Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Бөлімі:Көркем әдебиет.Тақырыбы:«Бақша ағаштары»Мақсаты: Балалардың әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға бере білуіне, жақсы-жаман әдеттерді айыра білуге тәрбиелеу. Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Бақша ауласына саяхат.Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу.Қажетті көрнекі құралдар:Суреттер.Қостілдік компонент:/билингвальный/жапырақтар-листья,күз-осень.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Балалар жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінің қай аты? Ендеше балалар күз мезгілінде барлық егін, жеміс пен көкөністеріміз пісіп молшылық болады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.   Жыл мезгілін, кұз мезгілінің айларын балалар айтады.Ерекшеліктерін айыра білді.  
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Балалар алдарыңдағы жапырақтарды алып,түсінің қандай екенін, оның қай ағаштың жапырағын екенін айтасыңдар. Бүгінгі оқу іс-әрекетінде Ы.Алтынсаринның «Бақша ағаштары» әңгімесін оқып, мазмұнымен танысамыз. Әңгімені оқып беру. Сұрақ-жауап. Д/о «Ғажайып қалта» Мақсаты: Өзіміздің ауладағы талдағы жапырақтарын танытып, ажыратып білуге үйрету. Балалар, қазір бізде күз мезгілі болғандықтан жақында «Күз сыйлығы» деген көрме ұйымдастырылды. Соған балалар өз үлесімізді қосайық. Салған, жасаған еңбектерін әдемі болса, көрмеге қосылады.Жинаған кептірілген жапырақтар жапсырады. Белсенді қатысқан балаларды мадақтау. Жапырақтарды зерттеп,қаратал, терек ағаштарының жапырақтарын тани білді.   Жапырақтарды зерттеп, қаратал, терек ағаштарының жапырақтарын тани білді.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. Балалар ұқыпты жұмыс жасай білді.   Күз мезгілінің ерекшеліктерін толық айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Жыл мезгілдерін

Қандай түсініктерді игерді:табиғаттағы өзгерістердің түсініктерін игерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Түстерді толық ажыратып, дұрыс қолданды, аула ағаштармен, жеміс ағаштарын айыруды меңгерді.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Бөлімі:Көркем әдебиет.Тақырыбы:«Алтын дән»Мақсаты: Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, оның нәтижесін бағалай білуге деген қызығушылығын арттыру.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:жаттау.Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ой қозғау.Қажетті көрнекі құралдар:Суреттер.Қостілдік компонент: /билингвальный/:Алтын дән-золотой семена.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Балалар шеңбер Бойымен бір-біріне жақсы тілектер айтады. -Аспанымыз ашық болсын! -Деніміз сау болсын! -Нанымыз көп болсын! Жақсы тілектер айтуға жаттығады.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Балалар еңбек еткен әр адамның наны тәтті болады. «Еңбек бәрін жеңбек» дейді қазақ. – Қарашы далаға, Іреңі сары ала, Пісті алма салбырап, Сарғайды аспанда қаптаған. Бұлт тыным таппаған. Ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Балқұрақ. Бір жылы қуаншылық болады. Күннің аптабынан, ылғалдың тапшылығынан өсімдік біткен қатты тарығады. «Еңбектің-наны тәтті», «Жалқаудың жаны тәтті» (мақалды жаттау)
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. Адамнан ақ бидай көмек сұрайды. Бидайға адам көмегін аямайды. Күз айында адам бір қап бидай алады. Ойын: «Не өзгерді?» Ойын арқылы Балалар бір-біріне көмектеседі.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Күз айында егінің пісетінін білді.

