Бөлім. Өндірістің жанама өнімдері және іске асатын қалдықтарының технологиялық сипаттамалары

10.1 Жанама өнімдердің құрамы, қасиеттері және техникалық сипаттамалары, олардың қасиеттері мен құрамдарын регламенттейтін МЕМСТ-тар, техникалық шарттар және басқа да нормативтік құжаттар.

10.2 Жанама өнімдердің қолданылу көлемдері және қолданылу облыстары.

10.3 Жанама өнімдерді сақтау, тасымалдау және ыдысты таңдау бойынша ұсыныстар.

10.4 Өндірістің іске жаратылатын қалдықтарының сипаттамалары: кубтық өнімдер, шайырлы заттар, қолданылып болған катализаторлар мен сорбенттер (мөлшері, құрамы, салқындау температурасы, тасымалдануларының шарттары). Дайын өнімнің бір бірлігіне қатысты болатын тастанды қалдықтардың мөлшерінің қатынасы және олардың тазалау мен өңдеуден өткізілгенге дейінгі және тазалау мен өңдеуден өткізілгеннен кейінгі құрамы.

10.5 Өндірістің іске асатын қалдықтарын өңдеу технологиясының (әдістері, технологиялық және режимдік параметрлері) өңдеуінен кейінгі екіншілік өнімдерінің шығымы, құрамы және оларды ешқандай өңдеусіз пайдалану бағыты.

Ескерту: қалдықтарды өңдеу негізінде алынатын өнімдерді немесе өндірістің іске жарайтын қалдықтарын пайдалану бойынша ұсыныс қолданылу мүмкіндіктері туралы құжаттармен дәлелденуі керек.

Тарау. Технологиялық процестер мен аппараттардың математикалық өрнектелуі

11.1 Тәжірибелік мәліметтерге негіздемелініп жасалынып өнеркәсіптік реакторлардың практикалық қолдану мүмкіндіктеріне дейін жеткізілген реакторлардың және басқа да технологиялық түйіндер мен қондырғылардың жалпыламалық математикалық модельдері. Реакторлардың және басқа құрал-жабдықтардың оптималды модельдерін таңдау бойынша және оригиналды құрылғылар мен түйіндердің техникалық жобаларының көрсетілуі.

Тарау. Негізгі өндірістік технологиялық қондырғыларды есептеу, құру, таңдау және құрылыс құрылымын қорғауға арналған мәліметтер

12.1 реалды орталарда және ұсынылатын режимді параметрлердегі жағдайларда тәжірибелік тексеру негізінде негізгі технологиялық қондырғылар үшін құрылымдық материалдарды таңдау бойынша ұсыныстар. Өндірістің барлық технолдогиялық сызбанұсқасы бойынша құбырлар, арматуралар және төсемдер үшін материалдады таңдау бойынша ұсыныстар.

Аппаратура типі, фланцті қосылыстардың мығымдалынуы, сальниковый толтырымдар материалдары, майлайтын майлар, құбырлар мен арматуралар үшін тығыздайтын сұйықтықтар мен арматуралар бойынша ұсыныстар.

12.2 Ұсынылатын құрылымдық материалдардың сәйкес орталардағы коррозия түрлері мен жылдамдықтары.

12.3 Ұсынылатын қондырғылардың құрылымдық тәжірибелік қондырғыларында тексеру нәтижелеріне негізделінген болуға тиісті негізгі технологиялық қондырғыларды құру және таңдауына арналған ұсыныстар мен талаптар.

12.4 Реакциялық процестер үшін: көлем бірлігінен алу, катализатордың салмақ бірлігінен алу, реакцияласушы заттардың жанасып әсерлесулерінің уақыты, көлемдік және сызықты жылдамдықтар, процестің ұсынылған жағдайларында катализатордың қатпарының кедергі шамасы, араластыратын құрылғының типі, араластырудың интенсивтілігі және т.с.с. Процестің ингибиторлары туралы мағлұматтар.

Құрылғыларды таңдауға қатысты жасалынатын ұсыныстар дәл сондай қондырғылардың тәжірибелік үлгілерін нақты орталарда эксперименттік сынау нәтижелеріне негізделінуі тиіс. Эксперимент жүзінде мыналар анықталуы қажет: меншікті өнімділік, фильтрлейтін маталардың типтері, оларды регенерциялаудың әдістері, өнеркәсіптік агрегаттарды есептеу әдістері, аталған процестерге дейінгі және кейінгі құрамдар.

Құрылыс құрылымдарын жаңа заттардың коррозиялық және еріткіштік әрекетінен қорғау бойынша ұсыныстар. Қондырғыларды және құбырларды коррозиялық қорғау бойынша (барлық бөлімдер мен телімдер бойынша) ұсыныстар.

12.5 Оригиналды аппраттарды қолдану бойынша ұсыныстар. Мұндай аппараттардың техникалық жобалары (өндірісте сыналған аппараттармен аналогиясы). Бұл аппараттардың құны, барлық жөндеу жұмыстарын ескерумен жұмыс істеуі, оларға қызмет көрсету бойынша ұсыныстар.

Наши рекомендации