ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары: Саясат.Саясат (грек, politika—мемлекеттік, қоғамдык іс)—адамдардың бұқарамен, қоғамдың бірлестіктермен, жеке адамдармен бірге мемлекет пен билікке қатысты мәселелерді шешу жұмыстарының ерекше түрі. Мемлекеттік деңгейде шешілуге, билік жүргізуге қатысы бар істердің, халық бұқарасының немесе белгілі бір әлеуметтік топтардың. Мүдделерін қозғайтын өрекеттердің бәрі саяси сипат алады. Мемлекеттік билікке қатысы бар мәселе саясаттағы ең мәнді мәселе болып табылады.

Саяси жүйе деп шеңберінде саяси өмір өтіп жататын және мемлекеттік билік жүзеге асырылатын мемлекеттік мекемелерден, саяси партиялардан, қоғамдың бірлестіктерден тұратын институттар жүйесін айтамыз. Саяси жүйе саяси билікке қатыстының бәрін — саяси ұйымдасуларды, саяси нормаларды біріктіреді, саяси көзқарастарды, тұжырымдамаларды, дәстүрлерді қалыптастырады.

Саяси билікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға президент, парламент, үкімет, сот органдары жатады.

Билік деп адамдар арасындагы еріктік қатынастардың формасын айтамыз. Ол адамдардыц, әлеуметтік топтардың тәртібіне, олардыц қоғамдың қызметінің сипаты мен бағытына әсер ете алуынан көрініс береді. Адамдар арасындағы еріктік қатынастар әлеуметтік қатынастарды да айқындайды. Бұдан биліктің әлеуметтік қатынастар формасы ретінде де қызмет ететіні көрінеді. Билік — басқаруға келген адамның немесе адамдар тобының өз еркін іске асыру қабілеті. Билікке қол жеткізуші өзгелердің әрекеттерін өз еркіне бағындыру, басқару және жұмсау мүмкіндігіне ие болады.

Билік бөлісу тек қана жоғары биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына, олардың өзара әрекеттесуі мен бірін-бірі "тежеу және қарсы салмақ" жүйесін пайдалана отырып бөлісу қағидаларына негізделіп жүзеге асырылады. Бұл қағида биліктің толық бір органның қолында шоғырлануына жол бермейді. Ол мемлекеттік билік ағашының заң шығарушы, атқарушы және сот бұтақтарының арасында тұруы керек.

Халық —билік қайнары. Демократиялық қағидаларды жүзеге асырудың басты кепілі — халықтың саяси сауаттылыц деңгейі болып табылады. Бұқара өзі өмір сүретін қоғамға лайықты, өзінің тағдырына тура әсер ететін заңдардың жазылып, талқыланып, қабылданып жатуына енжар қарамай, осы үрдістерге белсене ат салысуы керек. Сонда ғана әділетті заңдар дүниеге келеді.

"Халық" ұғымына қатысты қарама-қарсы екі көзқарас бар. Оның біріншісі — халықтың қасиеттілігін, асқақтығын дәріптейді. Халықты жеңу, жойып жіберу мүмкін емес, ол бәрібір түбінде әр нәрсені өз орнына қоятын фактор деп қарайды.

Бекіту кезеңі:

1. Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?

2. Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық үғымына қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар.

3. Қайткенде халық өзінің қуатын сақтап қалады, өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 21

Пән:Адам, қоғам, құқық

Сынып:9 бСабақ:24 Күні:

Тақырыбы:Демократия – халық билігі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Демократия – халық билігі туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық:Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Демократия

2. Халық еркінің байқалу тетіктері

3. Демократияның қозғаушы күштері

4.Демократиялық емес режімдер

Демократия деген сөздің мәні мен оның түсіндірілуіне қатысты бірмағыналылық жоқ. Төтелей аударғанда бұл сөз (грек, demos — халық, kratos — билік) халық билігі немесе халықтың басқаруы дегенді білдіреді.

