Графитті қыздырғыштары бар қарсылық пештері
Ағидасы
а) Ауыспалы ток жүретін графитті стерженьде қорытпаға сәулелену арқылы беріле отырып электр энергиясы жылу жнергиясына айналдырылады (6.4 - ші сурет).
б) Тотықсыздандырғыш атмосферасында металдың жедел еруі жүреді.
в) Осының нәтижесінде металдың түтінмен жоғалуы азаяды.
г) Пештер өткір және аспаптық болаттар, таттанбайтын және ыстыққа төзімді болаттар, сонымен қатар магниттік болатта балқыту үшін қолданылады. Одан артық қайта балқыту жүзеге асады, балқытуды қожбен бірге жүргізу мүмкін емес.
Сурет 6.4 - Қарсылық пешінің сұлбасы: 1 - Графитті стержень; 2 - Қорытпа
Бақылау сұрақтары:
1. Электр пештерінде болат балқыту дегеніміз не?
2. Доғалы пештерде болат балқыту неден тұрады?
3. Электр пештері не үшін қолданылады?
4. Балқытудың тотықтыру кезеңі деген не?
5. Балқытудың тотықсыздандыру кезеңінің мақсаты қандай?
6. Балқыту үрдісінің қандай нұсқалары болуы мүмкін? Әрбіріне сипаттама беріңіз.
7. Индукциялық араластыру дегеніміз не?
8. Индукциялық тигельдік балқыту пештерінде нені балқытады?
9. Индукциялық тигельдік балқыту пештерінде не балқытылады?
10. Графитті қыздырғыштары бар қарсыласу пештерінің жұмыс қағидасы қандай?
Глоссарий:
1.Электрпештерінде болат балқыту - үрдістің қажетті температурасын орнату мен ұстап тұру үшін қолданылады және бұл электр энергиясын жылу энегиясына айналдыра отырып болат өндіру үрдістері.
2.Шихта- болат балқытуға арналған балқыту әдісіне қарай легирленген не легирленбеген болып келетін скрап.
3.Қайта балқыту- балқытудан кейін немесе қысқа қайнату кезеңімен тотықсыздандыру шарттарында легирленген скраптан ең үлкен түсіммен металды бөліп алу.
4.Аралас үрдіс -балқытылған және әр түрлі пештерде металлургиялық өңделген қорытпаларды араластыру үрдісі.
Блиц - тест:
Нұсқа
1. Электр пештері бөлінеді:
a) Доғалы, индукциялық, қыздырғыш элементтері бар бар пештер
b) Доғалы, индукциялық, электродты пештер
c) Доғалы, индукциялық, графитті қарсылық элементтері бар пештер
d) Доғалы, индукциялық, графитті қарсылық электродтары бар пештер
e) Доғалы, индукциялық, болат элементтері бар пештер
2. Доғалы пештерде болат балқыту қағидаларының бірі:
a) Көміртекті шихтада балқыту
b) Жанғыш газдардың зиянды әсері болмайды
c) Сыйымдылығы ондаған килограммнан 30 тоннаға дейін
d) Тотықсыздандырғыш ортада металл тез балқуы мүмкін
e) Пештің жұмысшы көлемі герметизацияланған болуы мүмкін
3. Доғалы пештердің сыйымдылығы:
a) 1 - 500кг
b) 500 - 600кг
c) 500 - 600т
d) 30т - ға дейін
e) 0,5 - 400т
4. Көміртекті шихтада балқыту .... өндірісі үшін қолданылады:
a) Легирленген болаттар
b) Құрылымдық болаттар
c) Қайта өңделетін шойын
d) Шойын
e) Қалыптық құймалар
5. Балқытудағы тотықтырғыш кезең - .... қоспаларын жою:
a) Cu, С,Mn, P, S
b) Ba, Si, Mn, P, S
c) Mg, С, Si, P, S
d) С, Si, Mn, P, S
e) Ca, Si, Mn, P, S
6. Қара қожбен жүретін үрдіс жоғары сыйымдылықты доғалы пештерде жүзеге асырылады:
a) 400т
b) 600т
c) 500т
d) 100т
e) 200т
7. Жоғары қуатты УВМ пештерінің қалыпты қуаты:
a) 110 - 220кВт / сағат
b) 220 - 320кВт / сағат
c) 230 - 340кВт / сағат
d) 220 - 230кВт / сағат
e) 110 - 320кВт / сағат
8. Балқытудан кейін немесе қысқа қайнату кезеңімен тотықсыздандыру шарттарында легирленген скраптан ең үлкен түсіммен металды бөліп алу - ....
