Ндірістік ғимараттарға, құрылыстарға және алаңдарға қойылатын жалпы талаптар

7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.1.

1. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

Қауіпсіздік техникасы — еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін, жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдан алудың ұйымдастырушылық және техникалық шаралары мен құралдар жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының құрамдас бөлігі.

Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың — стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.

Жұмысшылар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықта келесі бөлімдер болу керек:

1) Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.

2) Жұмыстың алдынан болатын қауіпсіздік талаптары.

3) Жұмыс кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары.

4) Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары.

5) Жұмыс аяқталған соң қауіпсіздік талаптары.

«Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» бөлімінде келесілер қарастырулы керек:

- мамандық бойынша жеке жұмысқа немесе тиісті жұмысты орындауғы жіберу шарттарын (жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, нұсқаулықтарды)

- ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттілігі туралы; ішімдік заттарды н/е темекі тартуға тыйм салу туралы ескерту

- Жұмысшыға әсер ететін қауіпті және зиянды өндіріс факторлардың синаттамасы

- Берілген мамандығы үшін қажетті арнайы киім, аяқ киім және басқа жеке қорғаныс құралдары

- Өрт және жаралыс қауіпсіздігі қамтамасыз ету бойынша талаптар

- Жұмыс орындау кезінде жұмысшы жеке гигиенаның ережелерін білу қажеттілігі

- Нұсқаулықтың талаптарын бұзғандығы үшін жұмысшының жауапкершілігі.

«Жұмыстың алдынан қойылатын қауіпсіздік техникасы» бөлімі:

· Жұмыс орнының, жеке қорғаныс құралдарының дайындау реті;

· Бастапқы материалдар жағдайы мен барлығып тексеру реті

· Жабдықтардың және инструменттің, сигнализацияның және басқа құралдардың, қорғаныс жеке косылғанын жерілікті жарықтанудың, ауаның айдалуының дұрыстығын тексеру тәртібі

· Үздіксіз жұмыс кезінде ауысу кезегін қабылдау реті

· өндіріс санитарияның талаптары.

2. ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Жазатайым жағдай дегеніміз ‒ сақтандырылған адамның денсаулығына залал келтірілген, мүгедек жасаған немесе ажалға алып келген сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термикалық әсердің нәтижесінде болған адамның өз еркінен тыс оқыс, күтпеген, аз уақыттың ішінде болған оқиға. Жазатайым жағдайдан сақтандыру мынадай сыртқы факторлардың: жарылыс, күйік, үсу, суға бату, электр тоғының әсері, жай түсу, күн өту, қаскүнемдер мен жануарлардың шабуылы, жыланның, шағатын жәндіктердің шағуы, Сақтандырылушының өзінің немесе қандай да бір заттың оған құлауы, кенеттен тұншығу, тыныс алу органдарына бөтен денелердің кездейсоқ кіруі, улы өсімдіктермен, химиялық заттармен (өнеркәсіптік немесе тұрмыстық), дәрі-дәрмектермен, cапасыз тамақ өнімдерімен кездейсоқ қатты улану, сондай-ақ көлік құралдары жүріп бара жатқан не олар апатқа ұшыраған кезде, машиналарды, тетіктерді, қаруларды және әр түрлі құралдарды пайдалану кезінде алған жарақаттардың әсер етуі жазатайым жағдай болып табылады.

Жазатайым оқиғаның нәтижесінде қызметкерге келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігінің дәлелдемелері ретінде:

· өндірісте еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкеліп соғуы- Н-1 нысандағы акт;

· ауыр салдарға немесе қазаға ұшырау кезінде-Арнайы акт;

· кәсіби ауру немесе улануға әкеліп соғуы - денсаулық сақтау орны берген Н-1 нысанды акт танылады.

Зандық жоғары деңгей дәрежесіңде құқықтық реттеумен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп тексеру мен есепке алу туралы мәселелер қамтылған. Бұл жөніндегі нормалар Еңбек кодексінің тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу; жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіңдегі міңдеттері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі; өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу; жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп — тексерілуі мен есепке алынуын бақылау деп аталатын 322-327 баптары бойынша топтастырылған.

3. ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ТӘРТІБІ. ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ АРНАЙЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу тәртіптері. Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым оқиға туралы актімен рәсімделеді. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия жүргізеді. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді облыстық республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргізеді. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияныңтөрағасы үйымдардың мамандары, ғалымдар және бақы-лау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердіңтоптықжазатайым оқиғасын жәнетоптық қатерлі улану жағдайын тер-геп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы арнайы тер-геп-тексеру актісімен ресімделеді. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз куәлерден, куә-герлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың және басқа да жағдай-лардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудіңтоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысыныңжәне сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.

4. ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ДҰРЫС, УАҚТЫЛЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРІЛУІ МЕН ЕСЕПКЕ АЛЫНУЫН БАҚЫЛАУ.

Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзыреттері шегінде тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкестіркеуге және есепке алынбайды.

Ұйымдарда зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіптi) және қолайсыз өндiрістiк факторлары бар жұмыстарға, сондай-ақ жер асты жұмыстарына адамдар қабылдауды жұмыс берушi олар алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайына қайшы келмейтiнi айқындалғаннан кейiн жүзеге асыруға тиіс. Он сегiз жасқа толмаған адамдар мiндеттi алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн ғана жұмысқа қабылданады және одан әрi, он сегіз жасқа толғанға дейiн жыл сайын мiндеттi медициналық тексеруден өтуге тиiс. Жұмыс берушi еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерді мерзiмдiк медициналық қаралудан және тексеруден өткiзудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз қаражаты есебiнен ұйымдастыруға мiндеттi. Қауiптілігі жоғары өндiрiстiк жабдықтармен байланысты жұмыстармен айналысатын қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиiс. Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететiн кәсiптердiң тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган айқындайды. Медициналық қаралудан және тексеруден өтуден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберiлмейдi.

Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді: төраға — ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары; мүшелері — ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және қызметкерлердің өкілі.

Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.

Арнайы тергеп-тексеруге:

- ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;

- зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;

- қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.

Жұмыс берушінің — жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады. Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері қатысады. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен жұмыс берушінің өзі жүргізеді. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші тергеп-тексереді және есепке алады. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.

Жол полициясы жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндетті. Әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады. Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатайым оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкілінің) өтініші бойынша немесе мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтініш тіркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі. Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзінің еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға ретінде немесе өндіріспен байланысты емес жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтап, өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді. Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда бөлу ерекшеліктері ескеріліп айқындалады. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соққан өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға жеке жеке) ресімделеді.

Зандық жоғары деңгей дәрежесіңде құқықтық реттеумен еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп тексеру мен есепке алу туралы мәселелер қамтылған. Бұл жөніндегі нормалар Еңбек кодексінің тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу; жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіңдегі міңдеттері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі; өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері; өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу; жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп — тексерілуі мен есепке алынуын бақылау деп аталатын 322-327 баптары бойынша топтастырылған.

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2007 жылғы «8» ақпандағы

№ 24 бұйрығымен

бекітілген

5. ГЕНЕРАТОРЛЫҚ ГАЗДЫ ӨНДІРУ МЕН ТАСЫМАЛДАУДАҒЫ

ҚҰРЫЛҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІКТІҢ САЛАЛЫҚ НОРМАТИВТЕРІ

Осы генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері «Қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы 7 бабының 3-тармақшасына сәйкес әзірленген.

ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

1. Газ генераторы станцияларын жобалау, салу және қайта салу Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы құрылыс және санитарлық талаптар мен нормаларға, технологиялық жобалаудың нормаларына сәйкес жүргізілу қажет.

2. Құрылысы (қайта салуы, кеңейтуі) аяқталған газ генераторы станцияларын немесе оның объектілерін пайдалануға қабылдау «Күрделі жөндеулері аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттар мен коммуналдық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау» ҚР ҚН 1.04-03-2002. талаптарына сәйкес жүргізілуі керек.

