Тақырыбы: №4 практикалық жұмыс. Автогрейдердің тартымды-лық және өнімділік есебі
Жұмыс мақсаты - автогрейдердің негізгі параметрлерінің есебін жасау.
4.1-кесте - Бастапқы мәліметтер
Нұс-қа | Автогрей-дер түрі | Авто-грейдер массасы ma, т | Үйінді ұзын-дығы В, мм | Үйін-ді биік-тігі Но,мм | Доңға-лақ- тың форму-ласы | Топы-рақ түрі | Телім ұзын-дығы L, м |
Жеңіл | 1*2*3 | Құмайт | |||||
Жеңіл | 1*2*2 | Құм | |||||
Орташа | 1*2*3 | Құмайт | |||||
Орташа | 1*2*2 | Саз | |||||
Ауыр | 1*3*3 | Балшық | |||||
Ауыр | 3*3*3 | Балшық | |||||
Ерекше ауыр | 1*3*3 | Ауыр балшық | |||||
Ерекше ауыр | 3*3*3 | Ауыр балшық | |||||
Жеңіл | 1*2*3 | Құм | |||||
Жеңіл | 1*2*2 | Құмайт | |||||
Орташа | 2*2*2 | Құмайт | |||||
Орташа | 2*2*2 | Құмайт | |||||
Ауыр | 1*3*3 | Саз | |||||
Ауыр | 1*3*3 | Балшық | |||||
Ерекше ауыр | 3*3*3 | Ауыр балшық | |||||
Ерекше ауыр | 3*3*3 | Ауыр балшық | |||||
Жеңіл | 1*2*3 | Құм | |||||
Орташа | 2*2*2 | Саз | |||||
Ауыр | 1*3*3 | Саз | |||||
Ерекше ауыр | 3*3*3 | Балшық |
Автогрейдердің тайғанақтауынсыз қозғалысының шарты
Тсц ≥ Тт ≥ ∑ Wi, болып жазылады, (4.1)
мұндағы Тсц - тартымның ілінісуі бойынша күші, Н;
∑ Wi – кедергі күшінің жинағы, топырақты жылжытуда және кесуде пайда болады.
Тартымның ілінісуі бойынша күші мына формула бойынша анықталады:
Тсц = Gсц ·φсц, Н, (4.2)
мұндағы Gсц - автогрейдердің ілінісу салмағы, Н;
φсц - доңғалақтың топырақпен ілінісу коэффициенті.
Автогрейдердің ілінісу салмағы мына формула бойынша анықталады:
Gсц=ξ·Мa· g, Н, (4.3)
мұндағы ξ – доңғалақты формулаға байланысты бөлу коэффициенті, доңғалақты формула үшін 1*3*3, 3*3*3 және 2*2*2 – φ=1,0, ал 1*2*3 және1*2*2- ξ =0,75 үшін.
Ma- автогрейдер массасы, кг
g – еркін түсу үдеуі, g=9,8 м/с2.
Доңғалақтың топырақпен ілінісу коэффициенті топырақтың түріне байланысты қабылданады φсц=0,4-0,8. Тығыз топырақ үшін артық мәнде, жұмсақ топырақ үшін кем.
Тартымдық күші, қозғалтқыштың артуы мына формула бойынша анықталады:
Тт= , H, (4.4)
мұндағы Nдв. – қозғалтқыштың қуаты, кВт;
ŋп – берілістің П.Ә.К-і, ŋп = 0.75-0.85 – пен қабылданады;
V – а втогрейдердің жұмыс берілісіндегі қозғалыс жылдамдығы, м/с;
Қозғалтқыштың қуатын және жүрістің жұмыс жылдамдығын 4.2 кесте бойынша қабылданады.
4.2-кесте - Автогрейдер сипаттамасы
Автогрейдер түрі. Параметрі | Жеңіл | Орташа | Ауыр | Ерекше ауыр |
Массы, т | 7-10 | 10-15 | 15-20 | 20-25 |
Қозғалтқыштың қуаты, кВт | 50-70 | 70-100 | 100-200 | 200-300 |
Жүрістің жұмыс жылдамдығы, км/с | 3,6-38,1 | 3,2-39 | 4,0-47 | 4,0-47 |
3.1-сурет - Есептік схемасы
Σ Wi =W1+W2+W3+W4+W5, H, (4.5)
мұндағы W1 – топырақтың кесуге кедергісі, Н;
W2 – топырақтың үйінді алдындағы жылжу кедергісі, Н;
W3 – топырақтың үйіндімен жоғарыға қарай жылжуға кедергісі, Н;
W4 – топырақтың үйінді бойына жылжу кедергісі, Н;
W5 – автогрейдер қозғалысына кедергісі, Н.
Топырақтың кесуге кедергісі мына формула бойынша анықталады:
W1=B·h·k0 ·sin φ, Н, (4.6)
мұндағы B – үйінді ұзындығы, м;
h – кесу тереңдігі, м;
k0 – топырақтың кесуге кедергісінің мөлшерлік коэффициенті, топырақтың түріне байланысты қабылданады, k0=100-150 кН/м2 құм үшін кем мәнде, балшық үшін артық мәнде қабылданады.
