Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастыру
Оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жалпы ережелер
Оқытудың кредиттік жүйесі – даралау, білім беру траекториясының таңдаулылығы және кредит түріндегі білім көлемін есепке алу негізінде өзіндік білім алу деңгейін арттыруға және білімді шығармашылықпен меңгеруге бағытталған білім беру жүйесі.
Оқытудың кредиттік жүйесінде оқу жұмысының еңбексиымдылығын есептеу оқытылатын материалдың көлемі, яғни кредиттің көлемі бойынша жүзеге асырылады.
Оқытудың кредиттік жүйесінде білім алушылар мамандықтардың бекітілген жұмыс оқу жоспары негізінде жеке оқу жоспарын құру жолымен оқу жұмысын жоспарлайды.
Жеке оқу жоспарлары (ЖОЖ) эдвайзердің көмегімен білім алушының жеке өзі әрбір оқу жылына бекітілген нысан бойынша қалыптасады. ЖОЖ-ды факультет деканы екі данада бекітеді: біреуі – деканатта сақталады және аттестация мен қорытынды бақылауды ұйымдастыру үшін білім алушының оқу жоспарын орындағанына бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады, екіншісі – білім алушыға беріледі.
Академиялық кезең барысында студент жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған, пәннің міндетті компонентінің 100% қоса алғандағы пәндердің кем дегенде 12-22 кредитін меңгеруі тиіс.
Оқу процесін ұйымдастыру бекітілген жұмыс оқу жоспары, оқу жылының академиялық күнтізбелігі, оқу сабақтарының кестелері және СОӨЖ кестесі негізінде жүзеге асырылады. Оқу процесін ұйымдастыру туралы ақпараттар факультет, кафедралардың стендтерінде және жоғары оқу орнының порталында (сайтында) жарияланады.
Жазғы семестрдің енгізілуіне рұқсат беріледі. Жазғы семестр студенттің бастамасы бойынша ақылы негізде, қосымша оқу және академиялық қарыздарды немесе оқу жоспарларының айырмашылығын жою үшін ұйымдастырылады.
Жазғы семестрдің мерзімі мамандықтар мен курстардың шамасындағы оқу процесінің академиялық күнтізбелігімен анықталады.
Деканат студенттің қосымша курстан өту құқығына ие болуы үшін келесі талаптарды қояды: студент келесі курсқа академиялық қарызсыз көшірілуі керек, топ рентабельді болуы қажет.
Жазғы семестрге рәсімдеу регламентке сәйкес жүзеге асырылады:
- студент жазғы семестрлік сессияға дейін деканатқа жазғы семестрге қатысқысы келетіндігі туралы уәжді өтінішті ұсынады;
- декан студенттің өтінішін қарастырады және жазғы сессия аяқталғаннан кейін шешім қабылдайды;
- мәселе оң шешімін тапқанда жазғы семестрдің кестесі құрылады.
Жазғы семестр кезеңінде меңгерілген мамандықтың оқу жоспарының пәндері бойынша емтихандардың нәтижелері келесі оқу жылының GPA-сында ескеріледі.
Оқуды жалғастырғысы келмеген жағдайда студент оқудан шығуға құқылы. Жоғары оқу орнынан шығарылған білім алушыға бекітілген нысандағы транскрипт беріледі.
Оқуға қайтадан қабылдау, бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына (бір мамандықтан басқа мамандыққа) ауысу, академиялық демалысты рәсімдеу ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Курстарға тіркеу
Білім алушылардың пәндерді оқуы үшін жазбаны тіркеу бөлімінің қызметі жүктелген факультет декандары ұйымдастырады. Білім алушы эдвайзердің басшылығымен пәнді таңдайды (міндетті курстарды, таңдау бойынша курстарды көрсете отырып, тіркеу нысандарын толтырады).
Тіркеу шарасы төмендегідей кезеңдерден тұрады: эдвайзермен кездесу және таңдауы бойынша оқу пәндерін талқылау; міндетті пәндер, таңдауы бойынша пәндерді көрсете отырып, тіркеу нысанын толтыру (оқыту траекториясын таңдау), курстарды тіркеу туралы келісімді растау.
Бірінші оқу жылындағы студенттер факультет бекіткен мерзімде оқытудың кредиттік технологиясы қағидаларын түсіндіру мақсатында өткізілетін бағдар беру шараларына қатысқаннан кейін тіркеу шараларын бастайды.
Қайта оқуға түскен білім алушы оқу сабақтары басталғанға дейін – 26 тамызға дейін деканат дайындаған курстың оқу жоспарының көшірмесін алады. Эдвайзерден кеңес алғаннан кейін бір апта мерзім ішінде таңдап алынған пәндерге жазылады, оқыту траекторясын таңдайды. Осылайша, білім алушының білім траекториясын белгілейтін 1 курсқа арнаған жеке оқу жоспары қалыптасады. Оқу жылы барысында жеке оқу жоспарына өзгертулерді енгізуге жол берілмейді.
Екінші және жоғары курстың білім алушылары 26 тамызға дейін өздерінің жеке оқу жоспарына кредиттердің жалпы санының 10% артық емес көлемінде өзгертулер енгізуге құқылы. Мұндай жағдайда деканатқа өзгертулері көрсетілген, бекітілген нысандағы жазбаша тапсырысты өткізеді. Екінші және келесі курстардың білім алушылары 30 мамырына дейін аралығында эдвайзердің кеңес беруі арқылы бекітілген нысанда келесі оқу жылына өзінің жеке оқу жоспарын құрады. Білім алушы жоспарға қолтаңбасын қояды және 1 шілдеге дейін деканатқа тапсырады.
Оқыту траекториясы төңірегінде әрбір оқу пәні бойынша ректораттың деканатпен келісілуі бойынша пәндерді оқыту үшін қажетті білім алушының минималды санын бекітіледі.
Егер келесі курсқа көшірілген білім алушы бекітілген мерзімде өзінің жеке оқу жоспарын деканатқа тапсырмаған жағдайда, сол курстың жұмыс оқу жоспары оның оқуына негіз болып қабылданады.
Тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін білім алушының жеке жоспарын факультет деканаты бекітеді.
Өзінің жеке жоспарын құру барысында білім алушы: оқытудың кредиттік жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен танысуы, бекітілген мерзімде оқу пәндеріне тіркелуі және ЖОЖ өзгертулерді енгізуді қадағалауы, тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін бекітілген санынан кем емес кредитке жазылуы керек.
Ақылы негізде оқитын білім алушы өзінің жеке оқу жоспарын тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін бекітілген кредит санынан кем мөлшерде қалыптастыруға болады, мұндай жағдайда оқыту мерзімі ұзартылады..