Мұнайгаз саласындағы еңбекті қорғау және өндірістік экология

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз қызметінде табиғи қорды үнемді пайдалану және өндіріс аймақтарындағы табиғатты сақтау мәселелеріне ерекше мән береді. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі Компанияда 2007 жылдан бері қолданылып келе жатқан Интеграцияланған басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «ӨзенМұнайГаз» мен «ЕмбіМұнайГаз» акционерлік қоғамдары ISO 14001 «Экологиялық басқару жүйелері. Қолданыс талаптары мен нұсқаулары» стандарттарына сай халықаралық органның сертификаты ие. Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мақсаттарға жету үшін Компания тұрақты түрде төмендегідей іс-шаралар өткізіп тұрады:

• ISO 14001 стандарттарының талаптарын орындау;

• Экологиялық тәуекелдерді айқындау және оларды талдау;

• Қоршаған ортаны қорғауды басқару және қадағалау жүйесін жетілдіру;

• Төтенше жағдайдарда әрекет ету шараларын қадағалау және реттеу;

• Мердігерлердің қоршаған ортаны қорғауға қатысты Компанияда бекітілген қағидаларды орындауын талап ету.

Материалдарды тұтыну «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндірістік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жекеменшік шикізат көзін – ілеспе газ – сонымен қатар, өндірістік филиалдар сатып алатын табиғи газды қолданады. 2011 жылдан бері Компанияда өндірістік қажеттілік үшін шикізат тұтыну көлемі азайып келеді. Осылайша, 2013 жылы ӨМГ-де жанармайдың негізгі түрі – табиғи газды тұтыну – 2011 жылғымен салыстырғанда 0,745 млн мі азайып, 130,345 млн мі құрады, ілеспе мұнай газын тұтыну 2013 жылы 52,93 млн мі азайып 17,897 млн мі құрады.

ЕМГ тұтынатын негізгі шикізат – ілеспе мұнай газы – есеп беру кезеңінде ілеспе газының тұтынылуы да азайды. Компанияда табиғи газ бен ілеспе газды тұтыну көлемінің азаюы газды аз шығындайтын жаңартылған пештердің орнатылуына байланысты. Табиғи газды тұтынудың азаюы газ шығынын есептеу пункттерінің енгізілуіне де байланысты.

Ілеспе мұнай газын жағуға байланысты қатаң заң талаптарының енгізілуіне байланысты. Компанияда ілеспе газды үнемдеп пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінетін болды. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндірістік кәсіпорындарында өндірілетін ілеспе мұнай газын үнемдеп пайдалануға бағытталған бірнеше шара қабылдады. Ілеспе мұнай газын утилизациялау көрсеткіштерін жақсарту мақсатымен есеп беріліп отырған кезеңде ілеспе газды өндірістік кәсіпорындар қажеттілігіне жарату көлемі артты, болашақта құбыр салу, басқа да жобаларды іске асыру жоспарланған.

2-тапсырма:

1) Мәтіннен кәсіби терминдерді теріп жазып, олардан орыс және ағылшын тілдерінде сөздік құраңыз;

2) Кәсіби сөздер мен сөз тіркестерін және интернационалдық сөздерді көшіріп жазыңыздар.

3-тапсырма:Төмендегі сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, мәтін құрастырыңыздар.

ISO 14001, утилизация, мердігер, тұтыну, Интеграция, табиғатты сақтау, экология, еңбекті қорғау, төтенше жағдайлар.

4-тапсырма:Мәтінді қазақ тіліне аударып, ондағы мәліметтерді естеріңізде сақтаңыздар. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

Проводимая в стране реформа технического регулирования затрагивает, среди прочих, вопросы обеспечения промышленной безопасности и охраны груда при проектировании, строительстве и эксплуатации опасных производственных объектов. Согласно Закону, сейчас мы вступили в переходный период, который должен закончиться через пять с половиной лет обновлением национальной нормативной базы по вопросам обеспечения безопасности и качества путем издания соответствующих технических регламентов и национальных стандартов. Поэтому, достаточно ясным представляется проведение государством политики большей либерализации в отношении надзора за деятельностью хозяйствующих субъектов, создании механизмов саморегулирования и урегулирования, что сопровождается перенесением ряда полномочий с уровня государства на уровень самих предприятий. Чтобы представлять себе возможные направления реализации политики государства в области технического регулирования, целесообразно обратить более пристальное внимание на опыт других стран.

В нашей стране в области промышленной и экологической безопасности и охраны труда так называемый предписывающий подход, постепенно заменяется методами, основанными на оценке риска. Ведущие российские компании, а также международные нефтегазодобывающие и сервисные компании, работающие на российском рынке, накопили опыт внедрения современного подхода к вопросам управления промышленной, экологической безопасностью и охраной труда.

Наши рекомендации