Пәннің қысқаша мазмұны

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Металлургия және полиграфия институты

Түсті металдар металлургиясы

пәннің қысқаша мазмұны - student2.ru

СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Шикізатты дайындаудың гидро- және пирометаллургиялық тәсілдер

Металлургия мамандығы үшін

Алматы 2008

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 050709 Металлургия бойынша «Шикізатты дайындаудың пиро- және гидрометаллургиялық тәсілдер» пәнінің оқу-әдістемелік кешені»

Құрастырған ТММ кафедрасы, Алматы: ҚазҰТУ, 2008 - 65 бет.

Құрастырушы:

Рахимбаев Берік Сағидоллаұлы, техника ғылымдарының кандидаты, оқытушы

Атанова Ольга Вячеслаловна, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Алдоңғаров Есен Маратұлы, ТММ кафедрасының асситенті

Аңдатпа (аннотация)

Металлургия өндірісінің бакалавр-металлург дайындау үрдісінің негізгі бір бөлігі болып саналатын ол студенттерге жалпы металлургияның негіздерімен танысу, соның ішінде байытудан бастап, металдарды қысым арқылы өңдеу үрдістерімен байланысты 3-4 өңдеумен аяқтау. ОӘК бірінші бөлімінде байыту әдістермен байыту фабрикаларының механикалық жабдықтары туралы мәліметтен келтірілген. ОӘК екінші бөлімінде металлургиялық үрдістермен металдарды өндіру тәсілдері туралы мәліметтер қарастырылған.

Дүниежүзілік қогамның техникалық дамуындағы металлургияның, байыту өндірісі, дайындау өндірісі, оның ішінде агломерация және кесектендіру, пирометаллургия, гидрометаллургия немесе электрметаллургия туратын металлургиялық өндірісінің атқаратын ролін түсінуде осы курста берілетін мәліметтер студенттер үшін маңызы өте зор болып саналады

© Қ.И.Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2008

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушы Рахимбаев Берік Сағидоллаұлы, техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Байланыс түрі 257 70 23 қос. 73-65

Кафедрада болатын уақыты 125 ТКҒ, 9.00–17.00

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы Шикізатты дайындаудың гидро- және пирометаллургиялық тәсілдер

Кредит саны 3

Өткізу орны 15,116, 118 ТКҒ

1-кесте

Оқу жоспарының көшірмесі

Курс Семестр Кредит тер 1 аптадағы академиялық сағаттар
Дәрістер Лаб. сабақтар   СӨЖ СОӨЖ Барлығы, 1 аптадағы академ. Сағаттар Бақылау түрі
Емтихан

Пререквизиттері

Пәнді оқыту студенттердің «Металлургия негіздері», «Металлургиядағы процестер мен жабдықтар», «Ғылыми зерттеулердің негіздері», «Металлургиялық процестердің теориясы» курстарынан алған білімдеріне сүйену керек.

Постреквизиттері

Алған білімін студент мына пәндерді оқуда пайдаланылады: «Қайталама шикізат пен техногенді материалдарды қайта өңдеу технологиясы», «Металдарды бөліп тазартудың теориясы мен тәжірибесі».

Пәннің қысқаша мазмұны

Металлургиялық өндірісінің металлург-бакалавр дайындауда оларды жалпы металлургияның негіздерімен таныстыру (байытудан бастап, 4-5 қайта өңдеумен аяқтап), оқытудың маңызды бір бөлігі болып табылады. ӨӘК бірінші бөлігінде байыту әдістері мен байыту фабрикалардың механикалық жабдықтары туралы негізгі мәліметтер қарастырылған. ӨӘК екінші бөлігінде жалпы металлургиялық үрдістермен металдарды өндіру туралы негізгі мәліметтер келтірілген. ӨӘК соңғы бөлігінде металдарды қысыммен өңдеу туралы, әсіресе прокаттау тәсілдері бойынша, негізгі түсініктер қарастырылған

Пәннің мақсаты мен міндеті:

- пәнді оқыту мақсаты – студенттерге студенттерге металдармен қорытпаларды өндіруде физика-химиялық процестерді құрастыруда творчествовалық әдістерді үйретіп, студерттердің білім денгейін көтеру болып саналады;

- пәнді оқу барысында болашақ мамандар төмендегі жағдайларды білу қажет:

- металдарды қорыту кезінде өтетін процестердің физика-химиялық негіздерін;

- қазіргі металлургия цехтарының технологиялық тізбектері мен кешендерінің құрылымын және даму перспективаларын;

- тізбектердің оптимизациясы бойынша есептерді орындау,

- металлургия цехтарының тізбектері мен кешендеріне арналған жабдықтарды, машиналарының саны мен типтерін анықтау.

Наши рекомендации