Емтихан сұрақтары. 1. Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының құрамдас бір бөлімі.

1. Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының құрамдас бір бөлімі.

2. Балалар әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеті.

3. Балалар әдебиетінің жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі.

4. Балалар әдебиетінің орыс балалар әдебиетімен байланысы.

5. Балалар әдебиеті және шетел балалар әдебиеті.

6. Балалар әдебиетінің бастауы – халық ауыз әдебиеті.

7. Әлпештеу поэзиясы. Оның түрлері.

8. Жеткіншектер поэзиясы. Түрлері.

9. Ойындық фольклор. Жанрлық түрлері.

10. ХІХ ғ.балалар әдебиетінің қалыптасуы.(Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаев т.б)

11. Ы.Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы.

12. ХХ ғ. бас кезіндегі балалар әдебиеті. (С.Көбеев, М.Сералин, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев т.б.)

13. 1917-1940 жж. балалар әдебиетінің дамуы. (С.Сейфулин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов, Ш.Иманбаева, С,Ерубаев т.б.)

14. Қалмақан Әбдіқадыров – балалар жазушысы.

15. Қ.Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесінің тақырыбы мен идеясы.

16. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті. (Ж.Жабаев, Б.Бұлқышев, М.Хакімжанова, Қ.Қайсенов, т.б.)

17. Мұқан Иманжановтың Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған шығармалары.

18. Сапарғали Бегалиннің қазақ әдебиетіндегі орны. Оның «Сәтжан», «Бала Шоқан» повестері.

19. Мағзұм Тиесов прозасының тағылымдық мәні.

20. Өтебай Тұрманжанов – мысал жанрын аударудың шебері. Ақын мысалдарының тәрбиелік мәні.

21. Сейітжан Омаров – жас жеткіншектер әдебиетінің көрнекті қаламгері.

22. Қабыкен Мұқышевтың ақындық мұрасы.

23. Әбдікәрім Ахметов шығармаларының жанрлық ерекшеліктері.

24. Бүркіт Ысқақов – ақын әрі балалар драматургі.

25. Мұзафар Әлімбаев және қазақ балалар әдебиеті.

26. Нұрсұлтан Әлімқұловтың әдеби мұрасы.

27. Балалар әдебиетіндегі Отан, ана, туған жер тақырыбы. (Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, т.б.)

28. Бердібек Соқпақбаев шығармаларындағы бала психологиясы.

29. Қазақ балалар прозасындағы мектеп өмірі. (С. Сарғасқаев, М.Гумеров, Қ.Толыбаев, С.Баязитов т.б.)

30. Балалар поэзиясындағы жанрлық ерекшеліктер. (Қ.Ыдырысов, Ж.Кәрбозин, Қ.Баянбаев, М.Жаманбалинов, С.Қалиев т.б.)

31. Қадыр Мырзалиевтің балаларға арналған жыр мұрасы.

32. Әбдірахман Асылбеков шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері.

33. Ермек Өтетілеуов шығармаларындағы лирикалық сипат.

34. Ескен Елубаев – балалар ақыны. «Ақыл тіс» жинағының көркемдік қуаты.

35. Балалар арналған шығармалардағы патриоттық рух. (Ә.Қалдыбаев, Т.Нұрмағамбетов, Ө.Ақыпбеков т.б.)

36. Балалар прозасындағы қызықты хикаялар жанры. (М.Байғұтов, С.Жұбатыров, Н.Ақыш, т.б.)

37. Марат Қабанбаев шығармаларындағы замана келбеті.

38. М.Қабанбаевтың «Арыстан, виолончель, қасапхана және мен» повесінің сюжеті мен композициясы.

39. Қазақ балалар әдебиеті және сын. (Қ.Ергөбек, Б.Ыбырайым, т.б.)

40. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі.

Реферат тақырыптары

1. Балалардың эстетикалық талғамын жетілдірудегі балалар шығармаларының ролі.

2. Балаларға арналған ғылыми-фантастикалық шығармалар.

3. М.Қабанбаевтың философиялық шығармалары.

4. О.Бөкеевтің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесінің сюжеттік желісі.

5. Т.Нұрмағамбетовтың «Қош бол, ата» әңгімесінің мәні.

6. Н.Ақыштың «Сынық домбыраның сазы» әңгімесіндегі моральдық мәселелер.

7. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы балалар тақырыбы.

8. С.Жұбатыровтың «Алыстағы аралдар» повесіндегі логика.

9. Қ.Мырзалиевтің «Күміс қоңырау» жыр жинағындағы дидактика.

10. Балалар әдебиетіндегі ғылыми-техникалық өрлеу және көркемдік қабылдау.

11. Балалар әдебиетіндегі заман, қоғам, бала тақырыбы.

12. Балалар әдебиеті және сын.

13. Қазіргі балалар әдебиетінің зерттелу деңгейі.

14. ГЛОССАРИЙ

15.

16. ЛИРИКА – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.

17. МАҚАЛ – халық поэзиясының жанрлық түрі, түйінді ойды білдіретін, тура мағынасына орай астарлы мағына да бере алатын ықшамды нақыл сөз.

18. МӘТЕЛ – халық поэзиясының ықшамды нақыл сөз үлгісіндегі келетін жанрлық түрі, кестелі сөз.

19. МЫСАЛ – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма.

20. ӨЛЕҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – өлең сөзде қолданылатын өлшем-өрнектердің жасалу жүйесі, оның ырғағына, дыбыс үндестігіне тән ерекшеліктерді белгілейтін негізгі шарттар мен заңдылықтар.

21. ӨТІРІК ӨЛЕҢ – қазақ ауыз әдебиетіндегі өмір құбылыстарын шындыққа жанаспайтындай етіп айтатын өлең түрі.

22. ПОВЕСТЬ – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі.

23. ПОЭЗИЯ– көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең, жыр түрінде шығарылған әдеби шығармалар.

24. ПОЭМА – оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма.

25. РОМАН – сюжеттік құлылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тіршілік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.

26. САНАМАҚ– қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санның ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі.

27. ТАҚПАҚ –қазақ өмірінде шешендік дәстүрмен байланысты туған өткір нақыл-ғибраттылық, мәнерлеп айтуға лайықты сөз нұсқасы.

28. ТАҚЫРЫП -әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары.

29. ТАЛДАУ – көркем шығарманы тексергенде қолданылатын тәсіл. Шығарманы әр қырынан алып қарастырып, оның қасиет-ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне тән өзгеше сипат-белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу.

30. ХАРАКТЕР – көркем шығармадағы кейіпкердің мінез-бітімі, ой-сезімі дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат-ерекшеліктері.

31. ЦИКЛ – тақырыбы, не кейіпкерлері ортақ шығармалар топтамасы.

32. ШУМАҚ - өлең-жырларда, дастан-поэмаларда өлең тармақтарының белгілі ретпен топтасуы.

Наши рекомендации