Диаммонийфосфаттың алынуы.
Диаммонийфосфат
Диаммонийфосфат – құрамында екі қоректік элементі (N және P) бар, суда еритін, азотты-фосфорлы тыйңайтқыш. Ақ және сұр түйіршік түрінде болады, суда жақсы ериді. Үш аммонийфосфаттың ішінен тұрақтылығы бойынша екінші орында. Ылғал тартқыш емес, шаң болмайды, нығыздалып қалмайды. Диаммонийфосфат азот пен фосфордың жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді, құрамында хлор мен нитраттар болмайды, ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде және қосымша жем ретінде топырақтың барлық түріне қолданылады. Диаммонийфосфатта фосфордың жоғары мөлшері болғандықтан, өсімдіктердің тамырлық жүйелерін және дамуын жақсартады, ауруға, суыққа тұрақтылығын арттырады.
Физикалық қасиеттері:
·70о та аммиак ұшып кетіп, моноаммонийфосфатқа (NН4Н2РО4) айналады.
·20оС суда 100г нан 71г өнім ериді.
·Бір мольді ерітіндінің қышқылдығы – 8,0.
·Төмен ылғалтартқыштығымен ерекшеленеді.
Өнеркәсіпте шығарылатын диаммонийфосфаттың сыртқы түрі оның маркасына байланысты болады, ақ немесе сұр түсті кристал түрінде болады. P2O5 50-52%, аммиак 23-23,5%, ылғалдылықтың массалық үлесі 4-5%.
Тыңайтқышты диаммонийфосфаттың құрамында 18% N2, жалпы фосфаттар 46%, су 1,8%. Сыртқы түрі - ақ, сұр түсті, 6 мм ден кем диаметрде болатын, басқа қоспалары жоқ түйіршіктер. Сусымалылығы – 100%.
Фосфор қышқылын аммиакпен бейтараптағанда келесі аммоний фосфаттары түзілуі мүмкін: моноаммонийфосфат NH4H2PO4, диаммонийфосфат (NH4)2HPO4 және үшаммонийфосфат (NH4)3PO4 – аммиак бөлетін, тұрақсыз қосылыс сондықтан өнеркәсіпте шығарылмайды.
Моноаммонийфосфат құрамында 61,7% P2O5 және 14,3% NH3 бар. Ал диаммонийфосфаттың құрамында 53,8% P2O5 және 25,8% NH3 бар. Моноаммонийфосфатқа қарағанда диаммонйифосфаттағы N: P2O5 қатынасы біркелкі тыңайтқыш алу үшін дұрыс, бірақ біріншісі тұрақты. Өндірісте көбінесе моноаммонийфосфат пен диаммонйифосфаттың бірге қоспасын (аммофос) алады. Диаммонйифосфат сонымен қатар жемдік ретінде де қолданылады.
70о та диаммонйифосфат аммиактың бөлінуімен ыдырай бастайды:
(NH4)2HPO4 → NH4H2PO4 + NH3
Диаммонийфосфаттың алынуы.
Диаммонийфосфатты фосфор қышқылын аммиакпен бейтараптау арқылы алады:
H3PO4 + 2NH3 = (NH4)2HPO4
Диаммонийфосфатты алу үшін шикізат ретінде H3PO4, H2SO4, NH3 қолданылады.
Диаммонийфосфатты алуды екі сатыда жүргізу қажет, себебі бір аппаратқа аммиактың толық көлемін жібергенде, аппаратта температура бірден көтеріліп, булануы көбейіп жабысқақ пульпа пайда болады.
1-сурет. Диаммонийфосфатты өндірудің технологиялық сызбанұсқасы:
1,2- фосфор және күкірт қышқылын жинақтаушы; 3- фор-бейтараптағыш; 4-аммонизатор; 5- түйіршіктегіш; 6,32- дымқыл скрубберлер; 7- желдеткіш; 8-шашырауды ұстап алғыш аппарат; 9- тура кептіргіш; 10- оттық; 11,34-желдеткіштер; 12,16,23- конвейерлер (бір жұмысшының жасаған материалын қолдан-қолға жеткізу үшін тынымсыз жүріп тұратын машина); 13,14,30,31- циклондар; 15,17,26- элеваторлар; 18,20,27- електеуіштер; 19- ұнтақтағыш; 21- ретурлы бункер; 22- течка; 24- бункер; 25- «КС» аппараты; 28- желдеткіш; 29- дайын өнім бункері; 33- шашырауды ұстап алғыш аппарат.
