Ндiрiстiк санитария және гигиена
Жұмсақ желатинді капсулалардың өнеркәсіптік өндiрісінде технологиялық процестердi жүргiзгенде өндiрiс орындарында және технологиялық құрал жабдықтарды таза ұстау керек. Өндiрiске қатысы жоқ адамдарды цехқа жiбермеу керек, жұмысшы персонал жеке бас гигиенасын сақтау керек. Жұмысқа кiрiспес бұрын, технологиялық кезеңнiң барлық операцияларында технологиялық киiмдi киiп жүру қажет. Халаттың барлық түймелерiн қадап, бас киiмдi киiп, шаштың барлығын қалпақ астына кiргiзiп қою қажет. Өндiрiсте жеке шкаф гардеробтар болуы керек. Әр шкафта тұрмыстық киiмдер мен технологиялық киiмдер жеке тұруы керек.
Бiрiншi медициналық көмек көрсету үшiн арнайы дәрілер салынған қоропша болуы қажет.
Өндiрiстiк инструкциялардың тiзiмi:
- қауiпсiздiк шаралары, өрт қауiпсiздiгі шаралары және өндiрiстiк санитария бойынша
- құрал жабдықтармен жұмыс iстеу және эксплуатация
- өндiрiс орындардағы санитарлық өндеу, құрал жабдықтарды санитарлық өңдеу, жеке бас гигиенасын сақтау бойынша
- алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша
СтандартыОперационды процедура бойынша «Дәрілік препараттарды өндіретін өнеркәсіптер үшін» инструкциясы бойынша жүргізіледі. Технологиялық процесске қатысатын барлық жұмысшылар бұл талаптарды міндетті түрде орындау керек.
Тазалық класс – таза бөлме және таза зона статусы, қоршаған ортадағы микроорганизмдердің тіршілікке қабілетті және белгілі өлшемдегі бөлшектердің (қатты және сұйық) шегі.
Таза бөлме- ауадағы микроорганизмдердің саны белгілі мөлшерде болады және аэрозольді бөлшектердің концентрациясы санаулы бөлме.
Бөлменің тазалығы 3/А; 3/В класс тазалығына жатады. 3/А класс тазалық бөлмесінде 1 куб мертде микроорганизм саны 200 аспау керек, 3/В-500 аспау керек.
Таза бөлмелерді жұмысқа дайындау тәртібін СОП белгілейді. Өндіріс 3 класс тазалық бөлмелерінде жүреді, өндіріс бөлмесін санитариялық дайындау схемасы бір класс үшін бірдей болады.
СОП талаптарына мыналар кіреді: ылғалдап жуу, дезинфекция, ультракүлгінді сәлелендіру, бұлар берілген класс тазалығын сақтауға бағытталған.
Өндіріс бөлмесінің дайындалу соңында технолог және өндіріс меңгерушісі көзбен тексереді. Өндіріс бөлмесін дайындау күнделікті, апта сайынғы, ай сайынғы болып бөлдінеді.
1. Бөлмені дайындау:
1.1. Дезинфекцияға және жинауға арналған материалдар.
1.1.1. 3 класс тазалық бөлмелерінде белгілі бөлмеге арналған маркирленген инвентарь қолданады.
1.1.2. Еден жуғыштар пластмассалы немесе металлический болу кереек.
1.1.3. Жуғыш және дезинфекцирлейтін ерітінділерге тотбаспайтын болаттан немесе пластмассадан жасалған шелектер қолданады.
1.1.4. Қабырғаларды, төбелерді, есіктерді, терезелерді және басқа беттерді сүртуге салфеткалар қолданады. Едендер жууға қатты маталардан жасалған шүберектер қолданады.
1.1.5. Жинау материалдары және инвентарь маркирленген болу керек, жунау инвентарьларын маркирлегенде аты жазылады. Шелектерді келесідей маркирлеу керек :
1) «Жалпы бөлме»
2) «Өндіріс бөлмесі; қабырға, терезе, төбеге арналған»
3) « Өндіріс бөлмесі; еден»
4) « Тұрмыстық бөлме»
1.1.6. Жинау материалдары және инвентарь арнайы бөлмеде сақталуы керек және аталуына байланысты қолданылуы керек.
