Кешкі дипломаттық қабылдаулар
Коктейль қабылдауы 17 және 18сағат аралығында басталады. Қабылдау ұзақтығы 2 сағат. Қабылдау тұрып жүргізіледі. Шақыруда қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты көрсетіледі (17.00 - 19.00, 18.00 - 20.00). Қонақтар көрсетілген уақыттың кез - келген сағатында келіп кетуіне болады. Қабылдау кезінде даяшылар подноста бокалға құйылған сусындарды ұсынады. Кейде спирттік ішімдіктермен бар тұрағын ұйымдастырады. Тісбасар ретінде ірімшік немесе ветчина муссымен, паштеттермен, балық немесе ет гастрономиялық өнімдермен канапе, әртүрлі салмалармен валовандар немесе себеттер, крекерлер, тәтті және тұзды бадам, жемістер ұсынылады. Сонымен қатар кішкентай бәліштер, печенье , кофе, шайберіледі.
А ля фуршет қабылдауы Коктейль қабылдауы жүргізілетін уақытта жүргізіледі (17. 00-19. 00-20. 00). Қабылдау тұрып өтеді. Залда әртүрлі тісбасарлармен фуршет үстелдері және алкоголді және алкагольсіз сусындармен бар тұрағы орнатылады.
Салқын тісбасарларды «шанышқыға ілінетін» кішкентай порциялармен табақтарға салады. Ыстық тісбасарларды кокотницаларда, кокильницаларда, металл табақтарда (балық, кішкентай сосискалар, люля кебаб, кішкентай котлеттер) ұсынады. Ыстық тісбасарлардан кейін қонақтарға десерт (балмұздақ, желе, жемістермен ірімшік және т. б. ), ал қабылдау соңында кофе ұсынады. Қонақтар өз-өзіне қызмет көрсетеді.
Киім түрі шақыруда басқасы көрсетілмесе күнделікті - костюм немесе көйлек.
Түскі ас- қабылдаудың cыйлы түрі. Ол әдетте 19.00 мен 21.00 аралығында басталады. Ұзақтығы 1,5-2 сағат, соның ішінде үстел басында 1 сағат, қалған уақыты - қонақтар бөлмесінде өтеді. Ас мәзіріне 3-4 салқын тісбасар, бірінші тағам, 1-2 екінші тағам, десерт кіреді. Түскі астан кейін басқа залда (қонақ бөлмесінде) кофе немесе шай ұсынылады.
Алкогольді сусындардан қонақтарға ас шараптары, десертке-шампан, кофе немесе шайға-коньяк, ликер ұсынылады.
Барлық тағамдар мен сусындарды даяршылар тасып ұсынады. Түскі ас алдында қонақтарға аперитив ұсынады.
Мерекелік қабылдауда киім түрі-мерекелі. Шақыруда (сол жақ төменгі бұрышында) «White tie»-ақ галстук, яғни фрак дегенді білдіреді, немесе «Evening dress»-кешкі киімі, яғни фрак; «Black tie»-қара галстук, яғни смокинг дегенді білдіреді. Әйел адамдар бұл кезде кеш киімдерін киеді.
Түскі ас-буфет - түскі астың бір түрі. Оны ұйымдастыру жеңілдірек, себебі қонақтарды үстел басына отырғызу қажет емес. Бұл қабылдау түрі швед үстеліне ұқсас. Түскі ас буфет. Түскі ас жүргізілетін уақытта ұйымдастырылады. Үстелді қабырға жанында немесе зал ортасына қояды, еденге дейін жететін дастарқан жайылады. Үстел ортасына салқын тісбасарлар, тұздықтар, әртүрлі салаттар, нан-тоқаш өнімдері, салқын сусындар қойылады. Үстелге тісбасарлық тәрелкелер, тісбасарлық аспаптар, шыны ыдыс, мата майлықтар қойылады.
Түскі ас-буфетке қатысушы үстелге келіп, тісбасарлық тәрелкені алып, оған тісбасарлар ссалып алады, тісбасарлық аспапты қояды. Қонақ оң қолымен шарап немесе шырын құйылған бакал алып, үстелден кетіп, кішкентай үстел басына барып отырады. Шарап немесе басқа алкагольді сусындар бар тұрағында қойылады.
Кешкі ас қабылдауы сағат 21.00 және одан кеш басталады. Түскі астан ерекшелігі басталу уақыты және ас мәзірінде бірінші тағамның болмауы. Даяшылар ортақ залда немесе қонақ бөлмесінде қонақтарға салқын және ыстық тісбасарлар, екінші ыстық тағамдар, десерттер, салқын және алкагольді сусындар, кофе немесе шай тасып қызмет көрсетеді.
