Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Бөлімі:Көркем әдебиет.Тақырыбы:«Сырғанақ»өлеңін жаттау.Мақсаты:Балалардың өлеңдегі жыл мезгілі, қыс мезгілін ақынның қалай суреттегенін түсіне білуге, көркем сөйлеп, мәнерлеп айтуға ынталандыру. Жыл мезгілдерін салыстыра білуге үйрету.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Өлеңді жатау, әңгімелесуӘдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,түсіндіру, көрсету, ойынҚажетті көрнекі құралдар:қыс мезгілі туралысуреттері. Қостілдік компонент: /билингвальный/сырғанақ-коток.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Қыс келді, қыс келді, Ақтарды ақ қарды. Ақ қарды шимайлап, Шаңғымен сызалық. Бәрі бірге төмендегі өлең жолдарын қайталады.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. -Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі қандай? -Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды? Су мұз бар, Жерде қар бар, Боран борап соғады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?   Қимылды ойын: «Қандай қимыл екенін тап» Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады, әр бала кезекпен ортаға шығып, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табу керек.   Б.Жақыптың «Сырғанақ» өлеңін жаттау. Сырғанаққа мығымбыз, Шыныққанбыз, шымырмыз. Таудан төмен сырғанап, Біз тебеміз сырғанақ. –Сырғанақ тебу сендерге ұнай ма? -Сырғанақ тебу үшін қандай болуың керек? -Достарыңмен бірге сырғанаққа барасың ба? Сергіту сәті. Ішік, пима, қолғаптар, Арада жоқ тоңғақтар. Бас қалың малақай, Біз тоңбаймыз, алақай. Тыныштық сәті:     -қыс     Бірнеше(шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанау, т.б.)қимылдар көрсетіледі.   Өлеңді тыңдайды.     Сұрақтарға жауап береді.     Қимылмен көрсетеді.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі Қорытынды: -Қыста сырғанаған сендерге ұнай ма? -Сырғанақта немен сырғанайсыңдар? –Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек? -Қардан не жасауға болады? Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: өлеңнің мазмұнын түсініп, жатқа айта білу. Қандай түсініктерді игерді:қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығын Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қыс туралы түсінікгін меңгереді.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Тәрбиеші: Бөлімі:«Көркем әдебиет».Тақырыбы:«Әке мен бала»(әңгіме)Мақсаты:Ертегі арқылы оның мазмұнын түсіне біліп кейіпкерлердің іс-әрекеті негізінде адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Ертегі желісін бұзбай мәнерлеп айта білуге тәрбиелеу. Ертегі желісін бұзбай мәнерлеп айта білуге талпындыру. Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:ӘңгімелесуӘдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап, ойындар.Қажетті көрнекі құралдар: Суреттермен жұмыстану. Қостілдік компонент: /билингвалный/әке-отец, бала- ребенок.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден. Шаттық шеңберіне тұрып орындайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Кіріспе кезеңі. –Бүгінгі оқу іс-әрекетінде Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесімен танысамыз. Сурет арқылы әңгімелеу. «Әке мен бала» суреті арқылы сұрақтарға жауап беру. –Суретте кімдерді көріп тұрсыідар? -Олар қалай киінген? -Әке мен баласына ат қояйық. –Олай болса, қазір мен сендерге «Әке мен бала» әңгімесін оқып берейін. Әңгімені оқып беру.     Сергіту сәті. Тікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады. Бойын жазып, керіліп, Беті-қолын жуады.   Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу. –Әке мен баласы жолда келе жатып не көрді? Әкесі тағаны не істеді? Ол ақшаға не сатып алды? Әкесі баласына шиені қалай берді?   Әке мен баласын.   Мұқият тыңдайды.     Қимылдар жасайды.     -таға   -сатты. -шие. Балалардың жауабы.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. «Отбасы мүшесін ата!» ойыны. Қорытындылау. Әке, ана, әже, ата, аға, әпке, т.б.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Шығарманың мазмұнын.

