Бөлімшенің түзелуі.
Бөлімшені түзету тек қажетті жағдайларда ғана жүргізіледі. Яғни, әскери қызметшілердің сапта ара-қашықтығы бұзылған жағдайда, ал аяқ киім ұштары – бір сызықта болмаса, ал екі қатарлы сапта қатарлар арасындағы ара қашықтық бұзылса. Бөлімшені «САПТАЛ» пәрмені бойынша тұрғызу кезінде, егер барлық әскери қызметшілер дұрыс орындаса, онда «ТҮЗЕЛ» пәрменін беру міндет емес.
Түзелуді оқыту үшін мынадай реттілік қажет: алғашқыда аяқтың ұштарын түзеу, сонан соң дененің дұрыс тұруы және түзелу жағына қарай бастың бұрылуы.
Аяқ ұштарын түзету мақсатты түрде сапқа тұрғанда бірден оқытқан жөн, кейін тұрақты жаттығу арқылы тәсілді жүйелікке дейін жеткізу. Аяқ ұштарын түзеу көбінесе оң қапталдағы әскери қызметшіге байланысты. Сондықтан бөлімше командирі бірінші кезекте осыған назар аударуы тиіс. Оң қапталдағының аяқ ұштары маңдайшеп сызығын көрсетуі керек. Бастапқы жаттығу үшін бөлімшені арнайы жасақталған алаңшаға жайылма сапқа тұрғызу керек немесе өздері, яғни курсанттар жерге түзу сызық жүргізеді.
Аяқ ұштарының дұрыс емес қалпын бөлімше командирі пәрмен беру арқылы түзейді, мәселен: «Студент Әжіханов. Аяқ ұштары алға», «Студент Артықбаев. Сол аяқтың ұшы артқа» және т.б.
Сапқа тұру кезіндегі дененің қалпы және түзелуі саптың тұрыс күйіндей болуы тиіс. Аяқ киім ұштарының бір сызықта болуы барысында әскери қызметшілер бастарын түзету жағына қарай бұрып, төртінші адамның кеудесін көретіндей болуы тиіс. Бұл орайда, басты еңкейтуге, иекті алға қарай созуға болмайды.
Басты бұруды оқыту үшін, аяқ пен дене қалпын өзгертпестен, басты түзету жағына қарай бұрады және бұл кезде оң құлақ сол құлақтан жоғары болуы керек, ал сол жаққа бұрған кезде – керісінше болады.
Жаттығу барысында бөлімше командирі қателіктерді түзеу үшін мынадай пәрмен беруі мүмкін, мәселен: «Студент Өтенов. Кеудені алға ұста», «Студент Әйтенов. Иекті жоғары көтер» және т.б.
Бөлімшені орнында түзету қажеттілігі туындағанда, «ТҮЗЕЛ» немесе «СОЛҒА – ТҮЗЕЛ» пәрмендері берілуі тиіс.
«ТҮЗЕЛ» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады (оң құлақ сол құлақтан жоғары, иекті көтерген дұрыс) және әрқайсысы өзінен бастап төртінші адамның кеудесін көретіндей түзуленеді.
«СОЛҒА – ТҮЗЕЛ» пәрмені бойынша сол жақ шеттегінен басқасының барлығы бастарын солға бұрып (сол құлақ оң құлақтан жоғары ұстап, иекті көтерген жөн).
Түзулену кезінде әскери қызметшілер немесе студенттер біршама алға, артқа немесе жан-жағына қозғала алады.
«БОСТАН» пәрмені бойынша және «ЖИНАҚТАЛ» пәрменімен орнында тұрған студенттер тиісті әрекеттер жасауы тиіс.
«Бөлімше – ТАРАҢДАР» пәрменімен студенттер саптан шығады. Бөлімшенің жиналуы үшін «Бөлімше – БЕРІ КЕЛ» пәрмені беріледі де, әскери қызметшілер немесе студенттер оқытушыға жиналады және оның қосымша пәрмені бойынша сапқа тұрады.