Ежелгі грек философы Демокрит (б.з.д. 460—370 жж.): "Құлдықтан бостандықтың артықшылығы қандай болса, монархиядағы бақытты өмірден гөрі демократиялық мемлекеттегі кедейліктің артықтығы соншама", — деп есептеген екен. Соңғы ғасырларда демократиялық ұстанымдарды орнатудың үлгісін көрсетіп келген АҚШ президенттерінің бірі Авраам Линкольн: "Демократия — халық үшін, халықтың өзі іске асыратын халық билігі", — деген екен.

Демократия — халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси қауымдасу формасы. Демократиялы қоғамда азаматтарға шынайы құқықтар мен еркіндіктер, мемлекеттік мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктері беріледі. Демократияның мәні мен маңызды нышаны — тұлғаға еркін құқық беру, адамның жеке басын қадірлеу болып табылады. Демократия әр елде әр түрлі деңгейде қабылданған тетіктер арқылы қоғамның өзгелермен терезесі тең мүшесі болып, өз тұрғысын білдіру, өз дауысын естірту мүмкіндігін алған адамның мемлекетті басқаруға қатысу құқығы. Демократия нәсіліне, жынысына, тіліне, ұстанатын дініне, әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайларына, көзқарастарына қарамастан, барлық азаматтардың теңдігін қалайды.

Халық еркінің байқалу тетіктері. Сонымен демо­кратия дегеніміз — халық еркі немесе билігі екен. Бұдан: "Халық өзінің еркін қалай көрсетеді жөне билігін қалай жүзеге асырады?" — деген сұрақтар туады. Бұл сұрақтардың алғашқысына: "Халық өзінің еркін өзі шығарған заңдар арқылы білдіреді", — деп, екіншісіне: "Халық билікті өзі сайлаған депутаттары арқылы жүзеге асыра­ды", — деп жауап беруге болады.

Заңдарды халық сайлаған қалаулылар жасайды. Олардың ішіндегі ең негізгісі — конституция.

Демократияның қозғаушы күштері. Демократия өзінен-өзі немесе уақыты жеткенде орнай қалмайды. Өзге демократиялық елдерде жасалып жатқанның бәрін көшіріп әкеліп те демократия іргетасын қалауға болмайды. Демократиялық ұстанымдардың қоғам өміріне нық орнығуы үшін бірқатар жағдайлар керек. Олардың бастылары ретінде мыналарды атауға болады:

- экономикада нарықтық қатынастардың орнығуы;

- отандық өнеркәсіптің дамуына жағдай жасау;

- кәсіпкерлер мен бизнесшілерді түрлі салықтармен немесе қолдан жасап алған заңдармен тұншықтыратын сыбайлас жемқорлардан корғау;

демократияның бірден-бір шарты болып табылады.

Мұны таратып айтқанда былай болып шығады:

— азаматтардың тең дәрежеде билікке араласуын қамтамасыз ету үшін ерікті және әділ сайлау жүйіесі болуы;

_— мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаты дұрыс болуы және сауатты басқарылуы үшін балама идеяларымен билік басындағылардың қателерін түзеп, дұрысын қолдап, қоғамды прогресс жолына түсірудің барлық тетіктерін қозғап отыратын қоғамдық бірлестіктердің, солардың ішінде саяси партиялардың белсенді әрекет етуі;

—бұқараны дұрыс бағыттап, саяси ақпаратпен қамта­масыз етіп, олардың дұрыс шешім қабылдауына, саяси сауатын арттыруына көмектесетін ерікті бұқаралық ақпарат құралдарының болуы;

—адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін тәуелсіз сот билігінің болуы шарт.

Демократиялық емес режімдер. Демократия болмаған елде өзге демократиялық емес режімдер орнайды.

Демократияға қарама-қарсы тұрған саяси жүйе — тоталитаризм. Тоталитаризм (лат. totalitas — тұтастық, толықтық) — қоғам өмірінің барлық аяларына бақылау жасайтын, демократиялық ұйымдарға тыйым салатын, конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді аяққа таптап, прогресшіл күштерге қарсы қуғын-сүргін жүргізетін мемлекеттік басқару формасы.

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §22

Пән:Адам, қоғам, құқық

Сынып:9 бСабақ: 25 Күні:

Тақырыбы:Мемлекет фунциялары, құрылымы мен басқарылуы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Мемлекет фунциялары, құрылымы мен басқарылуы

туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық:Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

Наши рекомендации