Кітапшалау-түптеу цехының техникалық қауіпсіздігі

Кітапшалау-түптеу және әрлеу жұмыстары кезінде жұмысшыларға зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін жою немесеосы факторларды рұқсат етілген нормаларға дейін төмендету қажет.

Кітапшалау түптеу және әрлек кезінде қолданылатын жабдықтар мемлекеттік стандарт пен әр жабдыққа сәйкес келетін техникалық жағдайға сай болуы керек.

Жабдықтың құрылымы жабдықпен жұмыс істеу құжатына сәйкес қауіпсіз жұмыс істейтіндей болуы керек, әрі құжатта жабдықпен әрі қарай жұмыс істеуді тотқтататын ақаулар белгілену керек.Жабдықтардың мемлекеттік стандартқа сәйкес сақтандыру құрылғылары және дабыл белгсін білдіретін бояы болу керек.Сақтандыру құрылғылары жұмысшыны жабдықтың қозғалатын бөліктерінен, аэрозоль мен зиянды химиялық заттардың буынан және басқа да қауіпті өндірістік факторлардан сақтауы тиіс [12].

Жабдықтың электр қауіпсіздігі және электротехникалық жабдықтар мемлекеттік стандартқа сай болыу қажет.Қауіптілігі жоғары құрылғыда техникалық жағдайды белгілеуге болатын журнал болуы керек, ауысым біткен сайын жабдықтың жағдайы туралы белгіленіп тұруы керек.Қауіптілігі жоғары жабдықтарда әр екі апта сайын қоршайтын, сақтайтын, тежейиін, автоматты бақылау құрылғысы, дабыл беру құрылғысы және басқа да жабдықты қауіпсіз қолдануды қатамасыз ететін құрылғыларды жабдықты тексеру журналына сәйкес текеріп тұру.

Кесу машиналарындақорғасынан жасалған марзанды қолдануға болдмады.Кітап блоктарын өңдейтін жабдықтарда қағаз қиындылары мен шаңды жоятын құрылғылар болу керек.Терможелім ерітіндісі бар құтылардың төбесінде вентиляцияға жалғанған сорғыштар болу керек.Желімді ваннаның ішкі қабырғаларындағы және роликтерде желімнің қараюы байқалғанда тазартып тұру керек. Тазалау процесі кезінде парафин қолдану қажет.

Қыздыруды қажет ететін технологялық процестердің құрылғыларның сыртқы бетіндегі температура 40 °С аспауы керек. Жоғары жиілікті жабдықтардың генераторларында бөгеттен жасайтын құрылғысы бар қорғау экраны болуы керек.Полиэтилентерефталатты немесе басқада пленканы престейтін аймақтарда ұру немесе үйкелу кезінде ұшқыр пайда болатын құралдар қолдануға болмайды.Cтатикалық электрлену болатын жабдықтар статикалық энергияны бейтараптандырғышпен қамтамасыз етілуі керек.Ауа тазартқыштар тұрып қалған ауа мен шаң жарылғыш қосындысы пайда болмайтында етіп, ауаны жүйелі түрде шаңннан тазартып тұруы керек.

Жабдықтарды орналастыру мен жұмыс орындарын ұйымдастыру.Жабдықдықты орналастырғанда, онымен жұмыс істеу жайлы болу керек. Төтенше жағдай кезінде жұмысшыларды оңай эвакуацияланатындай, жабдық орналасу керек және зиянды заттар мен өндірістік факторлар жұмысшыларға әсер етпеуі керек.Жұмыс орны жұмысшылар жұмыстарды оңай орындау үшін және жұмыс орнын үнемді пайдалану үшін дұрыс ұйымдастырылуы шарт.Лактайтын, пленкамен және фольгамен престейтін, желім мен лакты дайынлайтын орындар изоляциялануы керек.Жұмыс орнындағы электростатикалық ағындар рұқсат етілген шамадһлардан аспауы керек [12].

Ауа ортасының микроклиматы және тазалығы.Өндіріс бөлмелерінің микроклиматы деп – ауа ортасының күйі, ол, температура, ылғалдылығы, ауа жылдамдығы мен жарық сәулесі (инфрақызыл). Бұл жағдайлар адам ағзасының терморегуляциясына, қоршаған орта мен адам ағзасының жылу алмасуына әсер етеді.Санитарлық заңдарға сәйкес өндіріс бөлімі жылы – жылу бөлінуі 1м3/сағатына 20 Дж.Адам ағзасының ауыр физиолгиялық процесстерге жылуазығы мен жылуалмасуы қоршаған ортаның микроклимат жағдайы ауысқан кезде реттей алуы қажет.

Жарықтандыру. Полиграфиялық кәсіпорындардағы өндірістік бөлмелерді жарықтандыру салалық ережелерге сай жобаланады. Мұндағы жасанды жарықтандыру жабдықтың өндіріс интерьері мен жиһаздарының түсіне үйлесуі тиіс. Ұл ең алдымен жарықтандыруды тиімді пайдалануға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмысшылардың шаршамауына әсерін тигізеді.

