Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

АзаҚстан РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

И. СӘТБАЕВ атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Институт Тау-кен және металлургия

Кафедра Асыл металдар металлургиясы және пайдалы қазбаларды байыту

Жұмыс оқу жоспарынан көшірме - student2.ru

Н.К.Жакатаева

Арнаулы және қиылысты байыту әдістері

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

(5В073700 – «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы үшін)

Алматы 2012

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Н.К.Жакатаева. Арнаулы және аралас байыту әдістері. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (5В073700–«Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы үшін). – Алматы: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012

Аңдатпа

Пән бойынша кешенде пайдалы қазбаларды арнаулы және аралас байыту әдістері байытуда қолданылатын процестер мен схемаларды конспектілер, бақылауға арналған тест тапсырмалары, глоссарий келтірілген.

Кендердің, әсіресе түсті және сирек кездесетін, металдардың, құрамында бағалы компоненттердің пайыздық үлестері өте аз болғандықтан олар тек алдын ала байытылса ғана металлургиялық процестермен өңдеп ақырғы өнім алуға мүмкіншілік туады. Кендердің байытылуын оларда қолданылатын процестердің негізі. Қолданатын аппараттар. Процеске әсер ететін факторларды таңдай білу, олардың маңыздылықтарын анықтау. Пән 050709 Пайдалы қазбаларды байыту мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

Оқу-әдістемелік кешенде дәріс конспектілері, тәжірибелік сабақтар тақырыптары, білім алуға қажетті тапсырмалар, глоссарий келтірілген. Арнаулы және аралас байыту әдісі бойынша қолданылатын процестердің артықшылықтары мен кемшіліктерін айыра білу.

Қорытынды жол (кесте 15., сурет 18)

Пікір беруші, (лауазымы, ғылыми атағы) аты-жөні, әкесінің аты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2012 жылға арнап бекіткен Типтік оқу жоспары бойынша басылды.

И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 2012

Пәннің оқу әдістемелік кешені

1.1 Әзірлеуші-оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушы Жакатаева Нурша Қали қызы

т.ғ.к., доцент

Байланыс түрі 257-71-74 қосымша 73-88

телефон, E-mail

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы Арнаулы және аралас байыту әдістері

Кредит саны 3

Өткізу орны ЖК 423

Кестесі

Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

      1 аптадағы академиялық сағаттар     Бақылау түрі
Курс Семестр Кредиттер Дәрістер   Лаб. сабақтар Тәжірибелік /семин. сабақтар./ СӨЖ* СОӨЖ* Барлығы 1 аптадағы академ. сағаттар
Емтихан (жазбаша)

1.3 Пререквизиттер: Пәнде берілетін материалдарды оқып білу үшін төмендегі пәндерден білімдері болуы қажет: физика - оптика, радиоактивтілік, серпімділік үйкеліс, химия - термо химия, мыс, алтын, никель, титан, мырыш т.б. химиялық қосылыстары, сорбция, экстракция лау, минералогия - минералды шикізаттардың заттық құрамы; байыту әдістері - кенді дайындау, гравитация, флотация.

1.4 Постреквизиттері: Пәннен алынған білім одан кейін өтетін төмендегі пәндерді білуге пайдаланылады: «Көп металды кендерді байыту», «Байыту фабрикаларын жобалау», «Түсті металды кендерді байыту».

1.5 Пәннің қысқаша мазмұныПәнді оқытудың негізгі мақсаты – студенттерге пайдалы қазындыларды өңдеуде қолданылатын арнаулы байыту әдісінің негізін, процестің мәні, оларда қолданылатын технологиялық схемалар, машиналардың түрлері және сипаттамалары, әртүрлі кендердің өндірістік тәжірибеде қолданылатын технологиялық байыту схемалары туралы білім беру.

Оқу кезінде студенттер кен және минералдар туралы, олардың қасиеттерін білу, негізінде бір бірінен бөлу әдістерін, қолданылатын негізгі жабдықтардың түрлерін, процестердің мәнін оқып білулері керек.

Сабақты толық аяқтағаннан кейін олар білуге тиісті:

1. Қолмен және автоматты талдау;

2. Магнитті байыту әдісінің негізін танысу;

3. Электрлік байыту әдісі.

5. Магниттік қолданылатын машиналардың конструкцияларын, жұмыс істеу ерекшеліктерін оқып білу.

6. Арнаулы байыту әдісі білу.

7.Әртүрлі кен түрлерінің арнаулы байыту әдісімен байыту технологияларын білу.

1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:

2-кесте

Наши рекомендации