1.1.7. Жуу материалдарын қолданып біткенен кейін синтетикалық жуғыш заттармен жуады, таза сумен шаямыз және арнайы жерде кептіреміз. Кепкен материалдарды арнайы бөлмелерде сақтаймыз.
2.Бөлмені күнделікті дайындау:
2.1. Бөлмені санитарлық дайындауда қолданатын дезинфекцирлеуші және жуғыш заттар СОП –ң «Дезинфицирлеуші заттарды дайындау» келтірілген.
2.2. Дезерітінді, жуғыш зат, таза су және жинағыш инвентарь бар шелектер бөлмеден бөлмеге арбамен тасымалданады.
2.3.Бөлмені дайындауды қабырға жуудан бастайды. Қабырғаны үстіден төмен қарай жуады. Бұл процессте екі шелек системасы қолднады. Бір шелекте жаңа дайындалған дезинфикцирлеуші ерітінді, екіншісінде таза су. Барлығы жуылғаннан кейін тазалтылған ыстық сумен шайылып құрғатыла сүртіледі. Қолданылған салфеткаларды контейнерге салынады.
2.4. Есіктерді жуу. Есіктің төменгі жағын және тұтқасы жақсылап жуылу керек. Сыртқы есіктер қажет кездерінде жуылады бірақ аптасына бір реттен кем емес.
2.5. Едендерді жуу екі шелек (елен жууға арналған) системасы бойынша жүргізіледі. Құралдардың астын таза жуылу керек.
2.6. Шешінетін және киім сақтайтын бөлме өндіріс зонасына сай дайындалады.
2.7. Бөлме жиналып біткеннен кейін қызметкерлер шығып бактерицидті лампаны 2 сағатқа қосу керек. Бактерицидті лампа қосылып тұрған кезде қызметкерлер бөлмеде болуға тыйым салынады. Бактерицидті жұмыстардың ұзақтығы жұмыс дәптерінде тіркеледі.
2.8. Бөлмені дайындау жұмысы біткенде істелген жұмыс мәліметтері хаттамаға жазылады.
2.9. Өңделген жуғыш ерітінділерді, дезинцифирлеуші және жуғыш дезинфицирлеуші заттарды судың көп көлемімен арластырып трап арқылы канализацияға төгеміз. Өңделген ерітінділерді ваннаға және қол жуғышқа төгуге тыйым салынады.
2.10. Бөлмені жинау алдында керек емес қалдықтарды арнайы ыдыстарға жинайды, қалдықтарды түріне қарай сыртқа шығарып тастайды немесе арнайы контейнерлерге жинайды. Төгілген массаларды, гранулаларды және басқа заттарды шаң сорғыш арқылы сорып алады. Төгілген сұйықтарды шүберекпен сүртеміз. Ауадағы бөлшектер былғанбас үшін жұмысты баяу жүргіземіз.
3. Бөлмені апталық тазалығықтан өткізу .
3.1. Бөлменің төбесін дезинфицирлеуші ерітіндіні шашу арқылы немесе сүрту арқылы тазалайды.
3.2. Күнделікті тазалауда жасалатын жұмыстарды апта сайынғы тазалауда қолданамыз.
3.3. Терезелерді қажеттілігіне қарай жуады. Екі шелек жүйесін терезе жуғанда да қолданамыз. Бір шелекте жаңа жасалған дезерітінді, ал екіншісінде тазартылған су болады. Бөлмені жинап біткеннен кейін ыстық сумен жуамыз және құрғата сүртеміз. Қолданған салфеткаларды контейнерге тастаймыз. Терезе сүртілгеннен кейін сатпақ байқалса дезерітінді кепкеннен кейін оны 96% спиртпен сүртеміз. Дезинфицирлеуші ерітіндінің шығыны 70-100 мл/л болады. Бөлме жинау кезінде алдын ала дайындалған ерітіндіге жаңа дайындалған еріңтінді қосуға тиім салынады .
3.3. Бактерицидті шамдардың жұмыс ұзақтылығы күніне 1-2 сағат.
4. Ай сайынғы жүргізілетін бөлметазалығы:
4.1. Апта сайынғы тазалаудағы жұмыстарды жасаймыз, сонымен қатар шкафтарды реттейміз, құралдарды, бөлменің төбесін және ауа өткізгішті дезинфекциялаймыз.
4.2. Бактериоцидті лампаларды қосамыз.