Қандай түсініктерді игерді:Жалқаулықтың жаман қасиет екенін.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын арқылы отбасы мүшелеріне кімдер жататынын.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Тәрбиеші: Бөлімі: «Көркем әдебиет».Тақырыбы: «Олақ қыз»Мақсаты:Ертегі арқылы балаларды ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу. Жалқаулықтан, олақтықтан аулақ болуға, жаман әдеттерден жиренуге тәрбиелеу.Алдын-ала жүргізілген жұмыстар:Әңгімелесу.Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойындар.Қажетті көрнекті құралдар:«Олақ қыз» ертегісінің суреттері.Қостілдік компонент: /билингвальный/қыз-девочка.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап» Өлең жолдарын тәрбиеші басын айтса, ал оны жалғастыратын балалар. Өлең жолдары осылай жалғаса береді. Бір-біріне деген ыстық лебіз айтып береді.     Өлең жолдарын жақсылап тыңдайды. Тәрбиешінің көмегімен қайталап береді.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Бүгін біз «Олақ қыз» ертегісімен танысамыз. «Олақ қыз» ертегісін мәнерлеп оқу. Сұрақ-жауап.     Қимылды ойын. «Өз орнын тап» Мақсаты: Балаларды әркез әр нәрсені өз орнына ұқыпты қоюға үйрету.Тазалыққа жақын олақтықтан аулақ болу ойыны.   Суретпен жұмыс. Балалар қайда жүр? Ол дұрыс жасады ма? Сен не істер едің? Ертегіні тыңдайды.     Қимылды ойынды өздерінің шапшаңдықтарымен тездетіп құрастырып береді.   Өз ойларымен толық әңгімелеп береді.   Суреттен көргендерін, қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. Ал балалар сендерге бүгін ертегі ұнады ма? Қортындылай отырып мадақтау. Балалар өздері тәрбиешінің көмегімен қайталап айтып үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Көркем шығарманы тыңдауды.

Қандай түсініктерді игерді:Жалқаулықтан, олақтықтан аулақ болу керек екенін толық түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қырағылық тыңдағыштық дағдыларын меңгерді.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Тәрбиеші: Бөлімі: «Көркем әдебиет.» Тақырыбы:«Зергер»Мақсаты:Өлең арқылы баланы іскерлікке тәрбиелеу. Зергердің еңбегін бағалау, оның қолынан шыққан зергерлік бұйымдарға қызығушылық таныту, шеберлікке талпындыру.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар.Әңгімелесу.Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойындар.Қажетті көрнекті құралдар:зергерлік бұйымдардың суреттері.Қостілдік компонент: /билингвалбный/зергер-ювилер.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Шаттық шеңбері. Балалар шеңбер құрып тұрады, бір-біріне жылы сөздер айтып, әдемі күлкілерін сыйлайды. Сен әдемісің, қайырымдысың, тәртіптісің, ақылдысың т.б.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Балалар, бүгін біз зергерлік бұйымдар туралы әңгімелейміз. Оған нелер жатады екен? Бұйымдарды көрсету. Бұл бұйымдарды жасайтын адамды зергер деп атайды. Зергер болу өте қиын. Тек қол шебер адам ғана зергер бола алады. Зергерлер әртүрлі металдарды әртүрлі металдарды балқытып, иіп бізге қажетті бұйымдарды жасайды. Оларды әдемілеп безендіреді.   «Зергер» өлеңін оқып беру. Балқытып ол күмісті Сапырады судайын. Білезік пен алқаны, Сақинаны, сырғаны Күміс сымнан тартады. Сергіту сәті. Сыңғыр-сыңғыр сырғалар Құлағымда ырғалар. Оң қолымда-білезік, Сол қолымда-білезік, Саусақтарда сақина, Санап қане көрсетші:1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 Сыңғырлайды сырғалар. Сақина, сырға, білезік, алқа, т.б.     Өлең шумақтарын қайталап, жаттап алады.   Қимылдар жасайды.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы іс-әрекетімізді аяқтаймыз. –Бүгін қандай бұйымдармен таныстық? -Олар неден жасалады? Мақал: Шебер көп жерде өнер көп. Білімдерін қорытындылау, бағалау.     Әшекей бұйымдармен Металдан

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:қазақтың қолөнерін, әшекей бұйымдарды кімдер, неден жасайтынын.

