5, 7 салыстырғанда симметриялы орналасқан, соның өзінде, 87- суретте көрсетілгендей белдеулердің екі жағынан да саңылау (ені 0,5 мм) қалдырылған.

Золотниктің бейтарап жағдайда тұрғандағы және оңға бұрылған кездегі әрекетін қарастырайық.

Золотниктің бейтарап жағдайы 88, в-суретте көрсетілген. Мұндай жағдайда май былай жүреді: насостан шланга арқылы — қуысқа 6, саңылау арқылы — қуыстарға 4, 8, осы қуыстардан май резервуарға құйылады.

Дөңгелек белдеудің 5, 7 екі жақ тұсындағы золотниктегі май қысымы бірдей, соның нәтижесінде ол бейтарап жағдайға теңге-ріледі.

88, д-суретте оңға бұрылған кездегі золотниктің әрекеті көр-сетілген. Рульдік доңғалақтың бүрылуы әсерінен тартпа 1 золотник корпусын оңға бұрады (бұл суретте стрелкамен.белгіленген). Бірақ золотник рьшагпен 24 жалғанған. Сондықтан ол қозралмаған күйі қалады. Ал золотник корпусынын, золотникке қарағанда 2 мм ығысуы мүмкін. Белдеулердің 5, 7 екі жак, тұсында да ені 0,5 мм саңылау барын білеміз. Сондықтан золотникке қарағанда корпус 0,5 м.м ығысқан сәтте, артқы саңылау белдеулермен дереу жабылады. Осыған орай май алдыңғы саңылау арқылы қуыстан 6 тесікке 17, одан шланга аркылы цилиндрдің Б қуысына — поршень штокпен орын ауыстыратын жерге бағытталады. Сонын, нәтижесінде басқарылушы доңғалақ оңға қарай бұрылады. Бұл кезде А қуысындағы май ығысып, шланга, тесік 19, алдыңғы саңылау және шланга арқылы резервуарға келеді.

Гидроцилиндр штогы доңғалақты айналдырғанда рычаг та 24 алға жылжып, золотникті де ілестіре кетеді. Басқаша айтқанда, рульдік доңғалақтың әсерінен корпус қайда жылжыса, золотник те солай қарай ығысады. Мұндайда золотник бейтарап қалпына оралуға ұмтылады. Қорпус пен золртниктін, бұл қозғалысы рульдік доңғалақты бір жағына бұрғанда ғана пайда болады. Руль қозғалмаған кезде, золотник бейтарап күйінде қалады да, насоспен айдалған май белдеулердің 5,7 маңындағы саңылау (ені 0,5 мм) арқылы еркін өтіп, резервуарға оралады. Доңғалақ бүйірлік серпілістің әсерінен бір жағына бұрылуы да мүмкін. Доңғалақтың бұл қозғалысы рычаг 24 арқылы золотникке ауысады. Зо-

Рульдік басқару гидрожүйесі - student2.ru

88-сурет. Басқарылушы доңғалақтағы гидрожүйенің әрекет ету схемасы:

21 және 22 — шлангалар; 23 — гидроцилиндр поршені; 24 — басқарылушы доңғалақтағы бұрылыс механизмінің рычагы; А және Ә — гидроцилиндр қуыстары; Б — бейтарап қалпы; В — солға бұрылу; Г — оңға бұрылу; басқа белгілері 87-сурет астындағы сөздерде берілген.


лотниктін, ығысуы 0,5 мм жеткенде гидррцилиндрге дереу май құйыла бастайды да, поршеньдегі май қысымы доңғалақтың өз бетінше бұрылуына бөгет жасайды.

§ 37. Гидравликалық жүйе агрегаттарына техникалық

Ызмет көрсету

Пайдалану процесі кезінде гидрожүйе насосы ешқандай реттеуді немесе арнайы күтімді қажет етпейді. Комбайнды жөндеген кезде, оны шеберханада тексеріп, мүндайда нырыздауышын ауыстыруға тура келеді. Егер насосты бөлшектеу қажет болса, онда мұны тек жабық бөлмеде және осыған арнап дайындалған жұмыс орнында атқарады. Шестернялар (тістерінің ені бойыиша) мен втулкалар биіктігі бойынша мөлшерлік топтарға бөлінген. Шестерня топтарының нөмірі цапфа бүйірінде, ал втулка нөмірі —-диаметрі шағын жағында көрсетілген. Шестерня мен втулканы белгілі бір мөлшерлік тобы бойынша жинақтайды.

