Жалақының тарифтік, сағаттық, күндік, айлық қорларына анықтама беріңіз.
Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Электрлік цехтың кезекші және жөндеу қызметкерлер құрамының жалақысын жоспарлау
Орындаған: Құрманбай Д.Б
Эук-15-12 тобы
Тексерген: Сатымова М.Е
Алматы 2016
Зертханалық жұмыс №2. Электрлік цехтың кезекші және жөндеу қызметкерлер құрамының жалақысын жоспарлау
Жұмыстың мақсаты: жалақының әртүрлі қорларын және оның элементтерін, төлемақылар мен сыйақылардың түрлерін анықтауды үйрену.
Зертханалық жұмысты жүргізудің әдістемесі
Жалақы төлеудің кесімді формасымен жұмыс жасайтын жұмысшылардың тарифтік қорларын есептеу негізі ретінде мөлшерленген жұмыс уақытының қажетті шығындары (жұмыстың еңбек сыйымдылығы) және белгіленген сағаттық тарифтік мөлшерлемелер қызмет етеді:
теңге | (2.1) |
мұндағы ФкесТ – кесімді жұмысшылардың (жөндеу жұмысшылары) бір жылдағы жалақыларының тарифтік қоры;
Сорткес – кесімді жұмысшылардың орташа сағаттық мөлшерлемесі (оқытушымен беріледі);
Тж – жоспарланған жұмыстың еңбек сыйымдылығы (№1 зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша алынады).
Ал мерзімдік төлеммен жұмыс жасайтындар үшін бір жұмысшының нақты жұмысқа келу уақыты, жұмысқа келушілердің саны және сағаттық тарифтік мөлшерлемелері алынады:
теңге | (2.2) |
мұндағы Фмерзт – мерзімдік жұмысшылардың (эксплуатациялық жұмысшылар) жалақыларының бір жылдағы тарифтік қоры;
Сортмерз – мерзімдік жұмысшылардың орташа сағаттық мөлшерлемесі (оқытушымен беріледі);
Тк – бір жұмысшының жұмысқа келу уақыты (№1 зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша алынады);
Rкэ – эксплуатациялық (пайдалану) қызметкерлердің нақты жұмысқа келу саны (№1 зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша алынады).
Бір жұмысшының орташа сағаттық, орташа күндік және орташа жылдық еңбекақысын есептеу
Бір жұмысшының орташа еңбекақысын (орта сағаттық, орта күндік және орташа айлық) анықтау үшін олардың тізімдік құрамы №1 зертханалық жұмыстан алынады.
Жұмысшылардың еңбекақы қорларын және оның орташа мәнін анықтау әдістемесі 2.1 кестеде келтірілген.
Алынған нәтижелерді талдау
Есептеулердің нәтижелерін талдау үшін алынған мәліметтер келесі түрде өзгереді:
а) сағаттық тарифтік мөлшерлеме 12%; 20%; 25% артады;
б) сағаттық тарифтік мөлшерлеме 4%; 10%; 14% азаяды;
в) демалыс уақыты 7%; 10% арттырылады.
Алынған есептеулерге сәйкес жөндеу және пайдалану қызметкерлер құрамының орташа жалақысының сағаттық тарифтік мөлшерлемеге тәуелділік графигін тұрғызу керек. Тұрғызылған графиктерді талдап-түсіндіру қажет.
Енгізілген өзгертулер кезінде пайдалану (эксплуатациялық) және жөндеу қызметкерлер құрамының орташа жалақысының қалай өзгеретіні туралы қортынды жасау керек.
Бақылау сұрақтары:
Жалақының тарифтік, сағаттық, күндік, айлық қорларына анықтама беріңіз.
Жалақыны жоспарлаудың мәні жалақы қорларын жұмысшылардың санаттары (категориялары) және кәсіпорынның орташа жалақы мөлшері бойынша анықтауға негізделеді.
Жалақы қорларының келесідей түрлерін ажыратады: тарифтік, сағаттық, күндік, апталық, айлық, тоқсандық және жылдық. Бұл қорлар сол белгіленген мерзімдер есебінде құрастырылады. Бірақ, әрбір қордың құрамына жалақының әртүрлі элементтэлері кіреді, сондықтан да олар өзара тең емес.
Сағаттық қордың құрамына кіретін төлемдердің барлық түрлері негізгі жалақыны құрайды, ал төлемдер мен өтемақылардың басқа да түрлері – қосымша жалақыны құрайды.
Еңбекақының күндік қоры сағаттық қор мен қосымша төлемдерді білдіреді, олар: қысқартылған күн үшін жасөспірімдерге төленетін төлемдер, балаларын емізетін аналар үшін жұмыстағы үзілісті төлеу. Жұмыскерге байланыссыз туындаған ақаулар, ішкі ауысымдық тоқтап қалулар, мерзімнен тыс жұмыстар үшін төлемдер жалақының жоспарланған күндік қорына енгізілмейді, бірақ кәсiпорын есебiнде көрсетіледі.
Еңбекақының айлық жылдық қорына кәсіпорын тарапынан барлық жұмысшыларға төленетін жалақының барлық түрлері кіреді. Оған толығымен жалақының сағаттық қоры және қосымша төлемдер кіреді, олар: кезекті және қосымша демалыстарды төлеу, мемлекеттік міндеттерді орындау, оқуға байланысты босатылған күндер, демалыстық жәрдем ақылар, сіңірген еңбегі үшін қосымша төлемдер.