Д) Етеккір әйелге мешітте болуына болмайды.

Шейх Солих Фаузан

***

Шінші бөлім

Етеккір, ауыру және нифас қанына арналған үкімдер.

Бірінші: Хайз (Етеккір)

1 – Хайздың анықтамасы:

Хайздың тілдің мағынасы: ағу.

Ал шариғаттағы мағынасы: "Әйелдің жатырының түбінен белгілі уақыттарда ауырусыз және жарасыз шығатын қан". Бұл Аллаһтың Адамның u қыздары үшін жаратқан нәрсесі. Аллаһ оны әйел жүкті болған уақытта баланың жатырдағы азығы болуы үшін жаратты. Кейін бала дүниеге келгеннен кейін ол сүтке айналады. Егер әйел жүкті не омыраудағы баласы болмаса, ол қанның кететін жері болмай қалады да, әдет немесе айлық айналым деп танылып белгілі уақыттарда шығып тұрады. Ол әдет немесе айлық айналыммен білінеді.

Хайз келетін жас.

Әйелдің хайз келетінжасы көбінше, тоғыз жастан басталып елу жасқа дейін болады. Аллаһ Тағала былай дейді: «Әйелдердің арасындағы етеккір көруден үміт үзгендері, егер, сендер (олардың иддалары[1] қанша созылуы туралы) күмәндансаңдар, онда (біліңіз) олардың иддалары үш ай және (әлі) етеккір көрмеген әйелдердің иддалары да үш ай"[2]

Бұл аяттағы етеккір көруден үміт үзгендер дегені, олар елу жасқа жеткен әйелдер, ал әлі етеккір көрмегендер дегені – олар тоғыз жастан кіші қыздар.

Хайз үкімдері

А) Хайз жағдайында әйелмен жыныс мүшесі арқылы жыныстық қатынас жасау харам етіледі. Өйткені Аллаһ айтты: "Сізден етеккір жайлы сұрайды. Айтыңыз: "Ол жиіркенішті, таза емес. Етеккір келген кезде әйелдеріңнен аулақ болыңдар және тазарғанша оларға қосылмандар. Тазарғаннан соң, оларға Аллаһ бұйырған жақтан келіндер. Әлбетте, Аллаһ көп тауба етушілерді және әрдайым өздерін таза ұстағандары сүйеді"".[3]

Бұл тыйым әйелден етеккір қанның шығуы тоқтап, жуынғанға дейін жалғасады. Өйткені Аллаһ Тағала: "Және тазарғанша оларға қосылмандар. Тазарғаннан соң, оларға бұйырған жақтан келіңдер" – деді.

Хайз көрген әйелдің еріне онымен жыныс мүшесі арқылы қатынас қылмастан басқа дене мүшелерін пайдаланып, құшырлануына рұқсат етіледі. Өйткені пайғамбарымз r: "(Еттеккір көрген әйелмен) жыныс мүшесінен қосылудан басқасының барлығын істей беріңдер"[4]-деген.

Б) Хайз уақытында әйел намаз оқымайды және ораза ұстамайды. Ол екеуін істеу етеккір әйелге харам етіледі, егер істесе дұрыс деп есептелмейді. Өйткені пайғамбарымыз r:"Әйел егер етеккір көрсе намаз оқымайды және ораза тұтпайды емес пе?!" – деген.[5]

Етеккір біткеннен кейін әйел оразаның қазасын өтейді де намаздың қазасын өтемейді. Өйткені Айша анамыз былай дейді:"Пайғамбарымыздың r кезінде етеккір көретін едік, сонда оразаның қазасын өтеуге бұйырылатын едік те намаздың қазасын өтеуге бұйырылмайтын едік"[6].

Намазбен оразаның айырмашылығы – намаз қайталана береді сондықтан оны өтеу қиын болғандықтан, қазасы өтелмейді, ал ораза ондай емес.

В) Етеккір көрген әйелге қолына еш нәрсе киместен құранды ұстау харам етіледі. Өйткені Аллаһ Тағала айтады: "Оны тек (дәретті) тазалар ғана ұстайды" – деді.[7]

Сондай-ақ пайғамбарымыздың r Амр Ибн Хазмға жазған кітабында: "Құранды тек дәретті адам ұстай-ды"[8] – деген. Бұл хадис адамдардың оны қабылдаулары себепті ол мутауатирге[9] ұқсайды.

Шейхуль Ислам ибн Таймия былай дейді:"Төрт имам-ның мазхабы:"Құранды тек даретті адам ұстайды!"

Ал етеккір көрген әйелдің Құранды ұстамай оқуы – бұл білім иелері арасындағы келіспеушілік мәселесі. Ең жақсысы етеккір әйел Құранды оқымайды, бірақ оқуға қажет болып тұрса, оны ұмытып қою сияқты нәрселерден қорқатын болса, оқуына болады. Аллаһ Білушірек!

Г) Етеккір жағдайындағы әйелге Қағбаны тауаф ету харам етіледі. Өйткені Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын) қажылық кезінде етеккір болып қалғанда, пайғамбарымыз r оған: "Хажы істейтін нәрселердің бәрін істе, бірақ тазарғаныңа дейін Қағбаны тауаф етпе"[10] – деді.

Д) Етеккір әйелге мешітте болуына болмайды.

Өйткені пайғамбарымыз r: "Мешітті етеккір мен жүніпке рұқсат етпеймін" – деген[11]. Тағы бір хадисінде: "Мешіт етеккір мен жүніпке рұқсат етілмейді"[12] – деді.

Етеккір әйелге мешіттен кідіріп қалмай өтуіне болады. Өйткені Айша анамыз (оған Аллаһ разы болсын) айтты: "Пайғамбарымызr : "Маған мешіттен шүперекті әперіп жібер" – деді. Сонда мен оған: "Мен етеккірмін" - дегенде, ол: "Сенің етеккірің қолында емес қой"[13] – деді.

Сол сияқты ол әйелге шариғат зікірлерін айтуға, тәкбір, тәһліл, тәспих және басқа да дұғалар айтуына болады. Сондай-ақ таңғы-кешкі зікірлерді, ұйықтар және оянғандағы зікірлерді айтуына болады. Және де тәпсір, хадис, фиқһ сияқты білім кітаптарын оқуына да еш кедергі жоқ.

Наши рекомендации