Қандай түсініктерін игерді:Әшекей бұйымдарға нелер жататынын.

Меңгерген дағдылыры мен іскерліктері:шашбаудың-шашқа, алқаның-мойынға, білезіктің-білекке, сырғаның-құлаққа, сақинаның-саусаққа тағылатынын.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Тәрбиеші: Бөлімі: «Көркем әдебиет.»Тақырыбы:«Бес ешкі»Мақсаты:Ертегі арқылы баланы қайырымдылыққа тәрбиелеу. Шығарма кейіпкерлерінің басқаларға жасаған қамқорлығын, тапқырлықтарын көрсету арқылы балаға әсер қалдыру. Достық, көмектесе білуге талпындыру.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Суретпен жұмыс.Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойындар.Қажетті көрнекті құралдар:ертегі желісі бойынша суреттер.Қостілдік компонент: /билингвальный/бес-пять, ешкі –коза.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Жылулық шеңбері. Балалармен бірге «Ертегілер еліне саяхат жасау» Өткен таныс ертегілерді сахналау саусақ театрын қолдану арқылы көрсету. Балалар өздері білетін ертегілердің атын атайды, суреттердегі кейіпкерлер туралы әңгімелейді.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Содан соң балаларға «Бес ешкі» ертегісін мәнерлеп оқып беріп, мазмұнын түсіндіру. Ертегідегі жан-жануарлардың әрекетін түсіндіру, жылқының ақылдылығы арқасында барлық жануардың аман қалғандығын түсіндіру.     «Жабайы аңдар мен үй жануарлары» дидактикалық ойын.   Тәрбиеші балаларға жабайы аңдар мен үй жануарларының суреттерін үлестіріп береді. Әр бала жабайы аң мен үй жануарларын ажыратып, атын атайды, түстерін ажыратады. Балалар сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегі мазмұнын пысықтайды, әр жануарға сипаттама береді, қасқырдың жағымсыз кейіпкер екендігін түсінеді.     Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.   Балаларға суреттер үлестіреді, олардың атын, түстерін айтып береді. Балалар жабайы аң мен үй жануардың айырмашылығын суреттен көрсетіп айтуға үйренді.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. Ертегі кейіпкерлеріне сипаттама беру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорыта отырып мадақтап балаларға жұлдызшалар беріледі. «Бес ешкі» ертегісін өз сөздерімен айтып үйренді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Ертегі мазмұнын өзгертпей айту.