Диаммонийфосфатты алу схемасы 1-суретте көрсетілген. Фосфор қышқылы фор-бейтараптағышта 3 өлшенеді, газ күйіндегі аммиак, сонымен қатар өнімнің түйіршіктелу процесіне әсер ететін аздаған күкірт қышқылы H2SO4 жіберіледі. Аммиак шығыны ерітіндідегі мольдік қатынас NH3:H3PO4 1,3-1,4 ті құрайтын болуы тиіс. Бұндай қатынас фосфаттардың жоғарғы ерігіштігіне және 110-115оС та аз мөлшерде (минимальный) аммиактың ұшуына жеткізеді. Фор-бейтраптағышта құрамында 60-70% NH4H2PO4 және 30-40% (NH4)2HPO4 болатын пульпа түзіледі; Пульпадағы судың мөлшері 24-26%, рН≈5.
Пульпа фор-бейтараптағыштан жылытатын құбыр желісі арқылы аммонизаторға (4) жіберіледі, ол жерде ретурдың қаббаттары тозаңданады. Ретурдың шығыны дайын өнім бірлігінің 4 бірлігін құрайды. Өнімде мольдік қатынас NH3:H3PO4 1,85-1,90 шегінде болуы үшін ретур қабатының астынан аммиак беріледі. Біруақытта аммонизациямен бірге түйіршіктеу процесі басталады. Содан кейін ол түйіршіктеу аппаратында (5) аяқталады. Реакция жылуының әсерінен аммонизатор мен түйіршіктегіш процесінде температура 65-72оС-қа жетеді. Жылулық режимді тоқтатпау үшін 4 және 5 аппараттар арқылы ауа беріледі, кейін судың буы мен аммиактың артық мөлшері жойылады. Аммиактың артық мөлшері насадкалы скрубберге (6) сіңіріледі.
Түйіршіктегіш аппараттан (5) 4% ылғалдылығы бар өнім отындық газбен жылытылған тура барабанды кетіргішке (9) келіп түседі. Кептіргеннен кейін газдар циклонда (13,14) және дымқыл скрубберде (32) тазаланады. Кептірілген құрамында ылғалдылығы 0,5-1,0% бар өнім 70оС температурада бірситалы елекке (грохот) (18) келіп түседі. Ірі фракциялар (>3) ұнтақтағышта (19) майдаланады, содан кейін бункерге (21) келіп түседі. Қалған өнімді електегіште (20) (грохот) екінші рет себуге ұшыратады. Майда фракциялар бункерге (21) келіп түседі, ол жерде барлық материалдар қайта аммонизаторға (4) жіберіледі. Дайын өнім бункерге (24) келіп түседі, жүйенің өнімділігіне сәйкес келетін бөлігі салқындату үшін аппарат КС-ке жіберіледі, қалған өнім ретур болып табылады.
Қарастырылған сызбадағы алынған өнім құрамында 75-85% (NH4)2HPO4 диаммонийфосфат, 10-20% NH4H2PO4 моноаммонийфосфат және 5% (NH4)2SO4 болады. Өнімнің құрамы: 49% жалпы P2O5; 48% суда ерігіш P2O5; 19% N2; 1% Н2О. Өнімнің ылғал тартқыш коэффициенті ɣ=0,6-0,9 ммоль/(г*ч) (ылғалтарқыш емес). Түйіршіктердің беріктілігі 2 МПа.
1000 кг дайын өнімнің шығындық нормасы құрайды:
Фосфор қышқылы (100% P2O5), кг............ 560
Аммиак (99% NH3), кг................................ 236
Күкірт қышқылы (100% H2SO4), кг ............ 70
Су, м3
Таза .......................................................... 0,56
Айналымдағы ........................................... 5,8
Электр қуаты, кВт*ч .................................... 111
Отын, м3 ........................................................ 50,5
Бу, кг ............................................................. 310