ЖББҚ-ны пайдалану ерекшеліктері.
Берілген аудан жұмыстары үшін ЖББҚ түрлерін анықтау кезінде қоршаға ортаны зеттеу бойынша үлке жұмыстар жүргізіледі, одан кейін жел жылдамдығы, толқын биіктігі, ағу жылдамдығы, мұздылық жағдайлары анықталған шамалары бойынша ЖББҚ сипаттамаларын қарастырады, яғни онда бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіншілігін қарастырады.
ЖББҚ-ны пайдалану ерекшелігі –ұңғыны бұрғылау кезінде оның ӨЖБҚ-ге қарағанда теңіз түбімен қатаң бекітілмей жүзбелі түрде болуы. Оның теңіз түбімен байланысы теңіз тұрағы арқылы жүзеге асады.
Оның жоғарғы қозғалатын жағы ЖЖБҚ мен, ал төменгі жағы телескопиялық жалғану арқылы суасты саға қондырғысына жалғанған.
Теңіз стояғы бұрғылау ерітіндінің жабық түрде циркуляциялауын қамтамасыз етеді.
Теңіз тұрығында орналасқан бұрғылау тізбегі тәл блогтағы компенсатор арқылы ілінген (ол оның вертикал қозғалысын ескереді.) ЖББҚ-ның горизанталь ығысу (орын ауыстару) мөлшері теңіз тереңдігінің 3-5% шегінде болады.
Негізгі әдебиет: 2. [63-69], 3. [55-63].
Осымша әдебиет: 2 [935-945].
Бақылау сұрақтары:
1. ЖББҚ-ның тағайындалуы.
2. ЖББҚ неден тұрады?
3. ЖББҚ-ның ӨКБҚ-дан айырмашылығы?
4. ЖББҚ теңіз бетіне немен ұсталады?
Дәріс. ТЕҢІЗ БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ. БҰРҒЫЛАУ КЕМЕЛЕР (БК). БҰРҒЫЛАУ КЕМЕЛЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ КОНСТРУКЦИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Жаға базаларынан бұрғылау жұмыс аудандарының алыстауы, сонымен қатар үлкен емес автономдылығы ЖББҚ – ның қолдану тиімділігін төмендетеді. Сондықтан, алыстаған аудандарда іздеу және барлау бұрғылау жұмыстары үшін бұрғылау кемелерін (БК) қолданады(сур.10). Конструкция ерекшелігі – оның палубасында жабдықталған бұрғылау мұнарасының орналасуы, ал судно ішінде және палубада – теңіз акват/нда мұнай газ скважиналарын бұрғылауды қамтамасыз ететін бұрғылау және басқа технологиялық қондырғылау мен жүйелер кешенімен қамтылуы.
Тәжірибеде көбінесе біртұлғалы және көптұлғалы өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін кемелер қолданады.
Сурет 10- Якорленген бұрғылау кемесі |
. |
50 жылдың ортасында 70 – жылдың аяғына дейін тек ғана якорлі бекіту жүйесі бар кемелер қолданылады. Якорлі жүйемен тұрақтандыру кемелері 300м дейінгі теңіз тереңдігімен шектелген.
Теңіз кен орныдарын игеру жаңа перспективалар (жетістіктер) 1970ж. динамикалық позициялау (қалыпта ұстау) жүйесінің құрылуы арасында ашылды. Барлау акваторияларында осының арқасында терңдік бойынша бірқатар рекордтарды жасау мүмкіндігі болды.
Шетелдерде диаметриялық тұрақтандыру жүйелері бар келесі кемелерді айтуға болады: «Пеликан» (350м дейін), «Седко - 445» (1070м дейін және 3000м.д. кейінгілері) «Гломар Челенджер» (6000м дейін), «Седко - 471» (8235м дейін).
Бұрғылау кемелерімен бұрғылайтын қондырғыларды 3 топқа бөлуге болады:
1) алқа;
2) сағаны жабу блогы
3) түп – беткі баланыс
Алқа деп ұңғы сағасының жанындағы барлық ұстау құралдарын және отырғызылатын құбырлар алқасын түсінеміз.
Сағаны жабу блогы бірлік жүйе түбінде болады, оған саға жабдықтары және сыртқы құбырлар, саңылаусыздандыру құралдары (мұнай атқылап, кенет фонтандаған кезде) бақылау құралдары жатады.
Түп – үстіңгі байланыс үлкен рольді атқарады, әсіресе терңдік өскен сайын. Оған бағыттауыш құбыр (яғни суастындағы стояк), бұрғылау ерітіндісін айдауға арналған сыртқы құбырлар, ұңғы сағасын бақылау үшін арналған 2 құбыр; дистанциялы басқару механизмдері жатады.
Негізінде бұрғылау мұнарасын кеменің ортаңғы бөлігінде орнатып, скважинаны кемеде орнатылған шахта арқылы бұрғылайды. Шахта тіктөртбұрыш және төртбұрыш қималы болады.
Кейбір кемелерде скважина бұрғылауын аяқтаған кезде бұрғылау мұнараны арнайы құрылғылар арқылы көлденең жатқызады. Ол ауысу кезінде кеменің ауырлық центрін төмендетеді.