Киім түрі шақыруда көрсетіледі - қою түсті костюм, смокинг немесе фрак; әйелдер үшін кеш көйлегі.
Шай қабылдауы әдетте әйелдер үшін сағат 17.00-ден 19.00-дейін ұйымдастырылады. Шақырылған адамдар саны 10-аспау керек, оларды гүлді дастарқан немесе нәзік майлықтар жабылған дөңгелек немесе овалды үстелдер басына отырғызады. Шайға кішкентай бутербродтар, тәтті салмалармен бәліштер, печенье, кекстер, пирожныйлар, торттарғ шоколад кәмпиттері, жемістер, лимон ұсынылпды. Қонақтар тілегі бойынша кофе берілуі мүмкін. Киім түрі - күнделікті костюм немесе көйлек.
Жур фикс қабылдауы (франц. -белгілі-бір уақытта) - шетел министрлігінің немесе басқа өкімет мүшесінің әйелі немесе өкіл әйелі барлық күз-қыс маусымы бойы аптасына бір рет белгілі-бір күнде және сағатта ұйымдастырылады. Бұндай қабылдауға шақыру (сәрсенбі, бейсенбі немесе жұма) күзгі маусым басында бір рет таратылады және қысқы маусым аяғына дейін, үзіліс туралы арнайы ескерту түспесе, кейде жаз бойына дейін әрекет етеді. Жүргізу уақытына, тағамдар және киім түріне байланысты шайдан ерекшеленеді. Кейде бұндай қабылдау әдебиет немесе музыкалық кеш сипатына ие. Жур фикс қабылдауына ер адамдар да шақырылуы да мүмкін.
Кәуап (барбекю) - ресми емес және дипломаттарға ұнамды жазғы қабылдау түрі. Қабылдау қаладан тыс уй бағында ауада жүргізіледі. Бұндай қабылдауға қонақтар отбасымен келуі мүмкін. Үй иесі от жағып, етті даярлап, кәуап пісіреді. Бұл кезде қонақтарға сусындар (сыра, шарап, минералды су және т. б. ), тұзды печенье, жаңғақтар, табиғи көкөністер ұсынылады. Кәуапқа әртүрлі соустар: томат, кетчуп, нашараби және т. б; десертке жемістер ұсынылады. Барбекю үшін киім түрі - спорттық. Шақырылған адамдар саны көп емес.
Ірімшікпен бокал шарап қабылдауы соңғы кездері танымал бола бастады. Бұндай қабылдауды ұйымдастыру салыстырмалы жеңіл және иесіне әртүрлі шараптармен ірімшіктерді таңдауда тапқырлық көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл қабылдауды ұйымдастырғанда үстелді ортаға немесе қабырға жанына қояды. Үстелді безендіру үшін торлы дастарқандар мен майлықтар, қою және ашық түсті ағаш тақтайлар қолданылады. Үстелді кантри (ауыл) стилінде немесе ақ кружевные дастарқандар мен богема шынысын қолданып, ерекше стильде безендіруге болады. Ірімшікті арнайы ірімшікке арналған тақтайларға ірі кесекпен қояды. Әрбір ірімшік кесегі қасында ірімшік пышағын қояды. Ірімшік бөлме температуралы болуы керек. Оның қасына нандар, сары май, балғын және кепкен жемістер, жаңғақ, зәйтүн, табиғи көкөністер, ақжелкен, салат, аскөк жапырақтары қойылады.
Қабылдау кезінде қатты ірімшіктерден эменталь, чеддер; жұмсақ камамбер, моззарелла; жартылай жұмсақ - эдем, рокфор; ферментсіз - рикотта, эдыгей ірімшіктері таңдалады. Ірімшіктерді ірімшік тақтайында жеке-жеке қойылады. Ферментсіз ірімшіктерге салат және жаңғақ майының қоспасы ұсынылу мүмкін, базилик, зейтүн және қызанақ себілуі мүмкүн. Үстелге зейтүн, корнишондар, көк пияз салынған салат салғыштар қойылады. Жемістерді арнайы ірімшік сұрыпы қасына қояды: алма, апельсиндер - қатты ірімшіктермен, көк өрік, шабдалы, өрік - жұмсақ ірімшіктермен.
Ірімшіктерге асханалық қызыл құрғақ шараптар - Бордо, Божеле, Мукузани, Мерло, Саперави ұсынуға болады.