Қандай түсініктерді игерді:Күз айындағы ерекшеліктерді бақылап

игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын ерекшелігінің

барысында ұйымшылдықты меңгерді.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта» Тәрбиеші:

Бөлімі: «Көркем әдебиет.» Тақырыбы:«Маша мен аю»Мақсаты:Ертегі мазмұнын түсіне білуге, оның кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін түсініп бағалай білуге үйрету.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Іс-әрекеттерін түсініп, ертегі кейіпкерлерін атау.Әдіс-тәсілдер:Сұрақ- жауап, түсіндіру.Қажетті көрнекі құралдар:«Маша мен аю» ертегі кітабы, ертегілер кейіпкерлері.Қостілдік компонент:/билингвальный/:аю-медведь, қыз-девочка, ата-дедушка, әже-бабушка.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірімен амандасады: Жоғары қарап, Күн көрдім, Төмен қарап Жер көрдім, Оңға бұрылып, Солға бұрылып, Егеменді ел көрдім. Иіліп оңға бір, Иіліп солға бір, Жаттығу жасаймыз.     Балалар қимылмен қайталайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. -Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? -Олай болса бүгін «Маша мен аю» ертегісінің мазмұнын түсініп, ертегі кейіпкерлерін атап, сахналаймыз. Балалар ертегіні мұқият тыңдап, кейіпкерлерін атап береді.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. Ертеде әже мен атаның Маша деген немересі болыпты. Ол қыздармен орманға саңырауқұлақ теруге барыпты. Машаға әжесі мен атасы қыздардан қалып қойма –дейді. Ал Маша орманға барғаннан кейін қыздардан адасып қалады.Ол келе жатып бір үйді көреді. Ол үйде үлкен аю тұрады екен. -Қане, балалар қазір ертегі мазмұнына сай ертегіні сахналайық. -Ертегі кейіпкерлерін атау. -Ертегіні мазмұнына сай айту. Балалар ертегі кейіпкерлері болып сахналап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:«Маша мен аю» ертегісінің мазмұнын түсініп, айта білді. Қандай түсініктерді игерді:Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін түсініп, айтуды игерді. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ертегі мазмұнын сахналап қоюды меңгерді.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Тәрбиеші: Бөлімі: «Көркем әдебиет.»Тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік»Мақсаты: Жора-жолдастарымен мәдениетті қарым-қатынас, өзінің іс-әрекетіне, қылығына баға бере білу, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Өткен өлеңдерді еске түсіру.Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, ойындар, түсіндіру.Қажетті көрнекі құралдар: Суреттер.Қостілдік компонент:/билингвальный/:

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Сендер әдемі болғанды қалайсыңдар ма? Л/о: «Әдептілік не екен» Мақсаты: Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа өздерін таза ұстауын өздеріне әдемілік жарасу керектігін айту ойыны. Өздерін сезіндіру. Бір-біріне деген ыстық лебіз айтып береді.     Қойылған сұрақтарға толық анық жауап береді.  
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. «Әдептілік-әдемі» өлеңін мәтінін оқып түсіндіру. Балалар өлең не туралы? Ал кәне айтып көрейікші.   Қимылды ойын: «Мен қандай сұлумын» Мақсаты: Балалар өздері юбка, орамал тағып   «Мен сұлумын» деп айтып береді. Ойын жарыс түрінде өтеді. Өлең жолдарын жақсылап тыңдайды.   Тәрбиешінің көмегімен балалар қайталап, айтуға үйренді.   Дидактикалық ойынды балалар өздерінің қырағылықтарымен ойнайды. Мысалы:Нұралы,Арланбек, Санжар, Мадияр шығып юбканы киіп, орамалды басына тартып, қатты дауысын шығарып «Мен сұлумын» деп айтады. Ойын осылай жалғаса береді.
І с-әрекеттің кезеңі. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорыта отырып, мадақтап балаларға жұлдызшалар беріледі.   Өлең жолдарын қайталап айтуға үйренді. Балалар жұлдызшалармен марапатталады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Көркем шығарманы тыңдауды.

Қандай түсініктерді игерді: Жора-жолдастарымен қарым-өатынастарының жақсы болу керек екенін түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Қырағылық тыңдағыштық дағдыларды меңгерді.

