Пәнді оқыту міндеттері

- Коммуникативтік: қазақ тілінде кәсіби сөйлеуді түсіну, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуді меңгеру, сөздіксіз бейімделмеген мәтінді дауыстап және ішінен оқу, қысқаша жазбалар, рефераттар, баяндамалар құрастыру, қазақ тіліне барабар аудару;

- Филологиялық: қазақ тілі құралдарын функционалдық қолдану бойынша білімді тереңдету;

- Кәсіптік: болашақ кәсіби қызмет үшін қажетті тілдік дағдылар мен ептіліктерді дамыту.

Оқу пәнін зерделеу объектісі – тіл қатынас құралы ретінде. Зерделеу объектісінің құрамы – мамандықтың негізгі бағыттары мен проблемалары. Кәсіби қазақ тілі пәні – кәсіби сферада тілдік қызметтерді қалыптастыру.

Студенттерге «Кәсіби қазақ тілі» курсын оқыту процесінде қолданылатын әдістер мен принциптер:

- Коммуникативті-функционалдық, когнитивтік;

- Мәдени-тарихи принцип;

- Индукция және дедукция әдісі,

Оқыту объектісі – аудитория деңгейіне бейімделген, мұқият іріктелген арнайы мәтіндер. Лексикалық минимумды және грамматикалық материалдарды меңгеру нәтижесі – мәтінді толық меңгеру. Тілді үйретуде процесіндегі маңызды әдіс – әр түрлі тілдік жаттығулар: сұрақ жауаптар (сұрақ-жауап конструкциялары); үлгі бойынша сипаттау; шағын әңгіме және т.б.

Тіл – бұл адамның логикалық ойын білдіру түрі, мұнда логикалық категориялар грамматикалық көрсеткіштермен беріледі. «Кәсіби қазақ тілі» курсының бағдарламасы ойды қазақ тілінде беру тәсілдерін ұсынып, грамматиканы оны функционалдық тағайындалуы ракурсында қарастырады, сондай-ақ кәсіби лексиканың құрылуына және студенттің коммуникативтік дағдыларының бекітілуіне мүмкіндік туғызады.

Тіл – мәдени-тарихи феномен ретінде қазіргі рухани әлемді, қазақ халқының ментальдығын терең түсінуге мүмкіндік туғызады, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосады

Кәсіби қазақ тілін практикалық оқыту типтік бағдарламада ұсынылған бөлімдерінің әрқайсысын ескергенде, олардың жиынтығында және өзара байланысында жүзеге асырылуға тиіс. Берілген курста сөйлеу іс-әрекетінің сол бір түрінің анықталған деңгейіне қол жеткізуде анықтаушы фактор прагма-кәсіби бағытталғандықты талап ету болып табылады.

1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі:

2-кесте

Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау мерзімі

Бақылау түрлері Жұмыс түрі Жұмыстың тақырыбы Қажетті әдебиеттерге сілтеме Тапсыру мерзімі
Ағымдық бақылау     Текущий контроль №1 Тс; ӨЖ 5В072400 – Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары мамандығы 5В072400 – “Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары” мамандығына а арналған «Кәсіби қазақ тілі» пәнінен оқу-әдісте-мелік кешені. Г.Қ.Айтөреева 2- апта
№2 Тс; ӨЖ Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі 3-апта
№3 Тс; ӨЖ Мұнайгаз саласындағы технологиялық процестер 4-апта
№4 Тс; Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарын жасау технологиясы 5-апта
№5 Тс; ӨЖ Мұнайгаз кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары 6-апта; 7-апта
№ 1 Аралық бақылау СӨЖ №1 1 - модуль   8-апта
Ағымдық бақылау     №6 Тс; ӨЖ Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарын жөндеу және пайдалану 5В072400 – “Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары” мамандығына а арналған «Кәсіби қазақ тілі» пәнінен оқу-әдісте-мелік кешені. Г.Қ.Айтөреева 9-апта
№7 Тс; ӨЖ Мұнайгаз машиналары мен жабдықтары-ның техникалық диагностикасы 10-апта
№8 Тс; Мұнайгаз машиналары мен жабдықтарын жобалау. 11-апта; 12-апта
№9 Тс; ӨЖ Мұнайгаз саласындағы еңбекті қорғау және өндірістік экология 13-апта
№10Тс; ӨЖ Қазақстанда мұнайгаз саласын дамыту стратегиясы 14-апта
№ 2 Аралық бақылау СӨЖ №2 2 - модуль   15-апта
Қоры-тынды бақылау   Емтихан   Кәсіби қазақ тілі пәнінің толық курсы   Сессия кестесі бойынша

Сынылған әдебиеттер тізімі

Негізгі

1. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит) / З. Күзекова. – Алматы: Ғылым, 2001

2. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін)/З. Күзекова. - Астана: Таным, 2003

3. Қарабаева Қ. Қазақ тілі / Қ. Қарабаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2004

4. Байсақалова Ұ.С. Қазақ тілі/Ұ.С. Байсақалова. – Астана. Фолиант, 2007

5. Қазақ тілі. (Халықаралық қатынастар факультетіне арналған)/З. Күзекова, Ш. Құрманбайұлы, С. Жусанбаева. – Алматы: Ана тілі, 1998

6. Ресми-іскерлік қазақ тілі / Д.Х. Ақанова, А.М. Алдашева, т.б. – Арман, 2002

7. Қазақ тілі / А. Алдашева, З. Ахметжанова, Қ. Қадашева. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2004

8. Тұрсынова Г.Т. Кәсіби қазақ тілі: оқулық: жоғарғы оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған / Г.Т. Тұрсынова. – Алматы: ҚазҰТУ, 2010. – 324 б.

9. Қазақ тілі. Учебный комплекс / Э. Сүлейменова, Қ. Қадашева, Д. Аханова. – Алматы, 1996

10. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы) / Ш.К. Бектұров, А.Ш: Бектұрова. – Алматы, 1998

11. Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш) / Ж. Түймебаев. – Алматы, 1991

Осымша

1. Жетпісбай Ш.А. Техникалық мәтіндер мен сөздік жинағы (жол-көлік факультетіне арналған көмекші құрал) / Ш.А. Жетпісбай, Қ.К. Қоянбаев. – Қарағанды: ҚарМТУ, 2001

2. Әбілқасов Ғ.М. «Қазақтың техникаға байланысты жұмбақтары» көмекші құрал / Ғ.М. Әбілқасов. Қарағанды: ҚарМТУ, 2001

3. Орысша-қазақша-ағылшынша техникалық терминдер сөздігі. - Қарағанды: ҚарМТУ, 2002

4. Қазақ мәдениеті (қазақ тіліне арналған мәтіндер жинағы) оқу құралы Г.М. Нұрғожина, Ғ.М. Әбілқасов, А. Жетпісбай. - Қарағанды: ҚарМТУ, 2003

5. Суретті қазақ тілі. Оқу құралы / Г.М. Нұрғожина, М.Ә. Хасен, Қ.М. Хамзина, - Қарағанды: ҚарМТУ, 2006

Наши рекомендации