II.Үй тапсырмасын тексеру. 1) Шешендік сөздер дегеніміз не ?
1) Шешендік сөздер дегеніміз не ?
2) Шешендік өнер қайдан бастау алады ?
3) Қандай қазақ шешендерін білесіндер ?
Жаңа сабақтың жоспары:
1) Музыка өнері.
2) Қорқыт.
3) Құрманғазы.
4) Дина Нұрпейісова.
III. Жаңа сабақ.
Музыка өнері дегеніміз не? Сендер қандай атақты композиторларды білесіңдер? Кім домбыра тарта алады? Кім қандай күйді (музыканы) орындай алады? Ол не туралы? – деген сұрақтардан сабақты бастаймын
Музыка (грек сөзі – музалар өнері) – белгілі ырғақты дыбыстардан тұрады, өмірдің барлық жағдайын дыбыс арқылы бейнелейді. Музыкада адамның жан дүниесі, көңіл күйі, сезімі, күш-жігері дыбыс түрінде көрініс табады.
Қазақ халқының жиырмадан аса түрлі музыкалық аспаптары: домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, дауылпаз, шертер, т.б. бар.
Халық әндерді белгілі бір адам шығарған. Уақыт өте келе авторы ұмытылған. Халықтың жүрегінен шыққан жақсы әндер ұрпақтан-ұрпаққа тарап, бізге жетіп отыр.
Батырлар жырын, аңыздарды, тарихи шығармаларды ауыл-ауылды аралап, айлап қона жатып жүріп халық арасына ақын, жырау, әнші, өлеңші, күйшілер тарататын болған.
Күй – қазақ халқының ертеден келе жатқан музыкалық шығар масы. Күй музыка аспабымен ғана орындалады. Күй шығармалары Қорқыт, Асанқайғыдан бастау алады. Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, Қазанғап, Дәулеткерей мәңгі өшпейтін тамаша күйлер қалдырды.
2. Қорқыт – VIII ғасырда Сырдария төңіре гін мекендеген қыпшақ-оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші, ке меңгер ойшыл. Қорқыттың бізге оннан астам күйі жетті. Қорқыт күйлері – әуенді, сазды, мағынасы терең, ойлы.
3. Асанқайғы – XV ғасырда өмір сүрген атақты ойшыл, ақын. Қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның қасында жүріп, оның жырауы, ақылшысы болған. Асанқайғының «Жерұйық» жайлы аңызы өз халқының бақытты болашағын аңсаған арманынан туған.
4. Құрманғазы Сағырбайұлы (1823–1889) – атақты күйші, сазгер. Тұңғыш шығармаларының бірі – «Кішкентай» атты күйін Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске арнады.
«Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Адай», «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Жігер» сияқты күйлерінде азат өмірді аңсаған халықтың арманы, үміті, халық күресінің құдіреті, ерлігі дәріп теледі.
Озық ойлы орыс азаматы Н. Ф. Савичев Құрманғазы туралы: «...Егер ол еуропалық білім алғанда, музыка әлеміндегі ең алып жұлдызға айналар еді» деп жазған.
5. Дина Нұрпейісова (1861–1955) – жастайынан Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ сияқты атақты күйшілердің күйін мәніне келтіріп тартқандықтан, «домбырашы қыз» атанған. Динаның елімізге танымал «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бұлбұл», «Жігер», «Жеңіс» сияқты шығармалары оның біртуар дарын, әйгілі күйші, композитор екендігін дәлелдейді.
Қазақ музыкалық аспаптары :
1) Ішекті, шертіп ойналатын аспаптарды ата:
1. (домбыра, шертер, жетіген)
2) Ысқышпен орындалатын аспап:
1. (қобыз, қылқобыз, нарқобыз)
3) Ұрып ойналатын соқпалы, ұрмалы аспаптар:
1. (дабыл, даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, кепшік, дудыға)
4) Сілкіп ойналатын аспаптар:
5) (асатаяқ, шың, сылдырмақты қамышы, қоңырау, тұяқтас, шартылдақ, сақпан)
6) Үрлеп тартылатын аспаптар:
a. (сыбызғы, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқырауық, керней мүйіз сырнай, ұран)
7) Сым тілшелі аспап: (шаңқобыз)
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1) Қазақ ұлттық музыка аспаптарын айту.
2) Қазақ музыка аспаптарының түрлерін анықтап, жазу.
3) Қазақ халқының патша өкіметімен күресуіне шығарылған мукалық шығармалар.
4) Оқушыларға қазақ композиторларды бөліп беру. Оқу, конспектілеу, мазмұндап айту.
V. Бағалау: Әр оқушыға тиісті баға қою.
VI. Үйге тапсырма: үйде музыка өнер туралы оқу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.
Сынып: 5 «а». Сабақ №:______23_____ Күні:_______________
Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.
Сабақтың тақырыбы: Діннің пайда болуы, діни наным-сенім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларды қазақ халқының дәстүрлерімен, наным-сенімдерімен таныстыру. Халықтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген құрметтеушілік сезімдерін тәрбиелеу. Оқушылардың оқулықпен өздігінше жұмыс істеу біліктерін одан ары дамыту жұмысын жалғастыру;
Дамытушылық : Оқушылардың рухани дүниесін дамыту;
Тәрбиелік : Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, тапсырма орындау.
Негізгі ұғымдар: дін, наным-сенім.
Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
· Оқушылармен амандасу.
· Оқушыларды түгендеу.
· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.