Тақырыбы: №8 практикалық жұмыс. Статикалық аунақтың (катоктың) негізгі параметрлерінің есебі
Жұмыстың мақсаты: топырақты тығыздау үрдісімен танысу, өнімділігі мен жетегінің қуатын анықтау.
Тапсырманың нұсқалары 8.1 кестеде берілген.
8.1-кесте - Бастапқы мәліметтер
Нұс-қа | Білікшенің өлшемдері, м | Топырақ-тың типі | Білік-шенің салмағы Gв, Н | Топырақтың ылғалдылы-ғы | Тығыз-дау тереңдігі, Н, м | |||
Ені Вв | Радиус Rв | W | W0 | |||||
1. | 1,3 | 0,55 | байланыс-қан | 0,45 | ||||
2. | 1,6 | 0,70 | 0,50 | |||||
3. | 1,4 | 0,60 | 0,40 | |||||
4. | 1,2 | 0,50 | 0,45 | |||||
5. | 1,3 | 0,60 | 0,48 | |||||
6. | 1,6 | 0,70 | | 0,46 | ||||
7. | 1,4 | 0,55 | 0,50 | |||||
8. | 1,5 | 0,65 | 0,42 |
8.1-кесте жалғасы
9. | 1,2 | 0,55 | 0,40 | ||||
10. | 1,3 | 0,70 | 0,45 | ||||
11. | 1,4 | 0,60 | байланыс-қан | 0,40 | |||
12. | 1,6 | 0,70 | 0,46 | ||||
13. | 1,5 | 0,70 | 0,48 | ||||
14. | 1,4 | 0,65 | 0,50 | ||||
15. | 1,2 | 0,60 | 0,42 | ||||
16. | 1,3 | 0,65 | Байланыс-паған | 0,48 | |||
17. | 1,4 | 0,70 | 0,46 | ||||
18. | 1,6 | 0,70 | 0,40 | ||||
19. | 1,3 | 0,60 | 0,42 | ||||
20. | 1,5 | 0,60 | 0,40 |
Қатаң металл білікшелері бар аунақтардың негізгі параметрлеріне аунақтың салмағы мен аунақтың білікшесінің ұзындығына келетін меншікті қысымы жатады.
Білікшенің топырақпен түйісу бетіндегі максималды кернеуі анықталады.
σmax = ·E / Rв , МПа, (8.1)
мұндағы qв – сызықтық қысым, Н/м; келесі формуламен анықталады:
qв = Gв / Bв, Н/м, (8.2)
мұндағы Gв – білікшенің салмағы, Н;
Bв – білікшенің ені, м.
E – топырақтың деформация модулі, МПа; топырақтың типіне байланысты алынады: байланысқан топырақтар үшін E = (15 – 20) мПа, байланыспаған топырақтар үшін E = (10 – 15) МПа.
Rв – білікшенің радиусы, м.
Аунау кезінде топырақтың бетіндегі кернеу топырақты бұзуға кететін шақтама беріктігінен σр аспауы керек. Әйтпесе топырақтың қатты бөлшектері бұзылады. Ол шарт мына түрде жазылады:
σmax ≤ σр.. (8.3)
8.1-сурет– Топырақты тығыздау схемасы
Тығыздаудың оптималды тереңдігі анықталады:
а) байланысқан топырақтар үшін
hопт. =( 0,30W / W0) ·R , см, (8.4)
б) байланыспаған топырақтар үшін
hопт. =( 0,32W / W0) ·R , см, (8.5)
мұндағы W және W0 – сәйкесінше тығыздалатын топырақтың фактілі және оңтайлы ылғалдылығы, %.
Статикалық аунақтардың өнімділігі
П = 3600·(Bв - 0,2)·vр.х.·H / n, (8.6)
мұндағы Bв – білікшенің ені, м;
0,2 – аралас жолақтарды жабу шамасы, м;
vр.х. – аунақ қозғалысының жұмыс жылдамдығы, м/с; vр.х. = (0,8 – 1,6)м/с алынады.
H – топырақты тығыздаудың жалпы тереңдігі, м;
n – бір із бойынша өту саны
Бір із бойынша өту саны
n = H / hопт , (8.7)
мұндағы hопт – тығыздаудың оптималды тереңдігі, м.
Өту санынын мәнін n бүтін санға дейін жуықталады.
Аунақтың қозғалысының қосынды кедергісі келесі формула бойынша анықталады:
∑Wi = W1 + W2, Н, (8.8)
мұндағы W1 – аунақтың орын ауыстыру кедергі күші, Н;
W2 – аунақтың орнынан қозғалғандағы инерция күшінен туындайтын кедергі күші, Н.
Аунақтың орын ауыстыруының кедергі күші анықталады:
W1 = Gв (f + i), Н, (8.9)
мұндағы Gв – біліктің салмағы, Н,
f – аунақтың аунауының кедергі коэффициенті, f = (0,15 – 0,25) алынады;
i – жергілікті еңіс, i = (0,01 – 0,025) шамасында алынады.
Аунақтың орнынан қозғалғандағы инерция күшінен туындайтын кедергі күші
W2 = Gв·vр.х /. g·tр, Н, (8.10)
мұндағы Gв – біліктің салмағы, Н,
vр.х. – аунақ қозғалысының жұмыс жылдамдығы, м/с;
g – еркін түсу үдеуі, м/с2,
tр – аунақтың екпіндеу уақыты, tр = (4 -8) с алынады.
Аунақтың қозғалтқышының қуаты келесі формула бойынша анықталады:
N = ∑Wi ·vр.х. / ηм, кВт, (8.11)
мұндағы ∑Wi – аунақтың қозғалысының қосынды кедергісі, Н;
vр.х. – аунақ қозғалысының жұмыс жылдамдығы, м/с;
ηм – жетектің пәк-і, ηм = 0,8 алынады.