Сапты және машинаны басқаруға арналған белгілердің кестесі
Белгі | Шартты белгілер | ||
Қолмен | Жалаушалармен | Шаммен | |
НАЗАР САЛ (НАЗАР САЛ, МЕН СИЯҚТЫ ЖАСА; ЖАУАП БЕРУ) | Оң қолды жоғары көтеріп, жауап бергенше ұстап тұру керек (НАЗАР САЛ белгісін қайталағанға дейін). | Сары жалаушаны оң қолымен жоғары көтеріп, жауап бергенше ұстап тұру керек (НАЗАР САЛ белгісі қайталағанға дейін): | Ақ түсті шаммен – бірнеше нүктелер: |
КОМАНДИРЛЕРДІ (БАСТЫҚТАРДЫ) ЖИНАУ. | Оң қолды жоғары көтеріп, бастан асыра айналдырып, одан кейін тез түсіру. | Сол сияқты, қызыл жалаушамен және оң қолдағы сары жалаушамен: | Ақ түсті шаммен бастан асыра жартылай шеңберді көрсете оңға және солға бұлғау керек: |
МАШИНАҒА | Екі қолды жоғары көтеріп, орындалғанша ұстап тұру керек. | Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушамен: | Ақ түсті шаммен өзінің алдына оңға және солға иықтың деңгейімен бұлғау керек: |
ОРЫНДАРЫҢА | Екі қолды жоғары көтеріп жанына қарай тез түсіру керек. | Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстап тұру: | Ақ түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек: |
ОТАЛДЫР | Оң қолмен өзінің алдында айналдыру. | Сол сияқты, оң қолмен сары жалаушаны ұстап тұрып айналдыру: | Ақ түсті шаммен өзінің алдында айналдыру: |
ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ӨШІР | Өзінің алдына түсірілген екі қолмен бұлғау. | Сол сияқты, оң қолмен сары, сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап тұрып бұлғау: | Қызыл түсті шамды төмен қаратып, өзінің алдында жартылай шеңберді көрсетіп бұлғау: |
МАРШ(АЛҒА, ҚОЗҒАЛЫСТЫ БҰРЫНҒЫ НЕМЕСЕ ЖАҢА БАҒЫТТА ЖАЛҒАСТЫРУ, ЖОЛ АШЫҚ) | Оң қолды жоғары көтеріп, қозғалыс жаққа бұрылып, қолды иықтың деңгейінде қозғалыс бағытында түсіру керек. | Сол сияқты, оң қолдағы сары жалаушамен: | Жасыл түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек: |
АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ҰЛҒАЙТ | Сол қолды жоғары көтеріп, ал оң қолды жанына көлденең созып, онымен жоғары, төмен иықтың деңгейінде бұлғау керек. | Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап: | Жасыл түсті шаммен сегіздікті көрсетіп, тік жазықтықта бұлғау керек: |
ТОҚТА | Сол қолды жоғары көтеріп, өзінің алдына төмен тез түсіріп, орындалғанша қайталау керек. | Сол сияқты, сол қолдағы қызыл жалаушамен: | Қызыл түсті шаммен жоғары, төмен тік бұлғау керек: |
АРА ҚАШЫҚТЫҚТЫ ҚЫСҚАРТ | Оң қолды жоғары көтеріп, ал сол қолды жанына қарай көлденең созып, онымен төмен, жоғары иықтың деңгейінде бұлғау керек. | Сол сияқты, оңмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап: | Қызыл түсті шаммен сегіздікті көрсетіп, тік жазықтықта бұлғау керек: |
МАШИНАЛАР СЫЗЫҒЫНА | Екі қолын жанына қарай созып жауап бергенше ұстап тұру керек. | Сол сияқты, оң қолына сары, ал сол қолына қызыл жалаушаны ұстап: | Жасыл түсті шаммен өзінің алдында оңға және солға иықтың деңгейінде бұлғау керек: |
ЛЕКТЕРДІҢ СЫЗЫҒЫНА | Взводтық лектердің сызығына: екі қолды жоғары көтеріп, олармен бастан асыра бір-біріне айқастыру бұлғау керек. | Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстап: | Жасыл түсті шаммен жартылай шеңберді көрсете отырып бастан асыра оңға және солға бұлғау керек: |
Роталық лектердің сызығына: екі қолды жоғары көтеріп, оларды бастан асыра бір-біріне айқастыра қойып қозғалыссыз ұстау керек. | Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстап: | Жасыл түсті шаммен жартылай шеңберді көрсетіп, бастан асыра оңға қарай бұлғау керек. Шамды бастапқы жағдайына қайтару жартылай өшірілген немесе жарықты қабылдаушыға көрсетпей, жауып жүргізу керек. | |
ЛЕККЕ | Оң қолды жоғары көтеріп, оны иық алдына тік ұстап түсіру керек (оны жауап алғанша ұстап тұру керек) | Сол сияқты, оң қолмен сары жалаушаны ұстап: | Жасыл түсті шамды алдымен қозғалыссыз ұстап, содан кейін Марш белгісін жауап алғанша қайталау керек: |
БАРЛЫҒЫҢ АЙНАЛ | Сол қолды жанына көлденең созып, ал оң қолды бастан асыра көтеру керек. | Сол сияқты, оң қолға сары, ал сол қолға қызыл жалаушаны ұстау керек: | Жасыл түсті шамды алдында айналдыру керек: |
БАРЛЫҒЫҢ ОҢҒА(СОЛҒА) | Сол қолды жанына қарай көлденең, ал оң қолды жоғары көтеру керек бұрылыс жаққа бұрылып, оң қолмен жоғары және иықтың деңгейінде төмен бұлғау керек (жауап алғанша қайталау керек). | Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстау керек: | Жасыл түсті шаммен жоғары, төмен тік және бұрылыс жаққа бұлғау керек: |
АПАТ(ЕРІКСІЗ АЯЛДАУ) | Оң қолды жанына қарай көлденең созып, ал сол қолды жоғары көтеріп, оны бастан асыра оңға, солға бұлғау керек. | Сол сияқты, оң қолмен сары, ал сол қолмен қызыл жалаушаны ұстау керек. Белгі берілгеннен кейін қызыл машинаға 45 градустық бұрышпен орнатылады. | Қызыл түсті шаммен өзінің алдында оңға және солға иықтың деңгейінде бұлғау керек: |
Ескерту. 1. Белгілердің кестесінде көрсетілгендер
- сары (ақ) түсті жалауша
- ақ түсті шам
- қызыл түсті жалауша
- қызыл түсті шам
- жасыл түсті шам
2. Белгі беретін жалауша тік бұрышты, 32х22 өлшемдегі, ұзындығы 40см ағашқа бекітілген матадан тұрады. Сары түсті жалаушаның орнына ақ түсті жалаушаны пайдалануға болады.