Қандай түсініктерді игерді:Ертегінің мазмұнын түсінеді, жан-жануарлардың іс-әрекетін сипаттайды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қырағылық тыңдағыштық дағдыларды меңгерді.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Тәрбиеші: Бөлімі: «Көркем әдебиет.» Тақырыбы: «Әже мен немере»Мақсаты:Ертегі арқылы үлкендерге деген сыйластыққа, оларға құрмет көрсетуге дайын болуға тәрбиелеу.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:әңгімелесу.Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойындар, бағалау.Қажетті көрнекті құралдар:Суреттер.Қостілдік компонент: /билингвальный/Әже-бабушка, немере-внук.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Жылулық шеңбері. Ойын –санамақ Е. Елубайдың «Біз үйде нешеуміз?» Кел санайық екеуміз, Бас бармағым – атам Балаң үйрек – әжем Ортаң терек – әкем, Шылдыр шүмек – анам Кішкене бөбек – мен Біз үйде нешеуміз? Біз үйде бесеуміз.   Балалар шаттық шеңберін қайталайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Ойын ситуация Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тамақ, ұйықтар алдында ертегі оқиды. Бұл кім? Әже келеді. Енді балалар әжеге арнап тақпақ айтып берейікші. «Еркелетіп айт» ойыны.   Кім үлкен, кім кіші? Бір илюстрацияны қарап, үлкен-кіші ұғымы туралы айтады. Кім үлкен-ұлы ма әлде анасы ма? Кім кіші-әкесі ме әлде атасы ма? Кім үлкен- анасы ма әлде әжесі ме?   Әжем өрнек тереді. Сырмақ сырып оюлап. Басы ауыра береді. Шай ішпесе қоюлап.     -Анасы   -Атасы   -Әжесі
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. Балалардың назарын отбасы мүшелерінің суретіне аударып, жеке- жеке сұрау. «Менің отбасым» отбасылық газет бойынша әңгімелесу. Балалар өз отбасы туралы айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Ата, әже, ана, әке,немере т.с.с «отбасы» деп атайтынын біледі.

Қандай түсініктерді игерді:жасы үлкен адамдарға қамқорлық көрсетіп сыйлау керектігін түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Әже үйдің берекесі.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Тәрбиеші:

Бөлімі: «Көркем әдебиет.»Тақырыбы:«Наурыз келді»Мақсаты:Өлең арқылы ұлттық салт-дәстүрлерді білуге, оны қадірлеуге үйрету. Айналасындағыларға мейірімділікпен қарауға, игі дәстүрлерді бойына сіңіре білуге талпындыру. Өлеңді мәнерлеп айта білуге жаттықтыру.Алдын –ала жүргізілетін жұмыстар:Әңгімелесу.Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойындар, бағалау.Қажетті көрнекті құралдар:Суреттер.Қостілдік компонент: /билингвальный/Көктем-весна.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Жылулық шеңбері.   «Көктем мезгілі». Жер әлемі бәрі жап-жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді. Алма ағаштар аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Балалар көздерін ашқан соң, тәрбиеші балалардан қандай әсер алғандығы туралы сұрайды.   Әңгімелесу. «Наурыз-жыл басы» көктем мейрамы. Оны тойлап жатқанда айнала тегіс көгеріп, талдар бүршік жарып, құстар сайрап, жер беті құлпырып, адам жүрегінде ғажайып сезім оянады. Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, дастархан жайылады. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салынып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады. Ойын. «Сақина салмақ» Балалар қолдарына бәйшешек гүлін алып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.   Тәрбиеші балаларды дөңгелене отырғызады да, әдемі ән әуенімен көздерін жұмуды сұрайды.   Тәрбиеші балаларға «Наурыз» мерекесіне байланысты жинақталған суреттермен әңгіме жүргізеді.     Ойынға балалар қызығушылықпен қатысты,
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. «Наурыз келді» өлеңін мәнерлеп оқып беру. Қар ерітіп жылғасы, Наурыз келді-жыл басы. Шуақ төкті жарық күн, Мейрамында халықтың. Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз, Тәтті болып жасалған. Наурыз дәмін татамыз.   Сергіту сәті. Дөңгелене тұрайық, Киіз үйді құрайық, Кереге болып керіліп, Уықтар боп иіліп, Киіз үйді құрайық! Өлеңді мұқият тыңдайды.   Қойылған сұрақтарға толық жауап береді. Тәрбиешінің көмегімен өлеңді балалар қайталайды, айтып береді.   Сергіту сәтінің сөздерін айта отырып қимылмен жасайды.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорыта отырып мадақтап жұлдызшалар беріледі. Наурыз мерекесі туралы балалар әңгімелеп айтып беруге үйрену.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Көркем шығарманы тыңдауды.

Қандай түсініктерді игерді:Наурыз мерекесі туралы түсініктерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қырағылық тыңдағыштық дағдыларды меңгерді.

Наши рекомендации