Дәнді себу,жинау техникасы,дәнді сақтау

Дәнді дақылдардың тұқымы және оны егістікте пайдалану жолы

Тұқымтану негіздері. Ауылшаруашылық өндірісінде тұқым деп жоғары сапалы мол өнім алуға арналға нәр түрлі тұқымдық жадығат (материал) айтылады, ол үшін мыналалар пайдаланылады:

нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат және тұқымдастар, мақта өсімдігі);

жалаңаш және қабықты жемістер (қоңырбастар тұқымдасының дәндері – бидай, арпа, сұлы, т.б., күнбағыс шекілдеуігі, қарақұмық жаңғақшасы, т.б.);

жеміс шоғыры (қызылша домалағы, т.б.);

түйнектер (картоп, жер алмұрты).

Тұқымдар өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құндық қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді.

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатыны ежелден белгілі: егер танапқа сапасыз тұқым себелсе, алынатын өнім төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқышты қолдалану да, егістікке жасалған күтім де, жауын-шашын да құр босқа зая кетеді. Көпжылдық тәжірибесіне сүйеніп, тұқымның керемет маңызына арнап, халық көптеген аталы сөздер мен дәл мағыналы мақал – мәтелдер құрастырған: "Не ексең, соны орасың", "Нашар тұқымнан мол өнім күтпе", т.б. Біздің заманымызда да, ауыл шаруашылығы күрделі өзгерістерге ұшыраған уақытты да, егіншілік техника және ғылым жаңалықтарымен қаруланғанда да бұл шаруалардың шындығы өзінің маңызын жойған емес. Керісінше, өсімдік шаруашылығының қарқынды дамыған заманында да тұқымның маңызы әрқашанда арта түседі.

Тұқым өзінің үш сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы – олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтастұқымдық қасиеттері; сорттың сапасы сорттық тазалығына, репродукциясына қойылатын талаптарға сәйкес келеді; өнімділік сапасы – нақты жағдайлада белгілі бір мөлшерде өнім беру қабілеті. Бұл аталған тұқым сапасының көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты.

Тұқымтану – тұқым туралы ілім ол мәдени өсімдіктер тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналық өсімдікте пайда болу жағдайларын, тұқымдағы физиологиялық үрдістерді, табиғи орта мен агротехникалық шаралардың тұқым құрылуына әсерін, тұқымның себу сапасын анықтау әдістерін оқытады.

Тұқымтанудың өзіндік зерттеу объектісі бар, ол – тұқымдық материал; арнайы мақсаты тұқымдық материалдың сапасын жақсарту және зерттеу әдісі бар, ол – тұқымдық материалды бағалау әдісі. Сонымен тұқымтану тұқым сапасы мен қасиеттерін бағалаудың, жоғарғы сапалы тұқымдық материалды өсіру жағдайлары мен зерттеу әдістерінің ғылыми негізі болып табылады, қысқасы ол өсімдік шаруашылығының құрамды бөлігі мен теориялық негізін құрайды. Ол ботаникамен, өсімдіктердің биохимиясы мен физиологиясы және басқа көршілес агрохимиялық пәндермен тығыз байланысты.

Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, жоғары сапалы тұқым – басқа агротехникалық шаралармен қатар, ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік шаруашылығын қарқындандырудың негізгі факторларының бірі. Сонымен қатар дақылдар өсірудің аймақтық қарқынды технологиясы да тұқым сапасына маңызды орын береді, өйткені ауылшаруашылық дақылдарының аудандастырылған жақсы сортттарының жоғары кондициялы тұқымынсыз агротехникалық кешеннің барлық басқа буындарының тиімділігі күрт төмендеп кетеді.

Сонымен тұқым немесе тұқымдық жадығат (материал) – танаптарға сеуіп, жаңа өнім алуға арналған өсімдік мүшесі.

