Ндірістік бақылауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
212. Шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігі аспаптық және (немесе) зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, өндірістік бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
213. Өнімдерді (жартылай фабрикаттар, аспаздық өнімдер, жұмсақ балмұздақ, оттек коктейлі) зертханалық зерттеуді тамақтану объектісінің аккредиттелген (аттестатталған) зертханалары (болған жағдайда) және/немесе аккредиттелген (аттестатталған) сынау зертханасын тарту арқылы жүзеге асырылады.
214. Өндірістік бақылаудың тәртібі мен мерзімділігін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келісе отырып, өндіруші анықтайды. Онда санитариялық өңдеу, дератизациялау және дезинсекциялаудың мерзімділігі де белгіленеді. Өндірістік бақылаудың әзірленген бағдарламасы технологиялық процеске, тамақ өнімдерінің рецептурасына өзгерістер енгізілген уақытта кезең-кезеңмен қайта қаралып отырады.
215. Өндіруші/дайындаушы, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау барысында айғақтар бойынша радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне шикізаттың, қосалқы материалдардың, дайын өнімнің және судың сапасына, технологиялық процестердің санитариялық-эпидемиологиялық жайына және өндірістік үй-жайлар мен жабдықты дезинфекциялау сапасына (санитариялық-көрсеткіштік микрофлораның – ішек таяқшалары тобы бактерияларының болуына шайындыларды зерттеу, кондитерлік цехтарда, ет, көкөніс жартылай фабрикаттарын өндіру бойынша аспаздық цехтарда – шайындыларды патогендік микрофлораның болуына зерттеу), өндірістің технологиялық және санитариялық-гигиеналық режімдерінің (микроклимат, жұмыс аймағының ауасы құрамында зиянды заттардың болуына, шуыл, діріл, жарықталғандық, электр-магниттік сәулелену) сақталуына, ұйымдасқан ұжымдарда тамақтану рационына зертханалық бақылау жүргізеді.
216. Жаңа технологиялық жабдықта, сондай-ақ оны жөндегеннен, реконструкциялағаннан кейін жұмыс жасау санитариялық өңдеуден, дезинфекциялау сапасын және шығарылатын өнімдердің қауіпсіздігін микробиологиялық бақылаудан соң жүргізіледі.
217. Өнімдерді зертханалық зерттеудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі жағдайында үлгілердің екі есе еселенген мөлшері қайыра зерттеледі, технологиялық процесс барысы бойынша өндіріске, шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, қосалқы материалдарға, су мен ауаға, санитариялық киімге, жұмыскерлердің қолына, барлық жұмыс үй-жайларының санитариялық-гигиеналық жағдайына қосымша бақылау жүргізіледі және тиісті санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.
218. Объектілерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау барысында және тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде шығарылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау кезінде технологиялық жабдықтан, мүкәммалдан, қосалқы материалдардан ағымдағы дезинфекциядан соң 60 мин кешіктірілмей алынған микробиологиялық шайындыларда кемінде 2% санитариялық-көрсеткіштік микроорганизмдердің (ішек таяқшалары тобының бактериялары) болуына жол беріледі, бұл дезинфекциялау режимін қанағаттарлық бағалаудың куәсі.
Микробиологиялық шайындыларды патогенді микрофлораға зерттеу мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жанынан және айғақтар бойынша жүзеге асырылады, сыртқы ортаның жоғарыда аталған объектілерінен алынған шайындыларда патогенді микрофлораның болуына жол берілмейді.
219. Тамақ өнімдерінің қауіпті қасиеттерге ие болуына әкелген бұзушылыққа жол берілген жағдайда өндіруші тамақ өнімдерін өндіру, оның айналымы және кәдеге жарату процестерін шұғыл тоқтатады, оны ішкі сауда объектілерінен кері қайтарып алуды және тиісті сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, соңынан белгіленген тәртіппен оны кәдеге жаратуды немесе жоюды ұйымдастырады. Тамақ өнімдерін әзірлеу, дайындау, оның айналымы мен кәдеге жарату процесінде өнімдердің қауіпті қасиеттерге ие болуына әкелген бұзушылықтар туралы ақпаратты мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына тапсырады.
220. Өндіруші өндірілетін тамақ өнімдерінің әр партиясының қадағалануын қамтамасыз етеді.
Персоналдың тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық тексеріп-қарау және гигиеналық оқытуға қойылатын талаптар
221. Персоналға арналған санитариялық өткізгіш түрі бойынша тұрмыстық үй-жайлар жабдықталады: жеке және арнайы киім мен аяқ киімді бөлек сақтауға арналған киім ілетін орындар, санитариялық торап, себезгі бөлмесі, жұмыс істейтін әйелдер саны 15 және одан көп болған жағдайда әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлме. Персоналға арналған киім ауыстыру орнын өндірістік үй-жайларда орналастыруға жол берілмейді.