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»Тәрбиеші: Бөлімі: «Көркем әдебиет.»Тақырыбы: «Төлдердің айтысы»Мақсаты:Үй жануарлары, олардың пайдасы туралы білімдерін молайту. Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқы, іс-әрекетіне негізінде адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Әңгімелесу.Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, түсіндіру,бағалауҚажетті көрнекі құралдар:Үй жануарларының суреттеріҚостілдік компонент: /билингвальный/:төл-детеныш, лақ-козленок,қозы-ягненок.

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Шаттық шеңбер   Күнге назар аударту Шашы алтын,көзі-от Шыға ғой күн тезірек, Шуақ берші,жылу бер, Қозы, лағыма, тағы- Тағы, тағы да!   Балалар қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Жұмбақтар шешу Жарысқа дайын,менің қасқа... Тастан-тасқа секіріп, ұзын салпақ құлақты, Қойдан маза кетірген,кім біледі... Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді... «Төлдердің айтысы» Ертегісін оқу -Үй жануарларын атайық, олардың адамға тигізер пайдасы қандай? -Бота,құлын ненің төлі? -Ешкі,қой,сиырдың төлдері қалай аталады?   Балалардан ертегі мазмұнын сұрау   Сергіту сәті Тіктеп титтей құлағын,ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын, Бұзау оған ереді. Алға созып мойын,ойнақтайды ботақан, Көкке қарай мұрнын,шүйіреді бұзауқан   «Төлдерін тап» ойыны     М:әр малдың төлін ажырата білуге үйрету.     Тайым     Лақты Қозы     Сұрақтарға жауап береді.   Ертегі бойынша түсінгендерін айтады.     Балалар төлдердің қимылын салады.   Әр малдың астындағы қалташаға төлдерінің суретін салады.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. Балаларды шаттық шеңберіне жинап, қортындылау. Балалар бүгін не туралы білгендерін ортаға салады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Үй жануарларының пайдасы туралы білді Қандай түсініктерді игерді: Төлдерге қамқор болуға Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Төлдердің атын білді

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»Тәрбиеші: Бөлімі: «Көркем әдебиет».Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»Мақсаты: Ертегіні зейін қоя тыңдай , мазмұнын түсіне білуге, ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін қадағалай білуге, олардың қарым-қатынасы арқылы адамгершілік қасиеттерді сипаттауға үйрету. Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Суретпен жұмыс.Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойындар.Қажетті көрнекі құралдар:Ертегі кейіпкерлері-қуыршақ театры түрінде.Қостілдік компонент: /билингвальный/:мысық-кошка, сиыр-корова, ағаш- дерево

Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Балаларға сандықты Көрсетіп онда қызық заттар бар деп ынталандыру. Сандықты ашып ертегімен танысуына жағдай жасайды. Қарап, тамашалайды, ертегімен танысу ынтасын білдіреді.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі. Ертегі кейіпкерлерін алып балаларға «Мақта қыз бен мысық» ертегісін айтады. Балалардан ертегісін айтады. Балалардан ертегі кейіпкерлері жайлы сұрайды. Бвлаларға ертегі кейіпкерлер костюмдерін кигізіп ертегі желісін сахналауды ұйымдастырады. Ертегіні тыңдап, кейіпкерлердің іс-әрекетін әңгімелейді. Костюмдерді киіп рөлдерді орындайды.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі. Балалардың қандай ертегі кейіпкерлері мен танысқанын сұрау, олардың қимылдарын сахналау, әңгімелету. Қортындылау, мадақтау. Балалар ертегі кейіпкерлерін сахналап, рөлдерді қалай ойнағанын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ертегі кейпкерлерін тануы, ертегі мазмұнын айта біледі.

Қандай түсініктерді игерді:Ертегі кейіпкерлер қимылын өз еркімен көрсетуді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ертегіні тыңдап, кейіпкерлерді сахналап, олардың іс-әрекетін әңгімелейді.

Наши рекомендации