Тұқымның себу сапасы. Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін танаптарды жоғары сапалы тұқымдармен сепкен абзал. Өкіншке орай, Қазақстанда соңғы жылдары бұл мәселеге көңіл аз бөлінді, соның нәтижесінде егістіктерде кондицияға жеткізілмеген тұқымның үлесі көбейіп кетті. Атап айтқанда, Қазақстан бойынша 1991 жылы дәнді дақылдар егістігінің 74,0% және класты тұқымдармен себілген болса, 2001 жылы ол көрсеткіш 37,0% ғана болды. Бұл деген сөз күні бұрын асиық өнімі мен сапасын төмендетіп, оның бәсекелестік қабілетін азайту болып табылады.

Тұқым сапасының көрсеткіштерін, олардың егін өніміне әсерін жақсы білуге міндетті. Тұқымның себу сапасының көрсеткіштер мемлекеттік үлгі қалыппен (МҮҚ) мөлшерленетін (тұқымның тазалығы, лабораториялық өнгіштігі, тұқымның ылғалдылығы, арамшөптер және басқа мәдени өсімдіктер тұқымдарымен ластануы, т.б.) және мөлшерленбейтін (тұқымның өңу энергиясы, 1000 тұқымның масасы, тіршілекке қабілеттілігі, тұқымның өсу күші, т.б.) болып ажыратылады.

Тұқымның тазалығы – егістік жадығаттың негізгі сапа көрсеткіштерінің бірі. Өлі деп аталатын (сабан, топырақ кесектері, тас, т.б.) қоспалар тұқымдық жадығаттаең әуелі артық балласт болып табылады, әрі қарастырылып отыр дақылдар ған тұқымның тазалық көрсеткішін (пайызын) төмендетеді, әрі сақтау мүмкіндігін нашарлатады, ал тірі қоспалар (тіршілікке кабілетті арамшөп және басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары) өсірілетін дақыл егістігін ластайды және осыған байланысты өнім мен оның сапасы төмендейді. Егістік жадығаттың массасын айтады. Көптеген дақылдардың үлгіге есептегендегі басқа мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдарының саны да (дана) есепке алынады. Тұқымдық жадығатты тазалаудағы мақсат – мүмкіндігінше барлық қоспаларды аластату. Қазіргі қолданыстағы тұқым тазалағыш машиналар да мұны толық іске асыра алмайды. Сондықтан тұқымның себу сапасын мемлекеттік үлгі қалыптаумен (МҮҚ) аздаған мөлшерде қоспа рұқсат етіледі.Көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін (дәнді, бірқатар майлы, т.б. дақылдар) тұқымдық үлгіқалыптың 3-класы, ал мал азықтық шөптерге 2- класс белгіленген. Егер бірінші топ дақылдарына кластарына қарай 1-4 қоспалар қарастырылса, екінші топта ол көрсеткіш 10-12%. Негігі дақылдың тұқымдарына мыналар жатады:түсіне қарамай, қалыпты дамыған бүтін тұқымдар, шала толысқан, семген тұқымдар, соғылған және астық қоры зиянкестерімен залалданған тұқымдар, ұрығының бар – жоғына қарамай тұқымның жартысынан үлкен ьөлігі сақталған болса, шоқылған немесе тамыршалар мен өскін қабықшаны жарып шыққан, бірақ сыртқа шықпаған, т.б. Қоспалар – бөтен қоспалар, басқа мәдени өсімдіктермен арамшөп тұқымдары, қара күйе қапшықтары, топырақ кесектері, тірі және өлі зиянкестер, т.б. және негізгі дақылдың кемсін тұқымдары (тиісті елеуіштен өткен ұсақ және семген тұқымдар, езілген, шіріген, жарты бөлінген көбі жоғалған, үгітілген және т.б.). Көптген ауыл шаруашылығы дақылдарына мемлекттік үлгі қалыппен (МҮҚ) басқа мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдары 1 кг талданған үлгіге саны, ал мал азықтық шөптерге (пайыз) бойынша көрсетіледі.

