Benefits for public meditation
Медиацияның қоғамға келтірер тиімділігі
Аннотация. Бұл мақалада медиацияның қоғамдағы орны мен тигізер септігін қарастырады. Сонымен қатар ҚР медиация заңнамасының қағидаттарының қылмыстық заңнамамен қатынас пен байланыстары айқындалған.
Түйін сөздер:медиация, медиатор, қылмыстық іс жүргізу, бітімгершілік акт, процесс субъектілері, медиация заңнамасы.
Эффективность медиации в обеспечение общественности
Аннотация. В данной статье рассмотрены и проанализированы значение и сущность института медиации, также ее описание и особенности в уголовном процессе. Кроме того, определены понятие и сущность отношения приципов законодательства о медиации в РК с уголовным законодательством.
Ключевые слова:медиция, медиатор, уголовное судопроизводство, согласительный акт, субъекты процесса, законодательсво медиации.
Benefits for public meditation
Annotation. This article considers the place in society and contribute to the efficiency of mediation. Defined the concept and essence of the legislation on mediation between relationship criminal law of the Republic of Kazakhstan.
Keywords:mediation, mediator, criminal process, the conciliation act, participants of process, legislation on mediation.
Егер тарихқа көз салатын болсақ, біз елдік шежіремізде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» дала жұртшылығын бітімге бастап, билік айтқан билердің кесімді шешімдері болғанын білеміз. Осының барлығы қазіргі тілмен айтсақ, дала парламентаризмі мен заңдық негіздің сол баста нышаны байқалғанын танытады. Медиация ұғымы ата-бабамыздан сақталып келе жатырған жүздермен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын, даулардың шешімін таба білетін, қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті екенін білеміз.
2011 жылғы тамыздың 5 күні Қазақстан сот жүйесінде дауларды шешудің қосымша әдісі саналатын жаңа институт медиация күшіне енді. Әлбетте, жаңа дегеннің өзі қазаққа жат емес екендігі, керісінше, бүгінгі сот жүйесі Ұлы дала билерінің дау шешу тетігіне айналған мәмілегерлікпен толығатыны бұған дейін де айтылған.Әйтседе осы қазаққа қайта түлеп жеткен медиация туралы не білеміз [1]?
«Медиация туралы» заң күшіне енгелі осы заң туралы сот саласы қызметкерлері, адвокаттар мен қарапайым халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, сондай ақ, аса ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарға қатысты істерге медиация тәртібін қолдануға болады. [2, 58 бб].
Алайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын болса, оған бұл заңның рәсімі қолданылмайды. Сол секілді, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстарға да бұл тәсілді қолдануға болмайды. Медиацияның мақсаты тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету, яғни қарапайым тілмен айтқанда, тараптарды бітімгерлікке шақыру болып табылады. Медиация барысында тараптар өздерінің қалауы бойынша талап мөлшерін ұлғайтуға немесе кемітуге, тіпті даудан бас тартуға құқылы. Екі жақтың да талабын даудамайсыз-ақ шешуге қол жеткізу медиаторлардың басты мақсаттарының бірі де бірегейі десе болады. Жеке азаматтар мен жалпы қоғам үшін маңызы жоғары бұл істі жүргізу барысында медиаторлар тараптардан, мемлекеттік органдардан және өзге де лауазымды, жеке тұлғалардан тәуелсіз болады.
Бугінгі күні еліміздегі заңға қайшы әрекеттердің басым бөлігі қылмыс деп танылып, іс сотта қаралып, айыптыны абақтыға жабумен тынып жатқаны жасырын емес. Соның салдарынан аяғын шалыс басқаны, абайсызда кінә арқалағандар қылмыскермен қатар сотты болып жатыр. Ондай шалыс басуды, қызуқандылықпен қылмыс жасауда, албырттық пен абайсыздыққа бару да ең алдымен жастарға тән құбылыс болатыны тағы белгілі. Ендеше аса ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстардан көпшілігі сотқа жеткізбей-ақ айыпталушы мен жәбірленуші жақтың ортақ мәмілесімен шешудің маңызы зор болмақ. Екіншіден, өзара дауласқан тарапты үшінші жақтың келісімге шақыруымен сотқа жетпей татуластыру-қазіргі қылмыстың үдерістер барысында да бұрыннан қолданылатыны белгілі. Әйтсе де бұл қылмыстық заңнамаға сәйкес, тек жекелеген талаптардың өз еріктерімен осы істі мәмілемен жүзеге асыруға ниет білдірген жағдайында ғана қолданылатыны бар. Әғни, қазіргі заң бойынша да белгілі бір жағдайда жанжалшыл тараптардың медиатор жүйесін қолдануына болады. Ал ондай жағдай да сот әлгі мәмілегерлік үдерісінің қаншалықты заңды іске асырылғандығын бақылайды. Үшіншіден, өркениетті жұрт тараптар құқын қорғауды жоғарыға қойып, дау бітімін алдымен олардың өз арасына ұсынады. Мұндай тәжіребеден тек жағымды сипаттағы көрсеткіштер өрнектеледі. Мәселен, Малайзиада бітімгершілік арқылы сотқа жетпей тынатын істер саны 90 пайызды құрайды екен. Тек 10 пайыз іс қана, сот төрелігіне жығылады. Ал Англияның сот жүйесінде медиация арқылы 50 пайыз іс шешімін тауып жатыр. Осынау әділ жүйенің отаны саналатын Қазақстанда әзірше бәрі керісінше, 90 пайыз іс бір ғана сот үкімін күтеді. Бітімгершіліктің үлесі 10-ақ пайыз. Сондықтан мамандар заң күшіне енгеннен бастап жеңілдіктерге жол ашылатынын, оның ішінде жеңілдік сотқа ғана емес, ең алдымен, оған жүгінетіндер үшін болатынын алға тартады [1].
Сөйтіп, дауласқанды сөзге тоқтатып, татуластыратын, бітімге келу арқылы шығынның орнын толтыратын қазақтың дала демократиясындағы билердің мәмілегерлік институты өркениеттік үлгі ретінде қайта оралып жатыр. Расында, қазақ халқына өзіне тән бітімгерлігі, мәміле жасау үлгісі- әлем жүйесінде қазылық жасаудың ең озық өнегесі саналады. Ендігі күні жер дауы мен жесір дауы, құн өндіру секілді бітіспестің бітімін кесіп айтатын, толғақты дүниені тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып тарқататын бабамыздың билік жасау өнері, дау шешудің озық жүйесі медиацияның, қоғамға келтірер тиімділігі мол болатынына сенімдіміз. [2, 58 бб].
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ әдебиеті http://www.writers.kz/journals =&ARTICLE=10031
2. ҚР Қылмыстық-процестік кодексі.- Алматы: «Юрист», 2016 ж.,340 б.
3. http://ortalyk-kaz.kz/publ/sajasat/daulardy_sheshudi_olajly_disi/1-1-0-6706