Жаңа немеес жөнделген комбайнның гидрожүйесі 50 сағат жұ-мыс істегеннен кейін, оның майын ауыстырады. Бұдан кейін майды комбайн ең кемі 240 сағат жұмыс істегеннен кейін жаңалайды.

Жұмысты бастар алдында гидрожүйедегі барлық нығыздауыш-тарды тексереді.

Гидрожүйе сүзгісін әр 120 сағат жүмыс істегеннен кейін бөл-шектеп жуады. Сонымен бір мезетте сапунды да жуып тазартады.

Двигатель 200 сағат жұмыс істегеннен кейін насос жетегінің корпусына Дс-8 немесе Дс-11 майынан 80—100 г құяды. Май құя-тын тесікті тығынмен бекітеді.

Цилиндрлер мен трубоправодтардағы ауаны шығаруға ерекше көңіл бөлген жөн, өйткені онда ауаньщ қалуы жүйенің дұрыс жұ-мыс істемеуіне апарып соғады. Мұнын, әсіресе қалбағай вариато-рына көбірек қатысы бар, онда майға арналған цилиндрдін, көлемі шағын. Цилиндрдегі ауаны шығару алдында, комбайнға көтеру жаткасың оның тірек төсемдері жерге тимей жатканың төменгі жағында болатындай етіп орналастырады; соның нәтижесінде гидроцилиндр плунжері шеткі қалпына дейін жетеді.

Гидравликалық жүйе ауадан босағаннан кейін резервуардағы май деңгейін тексереді. Ол үшін жатка мен қалбағайды ең төменгі шегіне жеткенше түсіреді. Содан кейін сүңгінің жоғарғы белгісіне жеткенше резервуарға май құяды.

Жұмыс органдарының гидрожүйесі цилиндрлері мен трубопро-водтарынан ауаны былай шығарады: гидроцилиндрдің штуцерле-рінен қосалкы гайканы 1,5—2 айналысқа бұрап босатып, май шы-ғатын саңылау қалдырады; әрбір цилиндрдегі ауа көпіршіктерінің шығуы тоқталғанша тиісті крандарын екі жағына қарай қатайтып бұрай береді; олардан ауасыз таза май шыққан кезде, қосалқы


гайканы бұрап бекітеді. Басқарылушы доңғалақтың гидрожүйесін- дегі ауаны шығару үшін доңғалақты екі жағына 10—15 рет толық бұрады.

Ұзақ уақыт жұмыс істемеген комбайнда мынадай ақаулар болуы мүмкін: рульдік доңғалақты айналдырғанда тартпа бүгіледі, ал басқарушы доңғалақ бұрылмайды. Мұның себебі қақпақтың 14 ішкі бетінің таттануынан, соның салдарынан автотербеліс сөндіргішінің 13 резиналы сақинасы қозғалмай қалады. Мұндай ақау байқалғанда қақпақты 14 шығарып, оның ішкі бетін тазартып, майлайды да, қайтадан орнына қояды (87-сурет).

Егер барыттауыш рычаг 13 (85-сурет) бейтарап жағдайда ор- наласпаса, онда гидрожүйедегі майдың еркін қозғалуы бұзылады — ол сақтандырғыш клапан арқылы өтеді. Соның салдарынан жүріс бөлігінің вариаторы ешбір әрекет етпейді.

Егер басқару кранынын, кері қайтару механизмі бейтарап жағ- дайда (84-еурет) әрекет етпесе, онда жатканың барлық гидротұт-қыштары жұмыс істеуден қалады.

Гидрожүйе жұмысының бұзылуы резервуардағы май деңгейнің жетімсіздігінен де болуы мүмкін, мәселең жатка толық көте-рілмейді, толық көтеріле тұрса да, қалбағай көтерілмеуі мүмкін т. б.

