Кітапшалау-түптеу цехында даярлаудың технологиялық сұлбасы
КІРІСПЕ
«Кітапшалау» деген термин – кітапша деген сөзден, яғни 5-80 беттен тұратын жұмсақ мұқабамен қапталған басылым деген сөз. Ал, «түптеу» деген термин түптеме, түптелген қап, яғни кітап блогын түптеуге арналған қап деген сөзден шыққан.
Кітапшалау-түптеу процестері технологиялық процестің соңғы этапы. Полиграфиялық өнімнің кейбір түрлері, жарнамалық өнімдер, газеттер, журналдар тек өңдеу операцияларынан өтеді. Кітапшалау процестеріне – бүктемелеу, бүктелген дәптерлерден блокты жинақтау, нақты бір әдіспен блокты бекіту, дайын блокты жұмсақ мұқабаға қондыру, шыққан кітапшалардың сапасын тексеру және орап - буу процестері жатады.
Баспа өнімдерінің ішіндегі ең күрделісі – кітап. Ол өзара әртүрлі тәсілдермен біріктірілген, көптеген элементтерден құралады. Кітаптың әртүрлі элементтерімен, параметрлерінің (дәптерлер, олардың бөліктері, бейнесуреттер, форзацтар, мұқабалар, түптеу қаптары, кітаптың форматы, көлемі т.б.) бірлесуі, қолдану варианттарының көптігі кітап шығару, өндірісінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
Басылып шыққан кітап-журнал түріндегі жартылай даяр өнімдерді өңдеу процесі олардың басу цехынан кітапшалау цехына қандай түрде түскеніне байланысты. Егер олар рулонды ротациялық машиналарынан бүктелінген және бумаға сығымдалған күйде берілетін болса, парақтық машиналардан үлкен жеке парақтар түрінде шығады, оларды кітап-журналдық құрылымының алғашқы элементтері – дәптерлерге қалыптасыру қажет.
Маған берілген өнімнің түрі – сөздік. Яғни кітап өнімінің бір түрі. Кітап – мерзімсіз өнім түрі. Бұл полиграфиялық өнім түрі кітапшалау-түптеу процесінің барлық технологиясын қамтиды. Және маған берілген кітап өнімі қатты түптеу қабымен қапталып, жіппен тігілетіндіктен қосымша метериалдар да пайдаланылады.
Технологиялық бөлім
Басылымның техникалық сипаттамасы
Әр кәсіпорын басылымды шығармас бұрын, оның техникалық сипаттамасын жасайды. Маған берілген басылымның техникалық сипаттамасы 1-кестеде берілген [1].
Кесте - Басылымның техникалық сипаттамасы
Басылымның аталуы | Сөздік |
Басылымның түрі | Кітап |
Басылымның форматы және бөлшегі, см | 60×90/16 |
Басылымның форматы, мм кесуге дейін: кесуден кейін: | 150×225 145×215 |
Басылымның көлемі: - физикалық баспа табақта - қағаз табақта - беттерде - шартты баспа табақта | |
Таралымы, мың дана | |
Атау саны | |
Түптеу типі | №4 |
Түптеу қабының материалы | Мұқаба қағазы мен пленка |
Түптеу қабының өңдеу түрі | Фальгамен оймалау |
Форзацтың түрі | Қарапайым |
Блоктың бөлшек басылым табақтарының, суреттерінің болуы және олардың бекітілу сипаттамасы | – |
Жинақтау әдісі | Бірінің үстіне бірін қойып |
Кітап блогын бекіту әдісі | Жіппен тігілген, түбі желімденген |
Терілім бетінің форматы, кв | 6 1/2 × 10 1/2 |
Кесілгеннен кейінгі жолақтарының өлшемі | 3/4, 1/2, 3/4, 3/4 |
Таңдалған қағаздың түрі (г/м2) - мәтінге - форзацқа - мұқабаға | Офсеттік, борланбаған |
Фальцтың пайда болу әдіс | 3 бүгілім, перпендикуляр |
Дәптердегі беттердің саны | |
Блоктағы дәптерлер саны |
Кітапшалау түптеу цехының жылдық жүктемесі
Кез-келген кәсіпорынға жылдық жүктеме беріледі. Мұнда дәптердің жылдық саны мен басылымның жылдық санын есептейміз. Маған берілген жылдық жүктеме 2-кестеде келтірілген [1].
Кесте -Кітапшалау-түптеу цехының жылдық жүктемесі
Басылымның аты | Сөздік |
Басылымның форматы мен бөлшегі | 60×90/16 |
Кесуге дейінгі форматы, мм | 150×225 |
Кескеннен кейінгіформаты , мм | 145×215 |
Көлемі,физикалық баспа табақ | |
Таралым, мың дана | |
Атау саны | |
Мерзімділігі | - |
Дәптердегі көлемі | |
Басылымның жылдық саны, мың дана | |
Дәптердің жылдық саны, мың дана |
Басылымның жылдық саны (1) формуласымен есептелінеді:
Бж=Т∙А∙М∙Vқ.т (1)
мұндағы Т – таралым,
А – атау саны,
М – мерзімділігі,
Vқ.т – физикалық баспа табақтағы көлемі.
Бж=3500×30×15=1575000
Дәптердің жылдық саны (2) формуласымен есептелінеді:
Дж=Т∙А∙М (2)
Дж=3500×30=105000
Кітапшалау-түптеу цехында даярлаудың технологиялық сұлбасы
Кітапшалау-түптеу цехында даярлау үшін орындалатын барлық процестер төмендегі 1-суретте көрсетілген [1].
Мәтін парақтарын Форзацтың қағаз парақтарын
екшелеу екшелеу
↓ ↓
Мәтін парақтарын кесу Форзацтарды бүктеу
↓ ↓
Парақтарды 3 бүгілімге бүктеу Кесу
↓
Негізді дәптерлерге
форзацты бекіту
↓
Дәптерлерді бірінің үстіне бірін
қойып блокқа жинақтау
↓
Блокты жіппен тігу
↓
Кітап блоктарын тіккен
кейін қысу
↓
Кітап блогының түбін желімдеу
↓
Кептіру
↓
Кітап блогының
түбін қысу
↓
Блокты үш жағынан
кесу
↓
Блоктың түбін (тігінен) өңдеу
↓