Тақырыбы: №6 практикалық жұмыс. Қопсытқыштың тартымды-лық күші және оның өнімділігін анықтау

Жұмыс мақсаты - берік топырақтағы қопсытқыш жұмысының тиімділігін анықтау.

Тапсырманың нұсқалары 6.1-кестеде берілген.

6.1-кесте - Бастапқы мәліметтер

Нұсқа Өндірілетін топырақ Трактор маркасы Тіс саны z Қопсытқыш тереңдігі hp, м Қопсыту учаскесінің ұзындығы, L, м
Тығыз топырақ Т-130 0,15
Тығыз құмайт Т-220 0,25
Тығыз саз Т-220 0,35
Балшық Т-330 0,45
Ауыр балшық ДЭТ-250 0,25
Қиыршық тас пен саз Т-180 0,2
Малта тас Т-100М 0,12
Балшық Т-130 0,15
Тығыз топырақ Т-180 0,30
Тығыз саз Т-220 0,35
Ауыр саз ДЭТ-250 0,3
Қиыршық тас пен саз Т-330 0,45
Тығыз топырақ Т-130 0,2
Малта тас Т-180 0,25
Тығыз топырақ Т-220 0,35
Тығыз құмайт ДЭТ-250 0,45
Саз Т-330 0,35
Ауыр саз ДЭТ-250 0,25
Қиыршық тас пен саз Т-180 0,2
Саз Т-100М 0,15

Тайғанақтауынсыз қопсытқыш жұмысының тиімділік шарты

Тсц ≥ Tт ≥ Σ Wi, Н, (6.1)

мұндағы Тсц – ілінісу бойынша қопсытқыштың тартымдылық күші, Н;

Tт – трактормен дамитын тартымдылық күші, Н;

Σ Wi – қопсытқышқа қосынды кедергісі, Н.

Ілінісу бойынша қопсытқыштың тартымдылық күші мына формуламен анықталады:

Тсц = G сц р. φсц , Н (6.2)

мұндағы Gрсц – қопсытқыштың ілінісу салмағы, Н;

φсц – шынжыр табанының топырақпен ілінісу коэффициенті.

Қопсытқыштың ілінісу салмағы базалық тракторға байланысты болады келесі түрде табылады:

G сц р= (1,35÷1,45)Gсц , Н, (6.3)

мұндағы Gсц – трактордың ілінісу салмағы, Н.

Gсц = g . m0 , H, (6.4)

мұндағы g – еркін түсу удеуі, g = 9,81м/с2;

m0 – трактордың жалпы массасы, кг.

Шынжыртабанның топырақпен ілінісу коэффициенті топырақтың түріне байланысты алынады, φсц =( 0,6 – 0,9). Тығыз топырақ үшін үлкен мәні алынады, жұмсақ топырақтар үшін кіші мәні алынады.

Базалық трактор тудыратын тартымдылық күші мына формула бойынша анықталады:

Тт = Тақырыбы: №6 практикалық жұмыс. Қопсытқыштың тартымды-лық күші және оның өнімділігін анықтау - student2.ru , Н, (6.5)

мұндағы: Nдв – трактор қозғалтқышының қуаты, кВт;

ηn – беріліс ПӘК-і, η = 0,75-0,85 қабылданады;

υ – қопсытқыш қозғалысының жұмыс жылдамдығы, м/с.

Қопсытқыштың жұмыс үрдісінде келесі кедергі күштері пайда болады:

Тақырыбы: №6 практикалық жұмыс. Қопсытқыштың тартымды-лық күші және оның өнімділігін анықтау - student2.ru

6.1-сурет – Есептік схемасы

∑Wi = W1 + W2, Н, (6.6)

мұндағы W1 – топырақты қопсытудың кедергі күші, Н;

W2 – қопсытқыштың қозғалысының кедергі күші, Н.

Топырақты қопсытудың кедергі күші

W1 =kр. ·bз·hр·zз , Н. (6.7)

мұндағы kр – топырақты қопсытудың меншікті кедергісі, мПа;

bз – тістің ені, м;

hр – қопсыту тереңдігі, м;

zз – қопсыту тістерінің саны, дана.

Тістің ені

Тақырыбы: №6 практикалық жұмыс. Қопсытқыштың тартымды-лық күші және оның өнімділігін анықтау - student2.ru (6.8)

байланысы бойынша анықталады. Бұдан

Тақырыбы: №6 практикалық жұмыс. Қопсытқыштың тартымды-лық күші және оның өнімділігін анықтау - student2.ru , м, (6.9)

мұндағы hр – қопсыту тереңдігі, м.

Топырақты қопсытудың меншікті кедергісі топырақтың түріне байланысты және 6.2 кестеден алынады.

6.2-кесте - Топырақты қопсытудың меншікті кедергісінің мәндері

Топырақ түрі Тығыз топы-рақ Тығыз құ-майт Ты-ғыз саз Бал-шық Ауыр бал-шық Ұсақ гра-вий Ұсақтас пен саз
Меншікті кедергі Кр, МПа 0,3-0,6 0,6-0,9 0,7-1,2 1,1-1,6 1,7-3,0 1,7-3,0 1,6-3,2

Қопсытқыштың қозғалысының кедергі күші келесі формула бойынша анықталады:

W2 = Gсц.р (f + i), Н, (6.10)

мұндағы Gсц.р – қопсытқыштың ілінісу салмағы, Н;

f – қозғалыс кедергісінің коэффициенті, f = (0,06 - 0,12) аралығында алынады.

Қопсытқыштың өнімділігі келесі формула бойынша анықталады:

П = Тақырыбы: №6 практикалық жұмыс. Қопсытқыштың тартымды-лық күші және оның өнімділігін анықтау - student2.ru , м3/сағ, (6.11)

мұндағы L – қопсыту учаскесінің ұзындығы, м;

h – қопсыту тереңдігі, м;

B3 – қармауыш ені, м, B3 = z·B + d·(z-1) , м;

kВР – уақыт бойынша қолдану коэфиценті, kВР = 0,75-0,8;

υР – қопсыту барысындағы жылдамдық, м/с, υР = (0,3-0,8) м/с қабылданады;

tn.n – бұрылыстар мен қопсытқышты жүргізудегі берілістер ауыстыру уақыты, tn.n = (60-90) сек ;

n – бір кесу бойымен өту саны, n = 1-2;

a – тістер арасындағы аралық, а = (0,2÷1,2) м қабылданады.

Наши рекомендации