Бөлімшенің жазылуы мен сығылуы.
Бөлімшені бір қатарлы жайылма сапқа тұрғызып, бөлімше командирі практикада әскери қызметшілердің саптағы ара-қашықтығын жиі ұғайту керектігін түсіндіреді, мәселен қарумен саптық тәсілдерді оқыту кезінде, еңбектеу және жүгіру, сондай-ақ таңғы байқау кезінде және т.б. Бұл үшін Жарғыда жазылу мен сығылу қарастырылған.
Бөлімшені бір немесе оданда көп адымға жазылуы үшін мынадай пәрмен беріледі «Бөлімше, оңға (солға, ортадан), жа-ЗЫЛ» немесе «Бөлімше, оңға (солға, ортадан), мыншама адымға жа-ЗЫЛ (жүгіріспен, жазыл)». Егер пәрменде ара-қашықтық айтылмаса, онда жазылу бір адымға орындалады.
Ортадан жазылу үшін пәрменде, кім ортаңғы екені айтылады. Ортаңғы атанған әскери қызметші, өз тегін ести сала, жауап береді. «Мен» деп, сол қолды алға созып сол мезетте оны түсіреді.
Орнында тұрып жазылуды оқыту үш есепке бөлім бойынша бастаған жөн. Мұндағы, «Жаса – БІР» есебі бойынша артта тұрған аяқты көрсетілген жаққа бұрылу керек.
Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша артта тұрған аяқты қосып, бір мезетте басты саптың маңдайшебі жағына бұру керек. Бас иық арқылы артта тұрған әскери қызметшіні көре алатындай етіп бұрылуы, сондай-ақ дене саптың тұрыстағыдай қалыпты күйде болуы қажет Келесі «Жаса – ҮШ» есебі бойынша шапшаң жартылай адыммен (жүгіріспен) иық арқылы артта келе жатқанға қарай келе жүру керек, арттағы келе жатқан тоқтағаннан кейін тағы бір адым немесе пәрменде айтылған адым жасайды және тоқтап бұрылады
Бөлімшені сығылу үшін оқыту мақсатты түрде жазылу мен бірге жүргізіледі. Бөлімше сығылу үшін мынадай пәрмен беріледі: «Бөлімше, оңға (солға, ортаға), сы-ҒЫЛ». Тәсіл бөлім бойынша екі есепке орындалады. Мұндағы, «Жаса – БІР» есебі бойынша барлық әскери қызметшілердің барлығы, сығылу тағайындалғанды қоспағанда сығылу жағына қарай бұрылады. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша шапшаң жарты адыммен (жүгіріспен) сығылған сап үшін белгіленген ара-қашықтыққа келеді және өз алдына тоқтап оңға (солға) бұрылады және саптық тұрысты қабылдайды.
Жазылумен сығылуды оқыту барысында студенттермен мынадай кемшіліктер жіберілуі мүмкін: бір мезетте аяқты қойып, бастарын бұрады, алдағы келе жатқан артта жүріп келе жатқандардан белгіленген ара-қашықтықтан әлде қайда озып кетеді, қолдардың қозғалысын келтірмейді.
Жазылудан кейін студенттер бір сызықта болуы тиіс, яғни сығылған саптағы секілді. Сондықтан оларды түзелуге жаттықтырған жөн. Әлбетте, ол үшін «Түзел» пәрмені беріледі. Орнында тұрып осы тәсілдер жаттықтырылғаннан кейін, қозғалыста жазылу және сығылу қиындықтар келтірмейді.
Ал, бөлімше орнында жазылу үшін «Бөлімше, оңға (солға, ортадан) мыншама адымға жа-ЗЫЛ» пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша, жазылу басталатыннан басқа барлық студенттерге көрсетілген жаққа қарай