Күнбағыс жинауға арналған 34-1ОЗА тетігі
Дәнді дақылдардың сабағы комбайнның бастыру құрылғысы арқылы оңай өтеді, өйткені ол өте иілгіш, диаметрі үлкен емес (3—5 мм), ал ұзындығы көп жағдайда онша ұзын болмайды (700— 1200 мм). Ал күнбағыс сабағының жуандығы 33 мм, ал ұзындығы 2000—2500 миллиметрге дейін жетеді. Сондықтан күнбағысты жинағанда тек оның басын ғана аздаған сабағымен қырқып бастырады. Комбайнды қайта жабдықтауға арналған 34-103А тетігі мынандай желілерден тұрады: бөлгіші бар екі шеткі сабақ көтер-
165-сурет. Жатканы қаита жабдықтау:
1 — қалбағай; 2 — тірек 3 және 7 — бүрыштамалар; 4 және 6 — қамыттар; 5 — қалқанша; 8 — қалбағай жұлдызшасы; 9 — қалқан.
гіштен, он екі ортаңғы сабақ көтергіштен, арнаулы қалқан мен үш планкалы қалбағайдан тұрады. Комбайн молотилкасы қайта жаб-дықтауды қажет етпейді. Барабанның айналыс жиілігін төмендету үшін тек қана барабан мен алдыңғы қарсы жетек білігінің шкив-терінін. орындарын айырбастау керек.
Жатканы қайта жабдықтауға кіріспестен бұрын одан қалбағайды, қалбағайды реттеуіш механизмдерді және бөлгіштін, екеуін алып тастау керек, жатканы теңестіру рычагының астына тірек кою керек; гидроцилиндрдің көмегімен жатканы ең жоғарғы қалпына көтеру керек және оның корпусының негізгі қүбырының астына домкрат қою керек, .
Жатканы мынадай тәртіппен қайта жабдықтайды.
Жатка корпусының бүйірлерінен мәнерлі ойық тесу керек. Те-тіктің комплектісінін, құрамына осы ойықтарды белгілейтін үлгі (шаблон) кіреді. Үлгіде оны жатканың бүйіріне бекітетін екі тесік бар, онын, біреуі оң жақ бүйірге, екіншісі сол жақ бүйірге арналған. Үлгіні бекіту үшін торпедалық бөлгіштщ тесігі пайдаланылады. Қалбағайды сабақ көтергіштермен салыстырғанда үш түрлі қалыпта: 30, 42 және 60 мм саңылауымен коюға болады. Жатка корпусының алдыңғы білеуінің төменгі сөресінен арақа-шықтықтарын 400+05 мм етіп тоғыз тесік тесу керек. Осы тесіктерді пайдалана отырып білеуге бұрыштамалар 3 (165-сурет) орнату қажет.
Саусақтардын, он үш бекітулерінщ мына жиырма бес болтын алып тастау қажет: ең бірінші шеткі сол жақ секциясының оң жақ болтын, содан кейін әр секциялардан кейін екі болттан алып отыру керек.
Бөлгішімен шеткі сабақ көтергіштерді, содан соң ортаңғы сабақ көтергіштерді орнату қажет. Тетіктерді 2 реттеу арқылы сабақ көтергіштерді биіктігі бойынша теңестіру керек.
Бүйірлердің тесіктерінен өткізіп, қалбағай білігін орнату қажет. Қалбағайды 1 құрастырып, бұрыштамасы 7 бар қалқаңды орнына қояды. Қамыттармен 4, 6 қалқаншаны 5 бекітукерек.
Жатканы сабақ көтергіштердің алдыңғы ұштары күнбағыстың иілген бастарынан 10—15 см төмен тұратындай етіп орнату керек. Жатканы алдыға қарай қисайтуға болмайды, өйткені мұның өзі сабақ көтергіштердің ысырап жасауына әкеп соғуы мүмкін. Сабақ көтергіштердің қызметі күнбағыстың басын қырқу аппаратына бе-ру және күнбағыс басынан түскен дәндерді қармау болып табы-лады. Комбайн жүріп келе жатқанда күнбағыстың сабақтары сабақ көтергіштердің арасындағы саңылауға келіп түседі, бірақ оларды қалқан алдыға қарай майыстыратындықтан шалғыға түспейді. Сабақтарды майыстыру күнбағыс басы қалқанның астымен өтіп, қырқу аппаратына жеткенше созылады. Қалбағай планкалары күнбағыс бастарының шалғыға берілуіне, жағдай жасайды. Шалғы күнбағыс бастарын (немесе аздаған сабағы бар күнбағыс бастарын) қырқады, ал планкалар оларды жатка шнегіне лақтырып беріп отырады. Бұдан әрі күнбағыс бастары бастырылу үшін молотилкаға беріледі.
Қалқанның төменгі шеті мен сабақ көтергіштердің арасындағы қашықтық күнбағыстың ең ірі бастарын өткізуге мүмкіндік беруге тиіс. Егер жоғарырақ көтерілген болса, онда күнбағыстық басы-мен бірге сабақ та ұзын болып қырқылады.
Орақтың алғашкы күндері күнбағыс бастары дымқыл, ал са-бақтары иілгіш және калын. жапырақты болып келеді. Бүл кезде жапырақтардың қырқу аппаратына аз түсуі үшін қалбағайды ал-дыға қарай шегіне жеткенше ұмсындырып, планкалар мен сабақ көтергіштердің ара қашықтығы 3 сантиметрден артпайтындай етіп төмен түсіреді. Орақтың келесі күндері күнбағыстың сабақтары мен бастары дегдиді. Қалбағайды алдыға қарай ұмсындырғанда планкалар мен сабақ көтергіштердің ара қашықтығы кемиді әрі ұлғаяды. Сондай-ақ қалқан да көтеріледі. Орақтың соңғы күнде-рінде калбағайды шегіне жеткенше артқы қалпына қояды, ол биік-тігі бойынша өзінің планкалары мен сабақ көтергіштердің арасын--дағы қашықтық 5—6 см болатындай етіп орнатылуға тиіс. Мерзі- мінен артық тұрып қалған күнбағысты жинағанда калбағайдың айналыс жиілігін азайтады. Бұл ретте комбайнның жүріс жылдам- дығын да азайтуға тура келеді.