Бырларда тұздардың жиналу себебі және олармен күресу әдістері.
Тұздардың шөгуі, сонымен қатар, қабат қысымын ұстау жүйесінің су желілерінде және ағын суларды тасымалдаушы құбырларда байқалады.
Тұздардың шөгуінің негізгі себебі - температура мен қысымның төмендеуі әсерінен болатын термодинамикалық тепе-теңдіктің бұзылуы, ал қабат қысымын ұстау жүйелерінде – құрамында үйлесімсіз тұздары бар сулардың араласуы болып табылады.
Қазіргі кезде тұз шөгінділерімен күресудің жаңа әдістері – химиялық және тұщы суды қолдану кең таралған.
Ұңғыларда тұздардың жиналуымен күресудің химиялық әдістерін, негізінен карбонатты және сульфатты тұздардың (суда ерімейтін тұздардың) шөгуі кезінде пайдаланады.
Реагенттер ретінде натрий гексаметафосфатын (NaPO3)6 және натридің триполитриполифосфатын таза түрінде де және әр түрлі присадкаларды қоса отырып та пайдаланады. Бұл әдістің мәні мынада – натрий гексаметафосфатының судағы ерітіндісі (0,1 % салмақ б-ша) тұздардың шөгуіне жол бермейтін коллоидты ерітінді түзеді.
Тұздардың шөгуімен күресудің тағы бір жолы – тұз қышқылының ерітінділерін пайдалану:
CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2 ↑
|
|
Бірақ, тәжірибе нәтижелері көрсеткендей тұз қышқылының ерітінділерін пайдалану құбырлардың коррозиясына алып келеді.
Суда еритін тұздармен (NaCl, CaCl2) күресудің ең тиімді әдісі өндірілетін ұңғы өніміне тұщы су жіберу болып табылады. Суды екі түрлі тәсілмен жіберуге болады:
1) ұңғы түбіне үздіксіз құю;
2) құбыраралық кеңістікке мезгіл-мезгіл (периодты) құю.
Бұл екі тәсілді жүзеге асыру үшін кен орындарында тұщы суды жеткізу және дайындау жүйелері салыну керек.
Суды дайындау тұщы судың қабат суымен әрекеттесуі кезінде ерімейтін тұздардың түзілуін және шөгуін болдырмау үшін тұщы суды химиялық өңдеу болып табылады.
Құбыр арқылы сұйықпен газды бірге тасымалдағанда қысымның әсерінен құбырлардың бүлкілдеуі (пульсациясы) міндетті түрде болып отырады. Бүлкілдеу құбыр бойында газ тығындарының пайда болуына байланысты. Коллекторлардың ұзындығы 1500м-ге дейін ұзарған кезде бүлкілдеу екпінділігі күшейеді де одан кейін бір қалыпқа түседі. Бүлкілдеу пайда болуының негізгі себебі мұнай ұңғыларының көтергіш құбырларында газ-сұйық қоспасынан газдың бөлінуі және ұңғының лақтыру желісінің бойында өлшемдері ұлғаятын газ тығындарының пайда болуы. Ағынның бүлкілдеуіне жинау жуйесіндегі абсолютті қысым әсер етеді, ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым газ аз бөлінеді, соғұрлым бүлкілдеу аз болады.
Бүлкілдеу толқыны құбырда дыбыс жылдамдығымен тарайды. Бүлкілдеу энергиясы құбырдың және онымен байланысқан жабдықтардың тербелісін болдыруы мүмкін. Құбырдың тік сызықты аймағында бүлкілдеу бірқалыпты тарайды, сондықтан құбыр тербелісі шамалы байқалады.
Айтарлықтай тербелістер резонанс болған жағдайда пайда болады, онда көлденең қиманың өзгеруінен немесе кедір-бұдырдың әсерінен болған аз ғана күштер қауіпті тербелістер туғызуы мүмкін. Тербелістер әсіресе тармақталған құбырларда, құбырлар бағытының күрт өзгерген жерлерінде байқалады.
Қауіпті бүлкілдеудің негізгі алдын алу тәсілдері болып табылатындар:
· ағынның тығынды - диспергирленген құрылымының пайда болуын болдырмайтын, газ-сұйық ағынының қозғалыс режимін ұстап тұру, бұл құбырларда жоғары деңгейде қысымды реттеуде мүмкін болады;
· құбырларды парафин шөгінділерінен, тұздардан және механикалық қоспалардан мезгіл-мезгіл тазартып тұрумен, олардың жоғарғы өткізгіштік мүмкіндігін ұстап тұру;
· айырғыш қондырғы алдында үлкен диаметрлі құбырдан “тыныштандырғыш” бөлімшелерді пайдалану.
· Ағынның айырғыш қондырғыға түскенге дейін газ-сұйық қоспасының қабаттасқан ағысын және құбырдан таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін депулсаторларды және фазаны соңғы бөлгіштер қолданылады.
10.2. Сурет. Газды алдын-ала бөліп алу құрылғысы (депульсатор). 1-жетектеуші коллекордың ақырғы бөлімшесі; 2-газ жинақтайтын коллектор; 3- газды алып кететін келте құбырлар; 4- бөлетін құбыр; 5-газ желісі; 6-газды газ айырғышқа жіберу; 7-жылжымалы зондтар; 8- суды лақтыру келте құбыры. |
Маңғышлақ түбегі кен орындарында 20-дан 120 м3/м3 дейін және одан жоғары газ факторында депульсаторлар сәтті қолданылуда. (10.2. Сурет.)
Депульсаторды қолдану айырғыштың өнімділігін 1,5-2 есе арттырады, бөлінетін газдың сапасын жақсартады және газдың бүлкілдеу қаупін жояды.