Люменисцентті шамдарды бір-бірінен бірдей алшақтықта орналастыру керек. Сонда машина ауыстырған кезде жарықтандыруды қайта орнатуды қажет етпейді.Жалпы және жергілікті жарықтандыру үшін бірдей шамдар орнатылуы қажет.Басу цехын жалпы бағытталған жарықтың машина талеріне, басу аппаратына, самонакладқа жарықтың жақсы түсетініндей етіп жарықтандыруы керек.

Өрт қауіпсіздігі. Өндіріс орындарындағы өрт себептерінің көп бөлігі − өндіріс жабдығының ақауларынан, технологиялық процестердің бұзылуынан, электрогазды пісіру жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамағандықтан және т.б болады. СНжП 21-01-97 сәйкес бөлмедегі заттарды пайдалну сипатына және мөлшеріне қарай, бөлмелер өрт және жарылыс қауіптіліктеріне қарай А,Б,В,Г категорияларына бөлінеді.Полиграфия өндірісі өрт қауіпсіздігінің сатысына қарай В категориясына жатады.Өрт сөндіру машиналары кіру үшін ғимараттың екі жағынан ашық жолдар қарастырылған. Жол жиегі мен ғимарат ара қашықтығы 25 м-ден артық болмауы керек [12].

Ауыр заттарды қозғалту кезіндегі қауіпсіздік. Баспаханаларда қолданылатын қол арбалар ауыр заттарды тасу кезінде еңбек ауырлығын айтарлықтай жеңілдетеді. Арбаларға салынатын өнімнің көлемі арба өлшемінен үлкен болмауы керек және жұмысшының көзінің деңгейінен төмен қойылуы керек. қол арбалардың жүру жылдамдығы 0,5 – 0,8 м/сек.Сирек кездесетін заттардың ыдысын арнайы арбалармен тасымалдайды немесе екі адам екі ұстағышы бар корзинамен алып жүреді. Баспаханаларда сынбайтын, жеңіл,мықты және қышқылға, сілтіге, ерітінділерге және майларға төзімді пластмассалы бөтелкелер мен бидондар қолданылады. Электрокарлар жұмыс істеуде де, басқаруда да өте қарапайым және өртке қауіпсіз,жағымсыз иіс пен газ бөлмейді, шуламайды. Көтергіш платформасы және жүк стеллажы бар электрокаралар жүк тасымалын жеңілдетеді және жылдамдатады. Электрокаралардың цех ішіндегі негізгі жолмен жүру жылдамдығы 5км/сағ.

Өндіріс қалдықтарын, дайын өнімнді, жартылайфабрикаттарды, дайындамаларды сақтау және тасымыалдау ережелері. Кітапшалау-түптеу процесінде қолданылатын материалдар мен заттектер осыған арнайы арналған бөлмелерде сақталуы керек және химиялық әсер етуіне байланысты топтарға бөлінуі тиіс. Өрт қауіпсіздігінің дәрежесі өррт қаупі бар химиялық заттарға байланысты белгіленеді.Химиялық заттар сол затқа арналған герметикалық тарада сақталуы керек. Тара сыртында химиялық заттың аты, сақталу жағдайы, мелекеттік стандарты жазылуы керек.Сүртуге арналғанматериалдарды арнайы жабылатын, металл жәшіктерде сақтап, ауысым бітісімен бірден бөлмеден шығарылуы керек. Қағаз қалдықтарын жұмыс жасап жатқан кезде қолмен алынып тасталуы керек.Шайырдан, желімнен, еріткіштерден және т.б. заттардан қалған құтыларды арнайы дайындалған жерлерге апару керек.Түптеуге арналған көп мөлшердегі желімді машианаға тасымалдағанда арнайы жабық ыдыстарда пару керек.

Материалдарды, жартылайфабрикаттарды, дайын өнімді арнайы бумаларға жинау керек. Бумалар арасындағы арақашықтық өндірісте қолданылатын тасымалдау машиналардың габариттеріне байланысты болады. Жартылай фабрикаттарды және дайын өнімдерді қоймалауға арналаған поддондар, контейнерлер және басқа да тара қауіпсіздік техникасына сай болу керек.

Қауіпсіздік ережесін сақтаталуын тексеру әдістері. Өндіріс, цех, аймақ бастығына қауіпсіздік ережесін орындалуын қадағалау міндеті жүктеледі.Шудың норма парметрлеріне сәйкестігін кем дегенде жылына бір рет жүргізіп отыру керек.Жұмыс орныдарындағы жасанды жарық көздерін де кем дегенде жылына бір рет, табиға жарық көзінің аз кезінде тексеру керек [12].

ОРЫТЫНДЫ

Бұл курстық жобада кітапшалау-түптеу цехында орындалатын технологиялық процестермен таныс болдық. Жалпы кітапшалау-түптеу процестеріне екшелеу, кесу, бүктемелеу, қысу, жинақтау, тігу, блокты өңдеу, қап даярлау, пленка престеу, орап-буу деген сияқты процестерден тұрады.

