Тамақтанушыларға арналған бөлменің кіру тобы
Адамдарға арналған вестибюльдер кәсіпорынның қуаттылығына, типіне және «пик» уақытындағы адамдар ағымына байланысты есептелінеді және жобаланылады. Асханадағы вестибюльдің ауданы бір орынға, нормаға сай 0,3 м2,ал мейрамханадағы –0,45 м2. Вестибюль бөлмесінде табиғи жарық және биіктігі 3 м-ден кем болмауы керек. Оның ауданында кіру тамбурлары, киім шешу бөлмесі және дәретхана орналасады.
Киім шешетін бөлменің ауданы бір ілгішке 0,1 м анықталады. Ілгіштердің сандары залдағы 100% адамдардың санына сәйкес, «пик» уақытында 10% қосымша ілгіштер болуы қажет. Киім шешетін бөлмедегі т3к тұрғыштарда 6-7 ілгіштер болу керек, ілгіштер қатарларының арасы 0,8 м., сатушы сөресі мен ілгіштер арасы 0,6 м. болуы қажет.
Дәретханалар вистебюльде орналасады және киім шешетін бөлмеге жақын болу керек. 300 орынды кәсіпорындағы дәретханада 60 адамға 1 унитаз беріледі, 300 орыннан көп болса, 1 унитаз 100 адамға келеді. 50 орыннан кем кәсіпорында 2 дәретхана құрастырылады (ерлерге және әйелдерге).
Ерлердің дәретханасында бір унитазға бір писсуардан болуы тиіс, ал сырахананың дәретханасында 2 писсуар. Дәретханаларда әр бір 4 унитазға 1 қол жуғыштан болуы керек. Вестибюльдерде 50 орынды залға немесе қосымша бөлмелерге 1 қол жуғыштан болуы қажет, вестибюлі жоқ дәмханаларда, қол жуғыштар залда орналасады.
Даяшылары қызмет ететін мейрамханалар мен дәмханалардың дәретханаларында қосымша ауданы 4 м2 кем емес дәрет бөлмесі ұйымдастырылады.
Кулинарлы дүкендер
Жартылай өндірілген өнімдер мен кулинар өнімдер дүкендері жартылай өндірілген өнімдер, кулинарлық және кондитерлік өнімдер, сондай-ақ тауарды ұсақ жекелеуге сай келетін (қыша, түбір тамыр, тұздық, т.б.) кең ассортименттерге арналған. Дүкендер қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының құрамына, сонымен қатар жеке-дара тұрған мекемелерге және басқа да бағыттарға арналған ғимараттарға жобалана алады.
Дүкендердегі қызмет көрсетулердің түрі сатушы арқылы немесе өзіне қызмет көрсету арқылы болуы мүмкін.
Дүкен құрамына кіретін мекеме ішіндегі бөлмелердің аудан көлемі сатушылардың қызмет көрсету немесе өзіне қызмет көрсетуі кезіндегі сауда орталығының көлемі жұмыс орнының санына байланысты және олар ҚНжЕ мен анықталады.
Азық-түлік дүкендерінде ыстық сусындар, бәліштер, шырындар және басқа да өнімдер сол жерде қолданылатын, сонымен қатар кейбір сол сияқты тауарлар өндірілетін шағын кафетериясы болады. Мұндай жағдайда бөлімшенің құрамында ыдыс жуатын шағын бөлімше болады.
Санитарлық талаптарға сәйкес жартылай өңделген өнім, ұн және кондитер өнімдерін сататын, тоңазытқыш – витриналарымен және сөрелерімен әртүрлі жұмыс орындары қажет. Сондай – ақ дүкен залдарында кассалар, тарату тік тұрғыштары және тауарларды қаптауға арналған үстелдер болуы керек.
Азық-түлік дүкенінің алаңында (асханаларда, мейрамханаларда) үйге түстік алып кететін бөлме орналасады. Ол тоңазытқыш сөрелерімен жабдықталған. Бөлме ыңғайлы ыстық және салқын цехтарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Мекеме ауданындағы үйге түстік тамақ алып кететін асханаларда 50 орынға кемінде 10 м2 құрайды, ал үлкен сыйымдылықтағы асханадағы 50 орынға 5 м2 қосылады.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарынң кейбір мекемелерінің құрамына кіреді:
- келушілерге арналған демалу орны;
- дәрігер бөлмесі,
- даяшыларға арналған бөлме;
- музыкалық аспаптарды сақтайтын бөлме;
- әртістік;
- кафе кеңесі бөлмесі;
- ойын бөлмесі;
- темекі шегуге арналған орын.
Кәсіпорнын құрамына кіретін бөлмелер кәсіпорын типімен және ҚНжЕ қарастырылады.
Демалу ауданы емдемдік асханада тамақтанушыларға 1 орын 0,2 м2, дәрігер бөлмесінің жалпы алаңы 9 м2 есептеледі. Жастар кафесінде 1 орынға 0,1 м2 . Балалар дәмханасындағы ойын залындағы 1 орын 0,24 м2 құрайды. Арзан асханалар мен кафелер залы алаңындағы буфет ауданы 6...12 м2.
Емдемдік асханадағы дәрігер бөлмесі мен демалыс орыны жақын орналасуы керек; мейрамханадағы даяшыларға және музыкалық аспаптарға арналған бөлмелер де залға жақын орналасуы қажет.
Келушілер бөлмесінің құрамындағы және топтар ауданындағы күнделікті бағдарламалардың өзгеше типтері есепке алынуы керек. Келушілер бөлмелерінің топтар ауданын 25%-ға дейін кеңейтуге болады.