a) Қайта балқыту
b) Дуплекс - үрдіс
c) Аралас үрдіс
d) Доғалы пештегі қышқылды үрдіс
e) Индукциялық араластыру
9. Балқытудың тотықтыру кезеңінде балқыманың қайнауы үшін ваннада болатын көміртегінің шекті мөлшері:
a) 0,2 - 0,3%
b) 0,3 - 0,5%
c) 0,5 - 0,2%
d) 0,3 - 0,4%
e) 0,1 - 0,3%
10. Вакуумды индукциялық балқытуда вакуумды вамерада орнатылмайды:
a) Индуктор
b) Электрод
c) Тигель
d) Шихта өлшегіші
e) Қалыптар
Нұсқа
1. Пеште .... тәуелді тотықсыздандырғыш та, тотықтырғыш та балқыту жүргізіледі:
a) Шихта құрамы
b) Агломерат құрамы
c) Флюс құрамы
d) Қож құрамы
e) Концентрат құрамы
2. Доғалы пештерде болат балқыту қағидаларының бірі:
a) Қож ауысымы оңай жүреді
b) Пештер өткір және аспаптық болаттарды балқыту үшін қолданылады
c) Электр энергиясының жылуға айналуы жүреді
d) Тотықсыздану атмосферасында металл тез балқуы жүруі мүмкін
e) Сыйымдылығы ондаған килограмнан 30 т - ға дейін болады
3. Индукциялы тигельдік балқыту пештерінің сыйымдылығы:
a) 30т - ға дейін
b) 30т - дан жоғары
c) 500 - 600кг
d) 500 - 600т
e) 0,5 - 400т
4. Қара қожды үрдіс ... өндірісі үшін қолданылады:
a) Болаттың массалы сұрыптары
b) Ауқымды болаттар
c) Қалыпты құймалар
d) Құрылымдық болаттар
e) Қайта өңделетін шойындар
5. Легирлеуші элементтер:
a) Al, Ti, Zr, Zn
b) Si, Al, Ti, Fe
c) Al, Ti, Mn
d) Zr, Mo, V
e) Si, Al, Ti, Zr, Mo
6. Қара қожды үрдістер .... үлкен сыйымдылықтағы доғалы пештерде жүргізіледі:
a) 300т - ға дейінгі үлкен сыйымдылықта
b) 200т - ға дейінгі кіші сыйымдылықта
c) 400т - ға дейінгі жоғары сыйымдылықта
d) 600т - ға дейінгі аз сыйымдылықта
e) 500т - ға дейінгі үлкен сыйымдылықта
7. Жоғары қуатты УВМ пештеріндегі жоғарғы қуат:
a) 220 - 320кВт / сағат
b) 110 - 220кВт / сағат
c) 320 - 500кВт / сағат
d) 220 - 500кВт / сағат
e) 110 - 320кВт / сағат
8. Қалыптық құйма мен қайта балқыту үрдістері үшін маңызды үрдіс:
a) Қайта балқыту
b) Дуплекс - үрдіс
c) Аралас үрдіс
d) Доғалы пештегі қышқылдық үрдіс
e) Индукциялық араластыру
9. Қандай температураға дейін қыздырылған соң кен мен әк жүктеледі, металдың «қайнауы» жүреді, көміртегінің одан әрі тотығуы жүзеге асады?
a) 1000 - 1200○C
b) 1500 - 1540○C
c) 1200 - 1350○C
d) 1500 - 1750○C
e) 1350 - 1640○C
10. Жоғары қуатқа ие пештерде балқыту ұзақтығы:
a) 2 - 3 сағат
b) 1,5 - 2 сағат
c) 1,7 - 3,2 сағат
d) 1,3 - 2,1 сағат
e) 1 - 1,5 сағат
Дәріс 7