Кататониялық синдром

Оларға кататониялық синдром жатады. Ол екі вариантта көрінеді : кататониялық қозу және кататониялық ступор. Бұл екі көрініс өздерінің сыртқы бейнесіне қарағанда өзгеше болғанымен, олардың шығу тегі бір және бір құбылыстың әртүрлі фазалары болып табылады.

И.П.Павловтың зерттеулеріне сәйкес катотония симптоматикасы жүйке жасушаларының дертті әлсіздігі болып табылады, оларға әдеттегі тітіркендіргіш аса күшті әсер етеді. Ми қыртысында дамитын тежелу қорғаныстық және шамадан тыс болып табылады. Егер тежелу ми қыртысымен қатар қыртыс асты құрылымдарын қамтитын болса, онда катотониялық ступор симптоматикасыкөрініс береді. Науқас тежелген, өзін-өзі күтпейді, өзіне бағытталған сөздерге назар аудармайды. Кейбір науқастар қабырғаға қарап қозғалыссыз жатады, құрсақтық қалыпта иегін кеудесіне тақап, қолдары білек буынында бүгілген күйінде, аяғын бүгіп, ішіне тартқан күйінде бірнеше күн, апта, ай немесе жылдар жатуы мүмкін. Құрсақтық қалып дамудың алғашқы кезеңдеріне тән көне реакциялардың шығуын көрсетеді. Сонымен бірге арқамен жатып, басы жастықтан көтеріңкі күйдегі поза- ауа жастағы симптомы да тән болып келеді.

кататониялық синдром - student2.ru

Балаларға тән сору рефлексінің тежеусізденуі тұмсық симптомының пайда болуына алып келеді : еріндеріне жанасқанда соруға ыңғайлану; кейбір науқастарда соруға ыңғайланған ерін қалпы үнемі сақталады. Қармау рефлексі тежеусізденеді (қалыпта нәрестеге тән ): қолына кещдейсоқ тиген заттарды науқас қармап алады. Толық емес ступорда эхосимптомдар байқалады.

· Эхопраксия- басқа адамдардың қимылдарын көшіру;

· Эхолалия- басқа адамдардың сөздерін қайталау.

· Эхомимия- басқа адамдардың беттегі қимылдарын қайталау.

Эхосимптомдар негізінде балаларға тән және олардың психикалық дамуына ықпал ететін еліктеу рефлекстерінің тежеусізденуі жатыр.

Негізгі симптоматикасы байланысты ступордың 3 түрін ажыратады:

1) Балауыздық иілгіштік құбылыстарымен;

2) Негативистік;

3) Бұлшық еттік сіресумен.

Бағаналық постуральды рефлекстердің босап шығуы каталепсиямен көрініс береді (балауыздық иілгішітк); науқастың қол-аяғы, денесі біреу жасаған қалыпта ұзақ уақыт сақтайды.

кататониялық синдром - student2.ru

Негативизм көріністері бақыланады: науқас тапсырмаларды мүлдем орындамайды

(пассивті негативизм) немесе белсенді түрде қарсыласады, яғни қойылған талаптарға қарама-қарсы әрекет етеді(активті негативизм). Тілін көрсетуін өтінгенде, еріндерін қатты өысып алады, қол беруін өтінгенде қолын тартып алып, артына жасырады, тамақ әкеліп берген кезде ішпей теріс қарайды, ал тамақты аурудың алдынан алуға әрекет жасағанда ыдысқа жабысады. И.П.Павлов бұл ОЖЖ-гі фазалық жағдай деп есептеген және негативизмді ультрапарадоксальды фазамен байланыстырды. Парадоксальды фазада өте әлсіз тіркендіргіштер өте күшті реакция шақырады. Қатты дауыспен науқасқа сұрақ қойғанда, ол жауап бермейді, ал сыбырмен айтқанда жауап береді. Түнгі уақытта ОЖЖ-не сырттан келетін импулсьтар азайған кезде кейбір ступорозды науқастар тежеусізделеді, ақырындап қимылдай бастайды, сүрақтарға жауап береді, тамақ ішеді, жуынады; таң атқанда, тітіркендіргіштер интенсивтілігі артқанда тежелу қалпы оралады. Ступор жағдайындағы науқастарда бұл симптомтикадан басқа көріністер болмауы мүмкін, бірақ жиі галлюцинациялар, айналаны сандырақтық талқылау бақыланады. Бұл науқас тежелу жағдайынан шыққанда байқалады.

Айтылған варианттар жеке бұзылыстар болып табылмайды, ступорлы синдромның сатылары болып табылады, олар белгілі бір ретпен науқас жағдайының ауырлауымен көрініп, бірін-бірі ауыстырып отырады.

Кататониялық қозу стереотипті қозғалыстармен, олардың жөнсіздігімен, астарлылығымен, кейде моторлы көрініс береді.

кататониялық синдром - student2.ru

Сонымен қатар дәлелденбеген импульсті әсерлер кенеттен пайда бола алады. Науқастар кенет селк етеді, әлдеқайда жүгіреді, төңіректегілерге шабуыл жасайды, кейде шамадан тыс долылық,ашушаңдылық басым болады. Науқас қимылдары біртекті және қыртыс астылық гиперкинездер болып табылады; агрессивті, импульсивті әрекеттер, эхопраксия, негативизм байқалуы мүмкін. Беттің кейпі жиі қалыпқа сәйкес келмейді; кейде парамимия байқалады: беттің жоғарғы бөлігі мимикасы қуанышты көрсетеді, көзі күлімсірейді, ал аузы ызалы, тістеніп алған, еріндері қатты қапсырылған, кейде керісінше болады. Кейде мимикалық ассиметрия байқалады. Ауыр жағдайда сөйлеу жоғалады, мылқау қозу жағдайы байқалады немесе науқастар ырылдайды, мыңғырлайды, үзік-үзік сөздер, буындар, дауысты дыбыстарды айтады. Кейбір науқастарда тоқтаусыз сөйлеу байқалады. Бұл кезде сөз оғаш, жоғары жұпты, сөздік стереотипиялар, эхолалия, сөз үзілуі, вербигирация- бір сөзді екінші сөзге мағынасыз қаптастыру байқалады. Кататониялық қозудан ступорлы жағдайға немесе ступордан қозу жағдайына ауысу мүмкін.

Кататонияны :

· люцидті

· онейроидты түрлерге ажыратады.

Люцидті кататония кезінде сана күңгірттенбейді, негативизмді ступор, сіресу немесе импульсивті қозу байқалады.

кататониялық синдром - student2.ru

Онейроидты кататонияда сана онейроидты күңгірттенеді, сасқалақтаумен кататониялық қозу немесе балауыздық иілгіштікпен ступор күйі көрінеді. Кататониялық синдром жиі шизофрения кезінде, кейде- эпилепсия немесе экзогенді-органикалық психоздар кезінде диагностикаланады.

кататониялық синдром - student2.ru

Наши рекомендации