Вентильдің 8 міндеті — гидроцилиндрлерге 9 майды бекітіп ұс-тау, сөйтіп біршама жүрген жағдайда жатканы көтеріп бекітіп ұстау. Техникалық кызмет көрсеткенде, яғни жатканың астында әр түрлі жұмыстар атқарғанда соны пайдаланады. Мұндай жағдайда майды вентильмен бекітумен қоса, жатканың астына домкрат қояды. Жұмыс кезінде вентиль толық ашық болуы тиіс, олай болмаған жағдайда жатканың көтерілуі баяулауы мүмкін.

Басқару краны корпусқа дұрыс орналасқандығын (84-сурет) тексеру үшін, бейтарап жағдайда штуцерден трубопроводты ажы-ратады да, штуцер тесігіне диаметрі 7,5 мм штырь қояды, оған сопақша канал еркін сияды. Егер штуцердегі тесік каналға сәйкес келмесе (штырь өтпесе), онда тіректі 7 түзеу қажет.

Рычаг 13 бейтарап линияда тұрғанда гидравликалық жүйе 13 (85-сурет) қосылған. Егер рычаг осы линияға орналасқан, бірақ бағыттауыш тік саңылаудың біреуіне қарама-қарсы орналасқан болса, онда ол жоғары немесе төмен сәл ығысады. Соның салдары-нан жүйеде май жөнді жүрмей, ол қызып кетеді. Мұны болдырмас үшін рычагты бейтарап жағдайға қойып тік саңылаудын, бүйіріне таман жылжытады.

Муфталарды 8, 9 бұрап кіргізуге және сәйкес келетін жұп те-сіктеріне болтпен бекітуге болатындығы 35-параграфта айтылған болатын (85-сурет). Мұндай жалғау юранды корпусқа дұрыс рет-теуге мүмкіндік береді. Қондырғыны былай тексереді: рычагты 13 ортаңғы бағыттауыш саңылауға бейтарап жағдайда орнатады; штуцер 19 төсігіне диаметрі 7,5 мм бақылау штырін сұғыңдырады;

162 .

Рульдік басқару гидрожүйесі - student2.ru

89-сурет. Май проводын жалғау; 1 — вралық; 2 — конус беті; 3 — сфералық бет, 4 — қосалқы гайка; 5 — ниппель.

егер корпустағы кран дұрыс орналаспаса, онда қондырғыны муфта-лардың 8, 9 көмегімен дәлдейді. Муфталардың қажетті өзара орна-ласу жағдайын білу үшін, оларға белгі соғады.

Төсем муфта 8 мен алаңшаның аралығын 50,5 +-1 мм шамасында қамтамасыз етуге тиіс. Егер муфтаны шығарып алу қажет болса, онда алдымен сәйкес келетін тесігінде белгінін, бар-жоғын тексереді. Егер жоқ болса, кернмен белгі салады. Сонымен қоса, реттеуіш төсемнің санын есте сақтайды.

Шток пен плунжер бетін ұрылудан, сызаттанудан және басқа да зақымданудан қорғау қажет, өйткені мұның өзі гидроцилиндр-лерден май ағуына сөбепші болады.

Егер агрегаттардың біреуінен түтікті шығарып алу қажет болса, онда оған лас заттар түспеуі үшін бірден тығйздап тастайды. Жаңа түтікті комбайнға орнатар алдында мұқият тазартып, жуады, сонан соң сығылған ауамен үрлейді. Қосалқы гайканы бұрап кіргізгенде немесе шығарғанда, аралықты (немесе штуцерді) кілтпен ұстап тұрады. Барлық түтіктің сенімді бекілгендігін тексеріп шығады.

Түтіңтің тығыз жалғанғандығын былайша қамтамасыз етеді: қосалқы гайка 4 (89-сурет) аралыққа 1 немесе штуцерге бұрап бе-кітілген; ниппель 5 өзініа сфералык, бетімен 3 аралықтың (немесе штуцердің) конус бетіне 2 тығыз орналасқан; жіңішке сақиналы белдеумен герметикалық контакті жасалады.

XIV т а р а у. СК-5 ЖӘНЕ СК-6-П КОМБАЙНДАРЫНЫҢ

Наши рекомендации