φ – үйіндінің қондырғы бұрышы φ=400-800 болып қабылданады.
Кесу тереңдігі еркін тартым күшінің теңдеуімен анықталады:
Gсц.а· φсц,=Fc·k1, Н, (4.7)
мұндағы Fc – топырақ жоңғысының кесілген қиылысының алаңы;
k1 – топырақты қазудағы мөлшерлік кедергісі, кесуді ғана емес, сонымен бірге, үйінді алдындағы және үйінді бойымен топырақтың жылжуын ескереді, топырақтың түріне байланысты қабылданады;
k1=200-300 кН/м –тең, құм үшін кем мәнде, балшық үшін артық.
Топырақ жоңғысының кесу қиылысының алаңы
Fc=h B, м2. (4.8)
Осыны ескере отырып, кесу тереңдігін табамыз:
h= , м. (4.9)
Топырақтың үйінді алдындағы жылжу кедергісі мына формула бойынша анықталады:
sinφ, Н, (4.10)
мұндағы Vпр- үйінді алдында жатқан топырақтың көлемі, м3;
0 – топырақтың көлемдік массасы, кг/ м3, топыраққа байланысты γ0 =1200-2000 кг/ м3, балшық үшін артық мәнде қабылданады.
– топырақтың топыраққа үйкелісу коэффициенті, топырақ түріне байланысты. Μ1=0,5-1,2- де, балшықты топырақ үшін кем мәнде қабылданады.
kp – топырақты қопсыту коэффициенті, kp= 1,05-1,45 балшық үшін артық мәнде қабылданады.
φ – үйіндінің қондырғы бұрышы φ=400-800 болып қабылданады.
Үйінді алдында жатқан топырақтың көлемі мына формула бойынша аңыкталады:
Vпр= , м3, (4.11)
мұндағы В және Н –үйінді көлемі, м;
ε – топырақтың табиғи құламасының бұрышы, φ=30º-45º-пен қабылданады.
Топырақтың үйіндімен жоғарыға қарай жылжуға кедергісі мына формула бойынша аныкталады:
W3= , Н, (4.12)
мұндағы – топырақтың болатқа үйкелісу коэффициенті, µ2= 0,35-0,9 жабысқақ топырақ үшін артық мәнде қабылданады.
δ – топырақтың кесу бұрышы δ=300-450 пен қабылданады.
Топырақтың үйіңді бойына жылжу кедергісі мына формула бойынша анықталады:
W4= H. (4.13)
Автогрейдер қозғалысына кедергісі мына формула бойынша анықталады:
W5=Gсц.a (f± i), Н, (4.14)
мұндағы f - автогрейдер қозғалысының мөлшерлік кедергісі, f =0,1-0,2 құм үшін артық мәнде қабылданады;
i – жергілікті еңісі, i=0,01-0,025 –пен қабылданады.
Автогрейдердің қозғалыс шартын мына шарт бойынша тексеріледі:
Тсц≥ Тт≥Σ Wi. (4.15)
Шарт орындалмаған жағдайда, есепті қайталап, шығу көрсеткіштеріндегі дәлелді өзгерістерді жасау қажет.
Автогрейдердің өнімділігі
а) жоспарланған жұмыста мына формула бойынша анықталады.
Па= , м2/см, (4.16)
мұндағы С – ауыстыру ұзақтығы, С=(8-12) сағатта қабылданады;
L – жоспарланған алаңның ұзындығы, м;
Vp – жоспарлаудың жұмыс жылдамдығы, Vp=1,2-2,0 м/с;
tn.n – берілістерді ауыстыру уақыты, үйіндіні басқару және т.б tn.n=(60-80) с;
n – бір ізбен өту жолы, n =1-3-пен қабылданады;
kвр – автогрейдерді уақытпен пайдалану коэффициенті kвр=0,75-0,80.
б) топырақты кесу және тасымалдау жұмыстарында
Па = 3600·Vпр·kукл·kвр/Тц,м3/ч, (4.17)
мұндағы kукл – жергілікті еңіс әсері коээфициенті, kукл = (0,8-1,2);
kвр – автогрейдерді уақыт бойынша пайдалану коээфициенті, kвр = (0,75-0,85);
Тц – автогрейдердің жұмыс циклының уақыты.
Тц = tр + tпр + tпл + tх.х + tп.п, с, (4.18)
tпр - топырақты тасымалдау уақыты, автогрейдердің жылдамды-ғында vпр = (0,8-0,9) м/с;
tпл - топырақты жоспарлау уақыты, автогрейдердің жылдамды-ғында vпл = (0,7-0,8) м/с;
tх.х – бос жүріс уақыты, автогрейдердің жылдамдығында vх.х = (0,8-0,9) м/с;
tо.ц – циклға қызмет көрсету уақыты, tо.ц = (60-80) с;