Тұшпара автоматын қалпына келтіру

Іске қосу жұмыстары тексеруден басталады.Транспортер автоматтың монтаждық өсі қатаң түрде фарштық немесе қамыр коллектордың өсіне перпендикуляр болуы қажет. Жетекші, жетектегі және аралық барабандар деңгей бойынша бір көлденең сызықта болуы қажет.Гильза мен қамыр шнек арасындағы саңылау 0,15 мм болуы қажет.

Өніммен түйісетін жерлерде бөлшектердің қисайған жерлері болмауы керек, әсіресе қамыр баллонның терезесі мен фарш патрубканың ұшының жағдайына қарайды. Фарш патрубкасы мен қамыр баллон терезесінің арасындағы саңылау дайын тұшпараның қамыр қабатының біркелкілігін қамтамасыз етуі қажет. Фарш патрубканың ұшы баллонның сыртқы бетімен бетпе-бет келуі қажет. Лоток пен қамыр баллонның төменгі нүкте арасындағы саңылау 20 мм аспау керек, ал ұнды қопарып түбін илейтін саңылау-1 мм.Елеуіштің тесік зоналарын тура фарш трубканың үстінде ұстайды, яғни ұнды біркелкі себілуін қамтамасыз етеді.

Штампталатын құрылғы, штамп және көтеретін құралдар қажетті пішінді және дайындалып шыққан тұшпараларды қамтамасыз етеді. штампта люфт болмауы керек және втулкада бекіткіш шаңытқышта және кесетін шетінде деформация болмауы қажет.Түгендеу кезінде барлық техникалық жағдайлар жинақтауға қажет.Әсіресе назар аударатын жағдай қамыр және фарш букстардағы тазалық, дұрыстылық және подшипниктер мен сальник тығыздықтардың сенімді құрылуы, шнектердің букс құйрықтарымен сенімді қосылысы, бөлшектердің өзінен-өзі түсіп қалмайтындай, насос корпусының тығыздығы, сальник тығыздықтардың бар болуы, ауаның соруына мүмкіндік берілмеуі, фарштың, қамырлық коллекторлардың параллельдігі. Патрубканы арнайы кілтпен жинайды. Гайканың астына былғары төсеніштер төсейді. Бұл жағдайда резеңкені пайдалануға рұқсат етілмейді. Резеңке скрепкалалды жұқа пластикалық пружиналарға бекітеді.

Фарш сорабының және қақпақтың ішкі бетін ауыстырылатын болатты пластиналармен қаптайды, жуандығы 3-4 мм винттермен бекітілген. Бұралып кетпеу үшін «БФ» клейді пайдаланады. Фарш насосның бөлшектері оңай жинақталады және қолмен оңай айналады. Ротор лазасындаға пластинаның жүрісі еркін болу керек, ал пластинаның өзін СТ-3 цеметтелген болаттан жасайды.

Автоматтың негізгі бөлшектерін түгендегеннен кейін, бос жүріске сынаудың алдында оның механизмдерін жетекші шкив арқылы қолмен аударады. Содан соң насостың, шнектің үйкелетін бөлшектерін техникалық вазелинмен майлайды немесе жануар майымен майлау схемасына сәйкес. Автоматты көтерілген штамптарымен бос жүрісін сынайды. Егер сынауда таспа шетке сырғып кетсе, конвейердің қаптау ролигін реттейді, оның осьін тірек бұрыштарға қарай бағыттайды. Реттеуші валиктің тартылысы себетін құралдардың біркелкі жүруін қамтамасыз етеді.

Автоматты былай реттейді: бункерді ұнмен қамырмен толтырады, ұнның себілуі мен қамырдың берілуін реттейді, фарш толтырады, тұшпараның қажетті салмағы реттеледі, оның қамыры мен фаршы дұрыс қатынаста болуы керек. Фарштың берілетін мөлшерін реттейді – вариатордың маховигін айналдыра отырып, ал қамырдың мөлшерін қамыр әкелетін құбырлардың винтімен фарштың үзіліп беру жағдайын реттейді, ал оған себеп ауаның сорылып қоюы немесе фарш патрубканың қоқыстануы, насостың қақпағындағы тығынды ауыстырады және патрубканың тесігін тазартады. Транстортердің қозғалыс жылдамдығын жылдамдық вариатордың көмегімен реттейді.

Автоматты іске қосқаннан кейін қамыр бергішті қосады және 7-10 минут бойы оны дозатордан қамыр коллекторы жылу үшін өткізеді. Лотоктарды қойып, фарштың беруін қосады, сепкіш заслонкаларды ашып, штамптарды ашады және фарштың берілуін реттейді. Жасалған тұшпаралардан ұнды сорып алу үшін 0,2 МПа қысымда үрленетін ауа беріледі, ол перфордалған трубкадан ¾ таспа жүрісіне перпендикуляр орналасады, өзі горизонталь кеңістікте. Ауа тесіктен жүріске қарсы таспаға 450 бұрышта қозғалады.

Наши рекомендации