Айталау сұрақтары. Такырыбы: Жабық тұқымдылар бөлімі - Magnoliophyta.
Зертханалық жұмыс №9
Такырыбы: Жабық тұқымдылар бөлімі - Magnoliophyta.
Магнолиидтер класс тармағы / Magnoliidae /
Ранункулидтер класс тармағы /Ranunculiidae/
Сабақтың мақсаты: Дара және қосжарнақты өсімдіктердің айырым белгілерімен және жабықтұқымды өсімдік-тердің даму кезеңдерімен, өсімдіктерді анықтаумен танысу.
Қажетті материалдар: Дара және қосжарнақты өсімдіктердің. кеппешөп даналары, анықтағыш кітап.
Жалпы түсінік
Жабық түқымды өсімдіктердің негізгі ерекшелігі – гүлінің, жемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы. Спорофиттегі споралар түрі өзгерген өркен - гүлдерде пайда болады. Микроспоралар - тозаңқаптағы тозаң ұясыңда, ал мегаспоралар аналық түйініндегі тұқым бүрінде дамып жетіледі.
Жабык тұқымды өсімдіктердің тіршілік түрлері - ағаш, лианалар, бұталар, шөптесін (көп, екі және бір жылдық) болып келеді. Бұлардың тіршілік кезеңі екі-үш жұмадан бірнеше сындаған жылдарға дейін созылады.
Жабық тұқымдылар екі класқа бөлінеді: дара- және қосжарнақты өсімдіктер болып. Екі кластың мынадай айырым белгілері бар:
Қосжарнақтылар | Даражарнақтылар |
1. Ұрықта екі тұқым жарнағы болады. 2. Ұрық қабықшасынан негізгі тамыр өседі, одан жанама тамырлар өсіп шығады, тамыры жуандайды, тамыр жүйесі кіндік тамыр болады. 3. Сабағы өсу барысыда жуандайды, үйткені өткізгіш шоқтары ашық, көлденең кесінділерінде олар шеңбер болып орналасады. 4. Жапырактары жай жәке күрделі, торлы жүйкелі. 5. Гүл компонентіндегі гүл бөліктері бесеу, сирек төртеу. | 1. Ұрықта бір тұқым жарнағы болады. 2. Ұрық қабықшасы алғашқы өсу барысында өліп қалады негізгі тамырдың орнына қосалқы тамырлар өсе бастайды тамыры жуандамайды, тамыр жүйесі шашақты болады. 3. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары тұйық, көлденең кесінділерінде шоқтар ретсіз орналасады. 4. Жапырақтары жай, параллель немесе доғал жүйкелі. 5. Гүл компонентіндегі гүл бөліктерінің саны үшеу. |
Бұл белгілерді өсімдіктердін жалпы белгілері ретінде алуға болады, кейбір белгілері кейбір түрлерінде ауысып келуі мүмкін, сондықтан барлық ерекшеліктеріне қарап анықтау керек.
Анықтағыш кітапта өсімдіктің тұқымдасын, туысын, тұрін анықтауға болады, бұл дихотомиялы белгілеріне қарай құрастырылған. Белгілер сатыдан тұрады, олар цифрмен көрсетіледі (1, 2, 3 және т.б.), бұл екі бөлімнен, кейде үш бөлімнен тұрдады - теза, антитеза, синтез деп аталады. Анықтау бірінші сатыдан басталады: тезаны және антитезаны окып шығады, бір-біріне салыстырып анықтайтын өсімдікке келетін белгілерін тандап алады. Сәйкестендіріліп алынған тезанын не антитезаның соңыңда цифр тұрса оңда анықтауды сол цифр көрсетілген сатыны қарау керек. Мұңдай анықтауды одан әрі жүргізе береді, тек тұқымдас аты жазылған жерде токталынады.
Тұқымдастың атының жанындағы цифры кестедегі туысты анықтауда қай бетті қарау керек екеңдігін көрсетеді. Туысты анықтауда да бір сатыдан, екінші сатыға ауыса береді, тек туыстың белгілері сәйкес келген жерде тоқтап, туыстың атының тұсыңдағы цифрі түрді анықтауды көрсетеді. Түрді де осы ретпен анықтайды.
Тапсырма
1. Өсімдіктердін бөлмеде өсіп тұрған және кеішешөп даналарынан дара және қос жарнақтылар класына жататындарын іріктендер.
2. Қандай белгілеріне қарап қосжарнақтылар қласынын өсімдіктерін даражарнақтылар класының өсімдіктерінен ажыратуға болатынын анықтау.
3. Кітаптан немесе кестеден жабық тұқымды өсімдіктердің даму кезеңінің суретін салу.
4. Дара және қосжарнақтылардың айырым белгілерін көрсететін кесте құрастыру.
5. Анықтағыш кітапты пайдалана отырып, өсімдіктердің кеппешөп даналарынан немесе бөлме өсімдіктерінен тұқымдасын, туысын, түрін анықтауды үйрену.
6. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.
айталау сұрақтары
1. Жабық тұқымды өсімдіктердің қандай ерекшеліктері бар?
2. Жабық тұқымды өсімдіктерді қандай белгілеріне байланысты классификациялайды?
3. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық, аналық гаметофиттерінің құрылыстары қандай және қай жерде дамып жетіледі?
4. Тұқым, жеміс неден пайда болады?
5. Дара және қосжарнақтылардың қандай айырым белгілері бар?
6. Анықтағыш кітапты қалай пайдалануға болады?
7. Қандай өсімдіктерді анықтадындар және анықтау жолдарын көрсетіндер.
8. Гүл формуласын қалай кұрастыруға болады?
Дебиеттер
1. М. Мәкенова. Ботаника курсының практикумы. Алматы 2000.
2. Ә. Әметов. Ботаника. Алматы 2005.