Тұқымның өнгіштігі. Бұл – нгістік жадығаттың себуге жарамдылығын анықтайтын басты көрсеткіш. Тұқымның өнгіштігі деп талдауға алынған үлгідегі қалыпты өскіндердің (өркендердің) пайызы мөлшерін атайды. Зертханалық өнгіштікті оңтайлы жағдайда белгілі бекітілген мерзімде зертханада анықтайды. Өнгіштікпен бірге тұқымның өну энергиясын (қуатын) белгілі бір мерзімдегі (3-4 тәуліктен санынкейін) қалыпты өскіндердің анықтайды. Өну энергиясы тұқымның танаптық жағдайда біркелкі және тегіс егін көгін беруін сипаттайды, мұның өзі өсімдіктің тірі қалуының кепілі болвп есептеледі. Мемлекеттік үлгі қалыптың шарттары бойыша көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының өнгіштігі бірінші класты тұқымда 95% болуы қажет. Мал азықтық шөптерде тұқым өнгіштігі бірінші класс үшін 87-85%, ал екінші класта 70-65%. Кондицияға жеткізілмеген тұқымдарды себуге рұқсат етілмейді, өйткені ондай тұқымдар селдір және тіршілікке қабілеті нашар егін көгін береді.

Тұқымның ылғалдылығы – сақтау мүмкіндігін анықтайтын тұқым сапасының басты көрсеткіштерінің бірі. Жоғары ылғалдылықта тұқымның тыныс алуы күшейеді, температурасы жоғарлайды, соның салдарынан тұқым өздігінен қызады да өнгіштігін жоғалтады. Ылғалдылық деп пайызбен көрсетілетін тұқымдағы судың мөлшерін айтады. Тұқым ылғалдылығын анықтағанда алынған үлгілерді белгіленген температура ережесінде арнаулы кептіргіш шкафтарда кептіреді. Жалпылама талдауда тұқым ылғалдылығын электрлі ылғал өлшегіш құрылымдарда анықтайды. Даулы жағдайда тұқым ылғалдылығын тек қана негізгі тәсілмен анықтайды.

Мемлекеттік үлгі қалыптар бойынша тұқымның кондициялық ылғалдылығы еліміздің аймақтарына, жекелеген дақылдарға мөлшерленеді. Атап айтқанда, Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс облыстарында дәнді дақылдардың көпшілігінің тұқым ылғалдылығы 16-17%, жармалық(тары, қарақұмық) 15-16%, майлы дақылдарда 10-13% астық тұқымдас мал азықтық шөптерде 13%-дан жоғары болмауға тиіс. Еліміздің оңтүстік облыстары үшін бұл көрсеткіштер біршама төмен.

Тұқымның тіршілікке қабілеті - егістік жадығаттағы тірі тұқымның пайызбен алынған шамасын сипаттайды. Тұқымның тіршілікке кабілетін мына жағдайларда анықтайды: тұқым сапасын шұғыл түрде қажет болғанда және тұқымның төмен өнгіштігінің себептерін анықтағанда жүргізіледі. Бұл көрсеткіштіжаңа жинап алыған күздік дәнді дақылдардың тұқым сапасы бағаланғанда жиі қолданылады. Өйткені жинеп алынғаннан кейін пісіп – жетілуден өтпеген тұқымдыегістікке пайдалану қажеттілігі туындайды.

Тұқымның тіршілекке қабілетін бояғыштарды (тетразол, индигокармин, қышқыл фуксин) пайдаланып, ал жоңықа мен қызыл беденің тұқымдарының тіршілекке қабілетінбөрту тәсілмен анықтайды.

Тұқымның өсу күші (қуаты) – тұқым өскіндерінің белгілі бір құм немесе топырақ қабатын жарып шығу мүмкіншілігімен және жасыл өскіндердің массасымен сипатталады. Бұл – көрсеткіш егістік жадығаттың бірқатар сапа көрсеткіштері, әсіресе тұқымның өну энергиясы төмен болғанда, аурулармен залалданғанда және тұқымның зақымдануы мен олардың қалыпсыз өскіндері көп болғанда, тұқымдағы бағалаудың қосымша әдісі. Тұқымның өсу күші 10 тәулік дегенде беткі қабатқа шыққан сау өскіндердің саны мен жасыл өскіндердің 100 өскінге есептегендегі массасымен өлшенеді.

Наши рекомендации