Антифриз сапасын қалпына келтіру есебін жүргізу

Этиленгликоль мен судың қайнау температурасы сәйкесінше 197,50С және 1000С, сондықтан автомобильдерді пайдалану кезінде антифризден ең бірінші су буланатын болады, яғни салқындату сұйықтығының сапасын қалпына келтіру салқындату жүйесіне жетпейтін су мөлшерін үстеп құю болады. Егер жүйеден антифриз ағып азаятын болса, онда жетпейтін мөлшер сумен емес, тиісті маркадағы этиленгликольді сұйықпен толтырылады.

Үстеп құю қажет болған кезде сапа көрсеткіштері анықталынуы және қалпына келтіру этиленгликоль немесе су құю жолымен жүргізілетіні жайлы шешім қабылданады.

Үстеп құйылатын этиленгликольдің мөлшері формула бойынша есептеледі.

Антифриз сапасын қалпына келтіру есебін жүргізу - student2.ru (5.2)

мұндағы Х – үстеп құйылатын этиленгликоль мөлшері, мл;

V – талданатын үлгі көлемі, мл;

а – талданатын үлгідегі судың пайыздық көлемі;

в- түзетілген үлгідегі судың пайыздық көлемі;

к – үстеп құйылатын этиленгликольдегі судың пайыздық көлемі.

Үстеп құйылатын су мөлшері формула бойынша есептелді:

Антифриз сапасын қалпына келтіру есебін жүргізу - student2.ru (5.3)

мұндағы U – үстеп құйылатын су мөлшері, мл;

V – талданатын үлгі көлемі, мл;

с – талданатын үлгідегі этиленгликольдің пайыздық көлемі;

d – түзетілген үлгідегі этиленгликольдің пайыздық көлем.

Автокөліктерде қолданылатын салқындатқыш сұйықтарыныңнегізгі көрсеткіштері 5.1.- кестеде берілген.

Көрсеткіштері   Тосол ТУ 6-02-751-86 «Лена» ТУ 113-07-02-88
АМ А-40 А-65М ОЖ-К ОЖ-40 ОЖ-65
Түсі Көгілдір Қызғылт Сарғыш, сәл лайланған сұйық;
20 0С-дағы тығыздығы, кг/м3 1120-1140 1075-1085 1085-1095 1120-1150 1075-1085 1085-1100
Кристалдану температурасы0С-дан жоғары емес - -40 -65 - -40 -65
Қайнаутемпературасы0С-ден төмен емес
Салқындатқыш сұйықтың құрамы, %: Этиленгликоль су   3,0
Қоспалар, г/л: -декстрин -динатрий фосфат -көбіршіктену- ге қарсы -фрикцияға қарсы     -   0,1     0,4   -   0,05   2,55   0,5   -   0,08   2,95 1,80-1,85   4,4-5,6   -   -     2,5-3,5   -   -     3,0-3,5   -   -
                 

Кесте. Двигательдердің салқындату жүйесіндегі қолданылатын сұйықтардың негізгі сапа көрсеткіштері

Зертханалық жұмыс

Лакты бояғыш материалдардын сапа көрсеткіштері арқылы кешенді бағалау

Жұмыстың мақсаты

1. Негізгі лакты бояғыш материалдары жайлы білімді нығайту.

2. Лакты бояғыш және жағу материалдарының сапасын бақылап анықтау тәсілдерімен танысу.

3. Бет қабаттарды сырлауға дайындау және оған лакты бояғыш материалдарды жағу бойынша дағды алу.

4. Лакты бояғыш және жағу материалдарының сапасын бағалау және бақылау бойынша дағды алу.

Жұмыстың ұзақтығы – 4 сағат

Тапсырма

1. Метал бетті сырлауға дайындау және жапсырма (грунт) қабатын енгізу.

2. Тегістеу жүргізу (шпатлевание).

3. Бояудың майлағыштық қасиетін бағалау.

4. Сырлау және лакты бояу қабатының ұсталынуын және оның созылмалығын (эластичность) бағалау.

5. Лакты бояу қабатының қаттылығын және соққыға төзімділігін бағалау.

6. Жұмыс жайлы есеп жасау.

7. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Теориялық бөлім

Наши рекомендации