222. Санитариялық тораптар арнайы киімге арналған ілгішпен, ыстық және салқын су келіп тұратын қол жууға арналған раковиналармен жабдықталады, қол жууға арналған құралдармен, бір рет қолданылатын сүргілермен немесе электр-сүлгілермен жарақталады. Санитариялық торапқа кіре берісте дезинфекциялау ерітіндісіне малынған дезинфекциялау кілемшесі көзделеді.
223. Тамақтану объектілерінде «Елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Санитарлық қағидаларға сәйкес тиісті еңбек жағдайлары (микроклимат, өндірістік шуыл, діріл, табиғи және жасанды жарықтандыру, жұмыс аймағының ауасы) қамтамасыз етіледі.
224. Персонал арнайы киімнің кемінде 3 жиынымен қамтамасыз етіледі. Салқын тағамдарды өндіруде персонал бір рет қолданылатын қолғаптармен жұмыс жасайды.
225. Арнайы киім орталықтандырыла жуылады және дезинфекцияланады, үйде жууға жол берілмейді.
226. Тамақтану объектісінің жұмыскерлері және тасымалдаумен, тиеумен, түсірумен айналысатын тұлғалар жұмысқа кірісер алдында алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қараудан өтеді.
227. Объектінің әр жұмыскерінің және тамақ өнімдерін тасымалдаумен, тиеумен, түсірумен айналысатын тұлғалардың медициналық тексеріп-қараудан өткендігі, гигиеналық оқытылғаны және жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс.
228. Өндірістің технологиялық операцияларына орындалатын жұмыстың сипатына сәйкес келетін кәсіптік дайындығы (біліктілігі, мамандығы) бар, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндірудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды сақтау саласында гигиеналық оқытылған және аттестаттаудан өткен персонал тартылады.
229. Төңірегіне және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, инфекциялық аурулармен ауырған тұлғалар немесе инфекциялық аурулар қоздырғышын тасымалдаушылар, сондай-ақ осындай ауруларға күмән келтірген тұлғалар жұмысқа жіберілмейді. Өнім өндіру процесінде жұмыс істейтін кез келген тұлға өзінің ауыратындығы туралы немесе ауру белгілері туралы тікелей басшысына шұғыл хабарлайды. Ауру адаммен немесе осындай ауру тасымалдағыштармен байланыста болған тұлғалар медициналық зерттеп-қараудан өткен соң жұмысқа жіберіледі.
230. Объектінің жұмыскерлері және тамақ өнімдерін тасымалдаумен, тиеумен, түсірумен айналысатын тұлғалар өнімді ластау көзі болмас үшін жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдарының таза болуын қадағалайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шығарда және дәретханаға бармас бұрын арнайы киімін шешеді, жұмыс басталмас бұрын және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен және лас заттарды ұстағаннан кейін қолдарын сабындап жуады.
Жұмысты бастар алдында шаштарын қалпақ немесе үшкіл орамал астына жинайды, зергерлік әшекейлерін, сағаттарын және басқа сынатын заттарды шешеді, тырнақтарын қысқартып қырқады және лакпен боямайды.
Шикізатқа және дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларға ұсақ шыны және металл заттарды (технологиялық мүкәммалдан басқа) әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен ұстатуға және халаттардың қалтасында жеке тұтыну заттарын сақтауға жол берілмейді.
Жұмыскерлерге арнайы киімсіз өндірістік үй-жайларға кіруге, арнайы киімнің үстінен сыртқы жеке киімді киюге жол берілмейді.
231. Тікелей өндірістік үй-жайларда, дәретхана бөлмелері мен ас ішу және темекі шегу мақсаттарына бөлінбеген үй-жайларда ас ішуге және темекі шегуге жол берілмейді.
232. Күнделікті, жұмыс ауысымының басында жауапты тұлға жұмыскерлер денесінің ашық бетін іріңді аурулардың, микрожарақаттардың болуына тексеріп-қарайды. Терінің іріңді аурулары бар, кесілген, күйген, терісі сыдырлған жерлері іріңдеген, сондай-ақ инфекциялық аурулармен ауырған және инфекциялық ауруларға күдікті тұлғалар жұмысқа жіберілмейді. Тексеріп-қарау нәтижелері осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы журналға енгізіледі. Жұмысқа жіберу рұқсатын жүргізу тәртібі мен құжаттамалық ресімдеуді дайындаушы бекітеді.
«Қоғамдық тамақтану объектiлерiне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына
1-қосымша