VI. Мұғалімдерге семинар-тренинг

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

VI. Мұғалімдерге семинар-тренинг - student2.ru

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

АЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы 2016 жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығынаорай«Мәңгілік ел –болашақтың бастауы»атты мектеп оқушылары арасындағы облыстық конференциясын өткізеді

Конференция жұмысы 3 бағытты қамтиды:

1. Қазақстанның қазіргі тарихының өзекті мәселелері

2. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының құндылықтары

3. Қазақстан халық Ассамблеясының – қоғамдық келісім мен татулықтың тірегі

Мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының негізгі құндылықтарын түсіну, «Мәңгілік ел» Патриоттық Актісін жүзеге асырудың жолдарын талқылау, Қазақстанның қазіргі заман тарихының өзекті мәселелерін талдау.

Конференция қазақ, орыс тілдерінде жұмыс жасайды.

І. Конференцияның талаптары мен шарттары

1.1. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерін берген орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен 8-11 сыныптар оқушылары қатыса алады.

1.2. Тіркелу формасы [email protected] электрондық поштасына жіберілуі қажет. (Өтінім формасы №1 қосымшада кесте түрінде көрсетілген)

1.3. Мақаланың тақырыбына сай презентация міндетті түрде болуы тиіс.

1.4. Материалды (мақаланы) рәсімдеу тәртібі: баяндама мәтіні толық 4 бетке дейін; мәтін - Times New Roman, Times New Roman KZ шрифтімен (шрифт өлшемі – 14, интервал – 1; әр жол – 1,25 азат жол басындағы аралық қалпында); төменгі және жоғарғы жақтары 2 см., сол жағы 3 см., оң жағы 1 см.; беттің жоғарғы оң жағына оқушының аты-жөні, мектебі, сыныбы, ғылыми жетекшінің аты-жөні көрсетіледі, бастапқы жолдың ортасында жобаның тақырыбы; 2 жолдан кейін баяндама мәтіні азат жолдан басталады (№2 қосымшада); Мәтіндегі сілтемелер тік жақша ішінде көрсетіледі.Мысалы: [1, 646 б.]. Электрондық сілтемелерді пайдалануға болмайды, сілтемелер мәтін соңында беріледі.

Конференция натижелері бойынша электрондық материалдар жинағы әзірленеді, оны PDF-форматта Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ сайтынан жүктеп алуға болады (www.ksu.kz).

Конференция материалдарына мақала жариялау тегін.

II. Конференцияны өткізу

2.1. Өтінімдерді және мақалаларды қабылдау 10.10.2016 ж. дейін жүзеге асырылады. Ғылыми жобалар конкурсы 15.10.2016 ж. күні өткізіледі. Тіркелу уақыты: 9.30-10.00-ге дейін. Басталуы уақыты сағат: 10.00-де.

Өткізілу орыны: Қарағанды қаласы, Университет к. 28, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, №3 корпус, тарих факультеті, Қазақстан халқы Ассамблеясы кабинеті (501 аудитория).

2.2. Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Университет к. 28, №3 корпус, тарих факультеті, Қазақстан тарихы және ҚХА кафедарсы, 507 аудитория. Тел.: 77-00-30, 8707-923-23-91 (Жұмабеков Жамбыл Әзмұқанұлы); 8701-297-42-33 (Жұманова Айман Зейнелгабденовна)

III. Конференцияға қатысушыларды бағалаудың негізгі өлшемдері

3.1. Бағалау өлшемдері:
–тақырыбының өзектілігі;
– қойылған мәселенің жаңалығы;

– сауатты дәйексөз келтіру;
– мәтінді сауатты ресімдеу.


IV. Конференцияға қатысушыларды марапаттау

Конференция қорытындысы бойынша әрбір секция бойынша 1, 2, 3 орындар және конкурсқа қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

VI. Мұғалімдерге семинар-тренинг

Оқытушыларға «Негізгі мектеп оқушыларын тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру» атты семинар-тренинг өткізіледі, сертификат беріледі. Семинар-тренингке қатысу үшін арнайы тіркеледі.

Осымша №1

Тінім

Оқушының аты-жөні Мектептің толық атауы Сыныбы Тақырыбы Жетекшісі Байланыс телефоны, эл.адрес
               

Осымша №2

Лгі

Сейтмағанбетов Аслан

№ ....мектеп-лицейінің

10 сынып оқушысы

Ғылыми жетекші:

Базарова Г.Т.

ТАҚЫРЫБЫ

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Наши рекомендации