Осы Нормативтердің талаптарына қайшы келетін, еңбек қауіпсіздігіне, өнеркәсіптік санитарияға, қоршаған ортаға және өрт қауіпсіздігіне теріс әсер ететін шегіністері бар, жаңадан салынған және қайта салынған газ генераторы станцияларын немесе оның объектілерін пайдалануға қабылдауға тыйым салынады.

3. Агрегаттар мен негізгі жабдықтардың құрылымына немесе технологиялық сұлбаларға өзгерістер енгізу кәсіпорын жобалаушысының, жабдықты дайындаушы-зауыттың келісімі бойынша рұқсат етіледі. Сонымен қатар енгізілетін өзгерістер технологиялық процестерді енгізу мен жабдыққа қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік деңгейін төмендетпеуі керек.

Ғимараттар мен құрылыстардың көлемді-жоспарлық, құрылымдық және инженерлік-техникалық шешімдеріне өзгерістер енгізу белгіленген тәртіпте бекітілген қолданыстағы нормаларға сәйкес әзірленген жобасыз рұқсат етілмейді.

4. Негізгі генераторлық газ өндірісіне ықпал ететін немесе оны қажетті құрамдас бөліктермен қамтамасыз ететін, оттегін өндіру, газ генераторларын таза бумен қамтамасыз ету сияқты бөлек өндірістерді қауіпсіз пайдалану талаптары осы Нормативтерге енгізілмеген.

5. Қысыммен жұмыс істейтін, ыдыстарды жобалау, салу, дайындау, монтаждау, жөндеу мен пайдалану қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды салу және қауіпсіз пайдалану жөніндегі қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес болуы керек.

6. Өндірістік процестерді ұйымдастыруға қойылатын, қауіпсіздіктің негізгі шарттары болып:

1) технологиялық тәртіптің, жұмыс орындары бойынша өндірістік нұсқаулардың, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулардың, сондай-ақ жабдық пен су құбырларын жөндеу жөніндегі нұсқаулардың параметрлерін қатаң сақтау;

2) сақтандырғыш қондырғы құралдардың, дабылдың, шек қоюдың ақаусыздығы, электр қуатымен үздіксіз жабдықтау, сондай-ақ желдету қондырғыларының тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

3) жабдықтар мен су құбырларының герметикалығын, сондай-ақ өндірістік бөлмелердегі ауа ортасының жай-күйін жүйелі түрде бақылау;

4) жетектердің қоршалуының және машинаның басқа да барлық қозғалу және айналу бөлшектерінің, көтергіштердің, сонымен қатар дренажды қондырғылардың және тағы басқа сенімді орнатылуы және ақаусыздығы;

5) электрлік оқшаулаудың жай-күйін жүйелі түрде бақылау табылады.

7. Газ генераторы станцияларындағы өрт қауіпсіздігі Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қамтамасыз етіледі.

8. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулары «Еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауды әзірлеу және бекіту ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы № 278-б бұйрығының талаптарына сәйкес болуы қажет.

9. Өндірістік (технологиялық, жабдықты пайдалану жөніндегі) нұсқауларда технологиялық үдерістің сипаттамасы, жабдық туралы мәліметтер, жабдықты қауіпсіз пайдалану және жөндеу талаптары, жұмысты қауіпсіз орындау тәртібі болуы керек.

10. Технологиялық үдерістерді, коммуникация сұлбалары өзгерген жағдайында өндіріске өзгертулер енгізілгенге дейін қолданыстағы нұсқауларға кәсіпорынның бас инженері (техникалық басшы) бекіткен тиісті түзетулер енгізілуі керек.

11. Әр кәсіпорында Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен, Апатты жою жоспарларын құрастыру жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкес апаттарды жою жоспарлары жасалуы керек.

Апаттарды жою жоспарлары келесі мерзімнің басталуынан бір ай бұрын жыл сайын қайта қаралуы және бекітілуі керек.

Наши рекомендации