Оқып, салыстырыңдар.
CРС-1, Задание-1
Тақырыбы (Тема): Қазақ тілі – Мемлекеттік тіл Кіріспе сөз (Введение).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін 1989 жылы 22-ші қыркүйекте алды. Ал 1997 жылы 11-ші шілдеде жаңа Заң өңделіп, толықтырылып қабылданды. Жаңа Заң 6 тараудан тұрады. Әр тарауда бірнеше бап бар.
І тарауда Жалпы ережелер берілген.
Осы тараудың 4-ші бабында: ҚР-ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. делінген
Мемлекеттік тіл – мемлекетті басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақ тілін меңгеру – Қазақстанда тұратын әр азаматтың парызы. ҚР-ның барлық азаматтары қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруге жағдай жасауға міндетті.
5-ші бапта: мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
6-шы бапта: ҚР-ның әр азаматы өз ана тілінде қарым-қатынас жасауға, білім алуға құқығы бар.
7-ші бап: тілдердің қолданылуына кедергі келтіретін адам ҚР-ның заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Бұл топқа 30 шақты тілдер кіреді. Олар: қазақ, қырғыз, түркімен, өзбек,әзірбайжан, чуваш, хакас, башқұрт, қарақалпақ, татар, якут, тува, алтай, құмық, түрік, қарашай-балқар, ұйғыр, гагауыз және т.б.
Қазақ тілі – бұрынғы Кеңес Одағында, кейбір тәуелсіз республикаларда, Ресей құрамындағы республикаларда, шетел Түркия, Ауғанстан, Иран, Қытай, Монғолия, АҚШ-та, Франция, Германия және т.б. жерлерде тұратын қазақтардың ана тілі
Қазақ тілін жақсы білген адам басқа да түркі тілдерін түсіне алады, өйткені олар өзара ұқсас туыс тілдер.
Кіріспе сөз бойынша жаңа сөздерді таныстыру
заң қадылданды принят закон
тарау глава
бап статья
ереже 1. правило, 2. положение
жалпы ережелер общие положения
сот ісін жүргізу судопроизводство
заң шығарушы законодатель
азаматтың парызы долг граждпнина
іс қағаздарын жүргізу делопроизводство
барынша дамыту всемерно развивать
беделін нығайту укрепить авторитет
еркін меңгеру свободно владеть
жағдай жасау создать условия
міндетті түрде в обязаттельном порядке
мемлекеттік ұйымдар государственные учреждения
тең қолдану применять одинаково, равно
құқық право
кедергі келтіру вредить, ущемлять
заңға сәйкес соответственно закону
жауапқа тарту привлечь к ответственности
Тақырып бойынша мәтінмен жұмыс.
Тіл –қатынас құралы
Тіл – адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Халқымыздың өткен тарихы, әдет-ғұрыптары, сал-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарайды.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. «Өнер алды – қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар.
Қоғам жоқ жерже тіл болмайды, сондықтан тіл – қоғамдық құбылыс.
Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Халықтың тарихта қалуы тікелей тіліне байланысты.
Дәлірек айтқанда, тіл – халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті.
Тапсырмалар
1. 1.Мәтінді оқы (прочитай). Мазмұнда (перескажи).Сұрақтар құрастыр (составь вопросы).
2. Сұрақтар:
3. Тіл бізге не береді?
4. Халқымыздың тарихы бізге қалай жетеді?
5. Тіл қандай құбылыс?
6. Тіл қалай дамиды?
7. Қазақ тілінде шығатын газет, журналдардың, теле-радио хабарлардың атауларын жазу.
8. Газеттер: «Сарыарқа самалы», «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Жас Алаш». Журналдар: «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналы, «Тұмар» Республикалық әдеби-көркем журналы, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналы, «Жалын» Республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік журналы. Теле-радио хабарлар: «Айтуға оңай», «Айта берсін», «Ой толғау», «Біздің үй», «Әйел бақыты» телехабарлары, «Қазақ әуендері», «Қазақ ертегілері» радиохабарлары.
9. Берілген жоспарлар арқылы шағын әңгіме құрастыр.
а) Тіл – қатынас құралы, қоғамдық құбылыс.
ә) Әр халықтың өз ана тілі бар.
б) Ана тілі – бай тіл.
Тіл – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Тіл – адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Білім алады, ғылымдармен танысады.
Әр халықтың өз ана тілі бар. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Қазақстанда тұратын ұлты басқа халықтар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. Қазақстанда қазақ тілімен қатар орыс тіліне де ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені елімізде тұратын басқа ұлттың адамдарымен бұл күндері орыс тілі арқылы түсінісуге болады.
Қазақ тілі – бай тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды» сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларын шығарған.
4.Тақырып бойынша сұрақтарға жауап бер.
«Тіл» деген сөздің қандай мағыналары бар?
Тіл - қатынас құралы
Тіл – адамның дене мүшесі.
Сенің ана тілің қай тіл?
Менің ана тілім - қазақ тілі.
Қазақ тілі қандай тіл?
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол өте бай, көркем.
Мектебіңде қандай тіл пәндері жүрді?
Мектебімде қазақ тілі, орыс тілі, неміс тілі тіл пәндері жүрді.
Ана тіліңде еркін сөйлей аласың ба?
Ана тілімде еркін сөйлей аламын.
Ана тіліңді кімнен үйрендің?
Ана тілімді ата-анамнан, кітап оқып үйрендім.
5. Оқы, орыс тіліне аудар. Қалай түсінесің?
Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып, Ел-жұртыңды сүйе алмайсың.
(К.Паустовский)
1. Не уважая свой язык, несможешь любить и свой народ.
2. Әр адам өз тілін біліп, өз ата-атасын, халқын сүйгендей сүйіп, қадірлеуі тиіс.
CРС-1, Задание-2 Сабақтың тақырыбы:Етіс категориясы
Етіс – іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін
білдіреді. Етістің 4 түрі бар:
1) Өздік етіс– орындаушының өзі қимылды өзі істейді. Жұрнақтары: -ын/ін/н; жуын, киін, таран
2) Өзгелік етіс– орындаушы өзге біреу қимылды өзге біреуге орындатады. Жұрнақтары: 1) –дыр/дір; -тыр/тір; -ыр/ір; 2) –ғыз/гіз; -қыз/кіз;3) –т; 4) –сет; жаздыр, асыр, айтқыз, барғыз, жасат, көрсет т.б.
3) Ырықсыз етіс– орындаушы белгісіз қимылдың орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді.
Жұрнақтары: 1) –ыл/іл/л; 2) –ын/ін/н; аударыл, алын, іліy, айтыл т.б.
4) Ортақ етіс– орындаушы көп қимылды орындаушы біреулермен бірлесіп, ортақтасып істейді.
Жұрнақтары: -ыс/іс/с; жазыс, оқыс, сөйлес т.б.
Тапсырмалар.
Оқып, салыстырыңдар.
Жу-мой – жуын-мойся (өздік етіс), сақта-береги – сақтан-берегись (өздік етіс), бу-обвяжи – буын- обвяжись (өздік етіс), ойла-думай – ойлан-задумайся (өздік етіс).