Силикоды көшірме қоспалар
Силиконды көшірме қоспалар стоматологияда 50-ші жылдары пайда болды. Силиконды көшірме материалдары көп жағдайда қосарланған көшірме алу үшін қолданылады. Қоспаны дайындау үшін шыны пластинканың астына қойылған мөлшерлік қағаз шкаласының көмегімен өлшеніп алынған негізгі сықпаның қажетті мөлшеріне католизаторлық сұйықтықты немесе сықпаны қосады. Пластмасалық шпательдің көмегімен біркелкі тығыздықтағы немесе түстегі қоймалжын зат алынғанша араластырады. Қатты тығыздықтағы сықпа арнайы өлшеуіштермен тартылып алынады және католизатор сұйықтықты қосқаннан кейін қолда араластырады. Араластыру уақыты 45 секунд. Силиконды қоспалардың бірі 2,5 - 4-тен кейін қатса ал екіншілері 5-8 минуттан кейін қатады. Сонымен силикоды материалдаер тістер ақауында, тістерден жартылай және толық айырылғанда қолданылады.
Қолданылатын силиконды материалдар бір-бірінен өзара полемиризация реакция миханизімімен ерекшеленеді.
Силикоды көшірме материалдарының ең жақсыларының бірі 2 негізгі сықпадан тұратын жапондық Экзафлекс болып табылады.
Темопластикалық көшірме материалдар
Темопластикалық көшірме материалдар:
1. Ауыз қуысы тіндерінің ауру сезімін және күйгін тудырмайтын температурада жұмсаруы тиіс
2. «Жұмысшы» температура аралығында жабысқақ болмауы тиіс
3. Ауыз қуысынан біршама артық температурада қатуы тиіс
4. Құралдармен жеңіл өңделеді
Темопластикалық заттарға сонымен қатар балауыз, стенс, гуттаперче, парафин, стеарин, церезин-Керра және Вайнштейн қоспалары, дентофоль және т.б. жатады. Мұндай қоспалар қыздырған кезде иілгіш келеді. Сонымен қатар термопластикалық көшірме қоспаларына дентофоль және ортокор да жатады.
Модель/үлгі/ жасау үшін қажетті материалдар
Тіс не жақ-бет протезі, металды не плакстмассалы шендуіштер және басқа да кез келген, тіпті сынаны қосқандағы стоматологиялық аппараттардың барлығының белгілі бір қатаң түрдегі жеке тағайындалулары, сонымен қатар пішін икемділігі /конфигурациясы/ модельдеу арқылы жүзеге асырылады.
Модель жасауға қажетті стоматологиялық балауызды материалдар
Токсикологиялық енжарлығымен қатар модель жасайтын балауызды материалдар төмендегідер талап етіледі:
1. Аз шегуі
2. 41-55ºС аралығындағы температуралық интервалда жақсы созылғыштық қасиеті
3. Ауыз қуысында алынған өнім пішінінің тұрақтылығын қамтамассыз ететін 37-40º температурада жеткілікті қатты болуы
4. Бөлме температурасында өңдеу барасында сыну және ыдыраудың, сонымен қатар 500º температурада балқытылғаннан кғейінгі салмақты қалдығының болмауы
5. Жұмсарғанда біркелкі болуы
6. Протез материалын боямауы, гипсті пішінен тез және түгелдей алынуы, протез материалымен жеңіл ауыстырылуы
7. Ауыз қуысы шырышты қабатының реңінен айрықшаланатын түсте болуы
Балауыз балқу температурасы 40-90ºС болатын май тәрізді аморфты зат.
Балауыздар төмендегідей топтарға бөлінеді:
- өсімдік текті
- құмырсқалар мен жануарлар өндіретіндер
- миниральді
- қазбалы
- жасанды
Стоматологиялық тәжирибеде балауыздар көп жағдайда әртүрлі компоненттен тұратын композиция түрінде қолданылады. Бұл қоспалар табиғи жасанды балауыздан, шайырдан, майларданжәне май қышқылдарынан, сұйық майдан, пигменттен және бояғыштардан тұрады.
Балауызды қоспалардың тағайындалуына байланысты төмендегідей түрлері бар :
- базисті
- бюгельді
- алынбайтын протездер үшін үлгі алу, оның ішінде сынаға арналған батырылатын қоспалар
- профильді.
Базисті балауыздар
- Базисті балауыз ашық қызыл түсті, өлшемі 170*80*1,8 мм болатын тікбұрышты пластинка түрінде шығарылады. Оның төмендегідей қасиеттері бар:
- Жоғары созылғыштығы, қыздырған жағдайда пішінге жақсы келеді;
- Сындырылмай және қабаттары ажырамай құралмен жақсы өңделеді;
- Жанарғы шамының жалынында жеңіл балқытылғаннан кейін беті тегістеледі;
- Балауыз үлгінің салқындауында қалдық кернеуі онша үлкен болмайды;
- Гипсті пішін қайнаған сумен түгел және қалдықсыз жуылады;
- Базисті балауыздың құрамы /салмағына байланысты/;
- Парафин – 77,99;
- Церезин – 20,0;
- Даммар шайыры – 2,0
- Бояғыш – 0,01.
Базисті балауыздың қолданылуы: алмалы протез базистерінен, ортодонтикалық аппараттардан және жеке қасықтардан үлгі алу, окклюзиялық тістеме бар балауыз базистерін дайындау болып табылады.
Бюгельді балауыздар
Бюгельді балауыз диаметрі 82мм, жуандығы 0,4 және 0,5мм болатын ашық қызыл түсті дискі түрінде шығарылған. Оның құрамына базисті балауызға ұқсас келеді, бірақ арнайы технологиялық өңдеу нәтижесінде балауызды фольга жоғарғы созылғыштығымен және жылулық шегуінің аз болуымен сипатталады. Доғалы протездің қаңқасын үлгілеуде аралық қабатты құру үшін қолданылады.
Доғалы проздер үшін үлгілеу құйма балауыздары құйма формодент және қатты формодент атаулармен тікбұрыш пішініндегі жасыл түсті пластинка түрінде шығарылады.
Құйма формодент балауызды композицияны құрайды, қыздырған жағдайда әртүрлі кламердің доғаның және доғалы протездің басқа элеметтерін балауызды үлгісін дайындауға тағайындалған форма ұяшықтарын – матрицаларды оңай толтырады.
Балауыз қайталау ағар материалын қолдану арқылы отқа төзімді гипсті модельді қайталау әдісімен құйылған модельде ғана қолданылады.
Жұмысшы температурасы 20ºС-ден төмен болмауы тиіс. Балауызды шаблонның жинағы төмендегідей стандарттық дайындамалардың:
- кламмерлердің/екіиықты Бонигард кламмері; Роуч кламмері; сақиналы кламмерлер; көпбөлікті кламмерлер; премолярлық кламмерлер мен молярларға салынатын кламмерлер/;
- үлкен және кіші пластинкалы ретенциялық торлардың;
- тарақты ретенциялық құрылғылардың;
- төменгі жаққа салынатын доғалардың болуын қарастырады.