Курстық жобада сөздік оқулығы қандай операциялармен дайындалатыны, қандай материалдар қолданылатыны және қандай жабдықтарда дайындалатыны жіктеп жазылды. Оқытушының нұсқауымен берілген сөздік оқулығының кітапшалау-түптеу цехындағы процестерге қажетті материалдар мен жабдықтар технологиясын меңгердім.

Курстық жобаның бірінші бөлігі технологиялық бөлім, мұнда басылымның техникалық сипаттамасы, кітапшалау-түптеу цехының жылдық жүктемесі, кітапшалау-түптеу цехының технологиялық сұлбасы мен сұлбаны орнықтыру және талдау ұсынылған. Басылымның техникалық сипаттамасында форматы, таралымы, атау саны көрсетеміз, ал цехтың жүктемесінде басылым мен дәптердің жылдық санын анықтаймыз. Сонымен қатар технологиялық сұлба бойынша кітапшалау-түптеу цехындағы өнімді даярлау үшін барлық процестерді орнықтырамыз. Яғни, басу цехынан басылып келген қағаздар кітапшалау-түптеу цехыда ең бірінші екшеленеді. Егер қағаз өз жағымен басылып келсе, онда кесу операциясы орындалады. Кесілген қағаздар бүктеледі. Бүктелген дәптерлер түбінен қысылады. Қысылу себебі, дәптерлер бүгілімі ажырамауы үшін. Өнімге «Колбус» ағымды желісі таңдалынды. Сол себептен, бірінші және соңғы дәптерге форзац бекітіледі. Дәптерлерді жиақтау машинасына апарады. Жинақталған блоктар тігіледі. Тігілген блок ұзақ уақыт сақтауға жарамды. Блок ары қарай ағымды желіге барады. «Колбус» ағымды желісінде 12 операция орындалады. Ағымды желіден дайын өнім шығады. Басылған қағаздарды екшелеу, бүктеу операциясына параллель мұқаба жасалынады. Мұқаба жасауға бобина кесу, қатырма кесу, мұқаба дайындау машиналары кіреді. Мұқаба фольга оймаланып, сәнделеді. Меніің өнімімде мұқаба пленкамен қапталған. Пленка – жұқа полимерлік мөлдір материал. Таңба бетіндегі пленка жоғары жылтырлықты, тегістік, механикалық беріктік пен суға төзімділік қасиеттерін береді. Триацетатты пленкаларды триацетат целлюлоза полимерінен даярлайды. Оның беріктігі жоғары емес, ылғалға төзімділігі қанағаттанарлық, балқу температурасы 100-180 Кітапшалау-түптеу цехының техникалық қауіпсіздігі - student2.ru , оның қағаздан ыдырап кетуге мүмкіндігі зор. Қалыңдығы 24 мкм триацетатты пленка жоғары мөлдірлікке ие,жылтыр және ол қарапайым офсеттік немесе массасы 120-180 г/м борланған қағазда, қатырмада, басылған өнімді өңдеу үшін қолданылады. Ең соңғы операциялардың бірі – дайын өнімді тексеріп, орап буып, қоймаға жібереді.

Сонымен қатар, өнімді даярлауда жабдықтар мен материалдар керек. Кітапшалау-түптеу жабдықтары алуан түрлі болып келеді. Бұл кітап шығару барысында атқарылатын әр сипаттағы технологиялық операциялар түрлеріне байланысты. Жабдықтар құрамы шығарылатын өнімдер түріне, олардың құрылымына, тараламына және өндіріс ауқымына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Кітапшалау-түптеу жабдықтарын олардың әр түрлі параметрлеріне, қасиеттеріне т.б. көрсеткіштеріне қарай классификациялауға болады. Кітапшалау-түптеу жабдықтарын өнімнің форматына, түріне байланысты таңдайды. Әрбір машинаның өзіне тән техникалық сипаттамасы болады.

Курстық жоба бойынша шығарылатын өнімге байланысты негізгі материалдарын таңдау және олардың шығынын есептеу жұмыстарын жүргіземіз. Содан кейін басу машинасына маршрутты-технологиялық карта құрастырып, таңдалған өндірістік материалға сипаттама бердік. Бұл курстық жобада біз кітапшалау-түптеу цехының жобасын құрастырдық. Цех жобасында тапсырысты екшелеуден бастап, дайын өнімді жіберуге дейінгі кезеңдерді қарастырылды. Ашып айтқанда, машиналардың, қағаз даярлайтын және материал жинақтайтын қоймалардың, демалатын бөлмелердің, қосымша бөлмелердің, механиктер бөлмесінің орналасу ретін сызып орналастырылды.

Бұл курстық жоба арқылы мен кітап өнімі, соның ішінде сөздік оқулықтары жайлы толық ақпаратты меңгердім. Өнімге қажетті материалдарды есептеуді меңгердім. Кітапшалау-түптеу цехының жобасын құрастыруда жабдықтардың орналасу ретіне ерекше көңіл бөлдім. Және де жабдықтармен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздікпен таныстым. Сонымен қатар, цехта еңбек ететін қызметкерлердің орасан зор қажырлы еңбектерімен таныстым.

Наши рекомендации