Көтерім қондырғысын есептеу

Кіріспе

"Тұрақты жабдықтар" пәні 5В072400 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығының мамандық модульдері циклына кіреді.

Пәннің мақсаты – өнеркәсіпті мекемелердегі көтерім, желдеткіш, сорғыш, компрессорлы, вакуумды-сорғыш қондырғыларының теория негіздерін және пайдалану тәжірибесін оқып- білуді мақсат етіп алға қояды.

Курстық жобаны орындау міндеттері келесідей.

- көтерім, желдеткіш және сутөкпе қондырғыларының негізгі түрлерінің жұмыс режимдері туралы түсінікке ие болу;

- жабдықтардың таңдалуымен байланысты инженерлі-техникалық мәселелердің шешілуін білу;

- іске қосу және тоқтату, сынауларды жүргізу, пайдалану параметрлерін анықтап жұмыс істей білу;

- электр механикалық қондырғыларының сипаттамалары бойынша практикалық дағдыларды меңгеру.

Берілген пәнді оқу барысында студенттердің шахталық немесе кеніштік көтерім қондырғыларын, желдету және сутөкпе қондырғыларының жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары туралы түсінігі болуы керек.

Көтерім қодырғыларын есептеу алгоритмі жоғарғы «Шахталық стационарлық машиналар және қондырғылар» курсы бойынша тәлім алатын тау- кен мамандықтары үшін курстық жобаны есептеу барысында колданылады.

Ұсынылған әдісте шахталық көтерім қондырғыларының технологиялық жобалауының жаңа қағидалары көрсетілген; курстық жобада қолдануға арналған жаңа қондырғылардың сипаттамасы енгізілген.

Екіскипті цилиндрлік барабаны бар көтерім қондырғысының және сутөкпе қондырғысының есептеу алгоритмі егжей-тегжейлі жасалған, келесі алгоритмдер жұмыс ерекшеліктері бойынша есептеліп және әр түрлі көтерім және сутөкпе қондырғыларын есептеу үшін көрсетілген.

Курстық жобаны орындау «Тұрақты қондырғы» пәнінен студенттердің білімін бекітуге және тереңдетуге мүмкіндік береді және нақты міндеттерді шешу кезінде студенттер алған білімдерін қолдана білетінінің дәлелі болып табылады.

Жалпы ережелер

Берілген курстық жобаның тақырыбы «Шахталық көтерім және сутөкпе қондырғыларын есептеу» болып табылады.

Курстық жобаның түсіндірме жазбасын және графикалық бөлігін ресімдеу осы әдістемелік нұсқау бойынша жүргізіледі.

Курстық жобаның түсіндірме жазбасының көлемі мәтіні машинамен басылған 20-30 бетті құрауы тиіс және графикалық бөлігі А1 форматындағы 1 сызбадан тұрады.

«Шахталық немесе кеніштік көтерім және сутөкпе қондырғыларын есептеу» тақырыбындағы курстық жоба екі бөлімнен тұрады. Бұл курстық жобаның бөлім атаулары:

1- бөлімі: Шахталық немесе кеніштік көтерім жүйесін жобалау;

2- бөлімі: Шахталық немесе кеніштік сутөкпе қондырғысын есептеу болып келеді.

Курстық жобаның 1- бөлімінде шахталық көтерім жүйесін жобалау үшін цилиндрлік барабаны бар екі скипті көтерім қондырғысын есептеу, көтерім канатын есептеу, көтерім машинасын есептеу және таңдау және т.с.с есептеулер жүргізілген.

2- бөлімінде сутөкпе қондырғысының негізгі жабдығы таңдалады және сутөкпе қондырғысының құбырлары есептелінеді. Бөлімнің соңында сутөкпе қондырғысының ПӘК-і есептелінеді.

Курстық жобаның графикалық бөлімінде шахталық көтерім қондырғысының оқпан маңындағы орналасу схемасы, насос қондырғысының схемасы және сутөкпе қондырғысының құбырларының орналасу схемасы А1форматтағы бетке сызылады (қосымша А қараңыз).

Курстық жобаға жеке тапсырмаларды алғаннан кейін әр студент курстық жоба бөлімдерін сапалы және уақтылы орындауға міндетті және курстық жоба жетекшісі белгілеген мерзімде есеп беріп тұруы тиіс.

Жобалау және есептеу үшін бастапқы деректер 1 - кестеде берілген, әр нұсқа сынақ кітапшасының нөміріне немесе топ журналының реттік нөміріне сәйкес таңдалады.

Дістемелік нұсқаулықтар

Көтерім қондырғысын есептеу

Көтерім қондырғысының сағаттық өнімділігі келесі формула бойынша есептелінеді:

  Көтерім қондырғысын есептеу - student2.ru (1.1)

мұндағы N – бір жылдағы жұмыс күні, күн;

t – бір тәуліктегі көтерім жұмысының уақыты, сағат;

С – көтерім жұмысының тұрақсыз коэффициенті.

Көмір шахталары үшін бірканатты көтерім скипінің жүккөтергіштігі Г.М. Еланчиктің формуласымен анықталады:

  Көтерім қондырғысын есептеу - student2.ru (1.2)

мұндағы Нш –шахта тереңдігі;

θ- көтерім сауытын тиеп- түсіруге кететін уақыт (шамамен 10 сек деп алуға болады).

Скиптің жүккөтергіштігін анықтаған соң, Қосымшадағы, 2- кесте арқылы жүккөтергіштігіне сүйене отырып, скиптің белгілі бір моделін таңдаймыз. 2- кестедегі таңдалған скиптің техникалық сипаттамаларын жазып аламыз.

Ауысымды түсіріп – көтеруге қажет циклдар саны

  Көтерім қондырғысын есептеу - student2.ru (1.3)

Ауысымды түсіріп- көтеруге қажет уақыт

  Көтерім қондырғысын есептеу - student2.ru (1.4)

Көтерім ыдыстарының қозғалысының ұзақты

  Көтерім қондырғысын есептеу - student2.ru (1.5)

мұндағы θ- 1*- кестесінен таңдаймыз;

Көтерім биіктігін келесі формула арқылы есептейміз:

  Көтерім қондырғысын есептеу - student2.ru (1.6)

мұндағы hтиеу – тиеу биіктігі, м;

hтүс – жер бетіндегі скиптің түсіру биіктігі, м;

hр – скип рамасының бункер жиегінен асуы, скип сипаттамасынан алынады, шамамен аударылмайтын скиптарға 0,3м.

Көтерім сауытының орта және максималды жылдамдығы

  Көтерім қондырғысын есептеу - student2.ru (1.7)
  Көтерім қондырғысын есептеу - student2.ru (1.8)

мұндағы, α – жылдамдықты еселегіш, скиптарда 1,25-1,35;

Наши рекомендации