СМЖ -200Б Дірілдеткіш қондырғы
Сурет. СМЖ -200Б Дірілдеткіш қондырғы
Дірілдету әдісімен қалыптау жылжымалы араласпаға, аз жылжымалы және өте қатаң араласпаларға қолданады. Нығыздаудың негізгі әдісі болып оны пластикалық тұтқыр күйге дейін вибрациялау.
Дірілді қалыптауды жүргізудің көлемдік, сыртқы, беттік және ішкі вибротығыздау түрлері бар.
Көлемдік дірілді нығыздау әдісімен діріл алаңда және басқа қондырғыларда бір қабатты көп қабатты тегіс бұйымдарды, қуысты панельдерді және басқада конструкцияларды қалыпта дайындалатын бұйымдарды қалыптайды.
Сыртқы діріл нығыздауды бетон араласпасын вибрациялау қабырғасы арқылы нығыздайды, тік қалыпта қалыптанатын бұйымдарды дайындауда қолданады.
Беттік нығыздау тербелісті бетон араласпасына оның ашық беті арқылы вибрациялау плиткасы, шиттері, вибротартқышты қондырғысымен береді.
Ішкі діріл нығыздау дірілді тайақшалар немесе дірілдету жүрекшелерімен, бетон араласпасына ендіріп немесе алдын ала қалыптың ішіне орнатылған қондырғы арқылы тығыздалады.
Дірілді нығыздау әдісімен қалыптау бір уақыттың өзінде бетон араласпасына діріл және қысым беру арқылы жүргізіледі. Бұл әдіспен қатаң бетон араласпасынан бұйымдар жасауға болады.
Вакуумдау әдісімен қалыптауда дірілді әсер ету немесе пресстеу кезінде жылжымалы бетон араласпасын қолданғанда қолданады. Бұл қосарланған тығыздау әдісі аса жоғары тығыздықты бетондар алуға және өндіріс орнында қалыптардың жетіспеушілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Жаңа қалыптанған бұйымдарды жылумен өңдегенге дейін қалыптан босатуға болады.
Центрефугалау әдісімен қалыптауды құбырлық бұйымдарды және конструкцияларды жылжымалы бетон араласпасынан дайындауға қолданады.
7 – кесте. СМЖ -200Б дірілдеткіш қондырғысының техникалық сипаттамалары
Салмақ көтергіштігі, т | |
Тербетіліс амплитудасы, мм | 0,4-0,6 |
Жиілік тербетілісі 1 мин. | 3000 ±200 |
Кинематикалық моменті, кгс·м | |
Виброблоктың саны | 2 дана |
Электродвигателдердің типі | АО-2-52-2 |
Қуаты, кВт |
4. Өндірілетін бұйымдар:
Темірбетонды сақина арнайы сыртқы коммуникация құрылысына арналған. Олар ғимараттарда канализация желілерінің жекелеген арнайы жерлерінде және кезекпен орнатылады.
Каналицзациялық темірбетонды сақиналарға дейін сол секілді бетон және кірпіш секілді материалдар пайдаланылды. Айтарлықтай, бұл ұзақ уақыт және қиын болды. Қазіргі таңда өндірісте темірбетонның жекелеген бөлікпен шығарылуда. Бұл өте оңай, барлық бөліктері жеңіл және құрастыруға ыңғайлы.
3-сурет. Темірбетон сақина
Темірбетон арық жер асты коммуникатциясы ыстық және салқын сумен жабдықтау және азаматтық және өнеркәсіптік нысандарда дренаждық жүйелер салуда қолданылады.Темірбетонды арықтар топырақтың қысымы, сондай-ақ суға белсенде әсерінен қорғайды.
Темірбетон арық келесідей талаптар қойылады:
· Су өткізбегіштік;
· Суға төзімділік;
· Қышқылды ортаға төзімділігі;
· Беріктік;
· Ұзақ мерзімді.
4-сурет. Темірбетон арық