Мұнайдың және мұнай өнімдерінің салыстырмалы тығыздығын ареометрмен анықтау

Бұл тәсіл Архимед заңына негізделген. Бұл заңға байланысты сұйықтыққа батырылған заттың салмағы өзі ығыстырған сұйықтықтың көлеміне тең.

Ареометрлер құрылысына байланысты екі типті болады: тұрақты салмақты және тұрақты көлемді. Лабораторияларда 1-типті ареометрлер кеңінен тараған.

Ареометр төменгі жағы ұсақ металл шариктер түріндегі балластпен жабдықталған цилиндрлік шыны ыдыс (сурет 4). Ареометрлер градуировкасын белгілі интервалда әрбір 0,0005 сайын жүргізеді және 40С температурадағы су тығыздығымен салыстырады. Олай болса, ареометр көрсеткіші бойынша r204 тығыздығы тікелей анықталады.

Өлшеуді жүргізу. Таза кең шыны цилиндрге зерттелетін өнімді құяды, оның температурасы қоршаған орта температурасынан ±50С-ға ғана ауытқуы қажет. Таза және құрғақ ареометрді жәймен мұнай өніміне батырады. Ареометр теңескеннен кейін, яғни тербелуі тоқтағаннан кейін менисктің жоғарғы шеті бойынша санауды жүргізеді.

Тұтқыр мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау кезінде оларды сондай көлемдегі тығыздығы белгілі керосинмен сұйылтады. Өнім тығыздығын келесі формуламен есептейді:

rөн. =2·r1 - r2

мұндағы r1-қоспа тығыздығы; r2-керосин тығыздығы.

Мұнайдың және мұнай өнімдерінің салыстырмалы тығыздығын ареометрмен анықтау - student2.ru

Сурет 4. Ареометр.

Тығыздықты пикнометрмен анықтау

Пикнометрлік тығыздықты анықтау кең тараған тәсіл болып табылады. Әдістің артықшылығы басқа әдістермен салыстырғанда өлшеуді өнімінің аз мөлшермен (1-20мл) жүргізуге болады.

Пикнометрлік әдіс белгілі көлемде алынған мұнай өнімінің массасын сондай көлемде алынған дистилденген судың сол температурадағы массасымен салыстыруға негізделген. Пикнометр (сурет 5) көмегімен кез–келген мұнай өнімінің тығыздығын анықтауға болады. Пикнометрлік әдістің негізгі кемшілігі анықтаудың ұзақтығы.

Мұнайдың және мұнай өнімдерінің салыстырмалы тығыздығын ареометрмен анықтау - student2.ru Мұнайдың және мұнай өнімдерінің салыстырмалы тығыздығын ареометрмен анықтау - student2.ru Мұнайдың және мұнай өнімдерінің салыстырмалы тығыздығын ареометрмен анықтау - student2.ru

Сурет 5. Пикнометрлер.

Өлшеуді жүргізу. Пикнометрлік анықтау 200С температырада жүргі­зі­леді. Алдымен пикнометрдің «сулық саны» - пикнометр көлеміндегі су мас­са­сы анықталады. Ол үшін таза пикнометрді аналитикалық таразыда 0,0002 г-ға дейінгі дәлдікпен өлшейді және белгіден сәл асырып дистелденген сумен толтырады. Содан кейін суы бар пикнометрді таразыда қайтадан өлшейді. Су саны келесі тәуелділікпен анықтайды:

m = m2 – m1;

мұндағы m1 –бос пикнометр массасы, г; m2 – суы бар пикнометр массасы, г;

Мұнай өнімдерінің тығыздығын өлшеу үшін су саны анықтағандағыдай операцияларды қайталайды, бірақ бұл жолы пикнометрді зерттелетін мұнай өнімімен толтырады. Мұнай өнімінің «көрнекі» тығыздығын келесі формуламен есептейді:

ρt20= (m3 – m1) / m;

мұндағы m3 – мұнай өнімі бар пикнометр массасы, г; m1 – бос пикнометр массасы, г; m - пикнометрдің «су саны», г.

«Көрнекі» тығыздықты шын тығыздыққа (ρ204)қайта есептеу үшін «көрнекі» тығыздық мәніне ауа тығыздығына түзету енгізіп, анықталған ρt20 мәнін ρ204 –ке қайта есептеу керек. Қайта есептеу формуласы келесідей:

rt4= (0,99823-0,0012)· ρt20+0,0012

мұндағы 0,99823 пен 0,0012 – 20оС температурадағы 0,1 МПа (760 мм.сын.бағ.) қысымдағы су мен ауа тығыздықтары

Зерттеу нәтижелері

Алынған нәтижелерден кесте құрылады (Кесте 7). Қорытынды жасалып мұнай (мұнай өнімдерінің) жоғарыдағы тәсілдермен анықталған тығыздықтары салыстырылады.

Кесте 7

Зерттеу нәтижелері

Тығыздықты ареометрмен анықтау Тығыздықты пикнометрмен анықтау
ρt20 rt4 ρ204 ρ204 ГОСТ m1 m2 m m3 ρt20 rt4 ρ204 ρ204 ГОСТ

Лабораториялық жұмыс № 2 орындалуы туралы есеп формасы:

  1. Жұмыс мақсаты
  2. Теория элементтері
  3. Практикалық бөлім
  4. Қорытынды
  5. Қолданылған әдебиет

Жұмысты орындаған: Жұмысты қабылдаған:

................................................ ...................................................

топ, студент қолы оқытушы қолы

орындаған күні қабылдаған күні

Глоссарий

Наши рекомендации